Бала ойынының тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:39, контрольная работа

Краткое описание

Неге біздің кішкене балаларымыз компьютердің алдында жылжымай, үндемей, парасатты болып қалады, барлығы бір болып мектепке дайындалуды бастайды.
Бүгінгі өркениетті заманда өмір сүретін отбасы болашақта өз балаларының үлкен жетістіктерге жетуін олардың ерте балалық шағында көлемді ақпарат алуы деп біледі.

Содержание

1
Кіріспе
4
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың
ата-аналарының ойын құзыреттілігі туралы
7
3
«Бала ойынынның тілі» ата-аналарға арналған кездесу тақырыбы
9
4
«Баламен .... ойын тілінде сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама
14
5
Ақылды ата-аналар мен қызық құмар балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер //эксперименттер
17
6
«Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы
22
7
Әдебиеттер
34

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Бала ойынының тілі».doc

— 149.50 Кб (Скачать документ)

Пластмасса, оның сапасы мен қасиеттері

Мақсаты: пластмассадан жасалған заттарды танып, олардың сапасы (беттік құрылымын, қалыңдығын, түсін) мен құрылымын (қаттылығын, иілгіштігін, жылу өткізгіштігін, балқуын) анықтау.

Пластмассалы стақанға су құйыңыз және ішінде қарамай не бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Пластмасса түссіз болмағандықтан, анықтауға мүмкін емес. Сипау арқылы пласмассаның беттік құрылымын, қалыңдығын анықтауды ұсыныңыз. Стақанды шуақты жылы жерге қойып, 3-4  минуттан кейін температураның өзгергендігін (жылу) анықтауды өтініңіз. Егер стақанды бүксе, ол күштің әсерінен бүгілгені анықталады,  ал егер көбірек күш салса, ол сынып кетеді.

 

Шыны, оның сапасы мен құрамы

Мақсаты: Шыныдан жасалған заттарды танып, оның сапасын (беттік құрылымын, қалыңдығын, мөлдірлігін) және құрамын (балқуын, сынғыштығын, жылу өткізгіштігін) анықтау.

Баламен бірге шыны стақанға боялған суды құйып, стақанның ішіндегісі неге көрініп тұрғанын (стақан мөлдір болғандықтан) сұраңыз. Ересек шыны беті бойынша жүргізіп құрылымын анықтайды, содан кейін сусыз стақанды шуақты жерге қойып, бірер минуттан кейін шынының температурасының өзгергендігін анықтайды.

Жіңішке шыны түтікті  алып, оның орта бөлігін алау отқа (сіріңке) орналастырыңыз. Күшті қыздырылғаннан кейін майыстырыңыз немесе созыңыз: жоғары температураның әсерінен шыны балқиды. Аз ғана биіктіктен құлаған шыны заттар сынып қалады (демек, олар сынғыш).

 

«Сиқырлы» шарлар

Мақсаты: статистикалық электр өрісі пайда болу себептерін анықтау.

Бала қабырғада «жапсырылып» тұрған ауа шарына назарын аударады: «Ана неге шар қабырғаға жабысып тұр? Мен оны желімдеген жоқпын ғой?»

Анасы шардың «жабысып»  қалуы үшін желімнің керек емесітігін түсіндіреді. Оны тек шашқа, матаға, киімге аздап үйкелесе жеткілікті, ол өзіне қағаз кесектерін, шашты  тарта бастайды. «Бұл ғажайып «желім» статистакалық электр өрісі» деп анасы түсіндіреді. «Оны көруге немесе естуге болады ма?» деп қайтара баласы сұрайды. Сонда анасы бөлмедегі жарықты сөндіріп, ұлына немесе қызына жемпірлерін шешуді ұсынады.  Жемпірді шешкен кезде сытырлағаны естіліп, ұшқындар көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы

 

Бірлескен ойын іс-әрекеті

Қысқаша мазмұны

1. Қанекей танысайық

Ата-аналары серіктестерімен, таныстарымен кездескенде таныс  емес адамдармен балаға танысуды үйрету.

Түрлі жағдайларды мысалға  ала отырып қоғамда мінез-құлық  ережелерімен таныстыру. Адамдарға деген мейірімді қарым-қатынасты тәрбиелеу.

2. Көңілді және қайғылы суреттер

Баламен бірге бояу мен  қылқалам көмегімен өзінің көңіл  күйін түсті дақтар арқылы көрсету.

3. Қол жуғыш Мойдодырдың кеңестері

Ертегі кейіпкерінің атынан баланы жеке бас тазалық гигиенасымен таныстыру: қолды сабындап жуу, қол мен бетті сүлгімен құрғақтатып сүрту, тісті тазалау, ас ішкеннен соң сүлгілерді пайдалану және т.б.

4. Бауырымды да киінуге үйретемін

Балаға  өзіне қызмет көрсетуге үйрету: киім заттарын белгілі  бір тізбекпен кию, киім мен аяқ киімді киіп шешу, заттарды арнайы орынға бүктеп қою, үстелді асқа дайындауға көмектесу, ас ішіп болғаннан кейін үстелдің үстін жинауға көмектесу және т.б.

5. Ойыншықтар туралы әңгімелер

Баламен бірге сүйікті  ойыншықтарының түсін, көлемін, олар қандай материалдан жасалғанын және олармен қандай әрекеттер орындауға болатынын айту.

6. Мен серуендеймін және барлығын  байқаймын

Баламен серуендеу кезінде  үйдің маңындағы қоршағандарға  назар аудару, табиғаттағы өзгерістерді байқау, маусым бойынша адамдардың киінуін бақылау, жануарлар мен құстардың мінез-құлықтарын, өсімдік әлемі қандай жағдайда екенінін бақылау. 

7. Көңілді сандар

Қоршаған орта жағдайында заттардың түрлі санын анықтау. Санау үдерісін қызықты және көңілді  ойын ретінде өткізу. Табиғатта тастар, гүлдер, ағаштар, шырша мен емен жаңғақтарын және басқа заттарды санау.  Заттық топтарды қалай салыстыру керектігін, қай заттардың аз немесе  көп екендігін көрсету, орнату.

8. Күзгі сурет

Баламен бірге бояулардың және қылқаламның көмегімен сурет түрінде күзгі жапырақтардың түсуін бейнелеу.

9. Менің көңілді добым

Доппен ойында түрлі  жаттығуларды орындау: допты лақтырып, қайта тосып алу, жерге, қабырғаға  ұру, алысқа лақтыру, нысанаға дәл тигізу және т.б. жаттығулар.

10. Адамдарды сапқа тұрғызу

Балаларды заттардың  көлемімен таныстыру: заттар биіктігі бойынша  түрлі болады.

Балаға адамдарды бойының  ұзындықтары бойынша сапқа тұрғызуды  ұсыну. Әр сайын бойы ұзын адамды (денені) таңдай отырып, оларды бойының ұзынынан бастап қысқасына дейін сапқа тұрғызу керек. Салыстыруда бір затты екінші заттың жанына  қою әдісін қолданыңыз.

11.Серуендеп  жүріп барлығын байқаймын (қараңыздар, біздің қала безендірілген) 

Туған қаласын мерекеге дайындауда сыртқы өзгерісіне: үйлер  мен көшелер, саябақтар мен парктер қалай безендірілгеніне, осыған қала тұрғындарының қалай қуанғанына баланың назарын аудару.

12. Сүйікті ертегілер

Баламен бірге оның сүйікті  және таныс ертегілерді мазмұндау, кітаптардағы суреттерді қарап, ертегі кейіпкерлерін және олардың іс әрекеттерін тану.

Ертегіден шағын қойылым  қою, мысалы, «Телпек».

Костюмдер мен декорация  элементтерін қою арқылы  ертегі кітапбына деген қызығушылығын  оятуға болады.

13. Сиқырлы себет

Балаға көкөністер мен  жемістердің дәмін көріп, олардың  дәмі мен сыртқы түрі бойынша танып, атауларын атауға ұсыну.

Бірге көкөністі және жемісті салаттар жасау.

Көкөністер бау-бақшаның жиектерінде, ал жемістер бақшаның ағаштарында өсетіні туралы түсінік беру.

14. Мейірімді сөздер

Балаға заттарды, объектілерді және құбылыстарды сипаттағанда  мейірімді және көркем сөздерді қолдануын көрсету, мысалы, қызыл күрең күн шуағы алтындай жарқырап тұр.  

15. Бір ине, екі ине (кірпі)

Табиғи және құны жоқ  заттардан ойыншықты қалай жасауға  болатынын көрсету, мысалы кірпі  сұлбасын жасау: саздың бөлігін домалатып, үстіне пісте қабықтарын қоямыз.

16. Квадраттар мен шеңберлермен байланысты ойындар

Баламен бірге түрлі  пішінді және түрлі түсті квадраттар мен шеңберлерді қарау.

Баламен бірге геометриялық пішін ойындарын ойнау.

Түрлі түсті квадраттардың (немесе шеңбердердің) барлығын жинауға болады.

Бір өлшемдегі түрлі  пішіндерді бір қатарға алмастырып, орналастыруға болады.

17. Көңілді қызыл тілдің өлеңдері

Балаға тілмен ойнауды  көрсету: мылжың болу (ауызда тілді  оңға,солға және жоғары, төмен жылжыту), таңдай тарту, тілді шығарып аспанға қарай көтеру, ерінді, тісті жалау және т.б.

18.Қуып жет

Қашып тығылу ойынын ойнайық.

19. Жуан және жіңішке

Баламен бірге түрлі  өлшемді заттарды қарау. Бір заттың түрлі қалыңдығы болатынын көрсету. Салыстыруда бір затты екіншісінің үстіне қою әдісін пайдалану.

20. Достармызды шақырып, қонақтарды күтеміз

Ас әзірлеп, дос-қонақтарымызды күтіп аламыз.

Оларды бірге жасалған жемісті және көкөністі салаттармен  қонақ етеміз, үстелге дастархан  жаямыз.

Баланы қоғамда мінез-құлық ережелерімен таныстыру.

Қонақжайлық дағдыларын дамыту.

21. Күзгі суреттер

Күз маусымында табиғатта  және ауа райында өзгерістерді байқап, күзде қандай маусымдық құбылыстар болатынын, маусым бойынша адамдар  қалай киінетінін, құстар мен жануарлардың мінез-құлықтарын және өсімдік әлемі қандай жағдайда екенінін  белгілеу.

Суреттерге сүйене отырып, балаға күз туралы әңгіме айтуына  ұсынуға болады.

Қарындаштар мен бояулардың көмегімен күз суретін бейнелеуге ұсыну.

22. Күшік қайда тұрады

Бірге жапсырулар жасауды  үйренеміз. Түсті қағаздарды қиып алып, бүтін бейне жасаймыз, барлығын жапсырамыз. Мысалы, күшікке арналған үйшік.

23. Мен және  менің отбасым қайда екенін  тауып біл

Отбасы суреттерін қараймыз.  Суреттерден отбасы мүшелерін танып, оларды атауды үйрену. Баланы туыстармен таныстыруға болады. Бала үшін бір-біріне қамқорлық көрсететін отбасының бар екені маңызды. 

24. Бұл кім?

Балаларды үй жануарлармен және олардың балаларымен таныстыру (сыртқы түрімен, немен қоректенеді, қалай дыбыс шығарытыны), мүмкіндік болса, тірі объектілерді немесе жануарлар мен олардың балаларын суреттен қарау,  өлеңдер, ертегілер, әңгімелер оқу, телевизиялық фильмдер мен бейнежазбаларды қарау.

25. Зәулім үй саламыз

Баламен бірге құрылыс  материалдарымен құрылымдық ойындар ойнау, түрлі беттерде бөлшектердің орналасуын, құрылыс берік болуы үшін бөлшектерді бірінің үстіне бірін қалай қоюды және  құрылымдық ойынға деген қызығушылығын сақтап қалуы және жаңа ойын түріне бұру үшін құрылыспен қалай ойнауға болатынын көрсету.

26.Дос болайық және достығымызды қадірлейік

Достардың бір-біріне қалай көмектесетінін, қалай бірге демалатынын немесе жұмыс істейтінін көрсету.

Достық туралы әңгімелер, ертегілер оқуға,  телебейнелік видеолар мен фильмдер көруге болады.

27. Орман жатын орындары (аңдар қысқы қалай дайындалады)

Балаларды жабайы аңдар  мен олардың төлдерімен  (сыртқы түрімен, қоректенуімен, әдеттерімен, қысқа дайындалауымен) таныстыру, оларға тән сипатты жағдайларда суреттерін қарау.

Жануарлар өмірі туралы әңгімелер оқуға болады.

Телебейнелік фильмдер мен видеоларды қарауға болады.

28. Түрлі гоеметриялық  пішіндерді танып, ата: квадраттар, шеңберлер, үшбұрыштар және тік  төртбұрыштар 

Балалармен бірге түрлі  өлшемді және түрлі түсті геометриялық пішіндер: квадраттарды, үшбұрыштарды, шеңберлерді қарап, атауларын атау.

Түрлі түсті және түрлі  өлшемді барлық квадраттарды (немесе барлық үшбұрыштарды, немесе шеңберлерді, немесе барлық тік төртбұрыштарды ) жинауға болады.

Бір өлшемді заттарды бір қатарға кезекпе-кезек қоюға болады.

29. Ызғарлы қыс

Қыс маусымында табиғатта  және ауа райында өзгерістерді байқап, қыста қандай маусымдық құбылыстар болатынын, маусым бойынша адамдар  қалай киінетінін, құстар мен жануарлардың мінез-құлықтарын және өсімдік әлемі  қандай жағдайда екенінін  белгілеу.

Суреттерге сүйене отырып, балаға қыс туралы әңгіме айтуына  ұсынуға болады.

Қарындаштар мен бояулардың көмегімен қыстың суретін бейнелеуге ұсыну.

30. Барлығын білгім келеді!

Балаға адамдардың бірдей және түрлі (сыртқы келбеті, жасы бойынша) болатынын, адамдардың қажеттіліктері (ауаға, жарыққа, жылуға, ас ішуге, қорғанысқа) болатынын, тірі адам түрлі сезімдер мен эмоцияларды сезетінін көрсету.

31. Белбеуді тап

Баланы ені бойынша  түрлі заттардың өлшемімен таныстыру.

Балаға ені түрлі  белбеулерді таңдауға көмектесу.

Салыстыруда бір затты  екінші заттың үстіне қою әдісін пайдалану.

32. Бұл қашан болады?

Балаға тәулік бірліктерін  сипатты белгілері бойынша анықтауға  үйрету. Суреттерді көрсетіп «Бұл қашан  болады?» сұрағын қою керек, ал бала болса: бұл таңертең (күндіз, кешке, түнде) болады деп жауап беруі тиіс.

33. Танып атауларын ата!

(біздің аулаға  қандай құстар ұшып келеді)

Құстарды бақылап, олар (сыртқы түрі, әдеттері және қоректенуі) туралы әңгімелер айту. Құстардың  өмірі туралы әңгімелер оқып беруге болады.

Телебейнелік фильмдер мен видеоларды көруге болады.

34. Бағдаршам сабақтары

Балаға бағдаршамды  көрсету, оның сигналдары нені білдіретіні  және жүргіншілер бөлігінде мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру.

Бағдаршам және  жолда  жүру ережелеріне байланысты өлеңдер мен әңгімелер оқу.

35. Біздің үйдегі ақылды заттар

Балаларды үйдегі тұрмыстық  техникалармен жұмыс істеуге  баулу.

Үйде ересектердің еңбегін  жеңілдетуге көмектесетін техникалар мен машиналар туралы айту. 

36. Жолмен жүруге үйренеміз

Баламен бірге жол  бөліктерін қарау: жүргінші бөлігі машиналарға, ал тротуарлар жаяу жүргіншілерге арналған.

Балаларға жолдың қай  бөлігінен өтуге болатынын және өту үшін қандай жол белгілері («Жаяу  жүргіншілер» белгісі, бағдаршам, жолдағы  ақ қара жолақтар) бар екендігін көрсету.

37. Жасыл шырша

Шыршаны безендіру, шыршаны  айнала ойындар ойнау, көңіл көтеру, сурет салу, жапсыру, жаңа жылдық тақырыптарда мүсіндеу, әңгімелер мен өлеңдер  оқу.

38. Бұтақтар  басына жерге қар бүршіктері  жауады

Түрлі қар көшкінінің суреттерін, түрлі өлкедегі қыс табиғатының көріністерін  қарау, сурет салу, жапсыру, қыс тақырыбында мүсіндеу, өлеңдер мен әңгімелер оқу, фильмдер көру.

39. Серуендеп барлығын байқаймын

Баламен бірге көлемді мейрамдар және серуендерге қатысу.

Балаға қала мерекеге қалай безендірілгенін, осы күні барлық адамдар бірдей, осы мерекелік  күндері қандай мерекелер тойланып жатқандығы туралы айту.

40. Біз жүріп  келеміз

(машина біздің  көшеде жүріп келеді)

Баланы көліктермен  таныстыру. Машиналардың (жеңіл, тағайындалуы бойынша жүк машиналар) ерекшеліктерін, машинаның негізгі бөліктерін түсіндіру.

Жүргізуші мамандығы  туралы армандау.

41. Бұл не?

Баламен бірге қоршаған орта заттарын зерттеу және қарау.

Оларды зерттеу мысалы, бұл доп, ол домалақ,қызыл түсті, қатты, резеңкеден жасалған, онымен осылай ойнауға болады.

Заттарды жалпы қасиеттері мен тағайындалуы бойынша топтау (мысалы: бір материалдан жасалған заттар, немесе барлық киім кешек, аяқ  киім, жиһаз заттары және т.б.).

42. Кім не істейді?

Дүкенге, поштаға, дәрігерге, құрылысқа саяхатқа шығу. Баланы тұрлі мамандық иелерімен таныстыру.

Саяхат кезінде балаға адамдар еңбегі және еңбекті жеңілдетуге  арналған машиналар туралы айтып  отыру.

43. Не үшін?

(уақыт бірліктері)

Балаға уақыт бірліктері бойынша бағдарлануын үйрету. Адам өмірінің таңғы, кешкі, түнгі және күндізгі уақыт бірліктері айқын сипатталған суреттерін  көруге болады.

44. Көктем келді

Қалада серуендеу кезінде  табиғатта және ауа райында өзгерістерді байқап, көктемде қандай маусымдық  құбылыстар болатынын, маусым бойынша адамдар қалай киінетінін, құстар мен жануарлардың мінез-құлықтарын және өсімдік әлемі қандай жағдайда екенінін  белгілеу.

Суреттерге сүйене отырып, балаға көктем туралы әңгіме айтуына  ұсынуға болады.

Қарындаштар мен бояулардың көмегімен көктемнің суретін бейнелеуге ұсыну.

45. Төбешікке теппешек саламыз

Баланы түрлі ұзындықты  заттардың өлшемдерімен таныстыру.

Алдын-ала сіз салған төбешікке баланың назарын аудару.

Баламен төбешікке теппешек салуға ақылдасу немесе келісу.

Пластиналарды әрбір  таңдаған сайын ұзынын таңдау. Салыстыруда  бір затты екіншісінің үстіне қою әдісін пайдалану. Бала өзінің тәжірибесінде  теппешек берік болуы үшін оның астына ең ұзын пластина қою керектігіне  көзі жетсін.

Содан кейін төбешік  пен теппешекте ойнау.

46. Анама арналған моншақтар

Балаға жапсыруды қалай  орындауға болатынын көрсету.

Ересектер мен балаларға  түсті қағаздар домалақ пішіндерді қиюға үйрету. Мысалы, моншақтар,  және олардан біртұтас бейне құруға (жіпте керулі моншақтар, жіпті қарындаштың көмегімен салуға) болады, содан кейін жапсыру керек.

47. Сен үйде жалғыз болғанда

Баламен түрлі жағдайларда, үйде жалғыз қалғанда оның мінез-құлықтары  туралы әңгімелесу және осындай жағдайларда  мінез құлық нұсқаларын көрсету. 

Аталған жағдайлардың суреттерін қарастыруға болады, қиын жағдайларда адамдардың мінез-құлықтары туралы әңгімелер оқып беруге болады.

48. Қайықтар

Баламен қағаздан құрылымдық ойындар ойнау, қайық немесе пилотка  шығу үшін қағазды қалай бүктеу керектігін көрсету.

Құрылымға деген қызығушылығын сақтап қалу үшін ойынмен ойнауға болады, мысалы, қайықты суға жіберуге болады, пилотканы басына киіп алуына болады. 

49. Қағаз бетіндегі

сия тамшылары

Баланы сия тамшылары  сурет салу техникасымен таныстыру.

Балаға сия тамшыларына қосымша бөлшектерді салу арқылы жандандыруға болатынын көрсету.

50. Жазғы суреттер

Балаға жаз маусымында табиғатта және ауа райында өзгерістерді байқауға көмектесу, жазда қандай құбылыстар болатынын, маусым бойынша адамдардың киімін, жазда өсімдіктер қалай гүл салатыны, жануарлар мен құстар және олардың төлдерінің  мінез-құлықтары туралы айту.

Қылқалам мен бояулардың көмегімен жаз мезгілінің суретін  салуға ұсыну.

51. Ұшады, секіреді және жорғалайды

Баламен бірге жәндіктерді (сыртқы түрі, мінез құлықтары, қалай қозғалады) қарастырамыз. Мүмкіндік болса тірі объектілерді немесе жәндіктерді суреттерден қарау. Өлеңдер, әңгімелер, ертегілер оқуға және видеолар мен телефильмдер көруге болады.

52. Жазғы бақша

Баланы бақшада, аулада жұмыс істеуге баулу. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, терезе алдына бақша отырғызу. Бұл балаға өсімдіктердің дамуымен, өсуге қажетті жағдайларымен, өсімдікті қалай күту ережелерімен таныстырады.

53. Бұл қашан болады?

Баланың жыл мезгілдері бойынша бағдарлануына, жыл мезгілдерінің  сипатты белгілері бойынша анықтауына көмектесу.

Суреттерді көрсетіп «Бұл қашан болады?» сұрағын қою  керек, ал бала: бұл жазда (қыста, күзде, көктемде) болады деп жауап беру керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. А.С. Галанов. Психическое и физическое развитие

ребенка от 3 до 5 лет. М.: 2003г.

2. А.К. Бондаренко. «Дидактические  игры в детском саду». М.: «Просвещение», 1997г.

3. А.К. Бондаренко., А.Матусик.  «Воспитание детей в игре».  М.: «Просвещение», 1996 г.

4. О.В. Мариничева., Н.В. Елкина. «Учим детей наблюдать и рассказывать». Ярославль: Академия развития, 2002 г.

5. В.П. Новикова. «Математика  в детском саду». М.: Мозаика  – Синтез, 2002 г.

6. Т.С. Комарова., А.В.  Антонова., М.Б. Зацепина.  «Программа  эстетического воспитания дошкольников». М.: 2005 г.

7. Л.И. Егоренков. Экологическое  воспитание дошкольников и младших  школьников. М.: 2001г.

8. М.В. Ильина. Тренируем  внимание и память. М.: 2005 г.

9. Н.И. Касабуцкий., Г.  Н. Скобелев. Давайте поиграем. М.: «Просвещение», 1997 г.

10. Л.Н. Галигузова., Е.О.  Смирнова. Ступени общения: от  года до семи лет. М.: Просвещение, 1992 г.

11. О.М. Дьяченко., Е.Л.  Агеева. Чего на свете не бывает. М.: Просвещение, 1991г.

 

 

 


Информация о работе Бала ойынының тілі