Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

Tenses» категориясы не өзгеріссіз төрт түрге бөлінеді.  

      2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі шақ категорияларын слыстыру

  The Past Simple шағын салыстыру

     а) Іс – әрекеттің болғанын білдіру үшін бұл шақта төмендегі мезгіл пысықтауыштар қолданылады: last year (month, week, Sunday, Monday), last night - өткен жылы (айда, аптада, сенбіде, жексенбіде, дүйсенбіде), кеше кешқұрым; a week (month, year) ago - өткен  аптада (айда, жылы), немесе бір апта (ай,жыл) бұрын (былтыр); the other day - жақын күнде, in 1986- 1986 – жылы, in 1945 - 1945 жылы; yesterday -  кеше, a day before – алдыңғы күні, yesterday morning (afternoon, evening) - кеше таңертең (күндіз, кешке) т.б.

      He left for London last week (night)  - Ол Лондонға өткен аптада (түні) кеткен. Ainur was born in 1986 – Айнұр 1986 жылы туылды. Jack London was born in 1876 – Джек Лондон 1876 жылы туылды. I was at home at five o’clock – Мен үйде сағат бесте болдым.

      ә) өткен шақта болған іс - әрекетті  жүйелеп, бірінен соң бірі болғандығын көрсету үшін қолданылады: Ainash came up to the house, opened the door and phoned to her friend. Айнаш үйіне келді де, есікті ашып, досына телефон соқты.

     б) өткен шақта болған дағдылы іс - әрекетті көрсеткенде қолданылады:

When I was a student I often had dinner in the cafe - Мен студент кезімде ылғи дәмханадан тамақтанушы едім. Нe left the hotel, took a taxi and drove to the station – Ол қонақ үйден шығып, такси ұстап, вокзалға кетті.

     Кей жағдайларда жалпы өткен шақ орнына used (to) тұйық етістікпен

тіркесе қолданылады, қазақ тіліне әдетте сөйлемнің мағынасына қарай аударылады:

    I used to go to the theatre in summer - Мен әдетте жазда театрға жиі баратын едім. I went there at two o’clock – Мен сағат екіде бардым. She came from Astana on Monday -  Ол Астанадан дүйсенбі күні келді.

      Ал қазақ тілінде жалпы өткен шақ формасы, сөйлемнің мағынасына қарай әр түрлі мағынады төмендегі   12 -  кестеден байқауға болады:

Кесте - 12

The Past Simple шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. I met him yesterday.

1. Мен оны  кеше   кездестірдім.

Жедел өткен  шақ

2. I spoke to him the other day.

2. Мен онымен басқа күні сөйлестім.

Жедел өткен  шақ

3. He left the hotel, took a taxi and drove to the station.

3. Ол қонақ үйден шығып, такси ұстап, вокзалға кетті.

Жедел өткен  шақ

4. In summer I went for a long walks after to the station.

4. Жазда мен ертеңгі астан кейін ұзақ серуендейтінмін.

Ауыспалы өткен  шақ

5. Last year I often went to the theatre.

5. Өткен жылы  мен театрға жиі баратынмын.

Бұрынғы өткен  шақ


   

1-  Кестеде  көрсетілгендей The Past Simple шағындағы сөйлемді  қазақ тіліне аударғанда, сөйлем мағынасына қарай қазақ тілінде өткен шақ формасының үщ түрі де кездесті.

      The Future Simple шағын салыстыру

     Етістіктің  бұл шағы ағылшын тілінде мына жағдайларда қолданылады:

      а) жақын арада болатын, қайталанатын  немесе бір - ақ реет болатын  іс – әрекетті көрсеткенде;

They will have English lessons twice a week – Оларда аптасына екі рет ағылшын тілі сабағы болмақ.

      ә) әдетте жалпы келер шақ tomorrow – ертең, tonight – бүгін түнде, next week (year) – келесі аптада (жылы), the day after tomorrow – бүрсігүні, one of these days - жақын күндердің бірінде, soon - жақында, in a week – бір аптадан кейін, next week (month) - келесі  аптада (айда) т.б. мезгіл пысықтауыштарымен қолданылады.

She will come to see us next week -     Ол бізге келесі аптада келеді. 

Progressive (continuous) tenses – Созылыңқы шақтар

Созылыңқы шақтар - іс - әрекеттің, қимылдың аяқталмағанын, созылың - 

- қылығын білдіреді. Бұл шақтар үшке бөлінеді:

  1. The Present Progressive (continuous) Tense – Созылыңқы (нақ) осы шақ

ә)  The Past ( Continious) Progressive Tense – Созылыңқы өткен шақ

б) The Future Progressive (Continious) Tense -  Созылыңқы келер шақ

Төмендегі 13 – кестеге қарайтын болсақ, бұл кестедегі қазақ және ағылышын тілдеріндегі сөйлемдер келер шақта берілген. Аудару нәтижесінде мағынасын жоғалтпаған. 

Кесте - 13   

The Future Simple шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ формасы

1. I shall return to Moskow in a few days.

1. Мен Мәскеуге бірнеше күннен кейін ораламын.

Мақсатты келер  шақ

2. We shall not see him till Monday.

2. Біз оны дүйсенбіге дейін көрмейміз.

Ауыспалы келер  шақ

3. I shall write a letter tomorrow.

3. Мен хаты ертең жазамын

Мақсатты келер  шақ

4. They are leaving for a Leningrad.

4. Олар Ленинградқа бүгін кешкісін кетеді.

Мақсатты келер  шақ

5. I shall be writing to him tomorrow.

5. Мен оған  ертең жазамын.

Мақсатты келер  шақ


   

 The Present Progressive шағын салыстыру

     а) Аяқталмаған іс - әрекеттің, қимылдың сөйлеушінің сөйлеу тіліндегі

созылыңқылығы, жалғасып жатқаны төмендегі үстеулер мен сөз тіркестері арқылы көрсетуге болады: now - қазір, at this moment - дәл осы сәтте, today – бүгін, this week (month, year) – осы аптада (айда, жылы) т.б.

She is dancing at this moment - Дәл осы сәтте ол билеп жүр. It is raining heavily this week – Осы аптада жаңбыр қатты жауып тұр.

     ә) Егер аяқталмаған іс -әрекеттің болатындығы анық болса, оған сенім мол болса, оны білдіру үшін де созылыңқы осы шақ, tomorrow -  ертең, soon – тез (жақын) арада, т.б. сөздерімен қолданылады: His plane is arriving in London at 9. 00 tomorrow – оның ұшағы Лондонға ертең сағат 9 – да ұшып келеді. If I am sleepingwhen you come6 wake me up – Сіз келгенде мен ұйықтап жатсам, оятыңыз. The sky is clearing up, the rain is going to stop in a minute – Күн ашылып келеді, жаңбыр бірнеше минуттан кейін басылады.  

     б) Аяқталмаған іс -әрекеттің созылыңқылығы сөйлеуші айтып тұрған, дәл осы сәтке қатыссыз екендігін көрсетуде қолданылады: Please don’t take this pen, Saltanat is writing with it – Қаламды алмауыңызды өтінемін, Салтанат

онымен жазып жүр.

     в) Сөйлеу кезіне дейін жоспарланған, жақында іске асатын оқиғаны білдіруде қолданылады: Бұл жағдайда The Present Progressive (Сontinuous) қимыл және қозғалыс етістіктерімен бірге келеді to see – көру, to meet – кездесу, to go – бару, to come – келу, to leave – кету,to start – бастау т.б.

    Әдетте олар болашақты меңзейтін мезгіл пысықтауыштармен бірге қолданылады:  

    They are leaving at 10 in the morning – Олар таңертеңгі сағат 10 - да кетеді. He is meеting with the workers tomorrow - Ол  ертең жұмысшылармен кездеседі.

    Созылыңқы осы шақтағы to do етістігі мен тұйық етістіктің қиысуы іс - қимылдың тоқтаусыз, сөзсіз іске асатындығын білдіреді:

       I am going to visit my mother - Мен шешеме барамын (барайын деп едім). They are going to publish their dictionary – Олар өз сөздіктерін шығарайын деп жатыр.             

 Қай етістіктер оқиға созылыңқы (нақ) осы шақ формасында болмаса да,

тоқтаусыз іске асатын қимылды білдіреді.

Төмендегі етістіктер The Present Progressive (Сontinuous) – созылыңқы (нақ) осы шақта қолданылмайды, олар The Рresent Simple - жалпы осы шақта ғана қолданылып, іс - әрекеттің қимылдың созылыңқылығын,  жалғасып жатқандығын білдіреді.

1) бес түрлі сезімді білдіретін: көру, йіс, дәм сезу, есту, сезу. To smell – иіскеу, to taste – дәмін тату, to hear – есту, to feel – сезу етістіктері  can модаль етістігімен тіркесе қолданылады -  can smell, can hear, can taste, can feel.

I can smell something burning -  Мен бір нәрсенің жанып жатқанын сезіп тұрмын. Can you see Asel? - Сіз Әселді көріп тұрсызба? We can hear Esen’s voice -  Біз Есеннің дауысын естіп жатырмыз. This food tastes good - Бұл тағам дәмді.

2) ойлау қызметін білдіретін етістіктер: to know – білу, to mind - есте 

сақтау, еске түсіру,to listen – тыңдау, to understand – түсіну, to believe – сену,  to forget – ұмыту, to remember – есте сақтау, to mean – арнау, бір мәнісі болу, белгілеу, to doubt – күмәндану, to recognize – білу, тану,  to think – ойлау, to want – қалау, тілеу;

I believe him - Мен оған сенемін

We know a lot about it - Біз бұл туралы көп білеміз

You remember my first teacher - Менің алғашқы ұстазым сіздің есіңізде

I understand what he is saying - оның не айтып жатқанын, мен түсініп отырмын.

I don’t recognize him - Мен оны танымай отырмын

     3)  ара қатынасты білдіретін етістіктер:

to like – ұнату, to dislike – ұнатпау, to look – қарау, to prefer - артық көру, жөн көру,to want – тілеу, қалау, to care - қамқор болу,to hate - жек көру,to love – сүю, to need - керек ету, қажет ету (болу), to appricate - риза болу, бағалау, to seem - көріну.

She seems to be a nice woman -  Ол жақсы әйел көрінеді. You appricate our help

– сіз біздің көмегімізді бағалайсыз. I like playing tennis - Мен теннис ойнауды жақсы көремін. We like historical films – Біз тарихи фильмдерді жақсы көреміз (ұнатамыз). They prefer to go to the theatre - Олар театрға баруды жөн көреді. The cat hates the dog – мысық итті жек көреді.

     Ағылшын тіліндегі The Present Progressive (Сontinuous) шағы қазақ тіліндегі нақ осы шақпен сәйкес, мағыналас. Сөйлемдерді ағылшыннан қазақшаға аударған кезде нақ осы шақпен де, ауыспалы осы шақпен де

сәйкес келетінін 14 – кестеден байқауға болады:

      Кесте - 14 

     The Present Progressive шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. He is reading a newspaper in the library

1. Ол кітапханада  газет оқып отыр

Нақ осы шақ

2. He is writing a new play

2. Ол жаңа  пьеса жазып отыр

Нақ осы шақ

3. He is not writing a letter now

3.Ол хаты қазір жазып отырған жоқ

Нақ осы шақ

4. She is leaving by the five o’clock train

4. Ол сағат бестегі поъездбен кеткелі тұр

Ауыспалы осы  шақ


 

      The Past  Progressive ( Continious) шағын салыстыру

  1. Бұл шақ аяқталмаған іс – әрекеттің, қимылдың белгілі бір мезгіл ішінде, көрсетілген уақытта болғанын білдіруде қолданылады: on Friday - жұма күні, in the morning - таңертең т.б. аяқталмаған іс - әрекеттің осы көрсетілген мерзімге дейін созылғандығын, тіпті одан кейін де болғандығын білдіреді.Мысалы, I was working in the garden on Friday morning - Мен жұма күні таңертең бақшада жұмыс істеп жатқанмын. Bolat was ordering lunch when I entered the restaurant  - Мен  мейрамханаға кіргенде Болат тамаққа тапсырыс жасап жатыр екен.
  2. Созылыңқы өткен шақтағы етістіктер мына үстеулермен де тіркеседі: always – әрқашан, constantly – ылғи, never – ешқашан. Мысалы, She was never eatin out – Ол ешқашан сырта тамақтанбайтын еді. He was constantly finishing his office - hours at 6 in the evening - Ол  ылғи жұмыс күнін кешкі сағат 6 - да аяқтайтын еді.

        Мұндай сөйлемдер жоғарыдағы үстеулермен тіркескенде түрлі реңкке ие болады.

       Енді The Past Simple шағы мен the Рast Progressive (Continuous) шағын салыстыралық.  

      Созылыңқы өткен шақ қимылдың өткен шақтағы созылыңқылығын, тура сол кездегі тағы бір қимыл үстінде жалпы өткен шақта болғанын көрсетеді:

Almas was going to school when he met his friend. Almas was going to school - Алмас мектепке бара жатқанда – созылыңқы өткен шақ, өткен кездегі аяқталмаған іс – қимыл, he met his friend – (ол) досын кездестірді – өткен шақтағы басқа бір қимыл.

      When Saken came home, his wife was preparing breakfast  -  Сәкен үйге келгенде, оның әйелі ертеңгі асты әзірлеп жатқан еді. My husband was sleeping when the waiter knocked at the door - Даяшы есікті қаққанда менің күйеуім ұйықтап жатқан еді. It was raining hard when I got off the bus and asked the passer by the way - Мен автобустан түсіп, жүргіншіден жолды сұрағанымда, жаңбыр қатты жауып тұрған еді. I was waiting the bus from 7 till 8 o’clock – Мен сағат жетіден сегізге дейін автобус күтіп тұрдым. I was writing a composition while he was looking through the journals – Ол журналдарды қарап отырғанда, мен сол кезде шығарма жазып отырдым. 

  1. Созылыңқы өткен шақ, өткен кездегі көрсетілген мезгілдегі тоқтаусыз, толассыз болған іс – әрекетті әсірелей көрсету үшін де қолданылады да, етістік төмендегі сөздермен тіркеседі: from … till -  бір уақыттан  … дейін, шейін, қазақ тіліндегі шығыс септігінің – дан, - ден,  - тан, - тен,  - нан, - нен жалғауларының мағынасына сәйкес, all day long – күні бойы, all night long – түні бойы, the hole day – күні бойы, the holе morning (evening, night) – таңертеңнен бері, бүкіл кеш (түні) бойы т.б. Мысалы, We were playing chess from 9 till 11 o’clock in the morning – Біз таңертеңгі сағат 9 – дан 11- ге шейін

шахмат ойнап жатқан едік.

  1. Созылыңқы өткен шақ екі аяқталмаған созылыңқы іс - әрекеттің белгілі бір мерзімде бірдей болып жатқандығын көрсету үшін де қолданылады: Мысалы, While you were writing letters, it was raining there - Сіз хат жазып отырғанда, онда жаңбыр жауып тұрған еді. While you were writing letters they were discussing business matters – Сіз хат жазып отырғанда, олар іс мәселелерін талқылап жатқан еді. Ағылшын тіліндегі созылыңқы өткен шақ формасын қазақ тілі шақ формасымен салыстырғандағы жедел өткен шақ формасына сәйкес келетінін төмендегі 15 – кестеде нақты көрсетілген.

Кесте - 15

The Past  Progressive ( Continious) шағын қазақ тілі шақ формасымен салыстыру

Ағылшын тілі

Қазақ тілі

Қазақ тілі шақ  формасы

1. It was raining at five o’clock.

1. Сағат бесте жаңбыр жауып тұрды.

Жедел өткен  шақ 

2. In june thst firm was carrying on negotitations for the purchase of wheat

2. Маусым айында бұл фирма бидайды сатып алу жөнінде келісім жүргізді.

Бұрыңғы өткен  шақ 

3. I was working in the library from three till five.

3. Мен кітапханада сағат үштен беске дейін жұмыс істеп отырдым.

Жедел өткен  шақ

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі