Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа

Краткое описание

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургазина.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

Г. Нұрғазина

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиетін оқытуда

сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 

 

 

 

 

 

Семей, 2012

 

ББК 81.2 Қаз

Н 52

 

Жауапты редакторы

Филология ғылымдарының кандидаты  Қ.Т. Бибеков

 

Пікір жазғандар:

Филология ғылымдарының кандидаты Л.М. Оразғалиева

Педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Мұқанова

 

Нұрғазина Г.Е. Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы:

Көмекші құрал. – Семей, 2012 ж.

Н 52

Көмекші құрал  жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға арналған. Кітап мектеп мұғалімдеріне, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға ұсынылады

ББК 81.2 Қаз

 

 

 

Алғысөз

 

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Келер ұрпақ  алдында зор жауапкершілік  жүгін  арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Халқымыздың ардақты  ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Сондықтан қоғам талабына сай шебер  мұғалім болу заман талабы болып  тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап  іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы адам [1.2]

 Мұғалімнің  мақсаты – білім алушылардың  пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алу.  Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы  қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Білім беру үрдісінде   ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек.  Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға  дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен[1.3]

Біздер, ұстаздар, осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз болашақта  көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы  проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін  жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты»  екендігі айқындалған [1.3]. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – әдебиет  сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.

Әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын  қолдану арқылы оқушылардың тілін  дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын  мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі

 

Елімізде экономиканың жетіліп өркендеуіне орай бідім беру саласында да елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Қазастаннның дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін туындатып отыр. Осыған орай, қазіргі таңда жасалып жатқан реформалар өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру, тәрбиелеу мазмұнын қоғам дамуындағы кезеңдерге сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс – тәсіледері жасалу үстінде. Нәтижесінде біртұтас педагогикалық үрдісте білім берудің оңтайлы деп деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді.

«Технология» ұғымы латын сөздерінен – «техне» - өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым дегенді білдіреді. Технология ғылыми жетістіктерді негізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің жинақталған көрінісі ретінде анықталады. [2.53]

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы, оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология және т.б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту  технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән – мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйе ретінде танылуды. Осыдан «педагогикалық технология»  мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық  әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның  дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірізді, бірігімді  процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге  жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау  және білім меңгерудің барша қырлары  жөніндегі проблемалар шешімін  басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп  түрлі болуына қарамастан, олардың  іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі  теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В. Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов және т.б.) [3. 25].

Сонымен технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда  болған?

Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты  емес. Кезінде оны Я.А.Коменский  де дәріптеген. Ұлы педагог –  ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға  жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек» [4.53]

Коменский заманына бастап оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейінбасылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады. (педагогика оқулығы)

Педагогикалық технология ұғымына  берілген анықтамалардың өзі түрліше  тұжырымдалады. Г. Селевконың «Современные образовательные технологии» кітабында олардың бірнешеуі келтірілген [5.25]. Мысалы, В.Беспалько «Педагогикалық технология - бұл мазмұнды, оқу үрдісін жүзеге асыру техникасы» десе, В.Монаховтың ойынша, «Педагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалім үшін  қолайлы жағдайлар туғыза отырып оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және жүргізу бойынша бірлескен педагогикалық әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі. И.Волковтың пікірінше, «Педагогикалық технология- бұл жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үрдісін сипаттау» болса, М.Кларин «Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменттік және әдіснамалық құралдардың жүйелі және қызмет ету тәртібін білдіреді» дейді [6.22]. А.Сластенин және т.б. пікірінше, «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттің жетістігіне кепілдік беретін қатаң ғылыми жобалау және дәл елестету» [7.4].

Бүгінгі заман  сұранысы оқыту ісінде техниканың кең  қолданылуына байланысты жаңаша оқыту  талабын туғызды.

60-жылдардан  бастап білімді «технологияландырудың» ғылыми атауы біртіндеп кеңейтіліп, «әдістер мен құралдар жиынтығы» терминіне айналды.

Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым  мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80- жылдары «педагогикалық технология» ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.

Оқу-тәрбие үрдісін  технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу  проблемаларын  сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал  асайды. Технологиялық әдіс – тәсілдердің көмігеміне оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде біртіндеп іске асырыла бастады.  Оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі ХХ ғасырда педагогика ғылымында шетелдік. Отандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан алынып зерттелді.

Технология  шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен  нәтижеге жету, кәсіби шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқытуға саяды. Технология – білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері  мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып,оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғыдым.

«Оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен педагогика – психологиялық нұсқаулардың жиынтығын, айқындайтын оқу үрдісін іске асырудың мазмұндық техникасы», - деп көрсетеді Б.Т.Лихачев, ал зерттеуші А.К. Колеченко: «Қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті және дағдыны құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны»,- деген пікірлер білдіреді. [8.15].

Технология  ұғымы бойынша ғалымдар пікірі  тоғыса келе, ортақ болған тұжырымдар: «Педагогикалық технология жинақталған  интегралдық үрдіс-білімінің барлық түрін меңгеру үшін ұйымдастыру және басқару, жоспарлау» сондай-ақ оқыту үрдісінде қалай нәтижеге жетуге болатыны туралы сұрақтарға жауап іздейді. Бүгінгі заман талаптарына сай еліміздің жаңа білім жүйесі ұлттық ұндылықтарға негізделіп, оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделі жаңа технология бойынша жүзеге асатыны нақты айтылады. Демек, педагогикалық технологиялардың ең маңызды белгілері:

-Педагогикалық технологиялар жоспарланған нәтижеге жетуге кепілдік береді.

-Нақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатын, педагогикалық ойды жүзеге асырады.

Нәтижеге бағдрланған  білім моделі бойынша оқушы әдебиетті  пән ретінде ғана игеріп қоймайды, сол пәндік білімнегізінде көркем шығарманы дүиетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастыра отырып, әдебиетті ұлттық құндылық ретінде меңгеруге бағыт-бағдар алады. Нәтижеге бағытталған білім беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына тікелей байланысты. Мұның бір жағы оқушыға көркем туындыны түсіндірудег ұтымды әдіс – тәсілдерді шеберлікпен пайдалану болса, екінші жағы оқушының көркем туындыны өз бетімен игере білуі, өзін-өзі ұйымдастырудағы жауапкершілік сезімінің қалыптасуы болып табылады. Мұнда мұғалім мен оқушы еңбегінің сапалылығы – нәтиже кепілі болмақ. «Педагогикалық технология»ХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде қалыпьасып, бүгінде әлемнің жетекші елдеріне кеңінен таралып, білім деңгейін көтеру мақсатында қолдынылуда. Педагогикалық технологияның дүние жүзі педагог-ғалымдары тарапынан қолдау тауып, бірден бір дидактикалық ұралға айналуының басты себебі – оның бағдарланған нәтижеге құрылуында.

Информация о работе Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы