Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы
Курсовая работа, 13 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты.
Содержание
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.4. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ. .19
2.1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . . . . . . . 27
ІІІ. Эксперимент жұмысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
Прикрепленные файлы: 1 файл
Енбек физфак.docx
— 92.32 Кб (Скачать документ)• Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.
1.4. Жеке адамның дамуындағы еңбектің рөлі
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымай, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
А.С.Макаренко өзінің лекцияларында, кеңестерінде; негізінен баланы бес жасқа шейін дұрыс тәрбиелеуге қатты көңіл аудару керек. Бес жасқа дейін дұрыс тәрбиелемесе, қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу қиынырақ деп ескерткен болатын. Тамаша педагогтің бұл өсиетінен баланы тәрбиелеуді өте ерте бастау керек,тек сонда ғана көптеген қателік, адасулардан арылуға болар еді деген қорытынды шығаруға болады. Мектеп бітірген оқушылардың еңбектен қашу себебі неде? Кей оқушылардың тәртіпсіздігінің негізі қайда жатыр? Мұның, әрине,көптеген түрлі себептер бар. Бірақ, ең негізгі себеп балаларды жас күнінен бастап дұрыс тәрбиелемеуде, еңбекке ерте кезде баулымауда жатыр.
Тәрбиенің негізі-еңбек болу керек. Басқа тәрбиені сол еңбек айналасына құрып, жемісті шешуге болады. Еңбек ету үстінде бала басқалармен санаса біледі,коллективтік сезімі ұлғаяды, еңбек арқылы басқаға пайдасын тигізеді. Еңбек ету оның денесінің шынығуына да жақсы әсер етеді. Бастаған істі аяқтап, тиянақтап бітіріп, кездескен қиыншылықтарды жеңу арқылы өздерінің ерік, қайратын, тәртіптілігін шындайды. Еңбек үстінде бала көптеген дағды-әдетке үйренеді. Мұның кейін мектепке түскенде де үлкен мәні бар.Жасында еңбекке үйренген бала-мектепте де сабақты жақсы, үздік оқиды.
Міне, бұдан біз баланы жастайынан тәрбиелеудің, әсіресе, еңбекке тәрбиелеудің керектігін көріп отырмыз. Көптеген ата-аналар осы міндетті абыроймен атқаруда. Бірақ әлі де болса бұл мәселеге немқұрайды қарайтын, тәрбиеге жөнді көңіл бөлмейтін ата-аналар да жоқ емес.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, “ он саусағынан өнері тамған ” нақты кәсіп иесі болуын да көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізі көрсеткіш ретінде алынады.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушылардың халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған. Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ