База данных IT-колледжа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:28, дипломная работа

Краткое описание

Берілген дипломдық жоба облыстық әдістемелік комиссия мүшелері мәліметтер қорын жобалауға бағытталды.
Жобалау процессінде келесі көрсеткіштер көрсетілді:
Колледждер және ақпаратты сақтайтын функционалды кестелер жасалды. Әр бір кестеде сәйкес атрибуттар анықталды. Әр кестенің атрибуттарына сәйкес берілгендер типі анықталып, осы жолда орналасқан ақпаратқа сәйкес өлшемдер көрсетілді.
Мәліметтер қорының логикалық жүйесі кілтті және кілтті емес бағандардың индексін анықтайды, сұраныстардың жұмысын қамтамасыз ететін кестелер арасындағы байланыстарды анықтайды. Соңында аяқталған, бірнеше көлемді кестелерден тұратын, арасында ерекше байланыстармен қатынасқан күрделі логикалық мәліметтер қор жүйесі жасалды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ДИПЛОМНЫЙ ПРОЕКТ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

 

Microsoft Access – те мәліметтер қорын құрудың үш тәсілі бар:

  1. Керекті кестелерді, формалар мен есептемелерді құру үшін мәліметтер қорының мастерін қолданамыз. Бұл мәліметтер қорын құрудағы ең оңай тәсілі. Мастер  параметрлер мен баптаулардың  шектеулі қол жетімділігін қамтиды.
  2. Құрал саймандар панелінде «Создать» батырмасын басыңыз. Файлды құру аймағында «На моем компьютере» жолында Шаблондар тобын таңдауға болады. Керекті шаблонды таңдап «OK» батырмасын басыңыз. Файл диалогтық терезесінде жаңа мәліметтер қорының аты  мен орналасқан жерін  енгізіп  «Создать» батырмасын басыңыз.
  3. Бос мәліметтер қорын жасауға болады, кейін оған кестелерді, формаларды, есептемелер мен жаңа объектілерді  қосуға болады.  Бұл тиімді тәсіл, бірақ мәліметтер қорындағы әр бір элеметті анықтауды қажет етеді. Екі тәсілмен жасалған мәліметтер қорын кез келген уақытта өзгертіп, баптауға болады. 

Конструктор режимінде  жаңа кестені құруға немесе қосуға, өшіруге немесе жолдарды баптауға болады. 

 

Сурет 2.1.1. Конструктор режимінде кестені құру

Конструктор көмегімен мәліметтер қор кестелерінің жобасын жасаймыз, берілгендер типі мен жолдар қасиетін,   индекстерді анықтаймыз. Кестені құру барысында міндетті түрде мыналарды көрсету керек:

- Жол  атауы – кестедегі әр бағанның тақырыбын анықтайды. Егер кестеге қосымша берілгендерді енгізу керек болса, сәйкес жолды енгізіңіз. Егер тақырып түсініксіз болса, баған атауын өзгертуге болады;

- Берілгендер типі – берілгендер типін баптау мәндер типін анықтайды.

- Баған өлшемі – кестені толтыру барысындағы таңбалар санының максималды болуы;

- Кілтті баған – кестедегі әр ақпараттың бір бірінен айырмашылығы болу үшін уникальный маркер қолданылады, біріншілік кілт деп аталады.

Сонымен бағдарламаның жұмыс істеуі үшін барлық керекті байланыстарды құру қажет. Ол үшін Сервис → Берілгендер сызбасы командасын орындаймыз. Ашылған терезеде тышқанның оң жақ батырмасын басып «Добавить таблицу» командасын орындаймыз. Бізге кестелер тізімі бар терезе ашылады, соның ішінен қажет кестелерді таңдап «Добавить» батырмасын басамыз. Экранда кестелерді көреміз.

 

Сурет 2.1.2. Берілгендер сызбасы (Схема данных)

 

Енді бұл кестелердің  өзара байланыстарын анықтаймыз. Ол үшін бірінші кестедегі байланысушы  өріске тышқан көрсеткішін апарып, сол жақ батырманы басып, оны жібермей екігші кестедегі байланысушы өрістің үстіне әкеліп қоямыз. Ашылған терезеде «Создать» батырмасын басамыз.

 

Сурет 2.1.3. Кестелер арасындағы байланыс

 

2.2 Delphi бағдарламасында жобалау

 

Microsoft Access-те мәліметтер базасын құрғаннан кейін оны Delphi-мен байланыстыру керек, ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Формаға ADOConnection1 компонентін орналастырып, Object Inspector-де Connection String қасиетіне басамыз. Пайда болған терезеден «Build» таңдаймыз:

 

Сурет 2.2.1. Мәліметтер базасын Delphi-мен байланыстыру

 

 «Свойства связи  с данными» терезесінде керекті  провайдерді таңдаймыз, яғни Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider. Провайдерді таңдап болған соң «Далее» батырмасын басамыз.

 

Сурет 2.2.2. Провайдер таңдау

 

Пайда болған терезенің «Подключение» бөлімшесінде Access-те құрылған мәліметтер базасының орналасқан жолын көрсетеміз.

 

Сурет 2.2.3. –Access мәліметтеріне қосылу деректерін көрсету.

 

 

Кестелерді МБ-мен  байланыстыру үшін келесі компоненттерді қолданамыз:

ADOTable1 - Connection қасиетінде ADOConnection1 таңдау, TableName қасиетінде байланыстырғалы отырған кестені көрсетіп, оның Active қасиетін True-ға өзгерту. DataSource1- DataSet қасиетінде ADOTable1 көрсету. DBGrid1 - DataSource қасиетінде DataSource1 таңдау. Осылайша барлық кестелерді байланыстырамыз.

 

2.3 Жүйе сенімділігіне қойылатын талаптар

 

Кез келген бағдарламаның маңызды параметрі – енгізілген ақпаратты қадағалау болып табылады. Бағдарламалаушы бағдарламалық өнімнің әрбір кезеңін ұйымдастыруы тиіс және де шығарылатын ақпараттың айғындығын тексеріп отыру қажет.

Қолданушы ақпаратты  енгізетін болса, енгізілген ақпарат  тексеріліп отырылуы маңызды. Берілгендер қате енгізілетін жағдайда қате жайында хабарлама шығарылуы тиіс. Барлық ақпараттар форматтары бойынша енгізілуі керек. Міндетті түрде енгізілетін ақпарат бос болған жағдайда оның толтырылуы керек деген хабарлама шыққаны қажет.

 

2.4 Мәліметтер қоры жобасының құрылымы мен құрамы

 

Кез келген мәліметтер қорының  мақсаты қолданушының керекті уақытында  ақпаратқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Және де қолданушыда жаңа мәліметтерді енгізу, мәліметтер қорында орналасқан ақпаратты өзгерту, жою мүмкіндіктері болуы тиіс.

Бұл мәліметтер қоры келесі ақпараттардан тұрады:

- Ақпаратты кестелер;

- Іздеу формалары;

- Microsoft Excel бағдарламасындағы есептеулер;

- Жаңа мәліметтерді енгізу;

- Сақталған мәліметтерді жою;

- Сақталған мәліметтерді өзгерту;

- Кестелерден ақпараттарды көшіру;

- Мәліметтерді сақтау;

- Программа жайында – бұл формада бағдарламаны құрастырушы жайында мағлұмат көрсетілген;

- Көмек (бағдарламамен қолдану инструкциялары);

 

 

 

2.5 Қосымшаны жүктеу және қолдану шарттары

 

Бағдарламаны орнату үшін Setup.exe қосымшасын іске қосу керек. Іске қосылғаннан кейін төмендегідей терезе пайда болады.

Сурет 2.7 – Бағдарламаны орнату

 

Бағдарламаны толығымен  орнату үшін берілген иструкцияларды орындау қажет.

Бағдарлама орнатылғаннан  кейін “Project.exe” файлын ашу керек. Оны ашқаннан кейін бағдарламаның басты терезесі шығады, ол терезеде басты меню орналасқан.

 

Сурет 2.8 – Бағдарламаның басты терезесі

Басты терезеде немесе менюде “Первокурсники” бастырмасын басқанда бірінші курс оқушылары жайлы мағлұмат сақталатын терезе пайда болады.

Сурет 2.9 – “Первокурсники” терезесі

 

Бұл формада берілген кесте ішінен іздестіру ұйымдастырылған. Мәліметтерді бір немесе бірнеше баған арқылы іздеуге болады. Ол үшін керекті мәліметтерді енгізіп “Поиск” батырмасын басу қажет.

“Экспорт в главную таблицу” батырмасы кестедегі барлық ақпараттарды басты мәліметтер қорына, яғни “Учащиеся” кестесіне көшіреді.

Басты менюде “Учащиеся” батырмасын басқан жағдайда мәліметтер қорының басты кестесі пайда болады.

Сурет 2.10 – “Учащиеся” терезесі

Берілген кестеде бірнеше  бағандар арқылы іздестіру қарастырылған.

“Добавить” батырмасын басқан жағдайда кестеге жаңа жазбаны қосу формасы пайда болады. Бұл формада жаңа оқушының мәліметтерін енгізіп “Сохранить” батырмасын басу керек.

 

Сурет 2.11 – Жаңа жазбаны қосу

 

“Учащиеся” кестесінде “Редактировать” батырмасын басқанда жоғарыдағы форма ашылып, жазбаны өзгертуге мүмкіндік туады. “Удалить” батырмасы арқылы жазбаны жоюға болады.

Формадағы “Экспорт в Excel” батырмасы кестедегі мәліметтерді Excel бағдарламасына жібереді.

 

Сурет 2.12 – Excel бағдарламасына экспорттау

 

Басты менюде “Справочники” батырмасын басқанда бірнеше кесте орналасқан форма ашылады.

 

 

Сурет 2.13 – “Справочники” формасы

 

Әрбір кестеде жаңа жазбаларды қосу, редактрлеу, жою мүмкіндіктері  бар.

 

 

Сурет 2.13 – “Специальности” кестесіне жаңа жазбаны қосу

 

Басты формадағы жоғарғы менюден “Зачетные книги” батырмасын басқанда арнайы форма ашылады. Бұл формада қолданушы оқушыларды үлгерім кітапшасының нөмірлерін енгізіп шығуы тиіс. Формада кесте арқылы ісдестіру қарастырылған. Мәліметтер енгізілгеннен кейін “Сохранение” батырмасын басу қажет.

 

Сурет 2.18 - “Зачетные книги” терезесі

 

Басты формада “Построить отчет” батырмасын басқанда “Отчеты.xls” MS Excel файлы ашылады. Сол файлға мәліметтер қорында жүргізілетін статистикалық есептемелер жазылады.

 

 

Сурет 2.19 – “Отчеты.xls” файлы

Басты форманың менюінде “Архивация” ® “Архивировать данные” батырмасын басқанда мәліметтер қорының резервті копиясы жасалынып, архивке сақталады. Ал егер “Архивация” ® “Разархивировать данные” батырмасы басылса мәліметтер қорының резервті копиясы архивтен шығарылады.

Басты формада “О программе” батырмасы басылатын болса арнайы форма ашылады.

 

Сурет 2.20 – “О программе” терезесі

 

Басты формада “Справка” батырмасы басылатын болса Microsoft FrontPage бағдарламасында жасалған справка пайда болады. Справкада бағдарламамен қолдануға нұсқаулық жазылған.

 

Сурет 2.21 – FrontPage бағдарламасында жасалған справка

3 Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы

3.1 «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

  

- «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) компьютерлерді (дербес компьютерлерді, планшетті дербес компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды  (компьютерлер мен бейнетерминалдар) орналастыру мен пайдалануды қамтитын физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ микроклиматқа, жарықтандыруға және  компьютерлер мен бейнетерминалдардың физикалық факторлары әсері кезіндегі жұмыс жағдайларына қойылатын талаптарды  регламенттейді.

- Осы Санитариялық қағидалар тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, телевизиялық ойын қондырғыларына, борттық және портативті компьютерлерге қолданылмайды. Компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсететін объектілерді пайдалануға беруге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болғанда жол беріледі.

- Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

  1. бейнетерминал (бұдан әрі – БТ) – пернетақта үлгісіндегі енгізу (кіру блогы) құрылғысымен жабдықталатын, дисплей экраны бар тұтынушының терминалы болып табылатын бейнені көрсету құрылғысы;
  2. «в» үлгісі 3-санаттағы діріл деңгейі – оқу пункттерінің, есептеу орталықтарының, денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайларындағы, кеңсе үй-жайларындағы, жұмыс бөлмелеріндегі жұмыс орындарының жалпы дірілі;
  3. дербес компьютер (бұдан әрі – ДК) – жеке тұлғаның дербес пайдалануына арналған компьютер;
  4. жайсыздық көрсеткіші – монитор экранындағы көру аймағында жарық бірқалыпты бөлінбеген кезде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтылдауды бағалау өлшемі;
  5. жарықтандырудың пульсация коэффициенті – газды-разрядты шамдардың айнымалы токпен қоректену кезінде олардың жарық ағыны уақытында өзгеруі нәтижесінде жарықтандыру тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалау өлшемі6 процентпен өлшенеді;
  6. жерге тұйықтау контуры – жермен тікелей жанасатын, жерге тұйықталатын жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) контуры бойынша орналасқан металл сымдардың жиынтығы;
  7. жұмыс беті – жұмыс жүргізілетін және жарық нормаланатын немесе өлшенетін бет;
  8. қауіпсіз электромагниттік сәуле – адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін электромагниттік сәуле деңгейі;
  9. қатармен орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;
  10. ноутбук – дисплей мен пернетақтаны қоса алғанда, бір шағын корпуста барлық қажетті құрауыштарды (оның ішінде монитор) қамтитын кітап тәрізді жиналатын портативті дербес компьютер. Сымды және сымсыз желілерге қосылудың дамытылған құралдарын, құрастырылған мультимедиялық жабдықты (динамиктер, көбінесе микрофон және веб-камера) қамтиды;
  11. орталықта орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру;
  12. периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаларға жақын (периметрі бойынша) орналастыру;
  13. планшетті дербес компьютер (бұдан әрі – ПлДК) – экранмен біріктірілген қолмен жазатын планшетті құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс істейтін ноутбуктер класы;
  14. стилус – сенсорлы экранмен жұмыс істеуге арналған пластмасса таяқша;
  15. үй-жайлардың аралас жасанды жарығы – жалпы жарықтандыруға жергілікті жарық қосылатын жарық;
  16. үй-жайлардың аралас табиғи жарығы – жоғарғы және жанама табиғи жарықтың үйлесуі;

Информация о работе База данных IT-колледжа