Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Курсовая работа, 03 Июня 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4
1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9
ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы....................................................................................................................15
2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17
2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18
2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20
ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25
Прикрепленные файлы: 1 файл
kursovoy.docx
— 167.88 Кб (Скачать документ)Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.
1. Ұжымдық жұмыс принциптерін
ұйымдастыратын фронтальды жұмыс.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың
тапсырмалар түріне проблемалық
жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды
бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын
жұмыстардың жоспарын бірігіп
талқылауды, біріге отырып әңгіме
құрастыруды, картина бойынша бірігп
жұмыстар жасауды, психотренингтер
өткізуді т.б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі
бойынша ұйымдастырылған топтық
жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс,
топтық сауалда, топтық жұмыстарда
әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас,
дебат элементтері бар топтық
жұмыстар (форум, сараптау, талқылау
топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды
ұсыну, ойындық модельдеу бойынша
проблемалық пікірталастар, диалогтар
т.б.).
3. Топ жұмыстарының бейнесі
ретіндегі топтардағы өзара тексерулер:
орындалған жұмыс бойынша толық
немесе жекелей түсінік беру,
өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша,
практикалық жұмыстарды өзара
тексеру т.б.).
4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
5. Оқушылар кездесуі.
Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі – қызығушылық, яғни танымдық қызығу.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, М.Щеломенцова т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі № 7, 2005, 56-58 беттер).
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
1.2. Қазақ тілі
сабағында топтық, жұптық ұжымдық
таным іс-әрекетінің педагогикалық
ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды., өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді (Жас ерекшелік №№№ Петровский).
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды… балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.