Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Еңбекте автор «Ұлттық мінез», «Ұлттық тәрбие», «Ұлттық сана» ұғымдарына анықтама беруге талпынған. Ғалым: «Егер ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелесе және оқытса, ол ұлттық тәрбие алады. Сонда ғана оның ұлттық мінезі, санасы, намысы, дүниетанымы, ұлттық сипаты дамып, біртұтас болып қалыптасады» - дейді. Бұл оймен келіспеуге болмайды. Бұл бөлімді профессор Серғазы Қалиұлының сөзі мен аяқтауды жөн көрдік: «Әр халық өзіне тән ұлттық жүйесінсіз, қоғамдық кеңестікте жеке ұлт болып өмір сүруі мүмкін емес. Онсыз халық әлеуметтік феномент ретінде өзінің ұлттық дербестігін сақтай ала алмайды. Олай болса, ұлттық қасиет қастерленбеген жерде адамгершілік ұстанымдарының аяқасты болуы, басқа халықтарды кемсіту, шовенистік көзқарас, қала берді, қырып-жою сияқты фашистік идеялардың үстемдік құруы мүмкін» [32. 203].

Сондықтан да этнопедагогика - халықтардың этнопедагогикалық мұраларының гуманистік, адамгершілік қарым-қатынасына құрылған, ұлттық саясаттағы теңдікті, достықты дәріптейтін тәрбие құралының ролін атқарып отыр.

Ғалым-педагогтың этнопедагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  1. Салт-дәстүрлердің ұрпақты тәрбиесіндегі ролі және олардың ғасырлар бойы қоғамда атқарған қызметі;
  2. Халық педагогикасының тәрбиедегі басты қағидалары;
  3. Мақал-мәтелдер мен өлең-жырларда, терме, тақпақтармен өнегелі өсиет сөздер, аңыз әңгімелер, тыйым сөздер;
  4. Қазақ тәлімінің тарихы;
  5. Жас ұрпақты өмірге дайындау: «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеу;
  6. Адамгершілік, имандылық, ар-ожданды қастерлеу;
  7. Қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін тәрбиеде тиімді пайдалану жолдары;
  8. Ата-бабалардың қолданып келген үздіксіз тәрбие ісінің әдіс-тәсілдерін бүгінгі педагогика талаптарына сай қолдану;
  9. Жас ұрпақтың ұлттық мінез-құлқын, келбетін қалыптастыру мәселелері;
  10. Ұлттық идеология мәселелері;
  11. Халқымыздың табиғатпен етене туыстығын, оны аялай білгені, туған жер табиғатын қорғау, ізгілікке баулу;
  12. Білім беру ісімен ұрпақ тәрбиесін этнопедагогикаландыру;
  13. Жас ұрпаққа тәуелсіздіктің қадір-қасиетін санасына сіңіру;
  14. Этнос аралық қарым-қатынасты реттеп отыру, ұлттар мәдениетінің кірігуіне қолдау көрсету мәселелері;
  15. Ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті ұлықтаудың әдіс-тәсілдері;
  16. Жас ұрпақтың туған тарихын білу.

Осы көрсетілген мәселелер аясында ғалымның жазылған еңбектерінде егемендікке қол жеткізгеннен бері халық тағылымдарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалануда бірсыпыра озық тәжірибелер жинақталғанын айта келе, кемшіліктердің беттерін аша білді. Енді осы мәселе жөнінде С.Қалиевтың өз сөздерін келтірейік: «Өкінішке орай, бүгінде көшеде, көлікте, оқу орындарының ауласында бір-бірімен қазақша сөйлесуді ар көріп, орысша тілдесіп тұрған жастарды көргенде жігерің құм болады. Оларға қазақ тілі мемлекеттік тіл ғой. Оны сендер қадірлемегенде, кім қадірлейді, бір-біріңмен қазақша сөйлеспейсіңдер ме? – десеңіз, олар «Мен қазақша білмеймін» деп жауап береді немесе қай тілде сөйлеу менің өз еркім ғой. Оған кіріспеңіз» - дейді.

Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде де науқаншылық басым екені құпия емес. Бұл мәселе көбінесе ұлттық мейрамдар кезінде ғана еске түседі. Ұлттық олимпиадалар мен спортакиядалар әр ауылда, қалада үнемі өткізіп отырады, бұл мәселе телеарналар мен радиотолқындарынан да тұрақты орын алса екен. Ұрпақ ұлттық салт-дәстүрді терең сезіне білсе, ұлттық тәрбиенің тарихына, бастау бұлағына тереңірек үңіле білуіміз керек. Себебі, тарихын білмеген, салт-дәстүрлермен ұлттық өнердің қадір-қасиетін терең сезінбеген азаматтық, Отаншылдық намысы оянбайды. Басқаларға құлдық ұрып, бас июмен, бағынышты пенде болумен өтеді. Осы мәселемен дерек көздеріне қарасақ ғалым 30жылдан аса айналысып келгендігін байқаймыз.

Жоғарыда көрсетілген еңбегінде ғалым ұлттық мәдени мұраның негізгі ұрпақ тәрбиесінде – халықтық педагогикада жатқанын айта келе, «Ол сонау біздің жыл санау дәуірімізден бұрынғы 1 мыңжылдықтағы көне сақ, ғұн дәуірінен, Анархис, Заратуштра, Моде, Томмирис мұраларынан, одан кейінгі V-VII ғ. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. Тоныкөк, Еділ, Едіге, Тоқтамыс, Ақсақ Темір мұралары бізге жат емес. Олардың бәрі Көне түркі мәдениетінің бастау бұлағы». Ғалым 30 ғасырлық тәлімдік мұраның 10 томдық антологиясын шығару жолында үлкен зерттеулер жасап келеді.

      Ғалым-педагог С.Қалиевтің этнопедагогикалық зерттеулері. (Газеттер-журналдардағы мақалалар):

  1. Әнет баба - бабалардың бабасы. Алматы ақшамы, 25.05.2007.
  2. Ұлт тәлімін таразылап.  Қазақ әдебиеті, № 29, 22.07.1994.
  3. Ұлттық тәрбиенің мәселелері. Өркен, 28.11.2000.
  4. Антология - тәлімдік мұра бастауы. Қазақстан мұғалімі, 19.12. 2008.
  5. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері. АГУ хабаршысы, №20, 1994.
  6. Мағжан және халық педагогикасы (Мағжанның 100 жылдығына арналған конф. мателиялы). Қазақстан мұғалімі, №13, 1993.
  7. Халықтың педагогиканы оқу-тәрбие жұмысын енгізудің ғылыми- әдістемелік негіздері. Қазақстан мұғалімі, № 4, 19.01.1993.
  8. Жақсы дәстүр жалғасын тапсыр (Халық педагогикасы жайында түйген ойлар).  Торғай таңы, 1.10.1992.
  9. Тәрбиенің озығыды бар, тозығыда бар (Халық педагогикасын насихаттау хақында). Қазақстан мұғалімі, 5.04.1991.
  10. Халық педагогикасының қасиеті. Қазақстан мұғалімі,15.11.1991.
  11. Халық тәрбиесінің дәстүрлері. Қазақстан мұғалімі, 18.01.1991.
  12. Ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл анасы (Проф. Қ.Жарықпаев пен бірге). Өркен, № 50, 51, 52.  6.02.1990.
  13. Абай және халық педагогикасы. «Семей қаласындағы Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі» атты халықаралық   конференцияның пленарлық мәжілісінде жасалған баяндама. 19.08.2007.
  14. Көне жазба мұралардағы тәлімдік ойлар. Мақал. Тәрбие құралы, №1, 2007.
  15. Қазақ ағартушыларының дін жөніндегі ой-пікірлері. Тәрбие құралы, №1, 2007.
  16. Ә.Диваев - этнограф, мәдени мұраларды, жинаушы және зерттеуші. АГУ Хабаршы-вестник, №4, 2008.
  17. Қарасөз ғибратының кейбір мәселері. Тәрбие құралы, №3.2004.
  18. Көне жазба мұралар тағлымы. Мақала. Ұлт тағлымы, №1, 2005.
  19. Қазақ ертегілерінің тәлімдік мәні. Мақала. Тәрбие құралы, №1, 2005.
  20. Халық педагогикасының тағылымдары. Бастауыш мектеп, 199, №3.
  21. Халық педагогикасы хақында. Мұрагер, №1, 1992.
  22. Тәлім-тәрбие мектебі. Ақиқат, №8,1992.
  23. Базар өлеңдеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер. Қазақстан мектебі, №1, 1992.
  24. Қазақ этнопедагогикасының қоғамдық ғылымдармен байланысы. АГУ хабаршысы, №21, 1995.
  25. Халық педагогикасының білгірі (М.Әлімбаевтің еңбектері туралы). Қазақстан мектебі, № 3, 1996.
  26. Ұлы билердің ұстазы. Абай журналы, №1, 1997.
  27. Ұлттық педагогиканың негізгі қағидалары. Бастауыш мектеп, 2, 1994.
  28. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Ұлағат, №3,1995.
  29. Абай Құнанбаев және қазақтың салт-дәстүрлері. Қазақ тілімен әдебиеті, №10-12, 1992.
  30. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз. Бастауыш мектеп, №3,1991.

        Профессор С.Қалиевтың авторлығымен жарияланған этнопедагогикалық еңбектер тізімі:

  1. Программа спецкурса «Национальные аспекты  и воспитания в Казахстане для студентови педвузы и  университетов (в со авторстве с проф. К.Жарыкбаевым). Алматы: РУМКА, 1990, №12.
  2. Қазақтың тәлім-тәрбие курсының бағдарламасы (орта мектептің Х-ХІ сынып факультативтік  сабақ үшін) проф. Қ.Жарықбаевпен бірге жасаған. Алматы: РУМКА, 1990.
  3. Қазақ халқының салт-дәстүрлері (ХІІІ-ІХ сыныпқа арналған факультативтік курс үшін). М.Оразаев, М.Смайловалармен бірге. 1-5 б.
  4. Қазақ этнопедагогикасы дәрісінің бағдарламасы. (Университеттер, пединституттар студенттерінің студенттеріге арналған) проф. Қ.Жарықбаев, доцент З.Әбіловалармен бірлестікте жасаған.
  5. «Әдеп әліппесі» пәні бағдарлама жобасы Ә.Ашайұлымен бірге. Бастауыш мектеп, №2-3, 1994.
  6. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (VІІІ-ІХ сыныпқа арналған факультативтік курс үшін  М.Оразаев, М.Смайловалармен бірге), 1996.
  7. Қазақтың педагогика тарихының бағдарламасы. (Орта мектептердің Х-ХІ сыныптарға арналған факультатив курс үшін) Қ.Жарықпаевпен бірге. Алматы: «Рауан», 1998.
  8. Орта мектепте Ғ.Мүсіреповтың өмірімен творчествасын өтуге арналған синтетикалық таблица. Алматы: Мектеп, 1978.
  9. Этнопедагогика пәнінің бағдарламасы. (педколледждерге арналған Б.Иманбековамен бірге), 2003.
  10. Ұлттық экологиялық тәрбие бағдарламасы орта мектеп Х-ХІ сыныптары үшін. Алмат: ҚМБЖИ. 2007.
  11. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Алматы: «Мектеп», 1986, 86 б.
  12. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы: «Рауан», 1990, 86 б.
  13.   Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан (профессор Қ.Б. Жарықбаевпен бірге). Алматы: «Кітап», 1992, 244 б.
  14. Қазақ этнопедагогикасының туу және даму тарихы. (монография-депонирования). Алматы: 1994, 255 б.
  15. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушылары. Алматы: РБК,1993, 47 б.
  16. Қазақ халқының салт-дәстүрлері (М.Оразаев, М.Смайловалармен авторлық бірлестікте). Алматы: «Рауан», 1994, 244 б.
  17. Антология педагогической мысли Казахстана. (Сост. Профессор К.Жарыкбаев, С.Калиев). Алматы: «Рауан», 1995, 512 стр.
  18. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы (Р.Ізғұттынова, Г.Жексенбаевалармен авторлық бірлестікте). Алматы: «Кітап», 1994, 76 б.
  19. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелері және тарихы. Алматы: «Білім», 1999, 160 б.
  20. Қазақ тәлімінің тархы. (С.Қалиев, Ш.К.Беркімбаева ). Оқу құралы, Алматы: ҚМҚПИ, 2004, 205 б.
  21. Этнопедагогикалық хрестоматия. Жоғары оқу орындары студенттері үшін. Хтестоматия (әдістемелік құрал). К.Аюбаймен бірге. Астана: «Арна», 166 б.
  22. «Этнопедагогика». Арнаулы арна оқу орындарына арналған оқулық. Астана: «Полиант», 2007.
  23. Этнопедагогика. Оқулық.( Ж.Молдабеков, Б.Иманбековалармен авторлық бірлестікте). Кәсіптік лицей, гимназия оқушылары үшін. Астана: «Фолиант» 2007, 66 б.
  24. Халық педагогикасының  тағылымдары. Бастауыш мектеп, 1991, № 2.
  25. Тәлім-тәрбие мектебі. Ақиқат, №8, 1992.
  26. Қазақ этнопедагогикасының методологиялық негіздері. АГУ хабаршысы, №21,1995.
  27. Ұлы билердің ұстазы. «Абай» журналы, №1, 1997.
  28. Халық педагогикасының алыбы (Ақын М.Әлімбаевтың еңбектері туралы). Қазақстан мектебі, №4,1996.
  29. Ұлттық педагогтканың негізгі қағидалары. Бастауыш мектеп, №1, 1994.
  30. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы. ІІІ сбор Киргизия, 1997, 128-131 б.
  31. Этнопедагогика және ғылыми педагогиканың өзара байланысы және өзіндік ерекшеліктері. «Этнопедагогика және бүгінгі оқу тәрбие ісі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материялы. Алматы: 20-21 мамыр, 1994.
  32. Мектепке ұлттық айшық. «Ақ желкен журналы» №6, 1990, қараша.
  33. Халық педагогиаксы хақында. «Мұрагер», №1, 1992.
  34. Абай және халық дәстүрі. «Абай», №4, 1996.
  35. Т.Тәжібаев және халық педагогикасы. «Ұлы тағлымы», №2, 2000.
  36. Ұлттық ерлік дәстүрлерінің кейбір теориялық мәселелері. «Ұлт тағлымы» журналы, №4, 5, 2000.
  37. Ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конф.мат. Алматы: «Дарын» орталығы, 2000, мамыр.
  38. Қазіргі оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық мәселері. Мат.респуб.научнипедагогической конференции, ноябрь, 2000.
  39. Өткеннен өнеге ала білейік. «Зерде» журналы, №3, 2004.
  40. Қазақта қарттар - үлкен ұстаз. «Қазақ тарихы» журналы, №1, 2000.

 

 

ІІ С.Қалиевтың еңбектеріндегі  ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану

 

 

2.1 С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану

 

Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеп, елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев болды.

Серғазы Қалиев еңбектерінде ұлттық тәрбие, сол ұлттың мәдениеті дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырылып, халықтың тұрмыс-тіршілігінде рухани тәжірибемен тығыз байланыстырып зерттеді.

Жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің басты міндеттерін еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп анықтады: «Қазақстанда әрбір адам өзін осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды» [33. 78]. Сондықтан ғалым-педагог Серғазы Қалиевтың шығармаларындағы басты бағыт – ол халқымыздың ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәлім-тәрбиелік әдет-ғұрыптарын, салт-саналақ дәстүрлерін, асыл құндылықтарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгерту.

Профессор Серғазы Қалиұлы 400-ден астам мақалалардың, 30-дан астам кітаптардың авторы. Бұлардың ішіндегі көлемділері: «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі», «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы», «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (профессор Қ.Б.Жарықбаевпен авторлық бірлестікте), «XV-XIX ғ.ғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар», «Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары»,  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ-ағартушылары», «Қазақтың тәлімдік ой-пікрлері антологиясы», «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы» (авторлық бірлестікте), «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері». Осы жоғарыдағы еңбектердің барлығында Серғазы Қалиұлы сан ғасырлық тарихы бар қазақ халқының  көне заманнан берге тәлім-тәрбиесін және педагогикалық оқу-ағарту туралы ой-пікірлердің қалыптасу бағыттарын саралап та, сараптап, бүгінгі өмірдің талптарына сәйкес зерттеп жазды.

Ғылыми педагогиканың даму жолында алғы шепте ғалым Қазақстанның егемендік алған алғашқы жылдарынан-ақ халқымыздың тәрбиелік асыл қазыналарын зерттеп, бүгінгі күнге дейін қажырлықпен үлкен зерттеулер жүргізіп жүргені ғалым-педагогтардың  өз халқының тәрбие жөнінде бай тәжірибесін жете білгенін көрсетті.

Ғалым-педагогтың жоғарыда көрсетілген ауқымды еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану, олардың өз мамандағының қыр-сырын меңгеруде белгілі дәрежеде оң ықпалын тигізеді деп есептейміз. Бұл жөнінде Серғазы Қалиев өз ойларын былай тұжырымдайды: «Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-санаға, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін туғызды. Бұлар халық бұқарасының жөн-жобаларының, іс-әрекеттерінің  қоғамдық ортада қалыптасқан нормаларымен принциптерінің көріністері еді. Дала тұрғындары өздері өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетімен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбайтын талап-тілектерін дүниеге әкелді» [32. 17].

Жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәнін ғалым «сегіз қырлы, бір сырлы» деген нақыл сөзден жақсы байқады. Серғазы Қалиевтың бұл ойын педагогика курсының «Тәрбие теориясы» бөлімінде «Тәрбие мақсаты» тақырыбын өткенде дала тұрғындарына биік моральдық талаптар қойылғанын, солардың ең бастысы - көшпелі мал шаруашылығының тетіктерін жете игеру; еңбексүйгіштік пен төзімділік; ел намысын қорғаудағы жау жүректілік; ата-тегін ардақтап, сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата-салтын бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, қонақжайлылық.

Серғазы Қалиевтың пікірінше, тұрмыс пен дала табиғаты адамға қойылатын талап-тілектің де аса қатал болуын керек етті. Сондықтан халқымыз қайратты да, мығым, аса төзімді, қанағатшыл, құбылмалы табиғат жағдайына икемді, жан-жүйесі кемел адамдар қажет еді. Мәселен, бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өскендіктен, оның көзі қырағы, көкірегі ояу болып өседі. Аң аулап, мал баққан жас ұрапақ ақын-жыраулардың тағылымын, әншілердің өлеңдерімен әуендерін, күйшінің күмбірлеген күйін көкейіне қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, жыр мен шежірені жадында сақтап, халық даналығынын өзіне рухани азық етіп отырған. Көшіп-қонуға дағдыланған халық үшін аң-құс аулау, мал күзету т.б тұрмыс машығына айналып отырған. Сондықтан халқымыз мақал-мәтелдерді шығарған: «Өнерді үйрен де жирен», «Өнер алды қызыл тіл», «Шебердің қолы ортақ», «Түзде жүріп, ат ойнат».

Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесін беруде ғалым-педагогтің «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» атты еңбегінде халқымыз балаларын жас кезінен бастап  тәрбиелеген. Қыз баланы үй шаруашылығына, яғни төсек жинауға, ыдыс-аяқ жуып, шай құюға, ас пісіруге, нан жасауға, киіз басып, өрмек тоқуға, іс, кесте тігуге т.б үйдің ішкі жұмыстарына үйреткен. Ал, ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, мал бағуға, тайды үйретуге, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден, сүйектен түрлі бұйымдар жасауға – қол өнер шеберлігіне үйреткен. Осы жағдайларға байланысты мақал-мәтелдер туып отырған: «Ана көрген – тон пішер, әке көрген – оқ жонар», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге». Сөйтіп халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті деп саналған. Сонымен ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақын, яғни бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.

Қазіргі этнопедагогикалық және қоғамдық даму кезеңі тұлғаға жоғары талаптар қояды:

  • Еңбекті маңызды қоғамдық борыш ретінде бағалай білу;
  • Барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті және оның нәтижесін құрметтей білу;
  • Еңбекте үнемі белсенділік, жаңалық, шығармашылық таныту;
  • Ой-сана және дене күші деңгейіне қарай еңбек ету қажеттілігін іштей түсіну;
  • Еңбекті ғылыми ұйымдастыру принцптеріне сүйене отырып жүргізу;
  • Еңбекке адам өмірінің негізгі қажеттілігі ретінде қарым-қатынас жасау.

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері