Мақта компаниясының бағдарламалық жабдықтамасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 05:17, курсовая работа

Краткое описание

Жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама
көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға
тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 м).
Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген.
Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға
дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс
материалдары барланған

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 50.56 Кб (Скачать документ)

Аннотация

 

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Ордабасы мақта компаниясының бағдарламалық жабдықтамасын құру». Бұл курстық жұмыста мақта өңдеу шаруашылығына бағдарламалық жабдықтама құру қарастырылады. Бағдарламада мақта өңдеу шаруашылығын тиімді әрі пайдасын есептеуге ыңғайлы нақты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ордабасы ауданы 

Аумағы 2,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 83,3 мың адам. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -Темірлан селосы.

Жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 м). Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.

Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 мм. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 м/сек. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары — Боралдай (он саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу т.б. өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер асты суы девон, таскемір қабаттарында және ол 30-50 м тереңдікте жатыр. Грунт сулары 3-8 м, кейбір жерлерде 8-12 м тереңдіктегі палеогеннеоген қабаттарында кездеседі.

Топырақ жамылғысында карбонатты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан. Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік есімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп т.б. кездеседі.

Аудан халқы көп ұлтты. Оның басым бөлігін 94% қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге шаққанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Темірлан (12,7 мың адам), Төрткөл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Қайнар (3,5), Қарааспан (3,4), Шұбар (3,4), Қарақұм (3,2) т.б.

Ордабасы ауданының бұрынғы аумағында 1996 жылға дейін 6 мақта, 1 көкөніс-сүт, 2 жүзім, 4 қой, 1 дәрілік өсімдік өсіретін кеңшар, 3 кұс фабрикасы, ауданаралық мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданның нарық экономикасына өтуіне байланысты олардың негізінде ауыл шаруашылығымен айналысатын 1600-ден астам жеке шаруа қожалықтары, 30-дан астам ЖШС, 130-дай ӨК және 2 АҚ жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 246,5 мың га. Ауданның өнеркәсіп саласында 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп өндіреді. 2003ж. ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері 5482,1 млн. теңгенің өнімдерін шығарды. Бұл облыста өндірілетін өнімнің 6,6%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің құрылымында шитті мақтаның үлесі 8,9%-ды құрайды. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. 2003 ж. ауданда өнеркәсіп өнімдері 1013,7 млн. теңгеге, соның ішіңде 29,8 мың м3 табиғи құм және қиыршық тас, 15,6 мың м3 қыштан құйылған құрылыс кірпіштері өндірілді.

Ауданда 2003 ж. 5 аурухана, 42 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық отбасылық амбулотория жұмыс істеді. Жалпы білім беретін 60 мектеп, мектеп жасына дейінгі 2 бала-бақша бар. Аудан орталығы Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 км. Ауданы аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді.

Елімізде 1999 жылдан бастап ауыл шаруашылығында біршама алға ілгерілеу тенденциялары орын алды. Себебі, біріншіден, бұл салада түрлі меншікті экономика тұрақты сипатқа ие болды. Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке шаруа қожалықтары (фермерлер), түрлі шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өндірістік кооперативтері, акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестігі сияқты кооператив түрлерінің ішінде тиімді тепе-теңдік қалыптасты. Екіншіден, ауылдық жерлерде фермерлермен екі жаққа бірдей тиімді заң — құқықтық база ауылда шаруа жүргізуге қажетті жағдайлар туғызуға әбден сәйкестендірілген. Жер мен жұмыс жасауға, сол сияқты өндірген өнімді сатуға шектеудің жоқтығы — ынталы фермерлер мен дарынды шаруашылық басшыларына өндіріс ауқымын өсіруге, пайда көзін молайтуға көп мүмкіндіктер беріп отыр.

Үй іргелік аз ғана жерден өндіретін өнімді молайтып, шағын тауарлық шаруа ұйымдастыру мүмкіндіктері — халықтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуіне оң нәтиже беретін бірден-бір қолайлы тенденция екендігі мәлім.

Сонымен қатар маркетинг қызметтері, көтерме азық-түлік базарлары сияқты инфра құрылымдардың пайда бола бастауы да бізді үміттендіретін жақсылық нышаны іспетті.

Республикалық статистика Агенттігінің бағалауынша, 2000 жылы ауа-райының онша қолайлы болмағандығына қарамастан (кейбір өңірлерде қатты кұрғақшылық болды) ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 399 млрд.теңге құраған. Бұл дегеніміз, ауа-райы қолайлы болған 1999 жылмен салыстырғанда, тек 3,3 пайызға ғана төменірек болды деген сөз. Жалпы өнімнің кемуі негізінен алғанда астық өндірудің 19 пайызға, қант қызылшасын өндірудың 8 пайызға төмендеуі салдарынан болды.

Ал мал шаруашылығы саласының өнімі керісінше 1,3 пайызға өсті. Кейінгі 2 жылда мал санының біршама тұрақтануы, тіпті көтерілуі байқалады. 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда ірі қара саны 3, қой-ешкі -4, шошқа -8, құс —9%-ға көбейді. Соның нәтижесіңде сүт өндіруді 6, жұмыртқаны —12, жұн өндіруді — 3% арттырып, ет өндірудегі құлдырауды тоқтауға мүмкіндіктер туды. Фермерлер мен шаруашылықтардың қаржы жағдайы да біршама жақсарды деуге негіз бар.

Оңтүстік Қазақстанда да ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 7% көтерілді, көкөніс өндіру үштен біріне өссе, мақта өндіру 15% артты. Дұрысын айтатын болсақ, аграрлық салада түбегейлі реформалар жүргізуді бастағаннан бері ауыл шаруашылығы өндірісі шаруашылық жүргізудің жаңа бағыттағы өзгерістеріне енді ғана бейімделіп келе жатқандай түрі бар. Ол қандай өзгерістер: баға жүйесін босату (либерализациялау), төлем өтеу сұранымының көлемі мен құрылымы, ішкі рыноктың ашықтығы, сыртқы рыноктардың сұраныс деңгейі мен конъюктурасы және т.б. Бір сөзбен айтканда, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандырудың объективті алғы шарттары қалыптасты деуге болады. Дегенмен, өтпелі кезеңнің кейбір қиыншылықтарының салдарынан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өндіріс ауқымы реформаға дейінгі деңгейге әлі де жете қойған жоқ. Нақты есептерге жүгінсек, Қазақстанда өңдіріліп отырған азық-түліктің қазіргі мөлшері қажетті көрсеткіштің ең төменгі санымен алғанда 14,2% төмен, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көлемінің 70 пайызын ғана құрайды. Бірақ, біздің ойымызша, көп ұзамай бұл жетіспеушіліктерді толық жоюға негіздер бар.Ал құнды дақыл — мақтаның біздің еліміз бен Оңтүстік Қазақстан облысы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызының өте зор екендігі белгілі. Мақта өндірумен және оны өңдеумен айналысатын әрбір адам, бұл еңбегінің қайтарымын толық сезіне біледі. Өйткені әрбір отбасының бюджеті еңбектің осы түрімен тікелей сабақтас. Бұл — бағамдаудың негізгі басты критерийі болса керек.1999 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл шаруашылығын дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіткен болатын. Мақтаның бәсекелестік қабілетінің зор екендігіне, оны экспортқа шығару әлеуетінің жоғарылығына орай, бұл дақыл Қазақстанда ауыл экономикасын өркендетудің негізгі көзі ретінде астық пен қатар стратегиялық маңызды сала статусына ие болып отыр. Мақта өндіру мен оны өңдеу Оңтүстік Казақстан облысында ғана орын тепкендіктен, бұл дақыл осы облыстың ауыл экономикасын дамытудың өзегі екендігі дәлелдеп жатуды қажет етпейтін қағида. Ал Мақтаарал ауданын алатын болсақ, бұл дақыл осы аудан экономикасын бірден-бір анықтаушы өнім түрі. Көп жылдар бойына мақта шаруашылығы ауданның ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерінің 70 пайызын иемденіп келді. Ал соңға жылдары Мақтаарал ауданы тек мақта өсірумен ғана айналысады десек, артық айтпаған болар едік.

Мақта өнімдерін өндіру проблемалары егіншілік жүйесімен, өсіру технологиясымен, өнімді өңдеумен, экономикалық механизмдермен, экологиямен және т.б. факторлармен сабақтас, соларға тікелей байланысты. Осы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарына да тоқталмай болмайды.

Мақта өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері қазіргі күні негізінен шаруа шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерден тұрады.

Мақта өндіруде шағын шаруашылықтар басым. Әлемдік Банктің өтініш бойынша жүргізілген зертеулердің көрсеткеніндей, шаруашылықтардың жалпы санының 20,3% 5-10 га, 40% 10-50 га, тек 11,8% -50 гектардан артық жерді меншіктенген екен. Шаруашылықтар фрагментациясының осындай жоғары болуы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясына, әсіресе техникаға деген сұранысқа, сол сияқты су көздерін пайдалануға өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал бүгінгі жағдай су көздерін басқару мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мақсатында мықты фермерлік шаруашылық ұйымдарын құруды талап етеді. Жер көлемі бойынша әр түрлі шаруашылықтардың өндіріс тиімділігінің экономикалық талдауына сүйене келіп біз төмендегідей тоқтамға келдік: жер көлемі 50 гектардан жоғары шаруашылықтардың өнім түсімі майда шаруашылықтармен салыстырғанда 30%, ал отбасының бір адамына шаққандағы табыс мөлшері 7 есеге жоғары. Осыдан біздің майда шаруашылықтарды кооперативтер, ассосияциялар немесе су тұтынушылар бірлестіктері сияқты ірі-ірі құрылымдарға біріктірген дұрыс деген бірінші ұсынысымыз туындайды.

Шаруашылықтардың ұйымдастыру-құрылымының өзгеруі егіншілік жүйесін түбегейлі қайта құру қажеттігін туғызады. 70-80-ші жылдары колхоздар мен совхоздар үшін жасақталған егіншілік жүйесі қазіргі нарықтық экономика жағдайына сәйкес келмейді (мал шаруашылығы жүйесі бойынша да осылай).

Егіншілік жүйесі дегеніміз — ол жергілікті табиғи және экологиялық жағдайларын ескере отырып жеке фермерлер мен кәсіпорындардың жерді барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін агротехникалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтық кешені. Егіншілік жүйесі арнайы ауыспалы егіс танаптарын, топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін, егін суарудың өте тиімді деген әдістерін, топырақ эрозиясын болдырмау және өңдірістің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мен айнала қоршаған ортаны барынша қорғауды біріктіріп, жинақтайды. Бүгінгі күні мақта шаруашылығында егіншілік жүйесінің көптеген шаралары дұрыс ескеріліп, іске аспайды. Бұл өз кезегінде өндіріс деңгейін едәуір төмендетеді. Бұрындары әрбір шаруашылықта ауылдағы елді мекендердің, мал фермаларының даму жоспарын, жолдарын, ауыспалы егіс жүйелерін қамтитын жер пайдаланудың шаруашылықтық ішкі жоспарлары болатын. Сонымен қатар, шаруашылықтар алдағы 20 жылға арналған шаруашылық-ұйымдастыру жоспарларын да жасайтын. Шаруашылықтарды жекешелендіргеннен соң олардың бұрынғы жер пайдалану құрылымдары жойылды. Енді бұрын 10-15 шаруашылығы бар аудандардың көлемінде 10 мың және одан да көп жер пайдаланушылар дүниеге келді. Сөйтіп, әрбір жер пайдаланушы, әрбір елді мекен үшін аймақтық және жерге орналастыру шараларын алуға тура келіп отыр. Бұл жұмыстарға бірте-бірте қаражат бөлініп, фермерлердің үй-жайлары мен елді мекендерін әлемдік үлгіге сай көркейту қажет.  

  Мақта дәстүрлі түрде 3 танапты жоңышқа мен 7 танаты мақта егістерінен тұратын 10 танапты егіншілік жүйесінде өсіріліп келеді. Мақтаның алдында жоңышқа егілетіндігі сөзсіз. Жоңышқадан басқа мақтадан бұрын егуге жүгері, бидай және бұршақ дақылдары қолайлы. Өз кезегінде мақта астық тұқымдас өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Өкінішке орай соңғы жылдары ғалымдардың ұсынымдарына қарамай ауыспалы егіс жүйесі бұзылды. Мақтаарал ауданы бойынша атқарылған ізденіс жұмыстарының нәтижесі мыналарды көрсетті: фермерлердің 93% тек қана мақта егеді екен, ал шаруашылықтардың 5% ғана мақтаны жүгері, көкөніс, бақша, жоңышқа дақылдарымен алмастырып пайдаланады. Жалғыз ең ірі — 1200 га жерді пайдаланатын шаруашылық — «Кетебай» өндірістік кооперативі ғана тиімді ауыспалы егіс жүйесін қолдануда. Осы шаруашылық мақтадан тыс 165 га жерге жоңышқа, 50 гектарға бидай, 45 гектарға көк балаусаға арналған жүгері танаптарын қолдануды іске асырған. Бұл өте тиімді, дұрыс іс дер едік. Егін суару жүйесі мен дренаждардың техникалық тиімділігі артпайынша, фермерлердің несиеге қолдары жетпейінше, тиімді ауыспалы егіс жүйесіне қайта оралу қиын мәселе.

Топырақ өндеу. Мақтадан тұрақты да мол өнім алу үшін тұқым себердің алдындағы топырақ өңдеудің маңызы өте зор. Бұл шара мыналарды қамтиды:

- сүдігер айдау алдында топыраққа гектарына 600-800 кг суперфосфат және 30-40 т көң енгізу;

- топырақ шаю;

- ылғал жабу мақсатында ерте көктемде тырмалау;

- топырақты аудармай терең өндеу;

- танапты тегістеу және тұқым  себер алдында тырмалау.

Осы технологиялық шараларды нақты метеорологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезінде атқарған жағдайда мақта түсімін 7% дейін көтеруге болады. Солай бола тұрса да, шаруашылық техникасының нашарлығынан, жанар-жағар май мен тыңайтқыштар сатып алуға қажет қаражат көзінің тапшылығынан көп жағдайда фермерлер қажетті агротехниқалық шараларды іске асыра алмай келеді Сүдігер көтеруді іске асыра алмау салдарынан жер жырту жұмыстары көбіне көктемде атқарылады. Егіске берілетін су көлемінің тұрақсыздығы салдарынан егіс алкаптарының 50 пайызында топырақ шаю жұмыстары атқарылмайды. Ерте көктемде жер кеш тырмаланатындықтан тұқым себер қарсаңында топырақтың беткі қабаты құрғап, кеберсіп қалады. Мақта егудің оңтайлы кезеңі — 15 сәуір мен 5 мамыр аралығы. Бірқатар фермерлер тұқым себу кезеңін 20 мамырға дейін соған мақтаның өскін алуы мен соңғы нәтиже — гектар түсімі күрт төмендейді. Шаруашылықтар өскін сирету жұмыстарын кейде мүлде атқармайды. Қатараралықты өндеу және өсімдік санын қолмен сирету дер кезінде жасалмай жатады. Міне, осының бәрі түпкі нәтиже — өнім алуға теріс әсерін тигізеді.

Тынайтқыш пайдалану. Осы күні фермерлер сүдігер айдау кезінде не көң, не фосфор тыңайтқыштарын пайдаланбайтын болды. Азот тыңайтқыштары, әдетте, мақтаны қатараралық өңдеу барысында пайдаланылады. Ал калий тыңайтқыштары мүлдем қолданылмайды. 628 фермердің 438- і ғана 6963 га жерге, онда да мардымсыз мөлшерде тыңайтқыштар пайдаланады екен. Тыңайтақыш қолданудың орташа мөлшері 1-дәуірде 171 кг/га, 2-ші дәуірде 195 кг/га.

Информация о работе Мақта компаниясының бағдарламалық жабдықтамасын құру