Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 11:06, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда.
Зерттеу жұмысының тақырыбы. «Ағылшын және қазақ тілдеріңдегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл зерттеу қазіргі заманның талабы ретінде ағылшын тілінің етістік шақтары мен қазақ тілінің етістік шақтары арасындағы ерекшеліктерді табу, салыстырмалы талдау жасауды талап етеді.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ………………………….31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гузя Дипломная.doc

— 519.00 Кб (Скачать документ)

Кесте - 8

  Нақ осы шақтың жіктелуі

жақ

жекеше

көпше

Ι

отыр – мын, тұрмын, жатыр – мын, жүр - мін  

отыр - мыз, тұр - мыз, жатыр - мыз, жүр - міз 

ΙΙ

отыр – сың, тұр – сың…

отыр - сыз, тұр - сыз …     

отыр - сыңдар, тұр - сыңдар …

отыр - сыздар, тұр - сыздар… 

ΙΙΙ

Отыр, тұр, жатыр, жүр ( нөлдік тұлға)


 

ә)Ауыспалы осы шақ. Ауыспалы осы шақ қимыл, іс - әрекеттің, дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й,

Тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, Жиырма шақты жігіт, жас қайыңдарды бөренелердің үстіне лақтырады (Мүсірепов). Өзін -өзі күндейді, жақынын жалған мінейді (Абай).

       Ауыспалы осы шақтың болымсыз  түрі етістікке -ма/ -ме, -ба/ -бе, - па/

- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Көбейту кестесін де жөнді білмейді (Қалдыбаев).

      Төмендегі 9- кетеде ауыспалы осы шақтың жіктелуін көруге болады:

       Кесте - 9

      Ауыспалы осы шақтың жіктелуі

жақ

жекеше

көпше

Ι

айтамын

айтамыз,

ΙΙ

айтасың, айтасыз

айтасыңдар, айтасыздар

ΙΙΙ

айтады

-


 

 Сонымен  бірге процессуальдық мәнді білдіретін,  әсіресе баспасөз тілінде ΙΙΙ  жақта жиі қолданылып  жүрген - уда, - уде тұлғасы (жатыс септіктегі тұйық етістіктің баяндауыш қызметінде келуі) да осы шақтың грамматикалық көрсеткіші деп беріліп жүр.Бүгінде 50 – ге таяу елшіліктер жұмыс істеуде («Егемен Қазақстан»).

Келер шақ

Келер шақ қимыл, іс - әрекеттің  әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Мысалы: Ал енді жол осы арадан екі айрылады (Майлин). Атымды айтпасам да аңғарарсың (Тұрмағанбет). Кейін біреуді көрсететін приговорлар өз қолдарында болмақ (Әуезов).

Келер шақтың түрлері

Мағыналық ерекшеліктеріне  қарай келер шақ үшке бөлінеді:

  1. Болжалдық келер шақ
  2. Мақсатты келер шақ
  3. Ауыспалы келер шақ

а) Болжалды келер шақ. Болжалды келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап - күлмес (Абай).

Болжалды келер  шақ етістіктің түбіріне есімшенің  -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады, Бірақ оның ойлағанының бәрі бола бермес (Әуезов).

Болжалды келер  шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс - әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді – кесілді мән беруге бейім болады. Амандық, тыныштық іздемеспін (Әуезов).

Кейде Ι жақ  жіктік жалғауы  -пын / - пін ықшамдалып - н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, барма - с - пын - бар  - ма - н. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман, бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).[1, 41]

Төмендегі  10 -  кестеден болжалды келер шақтың үлгісі көрсетілген:

Кесте - 10

Болжалды  келер шақтың жіктелуі

жақ

жекеше

көпше

Ι

бар - ар - мын, бар - ма - с - пын 

бар - ар - мыз, бар - ма - с - пыз 

ΙΙ

бар - ар - сыз, бар - ма - с - сыз 

бар - ар - сың - дар,  бар -  ма - с - сың - дар, бар - ар - сыз - дар, бар - ма - с - сыз - дар    

ΙΙΙ

бар - ар, бар - ма - с (нөлдік тұлға)


 

ә) Мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің  түбіріне - мақ / -мек,  - пақ / - пек, - бақ / - бек  жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады. Ол ертең өз еліне қайтпақ. Ноғайлының қалған әскері Ақторғын сұлуды көшіріп, Яссыға жетпек (Есенберлин). 

Етістіктің  - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнақтарының үстіне   - шы , - ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Етікбайды күзетке қойып, Петр мен Қойшығара бой жазып отырмақшы. Сосыңғы жұмыс өзінен - өзі  шешіле бермекші (Майлин).

 Мақсатты  келер шақтың  болымсыз түрі  - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және   - шы , - ші тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады.  Ондай да жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Әлсізге тимекші емес. Мынау көріністен Абай безбек емес (Әуезов).

Төмендегі  11 - кестеге сүйенетін болсақ, мақсатты келер шақтың жіктелу кезінде қолданылатын жіктік жалғауларды көруге болады:

Кесте - 11 

Мақсатты  келер шақтың жіктелуі

жақ

жекеше

көпше

Ι

бармақ - пын 

бармақ - пыз 

ΙΙ

бармақ - сың, бармақ - сыз 

бармақ - сыңдар, бармақ - сыздар

ΙΙΙ

бар - мақ  (нөлдік тұлға)


 

б) Ауыспалы келер шақ. Ауыспалы келер шақ та осы шақ сияқты - а, - е, - й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады. Ішімнен шыққан Құтжаннан кем көрмеймін (Әуезов). Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын (Нұршайықов). Шын ғашық сый болмас, Арызымды айтайын Құй болар, күй болмас (Абай)[ 1, 73]

Ауыспалы келер  шақ пен ауыспалы осы шақ бір - бірінен  сөйлемдегі мағынасы жағынан  ажыратылады. Ауысплы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің  - ма / - ме, - ба / - бе, - па / - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ыққаннан еш нәрсе шықпайды (Майлин)[ 26, 37]

Ауыспалы келер  шақтың осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден  де байқалып отырады, Мысалы: Бүгінге місе тұтпай, ертеңге көз жібереміз (Мәуленов).  [19, 519] 

Ағылшын тілінің  етістік шақтарына қарайтын болсақ, шақ формаларының жасалу жолдарында айтарлықтай ерекшеліктер көп. Мысалға, Ағылшын тілінде етістіктер үш шаққа ғана бөлініп қоймай, өз ішінен тағы

 жалпы, созылыңқы,  аяқталған және аяқталған созылыңқы болып бөлінеді.

     Simplе Tenses -  Етістіктің жалпы шақтары

    Ағылшын  тілінде етістіктің жалпы шақтары  сөйлеу кезіне қатыссыз, дағдылы,  жалпы іс - әрекетті  білдіреді.  Бұл шақтар тобы үш шаққа  бөлінеді.

  1. The Рresent Simple Tense -  Жалпы  осы шақ.
  2. The Past Indefinite (Simple) Tense - Жалпы өткен шақ.
  3. The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы  келер шақ.

   The Рresent Simple Tense  (Жалпы  осы шақ)

   The Рresent Simple әдеттегі, дағдылы, күнделікті қайталанатын және ұзақ уақытқа созылатын жалпы іс - әрекетті білдіреді.

We play tennis at weekends.

He usually has breakfast very early.

Almas lives in Almaty.

     The Рast Simple Tense (Жалпы өткен шақ)

     Жалпы өткен шақ ағылшын тілінде іс - әрекеттің  бұрын болғанын осы кезбен байланыссыз, оған қатыссыз екендігін көрсетеді. Жалпы өткен шақ қимыл - әрекеттің  үнемі қайталанып отырғанын немесе жүйелі түрде болғанын білдіреді. Maksat wrote a letter to his mother twice a week. – Мақсат аптасына екі рет анасына хат жазып тұрды. Sanzhar turned off the light and went to bed. - Санжар шамды сөндіріп, ұйықтауға жатты. (Бұл сөйлем қазақ тіліндегі жедел өткен шаққа сәйкес аударылады). Saltanat and Erlan passed all their exams. Салтанат пен Ерлан Барлық емтихандарын тапсырып бітті. Қазақ тіліндегі жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ реңктері The рast Simple жалпы өткен шақта кездеседі.  

       The Future Simple  - Жалпы келер шақ

      Жалпы келер шақ қайталанатын дағдылы іс - әрекеттің, қимылдың болашақта іске асатындығын білдіреді: I shall wait for your downstairs - мен сізді төменде күтемін. The president will return by the end of the week - Президент аптаның соңына қарай қайтады. Saltanat will have her first exam

 tomorrow -  Ертең Салтанаттың бірінші емтиханы болады.

        The Present Progressive (Сontinuous) Tense

        Созылыңқы (нақ) осы шақ

Бұл шақ  - іс - әрекеттің сөйлеу кезінде болып, жалғасып жатқанын аяқталмағанын білдіреді: Two o’clock in the afternoon now. Kambaruly is receiving the foreign businessmen - Қазір күндізгі сағат екі. Қамбарұлы шетел іскерлерін қабылдап жатыр. His secretary is making coffee - Оның хатшысы кофе әзірлеп жатыр.

       The Past ( Continious) Progressive Tense

  Созылыңқы өткен шақ

  Созылыңқы өткен шақ іс - әрекеттің белгілі бір уақытта, өткен шақта болғанын, болып жатқанын, созыла іске асқанын мезгіл пысықтауыш немесе басқа бір қимыл арқылы көрсетеді де, созылыңқы іс - қимылдың басталу не аяқталу кезеңі белгісіз болады.

I was writing a letter when he telephone rang – Телефон шылдырлағанда, мен хат жазып отырғанмын. When I came home she was sewing a dress - Мен үйге келгенімде, ол көйлек тігіп отыр екен. When I saw him he was typing - Мен оны көргенімде, ол машинка басып отыр еді. When Richard came home Lizzie was sleeping - Ричард үйге келгенде, Лиза ұйықтап жатты. 

     The Future Progressive (Continious) Tense

     Созылыңқы келер шақ

     Бұл келешекте іске асатын, бітпеген іс - әрекеттің созылыңқылығын білдіреді.

      Perfect Tenses (Аяқталған шақтар)

      Бұл шақтар іс әрекеттің белгілі бір уақытқа дейінгі осы өткен, келер шақтағы нәтижелі, тиянақты орындалуын білдіреді.

      The Present Perfect Simple - Аяқталған осы шақ

 Етістіктің бұл шағы іс – әрекеттің бұрын басталып, осы кезде іске асқандығын, орындалғанын, бірақ оның нәтижесімен байланысты болуын білдіреді. They have already discussed the terms of shipment –Олар жүк тиеу

шартын әлдеқашан талқылап бітті.

     The Past Perfect Simple - Аяқталған өткен шақ

     Бұл шақ бұрын болған іс- әрекеттің белгілі бір уақытта нәтижелі аяқталғанын немесе басқа бір іс –әрекеттің алдында болғанын білдіреді. Бұл шақтың ерекшелігі  - аяқталған нәтижелі іс- әрекеттің орындалған мерзімі емес, оның нәтижесі. I had typed the letters by 5 o’clock - Мен хаттарды сағат 5 – те машинкаға басып бітірдім. We had not bought the map by last Sunday – Соңғы жексенбіге дейін біз карта сатып алған жоқпыз.

     The Future Perfect Tense - Аяқталған келер шақ

     Етістіктің бұл шағы сөйлеу кезіндегі аяқталатын іс - әрекеттің нақты нәтижесінің болатынын көрсететін шақ: She will have passed all her exams by the end of the week – Келесі аптаның соңына қарай, ол барлық емтиханын тапсырады.

Perfect Progressive (Continuous) Tenses

Аяқталған созылыңқы шақтар

Етістіктің бұл шақтары белгілі бір кезеңге дейін болған нәтижелі іс – әрекеттің болып жатқанын, Present Perfect Progressive (Continuous); болғанын, аяқталғанын Past Perfect Progressive (Continuous); болатынын, жалғаса беретінін, Future Perfect Progressive (Continuous) арқылы білдіреді.

Бұл топтағы шақтар іс - әрекеттің нәтижелілігін және созылыңқылығын білдіреді.

The Present Perfect Progressive (Continuous)

Аяқталған созылыңқы осы шақ

The Present Perfect Progressive шағы бұрын басталған іс – әрекеттің осы кезге дейінгі болып жатқан созылыңқылығын білдіреді: I have been waiting for you a long time - Мен сізді ұзақ уақыттан бері күтіп жүрмін.

      The Past Perfect Progressive tense

      Аяқталған созылыңқы өткен шақ

Бұл шақта бұрын басталған іс – әрекеттің белгілі бір уақытқа дейін болғанын және оның созылыңқылығын, яғни осы кезге дейін жалғасқанын білдіреді. Бұл шақтағы іс – әрекеттің ертерек, бұрынырақ болғандығын білдіреді: The businessmen had been discussing the contract terms for 2 days -  Іскер адамдар келісім шартын екі күннен бері талқылап жатқан. It had been snowing heavily for 2 hours when we left our house - Біз үйден шыққан кезде, қалың қар екі сағаттан бері жауып тұрған. [33, 98]

      The Future Perfect Progressive Tense

      Нәтижелі аяқталатын созылыңқы келер шақ

      Белгілі бір уақыт кезеңіне дейін басталып, болашақта осы кезге дейін созылатын, созыла беретін қимылды білдіретін шақ.Мысалы, By the end of this year they will have been here for 2 years - Осы жылдың аяғында, олардың мұнда тұрғанына екі жыл толады.

Өздеріңіз көріп отырғандай қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістік шақтарын теориялық тұрғыда сипаттау барысында көптеген айырмашылықтарды аңғардық. Қазақ тілінде «өткен шақ»  категориясы үшке бөлінеді:

1. Жедел өткен шақ

2. бұрыңғы өткен шақ

3. ауыспалы өткен шақ – деп көрсетілсе, ағылшын тілінде «өткен шақ», «Past Tenses» категориясы қазақ тілінен айырмашылығы төртке бөлінеді:

1. Past Simple

2. Past progressive

3. Past Perfect

4. Past Perfect Progressive [12, 99, 124]

     Ал қазақ тіліндегі «осы шақ» категориясы нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрден құралса, ағылшын тілінде «осы шақ», «Present Tenses» категориясы өзгермей төрт түрден тұрады. Келесі соңғы «келер шақ» категориясы қазақ тілінде «өткен шақ» категориясы сияқты үш түрден тұрса да, атаулары басқа, олар: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ  деп берілсе, ағылшын тілінде «келер шақ», «Future

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі