Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2015 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4
1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9
ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы....................................................................................................................15
2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17
2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18
2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20
ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoy.docx

— 167.88 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Астана гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы:

 

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері

 

 

 

 

 

Студент: Исабекова А.Ж

Тексерген: Қалабаева Н.Б

Мамандығы: «Бастауыш білім беру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015ж

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері

 

Жоспар

 

 Кіріспе.......................................................................................................................3

 

І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері......................................................4

 

    1. . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері...............................................................................................................6

1.2. Қазақ тілі сабағында  топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері....................................9

 

ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің             маңызы....................................................................................................................15

 

2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру...............................17

2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.....................................18

2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі...........................20

 

ІІІ. Қазақ тілі сабағында  топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.......................................22

 

       Қорытынды.....................................................................................................24

       Пайдаланған әдебиеттер................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

            Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.

Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

 

 

 

 

І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс-тәсілдері

 

Қазақ тілін оқытуда ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі.

Сабақтың тиімді жағының бірі – ол заман талабына сай сабақты электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу. Тіл үйренушіге мәтінді электронды оқу құралдарынан компьютер көмегімен тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, мәтін негізінде бірнеше грамматикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген. Ең бастысы – тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға негізделіп берілген, яғни бұл тіл үйренушінің тілді жеңіл түсініп, тез меңгеруіне көмектеседі. Ұсынылған сабақ жоспары тиімді, кезеңдері байланыстырыла, түрлі тапсырмалармен толық түрде ұсынылған. Егер әр сабақты мұғалім аталған сабақтай жоспарлап, мүмкіншіліктерді, жаңа технологияларды толық пайдаланып жүргізсе, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар санының өсері сөзсіз.

Оқу сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:

-оқушылардың ғылым негізі  білімдерін жүйелі баяндауға  және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге  дағдыландыру;

-оқушыларда дүниетанымдық  көзқарас қалыптастыру;

-өз білімдерін жалпылауға  және жүйелеуге дағдыландыру.

Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:

-жалпы түр-пішін;

-нақты түр-пішін.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар,психологтарболды: Л.Божович,Б.Теплова,Н.Морозова,Л.Славина және тағы басқалары. Қарама –қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық бірлестіктерге,іс-әрекеттерге үйрету арқылы,оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара әрекеттестікте болуы қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субьекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі-оқушылардың қарым-қатынасы,өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің фономені психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет деп түсіндіріледі. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда пронтальды жұмыс ұғымымен қатар қалды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар жасалатын қарым-қатынастың зерттелінетін объектілері тұрғысындағы әр түрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні – мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесімен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.

Ұжымдық таным іс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов т.б. зерттелінген.

Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

 

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері.

 

Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.

Оқушылардың ұжымдық, топтық, жұптық қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн.

Қабілет – баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.

Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:

- тұрақты оқушылар тобы;

- әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;

- сабақтың мазмұнын сыныпта  қабылдау.

Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.

Ұжымдық, топтық, жұптық жұмысты ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:

- әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

- математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;

- оқу ұғымдарын жинақтауда  оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктілеу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды.

Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.

Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзі мұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер бжиі ауыстрылып отырғаны дұрыс.

Информация о работе Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері