Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3

I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18


II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек тарбиеси.doc

— 337.00 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ......................................................................................................3

 

I.  Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке  тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5

1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12

1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18

 

 

II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

 

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25

2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

«...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».

Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.

Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Қазіргі физиология ғылымы   еңбек әрекетінде бала ағзасы  дамуының  ішкі   механизмін  аша  келіп,   баланың денесі мен психологиясының дамуындағы   бірлікті негіздейді.   Бұлшықет   қимылының   бала   денесі    мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек   жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.

Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастырылады.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: «Мына топ құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Со-лай еткеніміз әділ болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де жүмыс істейді».

Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол_мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: «Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын .келісіп.алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер». Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.

Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін уйрету

Жұмыстың міндеттері: -балаларды еңбекке тәрбиелеу;

                                         -Балаларды еңбекті сүюді уйрету;

                                        - экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу.

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері

 

1.1.Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы.

 

     Елімізде болып жатқан  әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер  мектепке дейінгі ұйымнан бастап, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласында өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс.

    Өткен тарихымыздың терең  қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы  зор – халқымыздың этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарына рухани  азық болған, ғасырлардан қалған асыл мұралары бар. Оны филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты талдап өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеуден өткізуде. Ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.

      Әр халықтың бала  тәрбиесі жөніндегі атам заманнан  бергі жиып-терген мол тәжірибесі, ғасырлардан қалған асыл қазыналары  бар. Соның бірі біз сөз еткелі  отырған ата-бабаларымыздың сарқылмас  өнеге мен ізгі қасиеттерге балаған мұралары – салт-дәстүрлер. Ал салт-дәстүрлер дегеніміз не? Оған ғалымдар қалай анықтама береді?

          Қайсы  бір ұлттық құндылықтар туралы  алсақ та салт-дәстүрлер жүйесінен  аттап кету мүмкін емес. Дәстүр  әр түрлі бағытта ұлттық-демографиялық, философиялық, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде ғылым талаптарына сай барлық зерттеу салаларында қолданылады.

    И. Г. Гердер, А. К. Конн, Ғ. Ақпанбет, А. Айталы, т.б ғалымдар философиялық  еңбектерінде салт-дәстүрлердің сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте дамитынына баса назар аударады. Мысалы, И. Г. Гердер «салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы», деп халықтың тұрмыс тіршілігінен көрініс бере отырып, мәдени тұрмысы мен тілі салт-дәстүрін сипаттайтындығын түсіндіреді. Осы тұрғыда салт-дәстүрді халықтың мәдениетінен іздеген, ұрпақтан-қрпаққа жалғасып отырған және ұрпақ тәрбиелеудегі жинақталған тәжірибенің жиынтығы тұрғысынан қараған М. Қозыбаев, Н. С. Сәрсенбаев, М. Базарбаев, Ғ. Ақпанбет сияқты ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады.

   Ғ. Ақпанбет «ұлттық салт-дәстүр  тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың  мұрагері және терең философиялық  ойдың ғасырлар бойы жинақталған  тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да, көркем бейнесі» деп қазақ дүниетанымының салт-дәстүрмен байланысты екенін айтады.

      Академик М. Қозыбаев  еңбегінде адам баласының шыр  етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейінгі  өмірі үнемі сан ғасырлардың  наным-сенімі, түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болдаы, «салт-дәстүр дегеніміз – халықтың рухани өзегі, мәдениеттің діңгегі, тілінің тірегі» деп тұжырымдайды.

       Н. Сәрсенбаев, С. Қалиев, т.б ғалымдар өздерінің  зерттеулерінде салт-дәстүрге талдау жасай келе, осы екі ұғымның қоғамдық өмірде алатын орнына, атқаратын қызметіне тоқталады: 1) дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер, т. б. кіреді; 2) салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, еңбек әрекетінде жиі қолданатын мінез-құлық қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, т.б. заңдылықтардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

    Соңғы жылдардағы зерттеулерді  ғалымдарымыз ұлттық салт-дәстүрлерді  адамның көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі ретінде насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қояды. Осыған орай этнопедагогика ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Профессор С. Қ. Қалиев салт пен дәстүрдің айырмашылығына анықтама беріп, дәстүрдің салттан өрісі кең екендігіне тоқталады. К. Ж. Қожахметова салт-дәстүрдің ішкі мазмұнына тоқталып «екі сөз қосарланып айтылғанымен әрқайсысының өз мән-мағынасын барын ескеру, әр ұғымның өзіндік функция атқаратынын түсіндіру керек» деп ескертеді. Ондағы мақсат :

- салт-дәстүр ұғымының этнопедагогика  ғылымында сараланып ғылыми тұжырымдарын  анықтау;

- ұлттық мәдениет пен тұрмыс  тіршілігіне байланысты салт-дәстүрлердің  мазмұнының кеңейіп, түрлерінің  жаңғыруына назар аудару;

- ұрпақ тәрбиесінен еңбек тәрбиесінің құрал ретіндегі мүмкіндік аясын негіздеу. Аталған мақсаттарға жетудің бірден-бір жолы – дәстүр, салт ұғымдары ғылыми әдебиеттерде қандай деңгейде анықталғанына көз жеткізу.

       Ұлттық тәлім-тәрбиеге  ерекше мән берген ғалымдардың  бірі М. Арын «....дәстүр» арабтардың әдустурә деген сөзінен шыққан, парсылар арқылы бізге жеткен. Шын мағынасы «тұрақты, орныққан» деген ұғымдарды береді» деп түсініктеме бере келе, ғалым «дәстүр» деген ұғым – жалпы ұлттың рухының негізгі компонеттерінің бірі. Ұлттың рухынан азық алған, ұлттың психологиясына рухтанған, солар арқылы пайда болған дәстүрлер біртіндеп, сол ұлттың рухын байытып, нығайтушы үлкен факторға айналады» деген тұжырымына толықтай қосылуға болады.

      А. К. Кон: «Дәстүр  дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі  өсіп жетілген әртүрлі формасы. Ол – адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының ұрпаұтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деп тұжырымдаса, белгілі француз социологы Э. Дюркгейм: «Дәстүр адамдардың қоғамнан даяр күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік болып саналады. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін құралы болып табылады» - дейді. Демек, дәстүр – кең мағынада қолданылып, қоғам талабына қарай өмір сүруді реттейтін қалыптасқан ереже, заң тәртібі, әрекеттері деп танылып, тәрбиелік мәні қай уақытта да жоғары бағаланған.

            Қазақ ұлттық энциклопедиясында "дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған, әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр ұлттык мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге өте бай болып келеді. Жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше" деп көрсетілген. Сонымен дәстүр ұғымы барлық халықтарда болып тарихи негізде қалыптасқан, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп-инабат нормасы болып табылады. Дәстүр негізінде одан әрі калыптасуымен өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болмақ. Осылайша әрбір халықтың салт-санасы, озык дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениетіне өзіндік сипатымен үлес косуы да мүмкін.

       Дәстүрлердің  жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдардың арасындағы қарым-қатынастарда  белгілі бір өлшеммен өркендеп және өзгеріп отыратын, тұрақтылықты ретке келтіретін әдет-дағдылар жиынтығы болмақ. Өйткені тұрақтылық болмаса, даму да болмайтыны сияқты әдет-ғұрып, салт-сана тұрақгы бағдар ұстанады, Тұрақтылықты реттей отырып, дәстүр қоғамдық, ұлттық болмыстың ең маңызды негізін түзеді.

     Енді "салт" ұғымына кішкене тоқтала кетсек:

1) Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: салт ұрпақтан: - ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, салт- жеке, жалғыз, бір өзі деген мағына береді" делінген. Мысалы, салт атты, салт басты, т.б.

2) Салт белгілі бір уақытта арнайы себеппен жасалынады. Қоғамда жоғары статусы бар көпшілік алдында орындалатын қарапайым әдет-ғұрыпқа карағанда, адам салтты еркін таңдай алмайды. Салт ескі мен жананың сабақтастығын айғақтайды, оның қоғамда қолдану орнын бекітеді. Сонымен жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарга сүйенсек, дәстүр, салт дегеніміз - әр халықтың (этностың) материалдық және рухани мұраларының, оның ұлттық тарихи даму жолының; өмір сүру ерекшеліктерінің сол ұлттың жеке өкілдерінің санасында бейнеленіп салт-дәстүрлері арқылы қоғамдық-мәдени өмірде көрініс табуы.

Информация о работе Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру