Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық менталитетті жоғалтпай әлемдік өркениетке өзіндік қолтаңбасымен ену аса жауапты жұмыс. Бқл істе этномәдениеттің бұрынын және бүгінін жалғастыра жастар бойына дарыту этнопедагогтардың ел алдындағы абыройлы борышы болмақ.

«Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып отырған жағдайда, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде өайта құрылуы білім беру саласында – Қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі педагогтар мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр» [3. 22] - дейді Қазақстанның белгілі этнопедагог ғалымы Қ.Бөлеев.

Енді С.Қалиұлының өз шәкірттері туралы сөзін келтірейік: «Бәрінен де зор атақ – ұстаздың шәкірттер жүрегінен мәңгі орын алуы. Менің көптеген шәкірттерім жаңа жыл, жеңіс күнімен Қазақстан Республикасынң егемендігі т.б мереке күндерінде ашық хат, жеделхат жолдап немес телефон арқылы ыстық ықыластарын, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп жатады. Мен үшін осыдан артық алғыс, осыдан үлкен сый болмас деп ойлаймын».

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Қалиұлы еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған.

Ол 1949 жылы Семей педагогикалық институтының тіл және әдебиет факултетін бітіріп, облыстық оқу бөлімінің жолдамасымен Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиполь орта мектебіне мұғалім болып келеді. Бір жыл мұғалім қызметін атқарып шыққаннан кейін Аягөз аудандық оқу бөліміне инспектор болып тағайындалады.

Өзінің өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан аудандағы 58 мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, өз білгенін басқаларға үйрете жүріп, өзі де тәжірибелі Қ.Жилысов, М.Жантасов, М.Жүсіпов, Т.Жоламанов, С.Күдерин, Ғ.Қасенғазин, А.Мусин, А.Алыбаев секілді озат мұғалімдерден әдіскерлік шеберлікті үйренді. Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін қорытып, «Олардың ісі көпке үлгі» атты жинақ шығарады. Аудандық «Жаңа ауыл», облыстық «Екпінді» газеттеріне мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен жиі-жиі мақалалар жазып тұрды.

С.Қалиұлы 1951-1954 жылдары Аягөз аудандық Жастар комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқару кезінде де жастар ұйымына тікелей басшылық жасап, оқушы жастар слетін, олимпиадалық, спортакиадалық жарыстарын өткізуге белсене қатысып, жастар арасында көпшілік тәрбие жұмыстарын жандандыруға ерекше назар аударды.

1953 жылы тың игеру науқаны кызу басталған кезде С.Қалиев Қарақол, Сарытерек, Мыңбұлақ совхоздарына Украина, Молдавия, Беларуссия республикаларынан келген жастардан комсомолдық екпінді жастар бригадасын құрып, еңбекке жұмылдыру ісін қолға ала отырып, жастардың спротпен, көркемөнермен айналысуына да баса көңіл бөлді. Мектеп бітіруші оқушылардан шопандар бригадасын құрып, Ақшатау қой совхозындағы жастар тобына басшылық жасайды.

1953 жылы С.Қалиұлы Қазақстан  Жастар одағының IV съезіне делегат болып қатысады.

С.Қалиұлы 1954-1957 жылдары Аягөз аудандық Кеңес атқару комитетінің орынбасары қызметін атқарып, оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, сауда және спорт жұмыстарына басшалық жасайды. Егіс алқаптарына ағаш отырғызу, ауыл-селоны көгалдандыру істерінде де С.Қалиұлы өзінің шебер ұйымдастырушылығын танытты. Ол 1951-1959 жылдары бірнеше рет Аягөз аудандық Кеңестеріне депутат болып сайланды.

1957 жылдан 1966 жыл аралығында С.Қалиұлы  өзінің сұрануымен Аягөз қаласындағы 1700 оқушысы, 85 мұғалімі, 200 балалық қоғамдық  интернаты бар теміржол қазақ орта мектебінде директорлық қызметін атқарады. Мектепте оқу-тәрбие ісін жолға қоюмен бірге хор, оркестр, спорт командаларын ұйымдастырып, оқушылардың аудандық жарыстардан жүлделі орындарға ие болуына мүмкіндік туғызды.

С.Қалиұлы 1959-1961 оқу жылдарында оқушылармен ата-аналардың күшімен ағаш, тігін шеберханаларын салып, іске қосады. Сөйтіп, оқуды өнімді еңбекпен тығыз ұштастырады.

С.Қалиұлы 1966 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантура бөліміне сырттай оқуға түседі. Осымен байланысты Алматы қаласына ауысып, Қазақ темір жолының оқу бөліміне мектеп инспекторы болып орналасады. Алғашқыда мектеп инспекторы, кейінгі екі жыл оқу бөлімі бастығының орынбасары, 1972-1981 жылдары оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

1971 жылы «Ғ.Мүсірепов творчествосын  мектепте оқыту» деген тақырыпта  Қырғыз мемлекеттік университетінің  ғылыми кеңесінде педагогика  ғылымдарының кандидаты дәрежесін  алу үшін диссертация қорғайды.

          С.Қалиұлы Қазақ теміржолына қарасты 560 мектеп, 260 мектепке дейінгі мекеме, 4 техникум, 6 техникалық мектептерге он төрт жылдай басшылық жасап, олардың оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда, материалдық-техникалық базасын нығайтуда, білікті кадрлармен қамтамасыз етуде игілікті істер атқарды. Мектептерді кабинеттік жүйеге көшіруді ұйымдастыруда белсене жұмыс атқарып, 800-ге тарта кабинеттерді жабдықтайды. Гурьев-Бейнеу-Астрахан, Володаровка-Қызылту теміржол линияларында жаңадан 68 мектепті, 29 балабақшасын, 2 техникумды іске қосып, теміржол бойында оқу-ағарту ісін дамытуға сүбелі үлес қосты. Осы еңбектері үшін С.Қалиұлы «Еңбектегі үздік еңбегі» медалімен, КазССР  және КСРО ағарту ісінің озаты белгілерімен және  КСРО Қатынас жолдар министрлігі мен Орталық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталады. 1974 жылы мұғалімдердің Бүкілодақтық ІІІ съезіне делегат болып қатысады.

С.Қалиұлы 1981 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдарды ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып орналысып, 1984-1987 жылдары педагогика тарихы бөлімінің меңгерушісі, ал 1987-1993 жылдары институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, педагогикалық ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарады.

С.Қалиұлы итнститут директорының орынбасары қызметін атқарған кездерде де ғылыми-зерттеу ісін жолға қоюда елеулі істер атқарып, тер төкті. Оның басшылығымен мектептерде оқуды жаңа бағдарлама бойынша оқыту, 6 жасар балаларды мектепте даярлау, оларға сай оқу-әдістемелік құралдар жасау, «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясының» екі томын даярлау істері, институттың 60 жылдығын өткізу, ұлы педагог Ы.Алтынсариннің 150-160 жылдық, көрнекі педагог-ғалым Т.Тәжібаев, Қ.Жұбанов, Ә.Сембаевтардың 80-90 жылдығына арнап конференциялар өткізу, ғылыми жинақ шығару істерінің бәрі С.Қалиұлының тікелей араласуымен іске асырылады. Соңғы жылдары этнопедагогика және тәрбие лабораториясын басқара жүріп, академик М.О.Әуезовтің 100 жылдығына, ұлы ақын Абайдың 150 жылдығына, көрнекті педагог-ғалым Ә.Сыдықов пен академик-ғалым Ә.Марғұланның 100 жылдығына арнап ғылыми конференциялар өткізу, педагогикалық жинақтар шығару істері де С.Қалиұлының басшылығымен істелген істер.

Серғазы Қалиұлы педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа ала отырып, өзінің 1980 жылы жызған «Түркісіб және оқу-ағарту ісі» атты еңбегінде теміржол орта мектептерінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудағы істелген игілікті істерге кеңінен тоқталып, мектептердегі кабинеттік жүйе бойынша оқыту, өндіріс бригадасын құру, өндірістік цехтар мен бригадалардың мектептегі оқу-тәрбие істеріне белсене араласуы, қамқорлыққа алу т.б мәселелері талдауға алған. С.Қалиұлы мектеп бітіруші шәкірттердің теориялық білімдерін өндіріс цехтары мен мектеп шеберханаларында, оқу кабинеттері мен лабораторияларында тәжірибелік жұмыстарды шебер ұштастыруға баса көңіл бөледі. Соның нәтижесінде мектеп бітіруші жастар аттестатпен бірге токарь, слесарь, тігінші, аспазшы, машинист жүргізуші, электрик-монтер мамандықтарын қоса меңгерген куәліктерге ие болды.

Педагог - ғалым С.Қалиұлы өзінің тәжірибесін ғылыми тұрғыда жинақтап еңбек жазумен бірге, республикадағы басқа озат тәжірибелі ұстаздар еңбегіне де зер салып, олардың оқыту мен тәрбие істеріндегі озат тәжірибелерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қарастырып, басқаларға үлгі етіп ұсынуды ұмытпады. Мәселен, оның Көкшетау облысы Щучинск қаласындағы қазақ орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазақ ССР-і оқу-ағарту ісінің озық қызметкері Таңсық Жұрынованың жиырма жылдық ұстаздық шеберлігін ашып көрсетуге арналған (1988 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген) «Оқушыларды оқу еңбегінде дағдыландыру» атты ғылыми-әдістемелік еңбегін атауға болады. Сексенінші жылдары баспасөз беттерінде педагог-методист ғалымдар арнайы сөз етіп жүрген проблемалар: дамыта оқыту, проблемалық оқыту әдісі, оқу процесін оптимизациялау мәселелері болатын. Бұл проблемалармен Ресейде Ю.К.Бабанский, М.М.Паташник, ал Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектептің директоры Ә.Алғиев, педагог-ғалымдар Г.Лұқпанов, Я.С.Бенцион т.б айналысқан еді.

Олар бүкіл мектеп ұжымының бірлескен іс-тәжірибесін оңтайландыру тұрғысынан жинақтау ісімен айналысса, С.Қалиұлы жеке озат мұғалімдердің ұзақ жылдық тәжірибесін оқу-тәрбие ісінде қолдану не берді дегенге нақтылы жауап іздестірді. С.Қалиұлы баланы оқу еңбегіне үйрету үшін озат мұғалімдердің оқушыларымен үздіксіз жүйелі жаттықтыру жұмысын жүргізу арқылы, оларды кітапқа, білімге деген құмарлығын туғызудағы әдіс, шеберлігін аша білді. Білімге қызығушылық бала бойында оның басқаларға еліктеуінен, оқу еңбегіне шығармашылық табыспен ізденіс, ұдайы дәне жүйелі түрде кірісе білу арқылы дамиды деген тұжырым жасайды.

С.Қалиұлы өзінің осы еңбегінде жастарды жан-жақты жетілген білімді, мәдениетті, қиялшыл, өмірген құштар азамат етіп тәрбиелеп шығу ұстаздың ұлағаттылығына, білім өресі мен әдіс шеберлігінің молдығына, жас жеткіншектердің психологиялық ой-сезіміне терең үңіліп, оның жүрегіне жол таба білуіне негізделеді, яғни оқушы мен оқытушының рухани өсуі бір-бірінің іс-әрекеті мен қарым-қатынасына тікелей байланысты деп қарайды. Оқушы жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін С.Қалиұлының пайымдауынша, ұстаз бойында үш түрлі қасиет болуы керек. Біріншіден, әдебиеттен сабақ беруші мұғалімнің саяси сауатты, жан-жақты эрудициялық мол білімнің болуы шарт; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата алатындай әдіскерлік шеберлік қажет; үшіншіден, оқушылардың әдеби білімді меңгеру дәрежесін сабақ процесі үстінде айқын анықтайтын, олардың психологиялық ой-сезімінің өсуі, даму өресін бақылып сезе білетін, бала психологиясында әсерленушілік сезім тебіренісін туғыза алатын шебер психолог болуы керек.

Автор осы үш қасиетті бойына жинаған, өз пәнін жанындай жақсы көретін, әр сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушылармен бірлесе еңбек ете отырып, үнемі шығармашылықпен, ізденіспен сабақ өткізетін білгір әдебиетші, сезімтал психолог, шебер методист, мұғалім Т.Жұрынованың тәжірибесіне кеңінен тоқталады.

С.Қалиұлы методист-ғалым ретінде Үштөбе темір жол мектебінде директор болған, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім Қали Саттыбаевтың отыз жылдық мектеп басқару ісіне арнап «Аялы жан» атты еңбек жазды. Сондай-ақ Қазақ ССР-і оқу-ағарту ісінің озат методист мұғалімдері: М.Садуақасова (Абай ауданы), Қ.Назарғалиева, Л.Әуешова (Алматы қаласы), Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалімдер: А.Ақбербаев (Сарыөзек станциясы), Ә.Қасымбековтардың (Шар станциясы) ұстаздық жолдарына арналған бірнеше мақала, очерктері республикалық газет, журнал беттерінде жарық көрді. Бұл оның өз бойындағы білімді халыққа берумен бірге, оны көпшілік қауымға үлгі етіп ұсына білуге деген құштарлық танытуы деуге болады.

«Шәкіртсіз ғалым - тұл» деген қағиданы берік ұстаным тұтқан С.Қалиұлының өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірт даярлау ісімен де тығыз ұштастыруда. Орта мектепте, Қыздар институты мен «Қайнар» университетінде педагогика тарихынан дәріс берген уақыттарында оның алдынан жүздеген жастар өмірге жолдама алып шыққаны мәлім. Солардың ішінде ұстазы мақтаныш тұтар Х.Қазыханов, С.Ұзақбаева, Е.Омаров, С.Маусымбаев, С.Садықов, Т.Садықбеков, С.Жолдасбеков сынды ондаған ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары бар.

С.Қалиұлы этнопедагогиканың өзекті мәселелері бойынша 1991 жылы республикалық, ал 1991-2004 жылдарда Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Семей, Жезқазған, Жамбыл қалаларында аймақтық, облыстық конференцияларға да қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Сондай-ақ Бішкек, Ташкент, Баку, Москва, Ұлан-Батыр қалаларында өткен халықаралық конференцияларда баяндама жасап, өз әріптестерімен пікір алмасты.

С.Қалиұлының оқу-ағарту ісін жетік білуі, еңбек жолын ауыл мұғалімінен бастауы, оқу-ағарту жұмысын ұйымдастырудағы белсенді қайраткерлік істері, педагогикалық технологияларды практикалық істермен шебер ұштастыруы кейінгі жастарға үлгі болуға тұрарлық мәселелер.

Оған бір дәлел: С.Қалиұлы ұзақ жылдар бойы этнопедагогика және тәрбие мәселелерінің өзекті проблемаларын баспасөз беттерінде көтере жүріп, жоғары оқу орындарында этнопедагогика кафедраларының, ал білім академиясында этнопедагогика және тәрбие лабораторияларын ашуға мұрындық болды. Ол білім академиясы жанынан тәрбие проблемалары институтын ашуға да белсенді атсалысып, оның Жарғысын, Ережесін, штаттық кестесін жасап, Министрлікке бекіттірді.

Соның нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі 3 мамыр 2000 жылы №452 бұйрығымен қазақ білім академиясы жанынан тәрбие институты ашылып, бүгінгі күнге дейін республика оқу-ағарту мекемелеріндегі тәрбие мәселелерінің теориялық та, практикалық та жақтарымен тікелей айналысып келеді.

Профессор С.Қалиұлы орта мектептің 9 сыныбына арналған қазақ әдебиеті оқулығының (2001 жылы бірінші және 2007 жылы екінші), Этнопедагогика пәні бойынша 9-11 сыныптарға арналған факультативтік курс оқу-әдістемелік кешеннің (бағдарлама, оқу құралы және әдістеме) авторлар тобының мүшесі.

1999-2000 жылдары С.Қалиұлы авторлар  бірлестігінде орта мектеп мұғалімдеріне  арнап «Тәрбие теориясы мен  әдістемесі» (2000), «Тәрбие хрестоматиясы» (2001) атты оқу-әдістемелік құралдарын ұсынды. Сондай-ақ 2001 жылы «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері» атты монографиясын «Білім» баспасынан шығарып, ұстаздар қауымына тарту етті.

Профессор С.Қалиұлының  басшылығымен бір топ педагог-ғалымдарды қатыстыра отырып, Қазақ білім академиясы 2001 жылы оқушы жастар тәрбиесінің кешенді бағдарламасын жасап, министрліктің алқа мәжілісінде бекіттірді.

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері