Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 20:53, курсовая работа

Краткое описание

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3

I. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу түрлері мен ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы.........................................................................................................5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.............................................................................................12
1.3Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері.....................................................................................18


II .Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтармен байланысы............................................................................25
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі...............................................27

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

енбек тарбиеси.doc

— 337.00 Кб (Скачать документ)

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері:

1)балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту;

2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу; 

3)  еңбекке   қызығушылығын, 'крбестігін  тәрбиелеу;

4) көпшілік үшін еңбек ете  білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен галаптарыңа  сәйкес  еңбектің төмендегі түрлері ұйым-

гырылады:

1.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі 
қызмет ету, кезекшілік (топ бөлмесін, учаскені тазар- 
ту).  Бұл—баланы еңбекке даярлайтын ерекше іс-.әрекет.

 

Бұлардың бәрі баланың күш жұмсап, еңбектенуін мақсат етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет кимылдарының үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Сәбилік кезеңнен бастап өзіне-қызмет етуге (өздігінен киіну, шешіну, төсегін жинау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пен реттілікті қажетсінуге, мәдени-гигиеналық талаптарды саналы орындауға баулиды.

Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мсктепке даярлық топтарында жүргізіледі.

2.Балаларды үй шаруасы еңбегіне, тұрмыстық ең- 
бекке қатыстыру. А. С. Макаренко «Балалар тәрбиесі 
туралы лекцияларында» балалардың үй шаруашылы- 
ғына араласуы оларды көпшілдікке, қамқор болуға, 
ұқыптылыққа, өзінің жеке заты мен қоғамдық менші- 
гін сақтауға, өз жұмысы мен уақытын дұрыс пайдала- 
нуга үйретеді деген болатын. Үй шаруашылығындағы 
еңбек — бірден-бір өмірлік кажеттілік және оның мақ- 
сатын баланың санасына оңай жеткізуге болады.

Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топ-тармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.

1-ӘДІСТЕМЕ: «Мүсін»

 Әдістеме мазмұны: Балаға ермексаз  жинағы беріледі және  тапсырма ұсынылады: 25 минут ішінде қандай да бір төрт түліктің мүсінін жасау.

Баланың төрт түлік жайлы түсінігін, ойлау қабілетін, қиялын, қол моторикасын осы мүсіндеу арқылы анықтау әдістемесінде  бағаланады. Бұл әдістеме 5- 6 жастағы балаларға арналған.

 

 

                          Нәтижені бағалау.

0-3 ұпай: Бала ешбір мүсін жасай алмады.

4-5 ұпай: төрт түліктің мүшелерін ғана жасады, бірақ құрастыра алмады

6-7 ұпай: төрт түліктің мүсінін жасады, бірақ бірнеше мүшелерін ұмыт қалдырды.

8-9 ұпай: мүсінді толық мүсіндеді, бірақ 1-2 мүшесін жасамады.

10 ұпай: Бала берілген уақыт ішінде төрт түліктің мүсінін толық жасай алды.

       Осы әдістемені  біз  «Ботақан» және «Қошақан»  топтарының балаларымен жеке-жеке  жүргіземіз.

 

Даму деңгейінің нәтижесі:

10-8 ұпай - жоғары  

5-7 ұпай – орта

0- 4 ұпай – төмен    

 

Диаграмма 1.  «Мүсін» әдістемесінің экспериментке дейінгі нәтижесі.

 

2- ӘДІСТЕМЕ «Сөздің мағынасын  түсіндір» әдістемесі.

      Тексеруге бағытталған басқа да тесттер сияқты, берілген тесті таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі бір сөздер жиынтығы таңдалып алынады және олардың қайысысы балаға белгілі екені анықталады. Алынған нәтижелер негізінде баланың жалпы сөздік қоры және тұрмыс-салт дәстүрінен білімінің қаншалықты терең әрі түсініктері қандай екенін зерттеуге болады.  Әр балаға 5 сөзден беріледі. 

  1. Киіз үй, шаңырақ, сиыр, ожау,
  2. түйе, сырға, шұбат, кебеже.
  3. текемет, лақ, бауырсақ, тақия.
  4. жылқы, қамшы, сүт, шапан.
  5. кесе, қой, қошқармүйіз, айран.
  6. көйлек, қоржын, бота, білезік.
  7. ірімшік, кереге, қымыз, ішік, мәсі.

      Баланың сөздік  қорын тексермес бұрын тәрбиеші  былай дейді: Ойланшы, сен шет  ел адамын кездестірдің – сенің  тіліңді нашар түсінеді. Ол сенен  «киіз үй» сөзінің мәнін түсіндіріп беруіңді сұранып тұр. Қалай жауап бересің?

Бала жауаптарын сөздік формада бергендіктен, оның енжар (шектеулі сөздердің ғана мәнін біледі) және белсенді (кейбір сөздерді белсенді сөйлеу барысында қолданады)сөздік қорын бағалауға болады. Егер бала сөздік жауап бере алмаса, онда тексеруші оған заттың суретін салуды немесе сол сөздің мәнін жесттер немесе қимыл арқылы көрсетуін сұранады.

Бағалау әр 5 сөзге берілген ұпайлардың қосындылары негізінде жүргізіледі.

Нәтижені бағалау:

0-1 ұпай - сөзді түсінбеу. Бала сөздердің мәнін түсінбейтінін айтады, немесе оның мәнін дұрыс түсіндірмейді.

2 ұпай - сөздің мәнін түсінеді, бірақ  өз түсінігін сурет салу, практикалық  әрекеттер немесе жесттер арқылы  көрсетеді.

4 ұпай – бала сөзді толық  түсініп, анықтама бере алды.

Даму деңгейінің нәтижесі:

4 ұпай - жоғары   

2 ұпай – орта

0- 1 ұпай – төмен    

Диаграмма 2. «Сөздің мағынасын түсіндір» әдістемесінің экспериментке дейінгі нәтижесі.

     Қалыптастырушы бөлім. Анықтау эксперимент жұмыстарының нәтижесінде анықталған кемшіліктерге орай қалыптастыру және дамытушылық бөлімінде мектепалды даярлық тобында қол еңбегінің тақырыптық жоспарлары бойынша сабақтар жүргіздік.

       Бұл кезеңнің  мақсаты мектепалды даярлық тобының  балаларының тұрмыс салт-дәстүр туралы түсініктерін кеңейтіп, толықтырып, әртүрлі еңбек әрекеттері арқылы еңбексүйгіштікке, қазақ халқының дәстүрін қастерлеп, қадірлеуге, ауыз әдебиеті арқылы ақыл-ой, адамгершілік және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастырып, тәрбиелеп, білім деңгейін жоғарылату және нәтижесін қарастыру. Осы кезеңде тек қана «Ботақан» тобын алып, тұрмыс салт-дәстүр түрлерін және ауыз әдебиетін  негізге ала отырып 10 тақырыпта мүсіндеу, жапсыру, құрастыру сияқты дамытушылық сабақтарын өткіздік. Бұл сабақтардың жоспарын құрастыруда және еңбек әрекетін ұйымдастыруда          Күнпейіс Жұмаханның әдістемелеріне сүйендім.   Оның әдістемелерінің маңыздылығы мынада: әр сабақта міндетті түрде қазақ этнопедагогикасы материалдарын және тұрмыс-салт дәстүрі түрлерін қолданып, балалардың жас ерекшеліктеріне, еңбек әрекетіне байланысты ұйымдастыруында болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

 

     Тәуелсіздіктің алтын таңы арайлап атқалы тарихымызға, дінімізге, тілімізге жан бітіп, өнер атаулының еңсесі биіктей түсті. Президентіміз 2030 жылға бағытталған жолдауында «Елдің ертеңін ойлау қажет, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек» делінген.

      Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының «Еңбекке  оқыту және тәрбиелеу» тұжырымдамасында  «Еңбек негізін мектепке дейінгі жастан бастап қалыптастыру керек» деп көрсетілген.

Еңбек тәрбиесі процесінде алған білім, ептілік және дағдылардың негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы жемісі емес, ол түлғаның басты қажеттігі - еңбек ету қабілетін дамыту күралы.

Еңбекке үйрету мен оған байланысты оқуды үйым-дастыру формаларын мүғалім таңдайды. Еңбек сүйікті іске айналуы үшін балаға еңбектің жемісі мен одан болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Сол үшін оқу ісін жоғары сатылап, бірақ қол жететін деңгейде қүру керек: істеген еңбегінің жетістігін түсінген жасөспірім өз-өзіне сенімі артып, еңбегін мақтаныш ете бастайды. Еңбек ТІ-нің белсенді бағыты сынып жетекшісінің өз жүмыс тәжірибесіне байланысты мектеп тәжірибесіне көптеген жаңа жұмыс формалары енуде. Олар: еңбек вахтасы, еңбек мерекесі, жасалынған заттар көрмесі, тазалық сақтау, гуманитарлық көмек, мектепті көгал-даңдыру, қолөнершілер сайысы, жақсылық жасау аптасы, көңілді үсталар қаласы, еріктілер жүмысы, қамқоршылық көмек, ниеттілер көмегі, еңбек десанты, мектеп жөндеу бригадасы және басқалар. Балалар күнделікті асханадағы кезекшілікке тарты-.лады — бұл көпшілік үшін орындалатын міндетті ең-бек. Балалар кезекшілікке бірте-бірте тартылады. Тәрбиеші әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, ең-бегін әділ бағалайды, біртіндеп кезекшілік жұмысының аясы кеңейіп, түрі көбейе түседі. Асханаға, дастарқан жабдықтауға, сабақ әзірліктерін жасауға кезекшілік, топ бөлмесі мен учаскені, ойыншықтарды жинау кезек-шілігі, табиғат бұрышындағы кезекшілік сияқты бала-.лардың қоғамдық сипаттағы дағдысын жетілдіруге, көпшілдікке тәрбиелеуге, ерік күші мен талқырлығын .дамытуға жағдай жасайды. Кезекшінің міндетін бірте-бірте күрделендіріп отыру керек. Тәрбиеші баланы ке-зекшінің міндеттерімен таныстырып, түсіндіреді, ұқып-тылықпен, адал орындауға баулиды. Балалардың са-баққа дайындық жасау кезекшілігі жылдың екінші жартысынан бастап енгізіледі (үстел үстіне оқуға ке-ректі көрнекі құралдарды, т. б. ұқыпты жайып қою). Бұл үлкен дербестікті талап етеді. Қезекші бәріне қамқорлық жасауға тиісті. Аса маңызды адамгершілік қасиеттер: басқаға қамқорлық жасау, жолдасына пай-дасын тигізу ниеті осылайша қалыптасады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.А. Жасанова. «Технологияны оқыту әдістемесі» Алматы, 2005ж 20-38  беттер.

2.А. Бакирова. «Еңбекке баулу сабақтарында ұлттық сәндік-қолданбалы         өнердің шығармашылық элементтерін пайдалану» \\ Мектептегі технология № 7-8, 2007ж, 5-7 беттер.

3.А. Әділбекова. «Ұлттық бас киімдер» \\ Мектептегі технология № 5, 2007ж, 16-17 беттер.

       4. Ә. Р. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі», Алматы 2002 ж.

       5. Ә. К. Сахиева «Көркем әдебиет арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу» \\ Отбасы және балабақша № 2, 2006 ж, 6-8 беттер

6.Балбөбек бағдарламасы. Қазақ балабақшаларына арналған. Алматы 2000 ж.

7.Б. Бекжанова « Төрт түлігім – бірлігімнің ырысы» \\ Отбасы және балабақша №  1, 2005ж,  20-21 беттер.

8.Б. Ж. Жиентаева. «Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру» Қарағанды – 2004, 30 бет

9.Б. Көлбаева «Халық педагогикасы негізінде еңбексүйгіштікке тәрбиелеу» №5, 2008 ж, 6-9 беттер.

 10.Воспитание дошкольника в труде.

 11.Г. А. Маркова. «Воспитание трудолюбия у дошкольников», Москва -1990ж

12. Г. Шырынбаева «Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу сабағының дидактикалық материалдары» \\ Бастауыш мектеп №  1, 2008 ж, 27- 28 беттер.

13. Г. Дайырбекова «Халық қолөнері – тәрбие құралы» \\ Қазақстан мектебі № 1,  2008ж,  42-44 беттер.

14. Г. Н. Омарова «Қазақтың ұлттық киімдері» \\Отбасы және балабақша № 6, 2007ж,  15- 17 беттер.

15. Д. Шоқпаров «Қазақ қолөнері» Алматы, Өнер 2005 ж.

 16.Д. Шоғанбекова «Ұлттық салт-дәстүрлер» \\ Абай № 1, 2004 ж, 37-38 беттер.

 17.Ж. Күнпейіс. Бастауыш сыныптарда этнопедагогика материалдары арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, Алматы. Дарын – 2007ж, 9-49 , 147- 164 беттер.

  18. Ж. Күнпейіс. Қолөнер материалдарын технология сабақтарында оқытудың                 теориялық негіздері, Алматы- 2008 ж, 30-92 беттер.

19. З. Д. Еденбаева. «Қол еңбегі және көркем құрастыру» Әдістемелік құрал, Алматы 2006ж.

20. К. Өстеміров. Технология пәні бойынша дидактикалық материалдар

21. Р. Жұмағожина «Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану» Алматы: Мектеп – 1981 ж

22. Р. Ж. Бөрткенова «Ою-өрнек түрлерімен таныстыру» \\ Отбасы және балабақша № 2, 2005 ж, 10-12 беттер.

 23.Р. Сағынбаева «Мектепке даярлауда балалар әдебиетін пайдаланудың мақсаты мен мәнісі» \\ Білім Образование №  2, 2007 ж, 14-15 беттер.

 24. М. Ш. Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері.

 25.С. Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері» Алматы, Қазақстан 1995 ж

                                                                                                   

 

 

 

 

 


 


 



Информация о работе Балабақшада еңбек тәрбиесін ұйымдастыру