Мектепке дейінгі жастағы балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 12:34, курсовая работа
Краткое описание
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiм мен тәрбиенің қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдап, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.[1]
1 Адамгершіліктәрбие ұғымының ғылыми – теориялықнегіздері
1.1 Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ...........................................16
1.2 Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі............................................................................... 20
1.3 Адамгершiлiк тәрбиені баланың бойында қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдері............................................................................................. 36
2 Мектеп жасынадейінгі балалардың бойында адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру
2.1 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың орны.............................................................. 45
2.2 Мектепке дейінгі мекемедегі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................... 49
2.3 Мектепке дейінгі мекемеде балаға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі........... 62
Әр
түрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп,
қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке
адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық,
т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі
артады.
Балалардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру
үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін
еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында
сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей
білуге үйрету – педагогтің басты міндеті.
Мұғалім баланың білімге, өнерге қызығушылық
ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын
анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін
жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық,
еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып
алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін
қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар
беріп, орындау арқылы дамытуға болады.
Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
қабілеттерін ескере отырып, барлығын
тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық
іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек.
Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде
немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда
ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы
орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан
педагог әр уақытта өзінің ілтипатты және
ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы
тыңғылықты орындау үшін балаға рухани
күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың
еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол
бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық
тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай
сангвиник балаға көмек бере отырып, оның
намысына тимей, тапсырманы орындауын
табандылықпен талап ете білу керек. Сонда
ғана ба-ланың ісінде жаңа қарқын туып,
ол алдына қойған мақсатын орындаудың
қажет екенін сезінеді.
Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста
көрсеткен белсенділігіне қарап оның
қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау
педагогтің басты міндеті.
5 Бала туралы синтездік, комплекстік
ғылым болып табылатын педогогика ғылымының
басты "айыбы"- балалар мәселелері
мен әр типті мектептердегі шәкірттердің
жан жүйесін зерттеуде сауалнама мен тест
әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ
осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы
түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай
олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде
жоғары, біреуде төмен болады," - деген
тұжырымдарды жалған деп есептелуі.
Педагогика бала туралы ғылымдарды: психология,
педагогика, физология, психотехника,
т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың
жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін
синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмұхамедұлының
педогогика саласында жүргізген іс-әрекетіне
де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң,
оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп
жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға
дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында
өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні
- анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ
баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың
басты орынға шығуына қазақтардың өмірін
кез келген жағдайында өлең шығарып, ән
ай-туы себеп болған.
Сондай қысылтаяң кезеңде
қазақ педогогикасының бірнеше жыл басы-қасында
жүрген Х.Досмұхамедұлы осы саладағы еңбектерін
қорытындылап үлгермеді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының
қалыптасу жолдарын, қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді.
Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары
П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз
зерттеулерінде педогогикалық тұжырымдарға
жүгініп отырған.
6 Жас ерекшеліктері туралы ұғым. [23]
Белгілі
кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық
кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерді әдетте
жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың
жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған
ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне
тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың
өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне
көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге
тән психологиялық ерекшеліктердің
ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының
дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне
байланысты. Баланың жасы өскен сайын
бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен
тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің
бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі
құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз.
Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке
басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде
жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.[24]
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке
араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер
ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта
және тұқым қуалаушылық. перзент сүю -
ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы
табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі.
Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай
болса, оның табиғи заңына орай дүниеге
ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес
ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың
жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен
еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский,
Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын,
оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске
алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология
ғылымдары балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялық фактордың рөлін
айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы
жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде
қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі
өзгерістер болатынын алға тартады.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған
жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған
баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі
өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1Жаңа туған бала (туғансәттен бір-екі
айға дейін)
2Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға
дейін);
3Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа
дейін);
4Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан
7 жасқа дейін);
5Бастауыш мектеп жасы (7жастан11,12 жасқа
дейін);
6Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа
дейін);
7Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа
дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына
сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам
жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе
биологиялық жетілу сатылары.[25]
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше
сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген
өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты
әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының
жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек
те сезімтал көзқараспен қарап, олардың
жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас
баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне
тән ерекшеліктері, оның айналасындағы
болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып,
көргені мен сезінгендерін зердесіне
хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала
бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс
үстінде жетіле дамыған балалардың денесі
мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап
өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай
алатын қабілеттері ерекшелене түседі.
Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және
көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін
айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың
ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып,
белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып,
өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді.
Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар
жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған
балалар екені әркімге де аян. Баланың
мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық
және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп
дүниеге келген балалар, қашан да алғыр
да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді.
Олар айналасындағы құбылыстарды тез
байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген
құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары
да белгілі.[26]
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық
ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудық
келесі сатысына көшуге дайындап отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының
ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді
мектепке дейінгі шағында қалыптасқан
ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне
түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді.
Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың
өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу
енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан,
ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен
еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару
баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын
өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер
жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы
жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп
сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп
оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне
бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп,
сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға
үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында
олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі.
Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын
шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен
нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі
сынып оқушыларының ойлауын дамытуда
екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда
ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда
оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы
белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе
ойлау сипаттары өзгереді. Балалар білуге
әуесқой болғандықтан, олардың табиғат
құбылыстары, адамдардық өмірі туралы
сұрақтары көбейеді.
Шығармашылық
ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі
- олардың маңызды бір ерекшелігі. Мектеп
жасына дейінгі балалар ересек адамдармен,
өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста
болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті
- оқу. Мектепке дейінгі мемедегі тәрбиеленушілер
ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан,
сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту
сәттерін өткізіп, балабақша ауласында
ойындар ұйымдастыру керек.
Педагог оқыту процесін жеке бөліктерге
бөліп, балаларға жеңіл тапсырмалар беріп,
оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады.
Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге
бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі
қойып, оның орындалуын бақылау, өздік
жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру,
ойындарды қолдану, балалардың еңбегін
жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың
қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім
баланың оқуға деген жауапкершілігін
тәрбиелейді.[27]
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды,
сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды
жиі қолдану пайдалы. Балабақшадағы , үйдегі
еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың
есте сақтау қабілетін дамытады.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын
дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті
ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын
талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену
сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген
қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл,
ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына
ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында тәрбиешілер, сынып жетекшілері,
мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде
баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға
үйретуге болады. Педагогтің баламен қарым-қатынасы,
жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың
өзін тануына көмектесуі адамгершілік
сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын
мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл
де кең пейілді болуы[28].
Бұл жастағы балалар
үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке баулу отбасында,
ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене
еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі
қабілетсіз болатындығын ескеру керек.
Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу,
оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс
орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен
таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды
сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам
өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене
еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар
қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Адамгершiлiк – (орысша нравственность)
қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына
сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
реттеуге негiз болып табылатын талапқа
сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн
ұғым [29].
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор
қарқынмен дамуы бүгiнде мектепке дейінгі
мекемелерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын
дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң
сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас
ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн
жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Адамгершілік адам бойындағы
гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.
Халықтық дүние-танымда мінез-құлықтың
әртүрлі жағымды жақтары осы
ұғымнан таратылады. Адам еңбек
етуде жақсылыққа да, зұлымдыққа
да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің
қалыптасуына ерекше әсер ететін
мынадай факторлар бар: жыныстық
қатынастарды реттеу, қандастарды
өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге
қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық
жолмен бөлінуі және адамдар
арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы
үшін жүйелілік және тұлғалық
мүшелерінің ара салмағын дұрыс
айқындаудың маңызы зор. Жеке
адамды әлеуметтік қатынастардың
жемісі деп қарастыру адамды
бағаламауға әкеп соғады. Адамгершілік
құндылықтарын қастерлеу шарттарының
біріне жатады. Оның басты әдептік
баптары төмендегідей:
- барлық адамдар тең
құқықты, ерікті және қадірлі;
- азаматтар нәсіліне, ұлтына,
жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне,
сеніміне, мүліктік және лауазымдық
жағдайына қарамай заң алдында
бірдей өмір сүру құқығы, адамның
бас бостандығы мен жеке өмір
сүру еркі қасиетті болып табылады [30].
Яғни, әрбір адам өмірінде
және қоғамдық ақиқатта құндылықтар бүтіндей
хабардар болуды қамсыздандырады. Адам
өз өмірін ұйымдастыру үшін де оларға
мұқтаж болады, қоғамда да құндылықтарға
мұқтаж болады, жалпы мақсаттар және мінез-құлық
түрлерін анықтау үшін де мәнді. Адамдар
арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда
құндылықтармен анықталады.
«Құндылық» ұғымын көптеген
авторлар маңыздылығы, мөлшерлілігі, пайдалығы,
қажеттілігі, мақсатқа лайық-тылық сияқты
нақты белгілері арқылы мінездеме береді.
Сайып келгенде, «құндылық» ұғымына әртүрлі
анықтамалар беруге болады.
Сонымен қатар, адамгершілік
құндылықтар қандай сапада болмасын немесе
басқа құбылыстарды тек бейнелеп қана
емес, сонымен қатар өнегелі баға-лайды,
оларды мақұлдайды немесе салыс-тырады,
жүзеге асыруды немесе жоюды талап етеді,
және өз мінез-құлқының мөлшерін көрсетіп,
қоғамдық сана формасы түрінде қарастырылады.
Қоғамдық құндылық тұрақты болуға тиісті,
оған ұжымдық жағдайда қарсы хабардар
болуы, қоғам мүшелерінің мінез-құлық
стилі таңдауында басқа адамдармен өзара
қатынас құруда сенімсіздік туады. Қазіргі
қоғам жағдайында тұрақсыз құндылықтардан
тіршілік бағдарын жоғалтқан оның мүшелерін
көреміз.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан
ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң
бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек
оптимальдық қозуы бар алаптарында ғана
емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған
алаптарында да пайда болады. Сондықтан
да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi
тәрбиелеуде әдеттiң ерекше маңызы зор.
Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық
ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез
орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”.
Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi
болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез қалыптасатынын
А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет
қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен
[31].
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз
пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр
мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады.
Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан
шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер
тiлiн алу, т.б.).
Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы
болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу,
дұрыс сөйлеу, т.б).
Гигиеналық әдептер: (таза
жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир:
«Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште»
десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: «Жақсы
әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы
соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет-
борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен
азап шегедi» дейдi.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне-
бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық
жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның
әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып
табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез-
құлқының әдеттегi формаларының құрамына
енедi. Олар балалардың бiлiм алуына және
баланы практикалық қызметке дайындауға
зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында
бала жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер
бала өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын,
жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi
жеңу қиын болады. Баланың пайдалы әдеттерiн
қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге
зор әсерiн тигiзедi. Мектепке дейінгі жастағы
балалардың адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеудiң
iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң
бiрi- тәрбиешінің балаларға жүргiзiлетiн
түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру
жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай,
пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен
ұштастыру керек. «Әдет - дейдi А.Макаренко
әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде
калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс
ұйымдастыру қажет» [32].
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып,
үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама
концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге
дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның
шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң,
яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың
болуында.
Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн
адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi.
Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге
байланысты болады [33].