Халықаралық қауіпсіздік мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 19:16, реферат

Краткое описание

Соғыс тайпааралық, кейіннен мемлекетаралық және сыртқы саясатты жүргізудің бір тәсілі болып табылады. Ғылыми-техникалық даму, өндіріс тәсілдерінің өзгеруі және халық тығыздығының өсуі қарулы қақтығыстарды жиілетіп, соғыс технологияларын жетілдіре түсті. Осы себепті де Ежелгі заман мен Орта ғасырлардағы соғыстарын Жаңа заман және Қазіргі заман соғыстарымен салыстыруға да келмейді. Өткен жүзжылдықтың өзінде адамзат екі дүркін соғысты бастан кешірді. Сол 30 жылға жуық уақыт әскери әрекеттер Жер бетінің 90%-н қамтып, ондаған миллион адамның өмірін әкетті.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ежелгі заманнан Біріккен Ұлттар Ұйымына
дейінгі халықаралық қауіпсіздік: қалыптасуы және дамуы
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдемесі
3) Жаңа халықаралық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

а.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

Химиялық, биологиялық  және бактериологиялық сияқты ядролық  емес жаппай қырып-жою қаруларын  таратпау жөнінде де халықаралық  келісімдер тобы бар. Олардың ішінде 1972 жылғы бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды сақтау, өндіру, шығаруға тыйым салатын және оларды жою туралы Конвенция ерекше маңызға ие.

Қаруды таратпауға байланысты демилитацияланған аймақтар туралы келісімдер елеулі рөл атқарады. Бұған  ядролық қаруды сынақтан өткізу және орналастыруға тыйым салған 1959 жылғы Антарктика туралы келісімді жатқызуға болады. 1967 жылғы ғарыш туралы Келісім бойынша ғарыштық кеңістікте, ал 1979жылғы мемлекеттердің Айда және басқа да аспан денелерінде қызметі жөнінде Келісіміне сәйкес Айда және басқа да аспан денелерінде ядролық қаруды қолдануға рұқсат етілмеген.

Стратегиялық қаруларды  шектеу де -  халықаралық қауіпсіздік  саласының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда негізгі рөлді ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап АҚШ пен  КСРО (кейін Ресей) ойнайды. Ракетаға қарсы қорғаныс бойынша екі ел арасында бірқатар келісімдер мен протоколдар жасалған. Қарапайым қару түрлерін шектеу енді басталып келеді және баяу жүруде. Ең үлкен жетістік 1990 жылы Парижде 22 мемлекет қол қойған Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы Келісім болды. 

Сенімді нығайту  шаралары халықаралық қауіпсіздік құқығы институты ретінде мемлекеттердің өзара түсінушілік, күтпеген шабуылдың немесе заңсыз қақтығыстың алдын алу мақсатында ақпараттық және бақылаушы сипатта шаралар орнатуы қарастырылады. Бұл институт заңдық тұрғыда 60-70 жылдары сенімсіздікті жою мен кездейсоқ келеңсіз жағдайлардың орнауын болдырмау жөнінде бірқатар келісімдердің қабылдануымен құрыла бастады. Сенімді нығайту шаралары аймақтық деңгейде де жетілдіріліп келеді. 1975 жылы ЕҚЫК Қорытынды актісіне сенімді нығайту шаралары және қауіпсіздік пен қарусыздандыру кейбір аспектілері бойынша Құжат қосылған.

Қазіргі таңда БҰҰ  халықаралық қауіпсіздік пен  бейбітшілікті қамтамасыз етуде  тікелей және жанама, яғни аймақтық ұйымдар мен келісімдерді қолдау арқылы, ең негізгі рөлді атқарып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа халықаралық қауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары

 

ХХ ғасырдың соғына қарай  БҰҰ Жарғысына негізделген айтарлықтай  тұрақты халықаралық жүйе қалыптасты. Бұған дейін жасалған халықаралық-құқықтық актілері жүйесі де сақталды. Дегенмен, қазіргі таңда халықаралық қауымдастық бірқатар жаңа қиыншылықтар мен қайта күшейген бұрынғы мәселелерге тап болуда. Халықаралық қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі мәселелерде жекелеп қарастырып өткен жөн.

Халықаралық терроризм ХІХ ғасырда саяси күрес құралы ретінде пайда болып, өткен жүзжылдықтың аяғына қарай террористік ұйымдардың халықаралық желісі ретінде нығая түсті. Ұйымдық құрылымы мен масштабы өсуіне байланысты террористік әрекеттер тәсілдері мен құралдары жетіліп келді. Террористік әрекеттердің дамуы қара тізімге кірген «әділеттік үшін күресушілер» санының ұлғаюымен бірге жүріп келеді. Осыдан шамамен 50 жылдай бұрын террор құрбандары саясаткерлер, дипломаттар мен бизнесмендер болса, қазір бейбіт қарапайым халық жапа шегуде.

2001 жылдың қыркүйек  айы үш террорлық актілердің  куәсі болды. «Аль-Каеда» террористік  ұйымы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік  сауда орталығының екі көпқабатты  корпусын және Вашингтондағы  АҚШ Қорғаныс Ведомство ғимаратын  ұшақпен жарды. Осы оқиғалардан кейінгі халықаралық антитеррористік коалициялардың құрылуы, Ауғанстандағы әскери операция және басқа да терроризм алдын алу шаралары ХХІ ғасыр басының елеулі оқиғалары болды. Антитеррористік коалиция шеңберінде әлемнің барлық дерлік мемлекеттері терроризм ошақтарын ұлттық деңгейде жоюға міндеттелді. Бұл бастамаға аймақтық ұйымдар да белсенді қатыса бастады. БҰҰ террорға қарсы күресті заңды деп қарастыруы және антитеррористік операцияларында гуманитарлық тараптарды қамтамасыз етуі маңызды болды.

Дегенмен, әлі де халықаралық  терроризм мәселесін шешу үшін көп  күш қажет. Ол үшін терроризммен күрес  жолында тұрған кедергілерді жою  керек:

Біріншіден, екілік стандарттар  саясатын, әсіресе, террористік ұйымдарға  қатысты, тоқтату керек. Әлем күштері террормен күреске ұлттық қызығушылықтары арқылы қарамауы тиіс.

Екіншіден, халықаралық  терроризмді халықаралық қауіпсіздік  саласы ретінде жеткілікті әрі қажетті  құқықтық нормалармен қамтамасыз ету  керек.

Халықаралық терроризммен күреске дем беруші халықаралық-құқықтық нормалар соғысқа дейінгі кезеңде қабылдана бастаған. Мысалы, 1937 жылғы Женева конвенциясы терроризмді қудалау және алдын алу мен халықаралық қылмыстық сот құруды көздеді. Осы құжаттарда алғаш рет терроризм түсінігі анықталды. Алайда, күресте көрініс таппады: тек Үндістан ғана бекітті. 1949 жылғы Женева конвенциясы да белгілі. Бірақ ол да қағаз бетінде қалған құжат болды. 

1990-шы жылдары халықаралық  терроризм гүлденуі халықаралық  қауымдастықты алаңдатпай қоймады. 1995 жылдан 1999 жылға дейін осы мәселеге қатысты 15-ке жуық халықаралық жиналыстар болды: 1995 жылғы Оттавада «жетілік» кездесуі, 1996 жылғы Шарм-аль-Шейхтегі жоғары деңгейдегі жиын, т.б. 1997жылы желтоқсанда БҰҰ БА жарылғыш заттарды қолданумен қатысты террористік актілердің алдын алу туралы Халықаралық конвенциясын қабылдады.

Дегенмен, аталған құжаттардың  ешқайсы қажетті заңнамалық негіз  жасай алмады. Антитеррористік қызметке кедергі келтіретін мәселелердің барлығы  шешілгенде ғана бүкіл әлем болып  терроризммен күреске нақты әрекеттерді белгілеуге болады.

Аймақтық қақтығыстар  мен жаппай қырып-жою қаруларының  таралу қаупі. 90-шы жылдарға дейін биполярлы әлемде локальды қақтығыстар қарсы жақтың «үлкен соғысқа» дайындығын тексеру мақсатында жасалатын. Оған Корей, Вьетнам және Ауған соғыстар мысал бола алады.

Социалистік блоктың  күйреп, Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы локальды шиеленістерге жаңа түр  берді. Түрлі этникалық, діни қақтығыстар  саны көбейді. Қарабах, Абхазия, Шешенстан, Приднестровье, Осетия, Тәжікстан, Босния мен Герцеговина, Косово мен Сербия - әлі де бұқаралық ақпарат құралдарының көп талқылайтын мәселелері. Соңғы онжылдықта Африкандық мемлекеттердегі тайпааралық қақтығыстар да жиілеп кетті.

90-шы жылдардың ортасына  қарай БҰҰ және басқа да  ұйымдар қатысуымен аймақтық  шиеленістерді шешу, көбіне тоқтатып қою, үрдісі байқалды. Посткеңестік кеңістіктегі көптеген қақтығыстар осылайша белгісіз уақытқа тоқтатылған.

Халықаралық құқық шеңберінде толық әрі қайтарымсыз бейбітшілікке  жету үшін келесі әрекеттер жасалуы  керек:

- Локальды қақтығыстарды  шешуде әмбебап және аймақтық халықаралық ұйымдарының белсенділігін арттыру;

- Халықаралық-құқықтық  нормалар мен қағидалардың шын  мәнінде қолданылуын қамтамасыз  ету; БҰҰ ҚК қақтығыстарға қатысты  шешімдерінің орындалуын қамтамасыз  ету;

-   Белгілі бір  қақтығыстарға қатысты екілік стандарттар саясатын тоқтату және халықаралық құқықты ұлттық қызығушылық пен саясаттан жоғары қою.

Аталған қағидалар локальды қақтығыстарды шешуді тездетіп, халықаралық  құқықтың әлемдік деңгейде әсерін ұлғайтады.

Халықаралық тәртіпке қауіп  төндіруші тағы бір мәселе – жаппай қырып жою қаруының таралуы. Пәкстан мен Үндістанда ядролық бағдарламалардың жетістіктері Азиялық және әлемдік күштер балансын бұзды. Екі ел арасындағы көпжылдық шиеленіс жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Кейбір деректер бойынша ядролық бағдарлама Иран мен Солтүстік Кореяда да жасалуда. Бұдан әрі жаппай қырып-жою қаруларын таратпау үшін келесідей шаралар қажет: 1) Таратпау келісімін бұзған мемлекеттерге қатысты құқықтық, саяси және экономикалық санкциялар қолдану; 2) ядролық қарулары мемлекеттердің таратпауға қатысты өз міндеттерін орындауын қадағалау.

Қорытындылай келе, аталған  қазіргі заман мәселелері тек  негізгілері ғана екендігін атап өткен жөн. Бұған экономикалық, экологиялық  халықаралық қауіпсіздікке кедергі  жасаушы бірқатар мәселелерді де қосуға болады. Төніп тұрған қауіптер қарсы нақты әрекеттерді талап етуде. Оның үстіне, осыдан 40-50 жыл бұрын тіпті болжанбаған мәселелердің пайда болуы болашақта олардың одан әрі жаңара түсетініне күмән тудыртпайды. Сол себепті әлемдік қауіпсіздікті сақтап қалу үшін мәселелердің шешімін табу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін сақтап тұра алатын жүйенің қажеттігін мойындағанға дейін  адамзат ұзақ әрі қиын жолдан өтті.

БҰҰ құрылуы халықаралық қатынастар тарихында да, халықаралық құқық тарихында да елеулі оқиға болды. БҰҰ Жарғысы қазіргі халықаралық құқық деп аталып жүрген жүйенің негізгі мақсаттары мен қағидаларын бекітті. Қырғи қабақ соғысына қатысты қиын халықаралық жағдайға қарамастан, БҰҰ-на негізделген халықаралық-құқықтық жүйе дамып, масштабын кеңейте берді. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері көбейе бастап, жылдан жылға жүйенің тиімділігі арта түсті.

Социалистік блоктың  күйреуі мен Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы халықаралық ортаны өзгертіп, қауіпсіздік саласында кейбір мәселелерді қайта қарастыруды талап етті. Бұрын соңында болмаған халықаралық қауіптер пайда болды.

Сонымен қатар, халықаралық  қауіпсіздік ұғымын тек саяси  жағынан қарастыру жеткіліксіз. Әлемге төніп тұрған қауіптер сантүрлі, экономикалық, экономикалық сахналарда да адамзат қауіпсіздігіне қатысты мәселелер туындауда.

Бұл қиыншылықтар қалыптасқан  халықаралық-құқықтық жүйенің сынағы болып табылады. Халықаралық құқық  жаңа мәселелерді шешу қабілетіне байланысты оның ары қарай өмір сүруі, дамуы мен беделі айқындалады.

Заманның қауіптері  жаңаша түрге енгендіктен олармен  күресті де жаңарту маңызды. Қазіргі  таңдағы күресудің ең тиімді жолы - әлем болып біріге отырып, адамзат  тағдырын қолға алу. Халықаралық қауымдастық осы жолмен жылжып келе жатқан сыңай танытады. Дегенмен, көптеген тәсілдер мен құралдарды қайта қарастырып, жалықпай еңбек ету ғана нақты нәтижеге жеткізетіндігі анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. История древнего мира. Ранняя древность. Под редакцией Дьяконова И. М. Москва, 1982.
  2. Лукашук И. И. Международное право - Общая часть. Учебник для юридических факультетов и вузов. Москва, 1999.
  3. Тункин Г.И. Международное право. Москва, 1982.
  4. Игнатенко Г.В. Международное право. Москва, 1995.
  5. Блатова Н. Т., Мелков Г. М. Международное право в документах. Москва, 2002.
  6. Скакунов Э. И. Международно-правовые гарантии безопасности государств. Москва, 1983
  7. Торкунов А. В.. Современные международные отношения. Москва, 2001
  8. www.un.org

 

 

 


Информация о работе Халықаралық қауіпсіздік мәселесі