Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2015 в 07:53, курсовая работа

Краткое описание

Өзектілігі: Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі: арнайы және жалпы логикалық білімдер.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Бөлім Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде.
1.1Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы...........................................................5
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде...............................................8
II. Бөлім Ян Амос Каменскийдің дидактикаға қосқан үлесі.
2.1 Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.......................11
2.2 Ян Амос Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.............................13
2.3 Ян Амос Коменскийдің оқыту теориясы......................................................15
2.4 Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны...........................18
2.5 Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісі..20Қорытынды............................................................................................................23 Әдебиеттер тізімі......................................................................................................
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Құсайын Айнаш.docx

— 99.92 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: НБ-11-3 тобының

студенті Құсайын Айнаш

Тексерген: Әшен А.А.

№_____

Баға «    »

 

 

Қарағанды – 2014 жыл

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

I. Бөлім Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде.

1.1 Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы...........................................................5

1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде...............................................8

II. Бөлім Ян Амос Каменскийдің дидактикаға қосқан үлесі.

2.1 Ян Амос Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.......................11

2.2 Ян Амос Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.............................13

2.3 Ян Амос Коменскийдің оқыту теориясы......................................................15

2.4 Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны...........................18

2.5 Ян Амос Коменскийдің сынып-сабақ жүйесінің қазіргі кездегі көрінісі..20 Қорытынды............................................................................................................23 Әдебиеттер тізімі...................................................................................................... 
Қосымша

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өзектілігі: Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі: арнайы және жалпы логикалық білімдер.

Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын дамып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.

Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Ян Амос Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.

Дидактиканың  негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы  Дидактика " кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Ян Амос Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

•  оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

•  оқушыларды сыныптарға бөлу;

•  әр сыныпқа бір бөлме беру;

•  күніне 4 сабақ өткізу;

•  әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

•  қоңыраудық соғылуы;

•  тәртіп;

•  бір сабақтың ұзақңтығы бір сағаттан аспау керек;

•  сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Ян Амос Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.         Ян Амос Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.

Ян Амос Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика туралы жалпы түсінік бере отырып, оның негізін салған Ян Амос Коменский туралы білімді жетілдіру. Ян Амос Коменскийдің дидактика ғылымында жасаған еңбегін оқу бағдарламасында пайдаланудың маңыздылығын ашып көрсету.

Курстық жұмыс міндеттері:

  • Дидактиканын мәні мен маңызын тану
  • Ян Амос Коменскийдің дидактикаға қосқан үлесін ашу

Болжау: Ян Амос Коменскийдің «сынып-сабақ» жүйесі және дидактикаға енгізген жаңалықтары бүгінде өз мәнісін өзгертпеген деп ойлаймын.

         Зерттеу жұмысы: Я.А. Коменскийдің енгізген «сынып – сабақ» жүйесін Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесімен салыстыру.

         Зерттеу нысаны: Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының оқыту жүйесі.

 Зерттеу жұмысының базасы: Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы.  

I-тарау. Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде.

1.1 Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы.

«Дидактика» - бұл ежелгі грек  сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәләлдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы                               Ян Амос Каменский (1592—1670). Оның «Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

XVII ғ. швейцар педагогы  Иоган Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.

XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан күрделіліке кошу т.б.

К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бір сыпыра үлестерін косты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламаларың авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиімды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет

1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің (1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Оқыту мен тбілім теориясының дамуына Ян Амос Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтың қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Ян Амос Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Ян Амос Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

•оқушыларды мектепке белгілі бір  уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

•оқушыларды сыныптарға бөлу;

•әр сыныпқа бір бөлме беру;

•күніне 4 сабақ өткізу;

• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

•қоңыраудық соғылуы;

•тәртіп;

• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;

•сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Ян Амос Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.

Ян Амос Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.

Оның  оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы  үшін маңызы зор болды.

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

 

 

 

 

 

1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде.

 

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың   мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттелген.

Информация о работе Ян Амос Коменский – дидактиканың негізін қалаушы