Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.4. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ. .19
2.1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . . . . . . . 27
ІІІ. Эксперимент жұмысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбек физфак.docx

— 92.32 Кб (Скачать документ)

            Орманға саяхат. Табиғаттағы күзгі құбылыстарғы бақылау жүргізу үшін орманға 2-3 экскурсия өткізіледі. Балалардың маусымдық өзгерістерді бақылауын жеңілдету үшін экскурсияны белгілі бір жерге жүргізіп отырдық. Экскурсия барысында балалар сол табиғатқа байланысты өлеңдер мен әңгімелерін, жұмбақтарын айтып берді. Бұндай сабақ оларға өте ұнайды.

Оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруда реферат жазуды ұсындық. Реферат жаздыру - дәстүрлі оқытуда да өз бетімен шығармашылық жұмыстың өнімді жолы болып келеді. Оқу тәрбие үрдісін технологияландыру – қазақ тілі пәніндегі реферат жазудың да өнімді жаңа жолдары, әдістемесінен ізденуді талап етеді.

Ең алдымен, реферат жаздырудың дәстүрлі оқытуда бар түрлерін жаңартып, тың жолдарын іздеу ойластырылды. Рефераттардың тақырыптары әрбір жаңа сабақтың тақырыбына байланысты алынып отырды. Оған: «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Мақал-мәтел сөз мәйегі», «Жаңылтпаштар», «Наурыз мерекесі» және т.б.

       Эксперимент жұмысымызды қорытындылай  келе, жоғарыда аталған жұмыстарды  жүргізу барысында эксперимент 4 «А» сыныбында жүргізіліп ұйымдастырылған  барлық сыныптар оқушылар арасында үлкен жетістікке жетті. Яғни, эксперимент сыныбында жүргізілген барлық жұмыстардың барысында оқушылардың өзбетінше жұмысқа деген белсенділіктері артты, жүргізілген жұмыс түріне деген қызығушылықтары дамыды, оқушылардың бойында жекеленген қасиеттері дами түсті.

       Соның нәтижесінде эксперимент  сыныбының оқу-тәрбие үрдістері  оң жолға қойылды. Ал, бақылау  сыныбында жүйелі түрде ұйымдастырылмай  жүргізілген сыныптан тыс жұмыстардың  қорытындысы төмен болды. Олардың  нәтижесін мына төмендегі диаграммадан  көруге болады.

 

 

 

Қорытынды

   Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі.

Демек, қазіргі таңда бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі.

   Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.

            Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді.

           Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.

 Тәрбиенің негізі-еңбек болу керек. Басқа тәрбиені сол еңбек айналасына құрып, жемісті шешуге болады. Еңбек ету үстінде бала басқалармен санаса біледі,коллективтік сезімі ұлғаяды, еңбек арқылы басқаға пайдасын тигізеді.

Еңбек ету оның денесінің шынығуына да жақсы әсер етеді. Бастаған істі аяқтап, тиянақтап бітіріп, кездескен қиыншылықтарды жеңу арқылы өздерінің ерік, қайратын, тәртіптілігін шындайды. Еңбек үстінде бала көптеген дағды-әдетке үйренеді. Мұның кейін мектепке түскенде де үлкен мәні бар.Жасында еңбекке үйренген бала-мектепте де сабақты жақсы, үздік оқиды.

           Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.

     Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 

      Педагогика  ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

 

       Сонымен қорытып айтарымыз: тәрбие мәселесінде әлі де көп кемшіліктер бар. Оны түзеу үшін мектеп пен отбасы, қоғамдық орындар қол ұстаса отырып, қызу жұмыс істеу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Абай. Таңдамалы шығармалары.
  2. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. - Алматы, 1993
  3. Әбиев Ж., Бабаев С.т.б. Педагогика /Алматы.-Дарын.-2004.-410бет.
  4. Әбенбаев С.Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі /Алматы: Дарын. -2004.-152б.
  5. Бабаев С.Б. және т.б. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы /Алматы:Заң әдебиеті. – 2008.-124б.
  6. Бабаева С.Б.Бастауыш мектеп педагогикасы /Алматы. –Дарын. -2006.-350б.
  7. Досымбаева Э.Еңбекке баулу жолдары //Сыныптан тыс жұмыстар.-2009.-№7.-22-23б.
  8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі -Алматы, 1995.
  9. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы. //Қазақ-стан мұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл.
  10. Күнпейіс Ж.Қ. Жәнібек Ұ. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары //Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік   университетінің республикалық конференция материалдары. -2012.-25 қазан. 
  11. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
  12. Қалиев С., т.б. Қазақ халқының салт дәстүрлері. - Алматы, 1994.
  13. Манашова С. Еңбекке тәрбиелеу //Бастауыш мектеп. -2005.-№1.-11.
  14. Назарбаев Н.. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Жолдау 2007 ж 28 ақпан.
  15. Ноғайбаева Г. Бастауыш сыныпта жүргізілетін еңбекке тәрбиелеу жұмыстарының түрлері мен оларды ұйымастыру //Бастауыш мектеп. -2004.-№9.22-23б.
  16. Омарова Р, т.б.  Мектеп оқушыларының шығармашылық  еңбегін қалыптастыру. Актөбе. 2005ж
  17. Совет-хан Б.Б. Педагогика мен психология негіздері /Алматы. –Таймас. -2008. -400б.
  18. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,1976.
  19. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983
  20. Табылбаева Е. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізі //Бастауыш мектеп.-2011.-№4.-11-12б.
  21. Төлеуова Ж. Еңбек тәрбиесінің ерекшелігі //Сынып жетекшісі.-2005.-№12.-23-24б.
  22. Ынтықбаева А. Педагогикалық іскерлік /Алматы: Дәуір. -1995.- 217.

 

 

 

 

  

 

 

      

 

 

  

 

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы