Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Адам құқығы туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14(2) бабы «шынымен қылмыс жасалынғаны негізінде қылмыстық із кесу» жағдайында баспана беру мүмкіндігін болдырмауды қарастырады.

Егер әскери қылмыскерлерді сотқа беруде мемлекеттердің тікелей мүдделілігін ескермесе, онда 1951 жылғы Конвенцияның дайындық материалдары қылмыскерлерге босқын мәртебесін және сонымен байланысты жеңілдіктерді беруде жалпы  бас тартуға қатысты көптеген шешілмеген сұрақтарды айқындайды. Конвенцияның түпкі мәтінінде негіз ретінде алдамшы қарапайым сөз тізбегі алынған – «саяси сипатқа ие емес ауыр қылмыс», - мұндай қылмыстардың шеңбері «баспана берген елден сыртта және [кінәлілер] елге босқын ретінде жіберілмес бұрын» жасалған қылмыстармен шектеледі.

Әрбір мемлекет 1951 жылғы Конвенция мақсатын ұстана отырып, қандай қылмыстың ауыр екенін өзінің жеке критерийлері бойынша өзі анықтауы керек. Сондықтан, мемлекет босқын мәртебесін алуға өтініш берушінің қылмыстық бейімділігі оның адал босқын ретіндегі мінездемесінен асып түсетінін және сондықтан мемлекеттің ішкі тәртібі үшін қауіпті екенін анықтауды өз қарауы бойынша шеше алады.

Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасын  айтуға болады, онда мемлекет пен қоғам үшін аса қауіпті болатын бірқатар қылмыс құрамдары бекітілген. Мұндай құрамдарға жататындар: геноцид, терроризм, адамды ұрлау, мемлекеттік құпияны жариялау, жаппай тәртіп бұзу және т.б. [14].

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін қылмыс жасау салдарынан Конвенция әрекеті аясынан тұлғаны шығару қағидасы БХҰ Жарғысында да бар және ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде  өзінің мақсаттарының бірін қандай да бір мемлекет үкіметін (БҰҰ мүшесін) қарулы күшпен құлату етіп қоятын ұйымның немесе қандай да бір террористік ұйымның жұмысына қатысқандарға таратылмайды, сонымен қатар олардың үкіметтеріне қарсы қозғалыстар жетекшілеріне немесе босқындардың өз еліне қайтуын қолдамайтын қозғалыстар жетекшілеріне таралмайды. Мұнда келесідей пікірлер де ұсынылды: «Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін іс-әрекеттер», «әскери қылмысты, геноцидті және демократиялық режимдердің беделін түсіру немесе құлатуды» қамтиды; әр түрлі мемлекеттер басқа да мүмкін түсініктемелерді ұсынды.

Босқын мәртебесін беруден бас тартудың қарастырылған негізі аясына, мысалы, басқаларға құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген немесе осы құқықтарды шектеген тұлғалар әрекеті де түседі. 1F с) бабы адам құқығын бұзатын немесе БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына басқа түрде қарсы келетін саясатты жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттің жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларын шығарып тастайды. Аталған бап  өте кең қолданыла алады. БҰҰ есірткілер айналымымен күрес бойынша, басқарудың демократиялық және өкілдік нысандарына жәрдемдесуге қатысты және кейбір азаттық қозғалыстардың халықаралық мәртебесін мойындау бойынша шаралар қолданды. Бұл есірткіні сатумен айналысатын тұлғалардың, демократиялық процесті бұзушылар немесе бүлдірушілердің немесе билікте колониалдық немесе соған ұқсаған режимдердің сақталуына жауапты тұлғалардың босқын мәртебесін алуға құқығы болмауы керек екендігін көрсетеді.

 

 

1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері

Босқындардың баспана іздеген елде өмір сүру режиміне қатысты құқықтары мен міндеттері жай және конвенциялық халықаралық құқық нормаларына сәйкес анықталады. Бұл құқықтар мен міндеттер туралы негізгі ережелер 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда тұжырымдалған. Бұл ережелер осы елде тұрып жатқан шетелдіктер пайдаланатын режимге жалпы бағдары сәйкес келетін босқындар режимінің «минималды, стандартты нормасы» ретінде анықталады.

1951 жылғы Конвенцияның 7 бабы конвенцияның қатысушы  мемлекеттеріне барынша қолайлы  құқықтық жағдай ұсынылатын кездерден  басқа босқындарға «шетелдіктер  қолданатын» режимді беруді жүктейді.

Мемлекет өз бетінше немесе өзара қатынас негізінде босқындардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуге құқылы. Мұндай кеңейту, әдетте, босқын тастап кеткен мемлекет пен оның жаңа тұратын мемлекеті арасындағы жасалған арнайы шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылады, яғни шарттық өзаратүсіністік негізінде немесе босқынның жаңадан қоныстанған мемлекетінің ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни заңдық өзаратүсіністік негізінде.

Конвенцияға сәйкес заңды өзаратүсіністік негізінде, жалпы, шетелдіктер пайдаланатын құқық осы мемлекеттің территориясында үш жыл ішінде тұрған босқындарға беріледі (7 бап, 2 т.). 1951 жылғы Конвенция күшіне енген күні шетелдіктердің құқықтары мен артықшылықтарына ие болған босқындар оларды ары қарай да қолдана береді (7 бап, 3 т.).

1951 жылғы Конвенция  боқындармен қатынастың төрт  режимін бекітеді:

1) ұлттық режим, яғни  сәйкес мемлекеттің азаматтарына  берілетін режим;

2) босқынның кәдімгі  тұрған жері елінің азаматтарына  берілетін режим;

3) барынша қолайлы режим, яғни шетел мемлекеттері азаматтарына берілетін барынша қолайлы режим;

4) барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда  шетелдіктер қолданатын режимнен  қолайлылығы кем емес режим.

Ұлттық режим босқындарға келесі құқықтарға қатысты беріледі: дінді пайдалану құқығы (4 бап); сотқа жүгіну құқығы (16 бап); ел аумағында  үш жылдан аса тұрған,сонымен қатар азаматтығы бар жұбайы,бір немесе бірнеше балалары бар босқындарға қатысты жұмысқа жалдану құқығы; тапшы өнімдерді бөлуді реттеуші сыбағалар жүйесі (20 бап); бастауыш білім (22 бап, 1 т.); мемлекеттік көмекке және қолдауға құқық (23 бап); еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға (24 бап); салық салуға қатысты  (29 бап).

Босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтары үшін орнықтырылған режим өнеркәсіптік меншікке құқықты қорғауға қатысты беріледі, олар келесідей: өнертабысқа, сызбалар мен модельдерге, тауарлық белгілерге, фирмалық атауларға және әдебиетке, көркем және ғылыми шығармаларға құқықтар (14 бап); сотқа жүгіну құқығы, жекелей айтқанда, заңгерлік кеңестер мен соттық кепілзат төлеуден босатылу мәселелері (cautio judicatum solvi).

Барынша қолайлы режим саяси сипаттамалары жоқ және пайда түсіру мақсаттарын ұстанбайтын ассоциацияларды құру және оларға қатысу құқығына қатысты беріледі, сонымен қатар кәсіподақтарға қатысты (15 бап); ұлттық режимді алу үшін қойылатын талаптарды босқындар қанағаттандырмаған жағдайларда жұмысқа жалдану бойынша құқық (17 бап,  1т.).

Барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді және солармен байланысты құқықтарды алуға қатысты беріледі, сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге қатысты жалға беру және басқа шарттарға қатысты беріледі (13 бап); өз бетінше ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіппен, қол өнері және саудамен айналысу, сондай ақ сауда және өнеркәсіптік серіктестіктерді құру құқығы (18 бап); еркін кәсіптермен айналысу құқығы (19 бап); тұрғын үймен қамсыздануға құқық (21 бап); оқу мүмкіндігіне, шетелдік аттестаттарды, дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тануға, оқу төлемінен босатылуға, сонымен қатар степендия беруге қатысты құқық (22 бап, 2 т.).

Жалпы құқықтардан өзге, көп жағдайларда : 

а) отандық мемлекетпен іс жүзінде және құқықтық байланысын жоғалтқан;

б) олардың жеке режимін анықтау үшін қажет құжаттары жоқ;

в) бассауғалаушы елге заңсыз әдіспен енген тұлғалар ретінде босқындардың арнайы құқықтары да болады

1951 жылғы босқындар  мәртебесі туралы Конвенция босқынның  жеке мәртебесі оның домицилдену елінің заңымен немесе, егер онда бар болса, оның тұрған елінің заңдарымен анықталатынын орнықтырады. Және бұл кезде, босқындардың жеке мәртебесімен байланысты, онымен ертерек алынған құқық, некеден шығатын құқық та, конвенция қатысушысы болып табылатын мемлекетпен сақталатыны көрсетіледі (12 бап).

  Мемлекет оның территориясына заңды түрде келген босқындарға тұратын жерді таңдау құқығын және оның территориясы шегінде еркін қозғалу мүмкіндігін беру (26 бап) және олардың территориясында орналасқан,жол жүру құжаты жоқ босқындарға жарамды жеке  куәлік беру (27 бап) міндеттемесін өзіне алады.

Мемлекет территориясына олардың өміріне немесе еркіндігіне қауіп төнген территориядан босқындардың заңсыз кірген немесе болған жағдайда, конвенция босқындарды осындай заңсыз кіру мен болу жазасынан босататын ережелерді қарастырады. Бұл құқық босқындардың өзінің заңсыз кіргені немесе келгенін қанағаттандырарлықтай негіздейтін түсініктемені билік басындағыларға беру міндетімен шартталады (31 бап, 1 т.).

Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін болмаса, олардың территориясында заңды тұратын босқындарды жер аудартпау міндеттемесін жүктейді. Мұндай жер аудару тек  сот тәртібімен шығарылған шешімді орындау үшін жүргізілуі тиіс.   Осы жерде босқындарға басқа елге кіру үшін заңды құқық алуға жеткілікті мерзім берілу қажеттілігі ерекше көрсетіледі (32 бап).

Конвенция босқындардың нәсіліне, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына немесе саяси көзқарастарына қатысты өмірлеріне немесе еркіндігіне қатер төнетін елдің шекарасына оларды жіберуге немесе қайтаруға тыйым  салады (33 бап, 1 т.).

Босқындардың міндеттері конвенцияның 2 бабында тұжырымдалған. Онда, босқындардың өздері орналасқан елдің қоғамдық тәртібін сақтау үшін қолданылатын шараларға, заңдар мен қаулыларға бағынуы керек екендігі туралы айтылған.

Босқындар басқа халықаралық келісімдердің кең шеңберінде қарастырылған қорғануды (тікелей немесе жанама) қолдана алады. Кейбір жағдайларда босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларды қорғау үшін аз қолданылды; екінші жағдайларда, мемлекеттер адам құқығы саласындағы  міндеттеме шарттардың мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялануы бойынша нақты шаралар талап ете алатынын қазір ғана мойындайды; үшіншіден – адам құқығын қорғауға арналған ережелер баспана іздеуші тұлғаларды қорғауға сәйкес келмейтін болып табылды.

Шарттардың орындалуын қадағалайтын және бақылайтын механизмді құратын, әмбебап немесе әлуетті әмбебап сипатты құжаттар ерекше маңызға ие, мысалы 1966 жылғы Пактілер – Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт.

1984 ж. Азаптауға қарсы  конвенция ; 1989 ж.  Баланың құқықтары  туралы конвенция; 1949 ж.  Соғыс  кезіндегі азаматтық халықты  қорғау туралы Женева конвенциясы және оның 1 Хаттамасы; Теңіздегі қауіпсіздік туралы Конвенциялар; Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциялары, оның ішінде  № 118 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы елдің азаматтарының және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың тең құқықтығы туралы конвенция(1962) және  № 97 Еңбек етуші – мигранттар туралы конвенция (1949).

Босқындар проблемасының нақты аспектілері 1957 ж. Босқын – теңізшілер туралы келісім және оның 1973 ж. хаттамасы сияқты құжаттардың және келісім хаттамаларының, мысалы авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны қайта қарау туралы 1971 ж. хаттаманың объектісі болды; мұндай хаттамалар  1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция үшін және Апатридтер мәртебесі туралы 1954ж.  Конвенцияға ортақ болып табылатын 14 бапқа негізделген; осыған ұқсас хаттама, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы 1883 ж. Париж конвенциясын қайта қарау бойынша Дипломатиялық конференцияның қарауына  ұсынылған еді.

Босқындардың орын ауыстыруын және халықтың басқалай орын ауыстыруларын мемлекеттер арасындағы барлық қолданыстағы келісімдерді ескере отырып қарастыру қажет екендігі айқын, мысалы еркін сауда мен жұмыс күшінің еркін тасымалдануы туралы. Осылайша, 1992 жылғы Маастрихт шарты босқындар мен баспана беруге қатысты Европалық Одақтың саясатын сәйкестендіруге бағытталған. Өз кезегінде, 1990 жылғы Дублин конвенциясы және  1990 ж. Шенген келісімін қолдану туралы Конвенция баспана беру туралы істерді қараудың жалпы ережелері мен тәжірибесін орнықтыруға арналған, әсіресе, өтініші қаралмаған тұлғалардың мәртебесін анықтау және тұлғаларды елден депортациялауға  қатысты.

Африкада көптеген елдер 1969 ж. ОАЕ Конвенциясын бекітті; Латын Америкасында баспана беруге қатысты шарттар мен тәжірибелердің күрделі желісі әрекет етеді; келісімдердің көп мөлшері Еуропа Кеңесі қамқорлығымен жасалды.

 

2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу

 

2.1 Босқындардың  құқықтық жағдайларын бекітетін  халықаралық-құқықтық нормалар

Босқынның мәртебесінің ресми бекітілуі анықталған тұлғаның немесе топтың жағдайы сәйкес құқықтық критерийлерді қанағаттандыратыны туралы қандай да бір органмен бекітілуіне әкеп соғатын құқықтық салдарларға әкеледі. Тұлға оның жағдайы  анықтамаға сәйкес келсе,  босқын деп танылады, сондықтан  босқын мәртебесінің бекітілуі адамды босқын етпейді, тек қана оны босқын деп жариялайды, дегенмен, егер мемлекет босқын мәртебесін бекітуден бас тартса немесе мемлекет пен БЖКБ оны әртүрлі анықтаса, онда проблемалар пайда болады.

Жалпы ережелер бойынша, тұлға босқын деп танылады, егер ол 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияда тұжырымдалған критерийлерді қанағаттандыратын болса. «Босқын» ұғымын  және босқын деп есептелуге құқықты тұлғалар категориясын анықтайтын конвенция ережелерін үш бөлімге бөлуге болады. Бірінші бөлімде босқын деп танылуы үшін тұлға қанағаттандыруы қажет критерийлер анықталады. Екінші бөлімінде босқынның босқын ретінде танылуын болдырмайтын жағдайлар келтірілген. Үшінші бөлімінде ол бірінші бөлімдегі критерийлерді қанағаттандыратын болса да, тұлға конвенция әрекетінен шығарылатын себептер көрсетіледі.

Дегенмен, 1951 ж. Конвенцияда босқын мәртебесін анықтау тәртібі туралы ешнәрсе айтылмайды. Сондықтан босқындар мәртебесін беру туралы өтінішті бағалауға (осы ұғымның анықталу күшіне қарай) субъективті және объективті факторлар кешені ықпал етеді, ал мұндай бағалаудың міндеті – халықаралық құжатты тереңдетілген ізгілікті мақсатта талдау – кейбір негізін қалаушы  ережелерді сақтаумен түсіндіріледі.

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы