Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3

I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18


II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек тарбиеси.doc

— 337.00 Кб (Скачать документ)

Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қыз-мет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл турі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқаң тәртіп-ке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрі-иеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, кө-мектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі кызмет көр-сетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріле-ді. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттер-ді: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларынын арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескерте отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндет-теріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолаисыздық жасамау ушін өтуге рұқсат сұрау және т. с. с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым сақтыққа, маңа-йындағыларды құрметтеуге қалыптастырады. Естияр топта еқбек күрделенеді, Балалардың өздер.і өсімдІктер-ді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, овощ өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, атжалмандарға, үй қояндарына, тауыктарға) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай жем керек екенін.оның калай деп аталатынын және калай сакталатынын түсіндіреді. - ; Жануарларды күту процесі оларды қадағалаумен тығыз байланыстыры-лады. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. ТІрі табиғат мүйісінің түрғындарына қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына анналады.

Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғүрлым күрделі күтім тә-сілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақ-шада өсу мерзімі әр түрлі овощтардың алуан түрі отырғызылады, мүның өзі ' еңбекті неғүрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де үлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар тозаңдатқышпен өсімдіктерді бүркеді, шеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді.жерді қопсытады. Тәрбиешінің көмегімен балалар өсімдіктерді қбсымша қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін). Еңбек процесінде педагог балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, больш жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, үрықтарына.. қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі тура-лы ұғымды кеңейтеді, оларға ықылас туғызады.

Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы ецбек гіроце-сінде балалар жеке кұбылыстар арасыңдағы байланысты анықтауды, заң-дылыкты аңғара білуді үйренеді. Табиғи кұбылыстарды материалист тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар тура-лы, жаңды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат.көбейеді. Балалардың еңбек істеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және копсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақша-да, гүлзарда, ал қыста — үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат . мүйісінде тұқым себу қажеттігін ездері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудін, кейінірек топыраққа.кешіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерінбіледі. Табиғат мүйісінде жану-арларды (құстарды, тиінді, үй қояндарын, көгершіндерді, бақаны, кесірт-кені және т. т.) күту жалғастырылады.

Балаларда тірі табиғат мүйісінің, бақша мен гүлзардың жай-күйі үшін жауапкершілік артады. Өнім, гүл жинау оларды үлкен қуанышқа бөлейді. Олар гүлді ата-аналарына сыйға тартады, бөбектерді ©здері өсірген овощпен сыйлайды, винегрет үшін овощтар дайындайды.(оларды жуады, тазалайды, ас үйге апарады), топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді.

Қол еңбегі — алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, агаш-тан, табиғи материалдан. (ағаш бүрінен, емен жаңғағынан, сабаннан, ағаш кабығынан, жугері собығынан, шабдалы сүйегінен), қалдық матери-алдан (катушкадан, кораптан), мех, қауырысын, мата қиқымдарын және т. с. с, пайдалана отырып заттар жасау — балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын , атрибуттарын: қайықтар, машиналар, кәрзеңкелер, үйлер, мебельдер, жануарлар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, со-ларды риза ету үшін еңбектендіреді.

 

 

2.3. Мектеп жасына дейінгі  балаларда экологиялық білім  беру арқылы еңбекке тәрбиелеу  түрлері және педагогикалық ерекшеліктері

         Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста  болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа  тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру -  балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында    "Табиғат  бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені"  екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау -  экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі  бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:  саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық  серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат  туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық  ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

Атап айтқанда:

-педагогтардың экологиялық тәрбие  беру жөнінде білім деңгейін  көтеру;

-балаларды айналамен таныстырудың  бағдарламасын, олардың ата- аналарына  насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы  оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен  денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда  табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі   "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [3]

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл  ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1. Мектепке дейінгі мекемелерде  балаларға экологиялық тәрбие  берудің алғы шарттарын құру;

2.Балалардың экологиялық сауығуының  дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға  көгалдандырылған зоналар құру  және ұйымдастыру;

3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға  қолайлы ортаны іс жүзінде  құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік  және материалдық құралдарды,ойыншықтарды,түрлі  ертегі кейіпкерлерін жүйелі  түрде қолдану;

5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен  олардың біліктілігін арттыру.

Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4]

К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. [1]  Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар ментәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:

а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.

ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп,осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыружөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз.

Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік сипат алады.Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Информация о работе Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру