Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Курсовая работа, 07 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
Содержание
Кіріспе…............................................................................................................. 6
1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
Қорытынды............................................................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом.docx
— 217.12 Кб (Скачать документ)Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз тәрбиесiне түгел қатысқан.
“Үлкеннiң алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”, “аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге баулыған.
“Ат атандырма”, “сағымды сындырма”, “сүйек жасытпа”, “сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.[50]
Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.
Мысалы: “Сiз деген
–сыпайылық, бiз деген –көмек”,
“Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң
тәттi болса, жұмысың қатты болсын”
деген мақал –мәтелдер де сол
игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы
сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған.
Қонақтарға тапсырма: Үш санына
байланысты халықтың ой –тұжырымдарын
еске түсiру.
Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.
“Адам туа бiлмейдi,
жүре бiледi”. Олай болса өмiрге
келген әрбiр баланың болашағын
алғашқы күн, айларынан бастап
қалыптастырған.
Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып “бiлiм ауысады, ырыс жұғысады” деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, балабақшаға, мектепке жалғастырған.
Мектепке дейінгі жастағы балалар не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:
Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде балалардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау.
Балалардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;
Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;
Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;
Төмендегі суретте көрсетілген (1 сурет):
Сурет 1 Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тәжрибелік – педагогикалық жұмыс мынадай бағыттарда жүргізілді
Бағыт |
Көздейтін мақсаты |
1 Балалардың
оқудағы қызметін халықтық |
-балалардың әрбір оқу іс-әрекеттерінде гуманитарлық танымын кеңейту- білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім беру технологияларын қолдану |
2 Адамгершілік
тәрбие жөнінде оқу іс- |
- қазақтың ұлттық мәдениетіне деген көзқарасын қалыптастыру-Отанға деген ой-өрісін, ынтасын қалыптастыру; |
3 Этнографиялық
мұражайлар ұйымдастыруға |
-өз мемлекеті үшін мақтаныш сезімін дамыту;-қазақ халқының мәдениетін мақтан етуге үйрету;-балаларда ұлттық рух,
адамгершілік сезім |
Сурет 2 Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағыттары
Балабақшадағы оқу іс-әрекетінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның балаларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.
Халықтық педагогика экспериментін пайдаланып, балалар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына кестден көруімізге болады.
Кесте 1
Халықтық педагогиканың тиімді қасиеттері
Алған білімдерін өмір тәрбиесінде іске асыру арқылы ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [51].
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін баланың санасына сіңіріп, үлкен ой салған.
Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады [52]
Балаларды жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, оқу іс-әрекеттерінде шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де баланың бойында адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:
Таза болсаң судай бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Азғана іске көп рақмет айт.
Жақсы қылық адамға ас пен киім;
Дос табу оңай, сақтау қиын;
Достарың көп болса да, аз деп біл.
Адамның басшысы –ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы - өмір.[53]
Қорыта айтқанда, бала біткеннің барлығы дерлік балабақша қабырғасында тәрбиешілерден тәлім алады. Егер біздің тәрбиешілеріміз әрбір оқу іс-әрекетін жоғары, сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» - дейді. Міне, осы мектепке дейінгі кезең баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан осы кезден бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, оқыту керек.
2.2 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы