Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Курсовая работа, 07 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
Содержание
Кіріспе…............................................................................................................. 6
1
Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3
Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2
Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2
Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3
Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
Қорытынды............................................................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................72
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом.docx
— 217.12 Кб (Скачать документ)4) адамгершілік заңы
тұлғаның өз заңы бола алатындай
тұлғалық автономияны дамыту;
5) адамгершілік таңдау негізінде тұлға үшін маңызды мәселелерді шешу тәжірибесін қалыптастыру қарастырылады.
«Рухани-адамгершілік білім беру»
жобасының авторы Сара Алпысқызы
адамгершілік, имандылық, тазалық, ізгілік
тақырыбында ой толғаған «Өмір
әдебі» деп аталатын еңбегінде
«Ғасырлар бойы әр елдің халықтары
осы біз кімбіз, не үшін өмір
сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің
мағынасы неде, басты адами бағдарларымыз
қандай болуы тиіс?» деген сауалдар
төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің
осынау мәңгілік сұрақтарына
жауап беру үшін жалпыадамзаттық
құндылықтарды қайта жандандырып,
өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге
оралу керектігіне бір сәт
те күмәнданбайтынын» айтады. Сондай-ақ,
Сара Алпысқызы «Руханияттың
кәусар бұлағына апаратын жолды
іздеу – бүгінгі таңда өмір
сүріп келе жатқан адамдардың
әрқайсысының және баршамыздың
басты міндетіміз» екенін айта
келе «Жаңа ғасырдың басында ересектер
өміріне қадам басқан жас жеткіншектер
бұрынғыдай емес, мүлде басқа өмірге бейім
болуы керек. Білімді адам санатында аталуы
үшін қазіргі жасөспірімге негізгі пәндерді
жан-жақты игеру, және жақсы талдау қабілетінің
болуы аздық етеді. Ол өмірдің барлық шытырмандарын
пайымдай білуі, кез келген тығырықтан
парасатпен абыройлы шыға алуы тиіс» деп
өмірді тануға жаңаша бағытта қарау керектігін
меңзейді.[15]
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру» деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын iздестiру.
Зерттеу нысанасы:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды ұйымдастыру үрдiсi.
Зерттеу пәнi:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудағы балалар мен тәрбиешінің iс-әрекеттер жүйесi.
Зерттеу мiндеттерi:
1 Адамгершiлiк мәдениетiн
қалыптастырудағы педагогикалық- психологиялық,
әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу
жасау;
«Адамгершiлiк мәдениетi» ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеу болжамы:
Егер, мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені балабақшада адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың мүмкіншілігі ерекше.
Зерттеу әдiстерi:
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
Педагогикалық бақылау.
Педагогикалық эксперимент.
Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Тәжiрибелiк маңыздылығы:
Бұл жұмысты студенттер мен мекепке дейінгі мекемедегі педагогтар әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Апробация:
Бұл тақырып бойынша «Алтын сақа» балабақшасының №7 «Аққу» тобы мен №3 «Гауһар» ортаңғы топтарына эксперимент жүргiзiлдi.
Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Көлемi 74- бет.
Адамгершілік тәрбие ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.[16]
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол». Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. [17]
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
«Қазақтардың» – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: «(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн балаға түсiндiруiмiз қажет»[18].
Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі