Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Курсовая работа, 07 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
Содержание
Кіріспе…............................................................................................................. 6
1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
Қорытынды............................................................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом.docx
— 217.12 Кб (Скачать документ)«Мен» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке тұлғаның «Мені» үйде, балабақшада, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік «Менін» дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану оқу іс-әрекеттерінде балаларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Балаларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.
Түптеп келгенде, өзін-өзі танудың түпкі мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, балаларға рухани-адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған адам тәрбиелеу болып табылады.[9]
Баланың жан-жақты
дамуына түптеп келгенде бағыт-бағдар
берушi-педагог. Мемлекеттiк стандартта
айтылғандай баланың жалпы ойын
ғана дамытып қоймай, қажеттi тәрбие
берiп, оны тәжiрибеде қолдана
бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге,
адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру
талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық,
психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы
бойынша балабақшадағы кезеңi баланың
қай жағынан болсын ең қарқынды
дамитын кезеңi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту»- деп тұжырымдайды [ 10]. Ал, білім беру тәрбиеші арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал балабақшаның негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни баланың бойында рухани-адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр педагог өзінің міндетіретінде қараулары керек. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк азамат тәрбиелеу.
Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм мен тәрбие негiзi балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын,
санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы және табиғилығы:
Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн назарда ұстайды.
Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, баланың да адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани – адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде мектепке дейінгі жастағы балаларға адамгершiлiк – рухани тәрбие беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.
Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң адамгершiлiк эталоны болып қала бередi[11].
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында, жаһанданудың жаулап алуы барысында мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс-әрекеттерінен, этномәдени әлеуметтенуінен, олардың өркениеттік озық үлгілерді бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударып келеді. Осыған байланысты ел Президенті адам капиталын байытудағы басты құндылықтар қатарында патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, ұлтаралық ынтымақтастық пен толеранттылықты, физикалық және рухани дамуды, заңға бағынушылықты, ана тілін, көптілділікті атап көрсетіп, осы құндылықтарды барлық оқу орындарында балалар мен жастардың бойына сіңіру қажеттілігіне аса мән берген болатын (Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауы, 27.01. 2012 ж.).[12]
Осы айтылып өткен құндылықтардың мәнділігі адамның өзін, айналасын, ауылын, елін, Отанын терең танып-түсінгенде және оларға риясыз сүйіспеншілігі қалыптасқанда, адами дамудың интеллектуалдық тұрғыдағы жоғары шыңына жеткенде ғана арта түсетіндігі шындық емес пе? Сол себепті оқу-тәрбие мекемелеріне балалар мен жастардың қоғамдағы, қоршаған ортадағы өзінің орны мен рөлін ұғынуына, өмірдің қарапайым ақиқатын түсінуіне, адами қарым-қатынасын жоғарылатуына, рухани тұрғыдан дамуына, интеллектуалдық әлеуетін адамгершілік тұрғыдан жұмсауына, рухани-тарихи мәдени мұралар мен халықтың салт-дәстүрін, әлем өркениетін жете бағалай білуіне септігін тигізетін пәндерді ендіру қажеттілігі артып келеді.
Осындай мақсатпен республикалық оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы.
«Өзін өзі тану» мектепке дейінгі мекемелердің ересектер тобына кіргізіліп отыр. Ондағы мақсат, 4-5 жастағы баланың бойында өзін өзі тану процесі жүреді. Бұл кезеңде бала қай нәрсенің жаман, қай нәрсенің жақсы екенін ажырата бастайды. Сондықтан, «Өзін өзі тану» пәні арқылы баланың бойында жақсы қасиеттерді дарыту.
«Өзін өзі тану» жобасы – гуманистік сипаттағы, тұлғалық бағдарды, дамыта оқытудың тәжірибеден өткізілген бірегей моделі. Мұның әлеуметтік жаңғырту саясатын жүзеге асыруда ықпалы басым. Өйткені, «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының негізгі мазмұнын «адам», «табиғат», «өмір», «әлеумет», «қоғам» және т.б. басты құндылықтардың мән-маңызын жан-жақты ашып көрсететін білім құрайды. [13]