Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 07:30, реферат

Краткое описание

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................
С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................
Қорытынды .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

 

 

ӘӨЖ 37. 035, 6 (574)

 

 

 

 

АСАНКАНОВА ШОЛПАН АГЫТАЕВНА

 

 

С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері

 

 

 

 

 

6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:

п.ғ.к., профессор Х.Е.Нұғманова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012ж

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

Осы диссертациялық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» - 27.07.2007-№313 ШЗ РК заңы.
  2. Ағымды үлгерімді бақылауды, білім алушының аралық және қортынды аттестациялауын жүргізу ережесі (ҚР Білім және ғылым министрлігі 18.03.2008 ж. №125 бұйрығы, өзгерістері және толықтыруларымен 1.11.2010 ж. №506. 16.03.2011 ж. №94 бұйрықтары).
  3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты 5.04.033-2011. Магистратура.
  4. ҚР МЖМБС 7.09.102-2009, 6М0100300 – Педагогика және психология мамандығы. Магистратура.
  5. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылы 28 мамырдағы №247 бұйрығымен бекітілген ҚР бакалавриат және магистрант мамандықтарының жіктеуіші мен жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуішінің сәйкестік тізбесі.
  6. Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші (01.09.2009 жылы енгізілген).
  7. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ҒМС бекіткен, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар (хаттама №2, 25.11.2009 ж).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

Кіріспе........................................................................................................

 

4

І

С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама

 

1.1

Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................

 

7

1.2

С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................

 

 

19

ІІ

С. Қалиевтың еңбектеріндегі  ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану

 

2.1

С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................

 

36

2.2

Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................

 

 

51

 

Қорытынды .............................................................................................

 

76

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

 

78


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда.

Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Г.Шәймерденова, К.Қожахметова, Г.Хамитова, С.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев, Г.Әлсатов, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды. Егемендік  алған күннен бастап елімізде білім беру жүйесінде жаңа өзгерістер болды.

Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы Заңының», «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру  жүйесінің басты міндеттері Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау ... олар мемлекеттің белгілерінің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтың дәстүрлерін қастерлейтін ... халықтар достығының негізінде тәрбиеленген халық Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын терең түсінген... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқының басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып, игеріп, кепілді азамат болуы керек» [1] - делінген. Психология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарының жағдайын талдау арқылы тарихи педагогикалық білімнің және этнопедагогика теориясы мен практикасының даму перспективасын анықтауға мүмкіндік туды.

Қазақстанның этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі ғалым-педагог С.Қалиевтің этнопедагогикалық идеяларын зерделеуге арналған зерттеулер жоқтың қасы екенін байқадық. Ғалым туралы газет-журналдардағы мақалалар көлемінде ғана жарық көрген. Профессор С.Қалиевтің этнопедагогикалық идеялары белгілі дәрежеде арнайы зерделеніп, өз бағасын алған жоқ десек те болады.

Сонымен, келтірілген шағын талдау негізінде профессор С.Қалиевтың этнопедагогика, педагогика ғылымдарына қосқан үлесі біздің таңдаған проблемамыздың көкейтестілігін көрсетеді және зерттеуді «С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері» деп атауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: С.Қалиевтың педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектеріне таңдау жасау, жүйелеу және оны оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың жолдарын анықтау.

Зерттеудің нысаны: С.Қалиевтың ғылыми педагогикалық еңбектері.

Зерттеу пәні: Профессор С.Қаливтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие идеялары.

Зерттеудің міндеттері:

- С.Қалиевтың ғылыми-педагог ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайларды негіздеу;

- Қазақстанның этнопедагогика  ғылымының дамуында қосқан үлесін  көрсету;

- С.Қалиевтың жалпы педагогикалық, этнопедагогикалық идеяларын пайдаланудың жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, С.Қалиевтың еңбектеріндегі  ұлттық тәлім-тәрбиелік көзқарастарына тарихи этнопедагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленсе, олар мемлекеттің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, сонда жастардың ұлттық құндылықтарды бағалауына, намысын оятып, патриоттық сезімінің оянуына, елін, жерін, тарихын, туған тілін құрметтеп, адамгершілік-имандылық қасиеттерін дамытуға әсерін тигізіп, тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің жетекші идеясы: С.Қалиевтың қазақ халқының сан ғасырлық асыл мұраларын зерттеу негізінде олардың даналық дәстүрлерін, тұжырымдарын, тәлім - тәрбиелік ойларын айқындады. Халқымыздың тәрбие құралдары мен бағыттарын мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану оқушылардың ұлтжанды, саналы азамат болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: Этнопедагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, іс-әрекет теориясы, таным теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығы, жүйелілік принципі, ғылыми-тарихнамалық принцип, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, жеке тұлғаны әлеуметтендіру теориясы болып табылады.

Зерттеу көздері: С.Қалиевтың ғылыми педагогикалық еңбектері, С.Қалиев туралы жазылған мерзімді басылым материалдары, ұлттық кітапхана мен Республикадағы өзгеде кітапханалардағы С.Қалиевке қатысты материалдар.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық еңбектерге теориялық, әдістемелік тұрғыдан талдау; оқу тәрбиесінде этнопедагогика материалдарын  пайдалану әдістемелеріне сипаттама, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарына бақылау, сауалнама жүргізу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде  (2010-2011ж.ж) зерртеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; С.Қалиевтың шығармаларының негізгі бағыттары анықталып, сипатталды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде (2011-2012ж.ж) Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жалғастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Жинақталған материалдар және бақылау, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері сараланып, магистрлік диссертация әдеби тұрғыда рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- профессор С.Қалиевтың қазақ этнопедагогикасының дамуына қосқан үлесіне жан-жақты сипаттама берілді;

- оқу үдерісі, оқыту барысында және аудиторияда, аудиториядан тыс жұмыстарда ғалым-педагогтің еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы тұжырымдары жүйелі түрде пайдалану жолдары анықталды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- С.Қалиевтың ұлттық тәрбиенің мазмұны, әдістері туралы ой-пікірлері оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды;

- зерттеу материалдарын педагогика мамандарының біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады;

- арнайы курс ұсынылды;

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика» пәндерінен лекциялық, семинар сабақтарында, өздігінен орындалатын жұмыстарда пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама

 

 

1.1 Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері

 

Еліміздің ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында – қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.

Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің қарсаңында дамып келе жатыр. Осы өзгерістер позитивтік нәтиже беру үшін көп жағдайда білім беру реформаларына байланысты болады. Білім беруде дәстүрлі ұлттық құндылықтармен қатар педагогиканың инновациялық талаптарымен және қоғамның гуманистік, демократиялық құндылықтарымен тығыз байланысты болады.

Қазақстанда жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз жағдайлардың өрбуіне, рухани құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтырғаны белгілі. Ал, ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ тұлғасы ұлттық құндылықтар негізінде жаңаша тұрғыда қажет болып отыр. Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелерін теориялық тұрғыдан терең зерттеп, елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев.

Серғазы Қалиев 1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында дүниеге келген. 1949 жылы Семей педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітіргеннен кейін бірнеше орта мектептерде мұғалім, 1957 жылдан 1966 жылдары Аягөз қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры, 1966 жылы оқу бөлімінде мектеп инспекторы, ал 1981-2005 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында профессор қызметін атқарып, мектеп мұғалімдері мен студенттеріне өзінің бойындағы бар білімін, бай тәрбиесін жалықпай беріп келеді.

Серғазы Қалиұлының ұстаздық-ғалым жолы, өзі айтқандай үш кезеңнен тұрады. Өмірінің алғашқы 20 жылы есею, орта және жоғары білім алу жылдары, екінші 30 жылы институт бітіріп, мектепте мұғалім, мектеп инспекторы, Аякөз аудандық жастар комитетінің 1-ші хатшысы, аудандық кеңес парткомы төрағасының орынбасары, Аякөз қаласындағы Теміржол қазақ орта мектебінің директоры, кейінгі 15 жыл қазақ теміржолы оқу бөлімінің бастығының орынбасары, қазақ темір жолы оқу бөлімінің бастығының орынбасары, қазақ темір жол басқармасы  оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Ал, өмірінің үшінші кезеңі 1980 жылдан бергі 30 жыл педагогика ғылымына арналды. Соның 24 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар академиясында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, педагогикалық зерттеу орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Соңғы жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде профессорлық қызметті атқарып келеді.

«Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында қиындықты халықпен бірге көріп, өзінің бар білімін шәкірттеріне беруге тырысқан ұстаздарды күні бүгінге дейін ұмытпаймын. Мен 1936 жылы бұрынға Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосындағы Абай орта мектебіне оқуға барып, 1944-45 оқу жылында осы орта мектепте 9-сыныпты бітірдім. Соғыстың ауыр жылдарында бізді Т.Мақпозов, О.Асылаев, С.Қарымсақов, К.Алдабергенов, Н.Құлжанова, З.Сүлейменова, Т.Әбдірахманова, Т.Жабагин сияқты өз ісіне шынайы берілген ұстаздар оқытты. Олар оқу құралдарының тапшылығына қарамастан, конспекті жаздырып, жаттатып, суық мектеп ішінде өздері де шыдап, бізді де шыңдап шығарды. Ол кезде оқулық, дәптер дегендер жоқ. Дәптер орнына ескі кітаптың беттерін пайдаланғанбыз» [2. 6].

«1991 жылы профессор Қ.Жарықбаев екеуміз Монғолияның Баян-Олгий аймағында 10 күн жолсапарда болып, су мұнараларын аралап, ата-аналармен, мұғалімдермен, оушылармен дидарласу – көп нәрсені білуге себепкер болды. Қай елге бармайыз, қай жерде болмайық шетел зиялылары қазақ мәдениеті мен өнеріне ықылас білдіріп, зор баға беретінін байқадық» [2. 13].

Информация о работе Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері