Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.4. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ. .19
2.1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . . . . . . . 27
ІІІ. Эксперимент жұмысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбек физфак.docx

— 92.32 Кб (Скачать документ)

    Сондықтан адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік қабілеттілігі оның үстіне қазіргі кездегі бизнеспен айналыса білетін кәсіптілікті дамыта білетін жаңашыл тұлғалық шығармашылық ойлауына қатысты анықталатыны белгілі. Жалпы мектеп оқушыларын еңбекке баулу негізінде оқушыларды шығармашылыққа баули білу мектептерде өтілетін еңбек пәнінің негізгі міндеттері толып саналады.

    Өйткені оқушыларға өндірістік білім негізін қалыптастыратын негізгі пәннің бірі еңбек пәні арқылы мектеп оқушыларының  шығармашылық белсенділіктерін дамытуда көптеген мүмкіндіктер бар деп толық айта аламыз.  Ал, тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары – шығармашылыққа ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі

          Еңбек тәрбиесі  дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. 
          Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек… Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет».

           Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.

           Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.

   Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 

     Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.  Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. 

      Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

     Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.

      Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. 

     Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.

     Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, ‰тіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады. 

     Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.

     Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар:

  1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.

  1. Мәдени – ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасын кеңейтеді. 

  1. Шефтік жұмыс – адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.

          Өнімді еңбек – арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. Оқушылар мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттарға, оқушылардың өндірістік бригадаларына экскурсия жасап өнімді еңбектермен танысады.

           Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:

    • Еңбекке тәрбелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;

    • Оқушылардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық - өнегелік негізі болуы керек;

    • Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады;

    • Еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуы керек;

    • Еңбек іс-әрекеті барысында тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен үйрену керек. 

2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары

 Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек.

Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4].

          Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің  жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және  кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының  қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға саналы көзқарас тәрбиелеу, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. 
            Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.  Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.

 Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелері, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.

           Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. 
           Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерде орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.

           Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау- бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталануын орындауға үйрету.

            Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-сыныптан, ал отбасында балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.

           Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.

          Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, эдлектрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.

            Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады. 
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.

             Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.

         Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.

           Өзіне-өзі қызмет көрсету. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.

            Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.

            Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады.

            Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады. Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:

           •  халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға орай тазалық сақтау, табиғатты күту, қорғау;

          • мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы