«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.

Содержание

КІРІСПЕ

«Алаш» партиясының құрылуы

Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі

«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-партиясының-құрылуы.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

Бүкілресейлік Мүсылман кеңесіне тағайындалған қырғыз өкілдері дер кезінде бас қоса алмады. Сондықтан ерекше қырғыз партиясы бағдарламасының жобасы жасалмай қалды.

"Алаш" партиясы  бағдарламасының жобасын сол  кезде Орынбордағы оқыған зиялы  қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық  комитеті де жоқ "Алаш" партиясының  атынан бүісіл қырғыз өлкесі  бойынша қырғыздардан Құрылтай  Жиналысына мүшелікке кандидаттардың  тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.

Өкiнiшке қарай, "Алаш" партиясы бағдарламасы жобасының 
бүкіл тегі дерлік бұрмаланған болып шықты. Мұның өзі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушылардың экономикалық, саяси, құқықтық сипатын, прогресшілдік мәнін барынша кең де терең түсінуге мүмкіндік бермеді.

Бағдарлама  жобасында он бөлім бар, олардың  әр қайсысына 
тақырыпша  қойылған.   Алайда аудармаларда атаулары берілмеген, бұл да жобаның құндылығы мен маңызын кемітеді.

Алаш партиясы бағдарламасы жобасының бірқатар қағидалары Қазақ АКСР-нің кеңестік маңызды  заң құжаттарында "большевиктік идея" ретінде пайдаланылды. Алайда, оның қайнар көзі ретінде Алаш бағдарламасы айтылмай, керісінше ол "кертартпа құжат" ретінде "өлтіре" сыналды. Соның негізінде ғылыми, саяси әдебиетте Алаш автономиясы, Алашорда үкіметі, Алаш партиясы туралы большевиктік баға ғана үстемдік ете бастады. Сондықтан БК(б)Г Қазақ өлкелік комитетінің шешімімен кітап жойылып жіберілді. Мартыненко кітабының да тағдыры осындай болды, өйткені онда да Алашорда туралы материалдар бар еді. Сөйтіп құжаттарға жаза қолданылды. Алашорда тақырыбын зерттеуге тыйым салынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кез келген мемлекеттің  тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен, өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған қайраткерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің өміршендігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси күштерді, қозғалыстарды біртұтас Алаш қозғаласына ұластырып, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяи, құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ. Сондықтан еңбегімізде ХІХ ғасырдың соңында   Ресейдің аса ірі ғылыми орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін саяи күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне топтасуы, сол негізде Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты баға берілді. Алаш партиясының негізгі ұйымдастырушылары европалық білім алған қазақ зиялыларының алғашқы буыны Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов т.б. халық арасынан шығып, қазақ даласында оқу-ағарту, әдебиет пен публицистика саласындағы қызметті өрістеткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халық қайраткерлерімен ортақ мақсат жолында рухани және саяси одақ құруы Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси күшке айналдырды. Міне, осы саяси күштің өз мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы іс-әрекетінің жиынтығы және оның петициядан бастап, Алаш бағдарламасына дейінгі формалары қазақ даласында қалыптасқан жаңа құқықтық доктринаны дүниеге әкелді. Оны жасауға ұлт-азаттық қозғалыс көсемі Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының алғашқы буыны, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов сияқты орта буын өкілдері және 1917 жылғы Ақпан ьөңкерісі кезінде Томск технологиялық институтының 5-курсында оқып жүрген Ә.Ермеков сияқты жас буын өкілдері, сондай-ақ ХХ ғасыр басында қазақ даласында шығармалары кеңінен тараған А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халықтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл Алаш қозғалысы мен олардың басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімін жасауға қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің барлық топтары қатысып, бүкіл қазақ қоғамын қамтыған саяси күш болғандығының айқын дәлелі болса керек.

Көп жылдар бойы Кеңес үкіметі жүргізген озбырлық пен қырып жоюға тарихты өрескел  бұрмалауға негізделген саясаттың  салдарынан халқымыздың сана сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтандыққа ұшырап, оның интелектуалды ауқымының дамуына  үлкен нұқсан келді. Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғалармызға "байшыл", "кертартпа", "діншілдер" деп жалған айдар салынды. Олардың бай мұраларын зерттеуге цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, маркстік-лениндік идеялогия қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай тер төккен ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке "қажетсіз" сапап, 70 жылдаы астам мерзімге жоққа шығарды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Алаш партиясының құрылуы кезінде қазақ қоғамы әлі ақ пен қараны біле қоймаған еді. Сол кезендегі бұқара халық "Алаш" партясына басқаша көзқараспен қарады, яғни "Алаш" деген сөздің өзінен ат тонын ала қашатын еді.

Алаш арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екені көпшілікке мәлім. Қарттардан естуімізше "алты алашқа": қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, қарақалпақ халықтары кіреді. Қазақ елге қамқор болған қадірменді азаматтарын "Алаштың азаматы" деп атаған.

Ал қазіргі  таңда тәуелсіздігімізді алғаннан кейін "Алаш" партиясына басқаша көзқарас пайда болды. Үлы мақсаттары жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасын тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауы болған Ұлттық демократиялық бағыттағы "Алаш" партиясы Европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құртып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған. "Алаш" партиясын өмірін және олардың саяси құқықтық көзқарастарын зерттеуі маңызды болмақ.

Зерттеуде "Алаш" партиясының саяси қайраткерлерінің саяси құқықтық козқарастарының эволюциясы қоса қарастырылды.

Қазақ демократиялық  интелегенция қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұұсына отырып, өздері атқарып отырған істің  тарихи мәнін терең түсінген. Туған  елінің бостандығы үшін деміне дейін  күрескен олар империялық зорлықтың құрбаны болған.

Алашорда үкіметі  ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта  үлкен із қалдырды. Оның басшылары  ұлттық демократиялық мемлекет құрып, оның саяси құқықтық жағын негіздеді. Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып  құқығын жаңа жағдайға ұтымды пайдалана білді. Бірақ сол кездегі "Алаш" партиясының тарихи саяси идеясын тұншықтырды.

Кейін уақыт  өте келе "Алаш" қайраткерлері  ақталды, басшылары аса білікті  күрескер ретінде тарихқа енді.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Алаш" партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әрекетін жоғары бағалады.

Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихқа беймәлім болып келген "Алаш" азаматтарының қайта оралуы халқымыздың  сана сезіміне ерекше зор әсер етті. Рухани өмірімізге өлшеусіз күш берді. Қазақ үшін жан беріп, жан алысқан саяси күрестердің болғанын қазақ зиялыларының пікірлерінен айқын аңғаруға болады. Алаштың белгілі өкілі Сұлтанбек Қожанов "Өзіміздің большевиксінгендерге" деген мақаласында "Осы күнгі Руссияны бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты — надандық, ал өтірік аты - большевизм", -деуі сол кездегі саяси күреске берілген шынайы баға еді.

Соңғы кездері XX ғасыр басында ғұмыр кешіп, қоғамдық саяси, құқықтық ой-пікірді дамытуға үлес қосқан қазақ қайраткерлері мен ойшылдары туралы бірнеше зерттеулер жарық көріп, тарихымыздың ашылмай жатқан беттеріне біршама сәуле түсіргендей болды.

Ел басымыз  Н.Ә. Назарбаев "Алаш" партиясының  саяси әрекеттерін жоғары бағалап, өзінің "Тарих толқынында" деп  аталатын кітабының бір бөлімін "Алаш мұрасы және осы заман" деп атады. Ел басы "Алаш" партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым алдына қойған мақсатты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп оны осы заманғы шындыққа бейімдеуі еді", дей келе "Қазақ халқы өзінің басты мақсаты - ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда оқиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қозғалысындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты", - деп жазды.

Ұлт-азаттық  қозғалыс тарихының өзекті мәселеллерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы  оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік, сондай-ақ құрылған партияның қазақ  тарихында алатын орны. Саяси партия құру әрекетін қазақ зиялылары бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ қорытынды шықпаған.

Содан "Алаш" партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор  қаласында өткен Бірінші бүкілқазақтық  съездің шешіміне байланысты құрылды.

Осы "Алаш" партиясының құрылуына ат салысқан, халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін, терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.

"Алаш" партиясының  негізін салушылар шын демократтар  болды. Партия бағдарламасын бұрмалаушылардың  зұлымдық ойы тегінде, бірде феодалдық тәртіптерді, бірде ұлттық ұсақ буржуазияны қорғайды деп саналатын ұлтшылдар тобы дайындап, қабылдаған. Бағдарламаны бұрмалаушылардың негізгі мақсаты халыққа бұл бағдарламаны тек арандатушылар жасаған деп көрсеткісі келді.

"Алаш" партиясы жөнінде пікірлер өзінің ақиқатына дер кезінде жете қоймады.

Қазақстан өз мемлекеттік  дербестігін алғалы, ұлттық Зостандықты  мақсат еткен алаш зиялыларының арманы орындалды десек қателеспейміз.


Информация о работе «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы