«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.

Содержание

КІРІСПЕ

«Алаш» партиясының құрылуы

Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ролі

«Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-партиясының-құрылуы.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

 

  1. «Алаш» партиясының құрылуы

 

  1. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ  қоғамындағы ролі

 

  1. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.

Осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция араласа бастайды. Нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы күрес негізгі белгілеріне айналады.

Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған сол  уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа  мерзім ішінде өшпес із қалдырған  ұлт зиялылары еді.

Кеңес үкіметі  тұсында қазақ зиялыларының тарихын  жасау ірі ресми саясатқа  тікелей   тәуелді болды.

Алаш қайраткерлерінің тағдырын, әсіресе шет елдерге  қоныс аударуға мәжбүр болған алаштықтардың  өмірі мен қызметін танып білуде X.Оралтай еңбегінің орны ерекше. Мәселен, автордың "Алаш" партиясы тарихын 1905 жылдан бастауымен "Қазақ" газетімен бірге "Айқап", "Қазақстан" басылымдарын осы ұйымның органына жатқызуы. Бұл сөздер аталған еңбектің даулы жерлері болып табылады.

Ф.Голощекин 1925 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің  басшылығына келген кезден бастап "Алаш" деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына шам алып түседі. Алаш қозғалысына жетекшілік еткен қайраткерлер қызметтерінен куылып, Қазақстаннан аластатылып, олардың басым көпшілігіне "контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырушылар" деген саяси айып тағылады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голощекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың "контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін" әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар   береді.

Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А.К.Богачов "Алашорда" деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады. "Алаш" жөнініде құжаттар жинағын жазған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің      насихат бөлімінің      меңгерушісі      Николай Мартыненко жинағына "Алаш" партиясы бағдарламасының орыс тіліне А.Кенжин аударған, түпнұсқаға жақын нұсқасы бола тұрып, басқа, яғни құжаттық мазмұнын бұрмалауға салған сапасыз аударма түпнұсқасын енгізген. Кейіннен бұл нұсқа шетелдік басылымдарға да енді.

Богачев пен  Мартыненко еңбектерінің шығуымен бір  мезгілде алаштық интеллигенцияны  қудалау және сотқа тарту ісі  қатар жүрді.

БКП (б) Қазақ  өлкелік комитетінің жанындағы  Партия тарихы институты оның ұйымдастыруымен 1933 жылдың желтоқсанында өткен "Алашорда және Алаш партиясы тарихына" арналған пікірсайыста институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш. Шафиро "Алашорданың тарихи рөлі" деген баяндама жасап, 1935 жылы олар "Алашорда тарихы бойынша очерктер" деген кітабын жарыққа шығарады.

Аталған еңбектер "Правда" газетінде (14 көкек 1935 жылы) жарияланған. П.Русановтың "Алашординская  контрабанда" мақаласына орай БК (б)П  Қазақ Өлкелік Комитеті 1935 жылы 15 көкекте пленум өткізіп, "контрреволюциялық  ұлтшылдық идеологияны таратуға қызмет етуіне" байланысты "Алаш" атауын пайдаланудан шұғыл алып тастауға қаулы қабылдайды. Сөйтіп, 1989 жылдың шілде айына дейін "Алашты" айтуға тиым салынады.

Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында  өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына   айналады.

Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев,     Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы   басқалар   кіреді.

Әрине "Алаш" қандай партия болды деген сауал бүгінге дейін зерттеліп келе жатыр дегенмен толыққанды жауабын ала алмай келеді.

Алаш қозғалысын зерттеу және оны өз оқырмандарына  таныстыруда көп еңбек тындырып келе жатқан "Ақиқат" журналы.

Қазақ ұлт-азаттық  қозғалысын  бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше. Олар бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М.Қозыбаев "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші съездің құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін   дәлелдеп берді.

К.Нүрпейісов "Алашқа" әдеттегі таптық партияға ауысу" кезеңін бастан кешірген өтпелі жалпыұлттық саяси ұйым" деген баға берді. Т.Кәкішев "Алаш" құрылған 1917 жылы шілде айында оның нағыз саяси партияға тән қабылданған жарғысы мен бағдарламасы болмағандығын, ресми басқару органдарының сайланбағанын айта келіп, оны шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеген ұйым деп бағалады.

М.Қойгелдиев пен  Т.Омарбеков "Алаш" қайраткерлерінің негізгі мақсаттары қазақ елін отарлық  езгіден азат ету және қазақ қоғамын  ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, "Алаш" партиясын "Ұлттық демократиялық партия" деп атады.

М.Қойгелдиевтің  тұжырымы бойынша — "сол тарихи кезеңде қазақ   қоғамына   терең   дағдарыстан өркениетті  жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып,  одан  әрі жетілдіре   түсуді   көздеді.

Қазіргі таным  тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш  Қозыбаев "Кеңестік Орталық пен  большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды" десе, кешегі КСРО-ның құлауы туралы академик Тұяқбай Рысбеков "КСРО-ның құлауы заңды құбылыс. Өйткені оны қорғайтын қоғамы орнатылмаған болатын", деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің "Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртын тәуелсіздікке үндеу болатын"деген   тұжырымы да орынды.

Кешегі таптық саясат келмеске кетті десек те, кеңестік 
саясат пен кеңестер билігі бүгіндері ұлттық тұрғыдан қайта 
жазылуы керек. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлт 
зиялыларының саяси қызметтері қайтадан жазыла бастады. 
Бұл - құптарлық жайт. Болашақ ұлт бірлігі, мемлекет тұтастығы 
қазақ қоғамының болуында десек, қоғамның бірлігі ұлт 
өкілдерінің саяси      танымының,       біліктілігінің      болуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. "Алаш " партиясының құрылуы

 

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ белгілі обьективті себептерге байланысты бұл әрекеттері   нәтиже бермеді.

Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М.Сералин бастаған "Айқап" журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама   көтерді.

Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне  қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар  тек ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты.

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған   айрықша бюроға тапсырды.

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып:"Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды" - дейді. Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы "Қазақ" газетінің 24 -маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі аяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.

Съездің күн  тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі "қазақ саяси партиясын жасау мәселесі" болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, программа жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай программа түзеу, қандай жол құру, оны осы жалпы қазақ съезінде кеңесуіміз керек.".

Саяси партия құруға байланысты айтылған бұл тұжырымның мынадай мәні бар. Біріншіден, ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың "Алаш" партиясы шілдедегі жалпы қазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін бір жола жоққа шығарды. 1917 жылғы 
жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған "Алаш" партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі 
бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті. Екіншіден, бұл айтылған тұжырым "Алаш" партиясының саяси мәнін кеміту мақсатында оны ресейлік кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірінің 
негізсіз екендігін көрсетеді". Империялық езгідегі қазақ қоғамы       жағдайында    "Алаш"    партия ретінде өзінің идеологиялық   негізі етіп,   әрине,   жалпыұлттық   мүддені,   қазақ шындығын алуға тиіс болды. Бұл толық табиғи құбылыс және басқаша болуы да мүмкін еместін.

Сөйтіп, бірінші  жалпықазақ съезі қазақ саяси  партиясын құру туралы шешім қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның түрлі дейгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса қоймады. "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 5- 
қазандағы санында Ж.Досмұхамедовтың хаты жарияланады. Ол Құрылтай      жиналысын  дайындайтын кеңесте, "Шоран Исламда", Бас Жер Комитетінде және басқа көптеген орындарда жалғыз өзі жүргендігін білдіріп, қазақ партиясының бағдарламасын жазуға уақыты мүлдем қалмайтындығын айтып шағым жасайды.

Бұл уақытта  Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мерзімі таянып қалған еді. Елдегі әрбір саяси партия өз тұғырнамасын жариялап, өз ұраны атынан депутатыққа кандидаттар тізімін жасап, үгіт-насихат науқанына кірісіп кетеді. Шілдедегі жалпықазақ съезінің шешіміне сай депутаттыққа кандидат қазақ зиялылары сайлау тізіміне қазақ саяси партиясының бағдарламасы да, тіптен аты да мағлұм емес еді.

"Алаш"    партиясының     ұйымдарын ашу        және бағдарламасын жазу қалай жүрді. Ғылыми әдебиетте "Алаш" партиясы негізін сәуір және мамыр айларында құрылған қазақ комитеттері құрды, ал осы комитеттердің активистері "Алаш" партиясының мүшелері болды деген пікір бар. Қазақ комитеттерінің "Алаш" партиясына қолдау жасағаны рас, бірақ бұл екі ұйымның өзара жігі бары анық. Қазақ комитеттері патшалық билік құлағаннан соң Уақытша үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық незізде құрылған ұйымдар болатын.

Информация о работе «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы