БАҚ және қазақ тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 22:09, лекция

Краткое описание

Бүгінгі күннің күнтізбесінде тұрған, ең өзекті, ең маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілінің өз деңгейінде қолданылуы. Қазақ тілінің техникалық тіл еместігін алға тартып, оның техникалық сөздік қоры бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында жоққа жақын деп байбалам салушылар оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесіне кір келтіріп бағуда. Қазақ тілді ақпарат құралдары – Қазақстандағы халықтардың, қазақ ұлтының дамуына, оның тілі мен дінінің өркендеуіне, әдет-ғұрыптарының насихатталуына, бір тұтас ұлттық мемлекет межесіне жетуге қызмет етуі керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гулназ.docx

— 23.27 Кб (Скачать документ)

                                       «БАҚ және қазақ тілі»

«Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,

кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады».

                        Н.Ә. Назарбаев

    Бүгінгі күннің  күнтізбесінде тұрған, ең өзекті, ең маңызды мәселелердің бірі  – қазақ тілінің өз деңгейінде  қолданылуы.  Қазақ тілінің техникалық тіл еместігін алға тартып, оның техникалық сөздік қоры бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында жоққа жақын деп байбалам салушылар оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесіне кір келтіріп бағуда. Қазақ тілді ақпарат құралдары – Қазақстандағы халықтардың, қазақ ұлтының дамуына, оның тілі мен дінінің өркендеуіне, әдет-ғұрыптарының насихатталуына, бір тұтас ұлттық мемлекет межесіне жетуге қызмет етуі керек. Сондықтан, баспасөз саласындағы қоғаммен байланыстың негізгі міндеті – билік пен халықты жақындастыру, биліктің саясатын бұқара халыққа, халықтың үнін басшылыққа жеткізуге міндетті. Осындай мүдделік аясында, өткен он жылдың ішінде еліміздегі қазақ тілді БАҚ-тың жайы біртіндеп өзгере бастады. Яғни, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің ұштасқан тұсы ақпарат құралдарында жиі көрініс табады. Сондықтан, біз еліміздегі тәуелсіз арналардағы қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналып, «бір тіл, бір ту, бір діл – қағидатының» жүзеге асу барысындағы телеарналардың қазақ тілді аудиториямен байланысын қарастырмақпын. Бұл үлкен жақтан алып айтқанда, мемлекеттің негізін қалаушы қазақ ұлты екенін өзге ұлт өкілдеріне ұғындыру, қазақтың тілінің кең етек жаюына үгіт-насихат арқылы  бір ұлтты – жасау дегенді білдіреді. 2010 жылдың есебі бойынша, республикада 2697 БАҚ әрекет етеді. Қазақ тілді БАҚ үлесі қолданыстағы БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыс тілді – 33,4%, бұқаралық ақпараттық құралдары қазақ және орыс тілдерінде 35% таратылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа да тілдерде. Олар еліміздегі қоғамдық сананың қалыптасуына, халықтың рухани сұраныстарымен қажеттіліктерін қанағаттандыруына, қызмет атқарып келеді. Қазақ елі үшін БАҚ жүйесі қоғам өмірінің дамуын, саяси ойдың деңгейін анықтайтындай жүйеге жеткен. БАҚ-тың қоғамдағы сан түрлі оқиғалар, саяси жағдайлар және өзге де өзекті мәселелерге өз көзқарасын білдіріп, осы арқылы қоғамда бір бағыттағы пікір білдіруде де ықпалы зор. Сондықтан БАҚ қоғамдық дамулар мен қозғалыстардың бейнелеушісі, өмірдің айнасы іспетті, сол өзгерістерге сай өзі де өзгеріп, жаңарып отырады.

   Мемлекеттік тілді отандық БАҚ-та насихаттау мәселесі көптен өз шешімін таппай келе жатқан, мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі маңызы бар, осыған дейін ұлт зиялылары тарапынан аз қордаланбаған мәселе екені белгілі. Себебі, тілі болмаған ұлт еш заманда, еш дәуірде жеке ұлт ретінде өз орнын таппаған. Тілі құрып біткен ұлттардың жер бетінен жойылып кеткенін мәлім. Ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда тәуелсіз телеарналардың басым бөлігі дерлік қазақ көрерменінің мүддесін қорғамады. Бұл ең бірінші түйткілі көп қазақ тіліне қатысты еді. Алғашқы жылдары заңмен бақыланбаған тәуелсіз телеарналар өзгесін айтпағанда, тәулік бойы орыс тілінде хабар тарату арқылы мемлекет құраушы ұлттың негізгі ұстанымдарына қайшы келді. “Демократиялық үрдістерді мұрат тұтқан шақта эфирді жайлаған көрерменді рухани аздыратын, зиянкес мазмұнмен ұлттық болмысымызға қауіп төндіріп отырған “КТК”, “НТК”, “31-арна”, орыстілді телеарналар тілді келеке жасай бастады” деген дабылдың қағылуы да бекер емес. Эфирлік уақыттың 80%-ға жуығы орыс тілді телебағдарламалар мен орыс тіліндегі өзге де көрсетілімдермен толтырылуы ұлттық мүддеге қайшы. Бірнеше жыл бұрын телеарналарда көрініс тапқан осы келеңсіздікті ауыздықтауға талпынған үкімет телеарналардағы мемлекеттік тіл мәселесі бірден толық шешімін тапты деу қате. Барлық дерлік тәуелсіз арналар қазақ тілінде жаңа бағдарламалар дайындаудың орнына, мұрағатта сақталған шетелдік сериалдарды қазақ тіліне аударып беру арқылы заңға бағынғандай сыңай танытты. Жекелей тоқталар болсақ, “Еуразия” арнасы бұл талапқа тосылып қалған жоқ. Бұл арна “Қазақстан” ұлттық арнасы мен “Хабар-2” арнасы дайындаған ақындар айтысын, “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” телебағдарламасын, “Қас қағым сәт және бүкіл ғұмыр” ретрохабарын, бірнеше жылдар бұрынғы “Республика сарайында” өткен концерттерді түнгі он екіден кейін эфирлік уақытты толтырып отыратын. Соңғы уақытта қазақ тілді көрерменнің наразылығынан кейін мемлекеттік тілде бір де бір бағдарлама дайындамайтын бұл телеарна өз өнімдерін қазақшаға аударып қайта ұсыну және қазақша КТК (КВН) ұсыну арқылы жоғарыда аталған заңды белінен баспауға талпынды. “НТК”, “Рахат”, “Таң”, “31” сынды тәуелсіз телеарналарда да осы қателіктер қайталанды. Қазақ тілді көрермен арасында сынға ұшыраған жоғарыда аталған телеарналар бекітілген қағидаға қайшы келмеу үшін бұдан өзге де әдістер ойлап тапқанын көзіқарақты көрермен талай мәрте көзі жетті. Ресейдің, түріктің, корейдің ұзын-сонар телесериалдарының қазақшалау арқылы эфир уақытын толтыру үрдісі кең етек жайған, яғни отандық телеарналардың үлесін ұстап отырған негізінен шетелдік телехикаялар болды.

  Бүгінде, қоғамда бұл мәселе кеңінен талқыланып, үлкен бір қоғамдық пікір қалыптаса бастағаннан соң, аталған олқылықтардың орны толтырыла бастағанын көптеген телеарна бағдарламаларынан байқап та, көріп те жүрміз. Бұл телеарналардың мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының пайыздық көрсеткіші 63% екенін ескергендіктерінің белгісі. Бағдарламалардың 2013 жылғы үлес салмағын өзіміз есептеп көруді жөн көрдік. Мәселен, КТК коммерциялық телеарнасының бағдарламалар тізіміне назар аудардық. Онда бір аптадағы қазақ тілінің үлес салмағы 21,7 пайызды құрап көңілімізді түсірсе, «Хабар» арнасындағы қазақ тілінің үлесі 58 пайызға тең болды. «Қазақстан» ұлттық арнасы 2011 жылдан бастап 100 пайыз қазақ тіліне көшті. «З1 арнадағы» қазақ тілінің үлесі 31,2 пайызға сәйкес келіп, ал «Ел Арнадағы» қазақтілді хабарлардың үлесі 59,9 пайыз болды. Қазақ тілді көрерменге бағытталған ұлттық арналардың бұл көрсеткіші көңілімізді бір қуантып тастағанымен, өзге де ақылы арналардың тілін қазақыландыруымыз керектігі күнтізбедегі мәселе болып қала береді. Бұл тізімдегі телеарналардың кейбірінің алыс ауылдарға тарайтынын есепке алғанның өзінде 100 пайыз қазақ тілінде эфирге шығатын «Қазақстан» ұлттық арнасынан өзге,  бір де бір телеарнаның болмауы елдігімізге сын екені бұқаралық ақпарат құралдарында жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі болып қала беретініне көз жеткіземіз. «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіле бастаған, Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» ток-шоуы, «Алаң» бағдарламасы, «Жұлдызды сәт», «Айгөлек» шоулары,  «Хабар» арнасындағы Нұрсұлтан Құрман жүргізетін «Орталық Хабар», Мейрамгул Мәделінің бастапқыда «Сонымен, солай дейік» деп аталып, кейіннен атауы «Біз» болып өзгерген бағдарламасы, «Жігіт сұлтаны» телебайқауы, сондай-ақ «Еларна» телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Махаббатқа он қадам» шоуы да қалың қазақ көрермендерінің көзайымына арналған, ұлттық мүддені көздейтін, ұлтым дейтін журналистер тізгініндегі бағдарламалар. «Ел Арна» телеарнасының аудиториясы – қазақ көрермені. Біздің негізгі аудитория – ауылда. Әрине, қала тұрғындары да көреді, бірақ бізге негізгі үлес жасайтын – ауыл тұрғындары. Егерде бізге «бүгіннен бастап, 100 пайыз қазақша хабар таратыңдар» десе, мұнда ешқандай да қорқынышты нәрсе жоқ. Олар қазақша хабар тарата береді. Бұның заң талаптарына қайшы ештемесі де жоқ». “КТК” ақылы арналардың ішіндегі көшбасшылардың бірі саналғанымен, тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама “Бір күн” деген атпен 1998 жылдың тамыз айында ғана шыға бастағаны белгілі. Бір айдан кейін бұл бағдарлама “Күндерек” деп аталды. 2000 жылдан бастап “Күндеректің” сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан “Шарайна” ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды. «Таң-тамаша», «Жүрекжарды», «Кейіпкер», «Қыз қылығы мен былығы» атты бағдарламалар қазақ көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді.  Алайда, КТК арнасында екі жыл бойы шығып тұрған «Наша казаша» телевизиялық жобасы көрермен тарапынан үлкен наразылыққа ұшырады. Тележурналда қазақ тілін шұбарлаушыларды шала қазақтар деп атап, олардың екі тілді шұбарлап сөйлеуін шалақазақ тілі деп атауы қазақ тілді көрерменнің қытығына тие түсті. Қоғамдық пікір дәл осы бағдарламаның жарық көруіне қарсы болды.

    “Жүрек жарды” – халқымыздың танымал тұлғаларын көрермен қауымға жаңа қырынан таныстыру мақсатымен дайындалған жоба. Ол саясат сахнасындағы қоғам қайраткері, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер адамы немесе еліміздің байрағын өзге елде желбіретіп жүрген спорт шебері болсын – барлығы да нағыз тұлғалар. “Жүрек жарды” жобасы елдің ерекше назарын аударған осындай есімдері аңызға айналған жандардың басындағы шаттығы мен мұңын, қуанышы мен өкінішін барынша ашып көрсетеді. Тележурналист Гүлмира Әбіқай, кейін Дина Төлепберген жүргізген “Кейіпкер” хабары да көрерменді тарта білген, тартымды және осы арнадағы ерекше атап өтерлік жобалардың бірінен саналды.

 

   Егемен ел атанғанымызға жиырма жылға жуық уақыт болса да, мемлекеттік тіл мәселесі өз деңгейіне лайық шешімін таба алар емес деген пікірлер бүгінде жетіп артылады. Алайда, егер жан-жағымызға зерделей көз тастасақ, бүгінде елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдері тарапынан мемлекеттік тілге деген қызығушылықтың артып келе жатқандығын байқау қиын емес. Қазақ мектептерінде орыс, украин, күрд, түрік, ұйғыр т.б. халық өкілдерінің балалары білім алып жатқандығы да белгілі. Дәл осы балалар кейіннен қазақ тілінің мерейін үстемдетіп, сойылын соқпайтынына кім кепіл? Сөзсіз, олар кейін өз елінің, мемлекеттік тілді тұғырға отырғызатын азаматтары болады. Мемлекеттік тіл саясатын жолға қою мақсатында қабылданған түрлі бағдарламалар мен қолға алынған іс-шаралардың оңды нәтижесі күннен-күнге айқынырақ біліне бастады. Осы тұрғыда ақпарат құралдарының еліміздің, ұлтымыздың даму жолындағы қосар үлесі зор. Әсіресе, ұлттық жадымызды жаңғыртып, іргелі ел болудағы ақпарат құралдарының рөлі аса ауқымды. Ақпарат кеңістігінің иесі мемлекет болғандықтан, ондағы ақпараттар легі сол мемлекет азаматтарының сұранысына сай және оны толыққанды қанағаттандыратын болуы тиіс. Сонда ғана, қоғамдық ортаны қалыптастырып отырған қазақ ұлтының мемлекеттегі рөлі нығайып, қоғамдық байланыстың маңызы артады. 24 сағат бойы мемлекеттік тілде хабар тарататын 3 телеарнаның дүниеге келуі қазақтілді БАҚ-ң дамуына игі әсер еткен үлкен бастама болды.

 

 2013 жылдың 1 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында жүргізген  зерттеуінің нәтижесінде «Қазақстан»  ұлттық телеарнасы тұрғындары 100 мыңнан аспайтын елді мекендер (шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары) арасында 23,3 пайыз орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты. Осылайша, алты жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер арасында Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да үздік. Зерттеу басталғалы (2012 жылдың сәуір айынан бері) алты жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер саны бойынша, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 30,6 пайыздық орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орында келеді. Айта кетерлігі, 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендердегі алты жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер арасында да 23,2 пайызбен биылғы жылдың басынан «Қазақстан» ұлттық арнасы өзге хабар таратушылардың алдына шығып, жетекші орынға тұрақтады. Зерттеу бойынша мәліметтерге қарасақ, 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасының өзге ұлттар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын онлайн-режимінде де көруге мүмкіндік бар.

  Қазіргі «Ақпарат  ғасырында» бұқаралық ақпарат  құралдарының рөлі ерекше. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады, қоғамның бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Теледидарарналардың танымдық-тәрбиелілік әрі көркем хабаралардың үлес көбейіп, халықтық салт-дәстүр, ұлттық қасиеттер, көнекөз жәдігерлерімізді насихаттау арқылы бабалар дәстүрінен алыстап бара жатқан ұрпақ тәрбиесін туралы, ұлттық ойындарды телеарнаның ерекшелігіне сай жаңа мазмұнда өрістетуі, ұлттық тарихын, мұрат-мүддесін толыққанды жеткізетін хабарлар боп болғай!

 

 

 

 

 

 


Информация о работе БАҚ және қазақ тілі