Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 20:54, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты -жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанган» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі — қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Содержание

I.Кіріспе бөлімі
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді
дамыту .
II. Негізгі бөлім
1. Эстетикалық тәрбие дегеніміз.
2. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
3. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
жайлы ой-пікірлер.
4. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.
5. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы.
III.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

гулсара апай реферат.docx

— 31.05 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспары:

        

I.Кіріспе бөлімі

       1. Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді

         дамыту .

II. Негізгі бөлім

       1. Эстетикалық тәрбие дегеніміз.

       2. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.

       3. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

           жайлы ой-пікірлер.

       4. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.

       5. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы.

III.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылга  дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты -жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанган» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі — қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. 
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен 
мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. 
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. 
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді. 
Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді. 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: 
•  Эстетикалық қабылдау. 
•  Эстетикалық сезім. 
•  Эстетикалық талғам. 
Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады. 
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. 
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді. 
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі. 
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады. 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

  • Эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
  • Эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
  • Ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
  • Шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
  • Эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
  • Адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
  • Өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру
  • Қажеттіліктерін дамыту;

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік  пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық  дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам  бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал. 
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады. 
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады. 
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады. 
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.

     Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз. 
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.  
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы Эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған. 
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - Эстетикалық сезімді және Эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, Эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың Эстетикалық дамуының негізі болады. 
Қазақ ағартушылары Эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады. 
Ш. Уалихановтың Эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт – дәстүріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы Эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады. 
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын Эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. "қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады" - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас мұсіндеріне (Қозы - Көрпеш - Баян сұлу кешеніндегі, Түймекенттегі т.б. ) ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ халқының Эстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.  
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері Эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет," - деп атап көрсетті. 
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің Эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реальное училинесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді"  
Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын Эстетикалық талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр. 
Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет - ғұрып, салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі. 
Балалар мен жеткіншектерге Эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. " Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді".  
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері : "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әрнесш өз суретімен көзге тұседі. Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауыш алған өнерінің жоғалғандығын және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың" . ( Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы. 
Абай өзінің шығармаларында Эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. Эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес. 
Балалардың эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын күрделі міндетті, ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу. Яғни адамнаң дүниені Эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты. 
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : "... балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", - деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті. 
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. 
Бұл тұрғыда А.С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гүлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді. 
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған. Ол " Балаға жүрек жылуы" атты кітабының " Табиғат кітабының үш жүз беті" деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімІн тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В.А.Сухамлинский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы " Бапа сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым - қатынастың жаны мен тәні", - деп жазды. 
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым — ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская : "Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек" -деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы декабрьде " Правдада" жариялаған мақаласын " Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады. 
Мұнда " Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады", - деп атап көрсетеді. 
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдың түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына тікелей әсер ететін, бір - бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді. 
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. 
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, " Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді. 
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады. 
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горыкий : " эстетика - бұл болашақтың этикасы" - деп бекер айтпаған. Жасөспірімдер ұлкендермен, дос - жолдастарымен қарым - қатынаста сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады. 
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады. 
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары. 
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше. 
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді: 
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады. 
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады. 
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады. Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.

 

Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас  жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық  сезіміне үнемі әсер етеді. 
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті. 
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады. 
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады. 
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. 
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары. 
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер: 
1. В.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы.

2. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы.

3. М.Жұмабаев. Педагогика.

4. 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту