Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июня 2014 в 15:08, дипломная работа

Краткое описание

Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері................................................................................................7
1.1 Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы.......................................7
1.2 Босқындар режимін беру қағидалары...................................................14
1.3 Халықаралық-құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері.............................................................................................20
2 Босқындар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеу...........................24
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық нормалар.....................................................................................24
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы.......................................................27
3 Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының өзекті мәселелері.............................33
3.1 ҚР-ғы босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері............33
3.2 Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының
құқықтық аспектілері.................................................................................................49
Қорытынды..................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Босқындар проблемасы мен құқығы.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

Қызметкерлер мәртебесі  - Өкілдікте жұмыс істеуші Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек контрактісі, шарты немесе келісімі негізінде Қазақстан Республикасының заңымен анықталады.

Соңғы жасалған келісімдер ішінде  2002 ж. 7 қарашада Кишиневта қол қойылған  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  көмек көрсетудің  Мемлекетаралық қоры туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Шешімін атауға болады.  Қарастырылып отырған  Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттері басшыларының Кеңесінің Келісіміне сәйкес  1995 жылы 10 ақпандағы Достастық елдері басшыларының Кеңесі Шешімімен бекітілген  босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ережесімен анықталған қызметтерді атқарудың мүмкінсіздігіне байланысты, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын жоюды шешті және 1995 жылы 10 ақпандағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын құру туралы туралы Достастық мемлекеттер басшылары  Кеңесінің  Шешімі  күшін жойды деп танылды.

Әлі  қолданысқа енгізілмеген, дегенмен ерекше көңіл аударарлық құжат  - бұл босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі мен Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі   қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушылар құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама Жобасы (22 желтоқсан 2003 жыл).

Жобаға сәйкес  Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары немесе  Қазақстан Республикасынан  Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетін  Ресей Федерациясының азаматтары Келісімде анықталған шарттарға  сай белгіленген нысанда  өтініш береді:

а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Ресей Федерациясындағы  Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының  көші-қоны мен демография бойынша Агенттігіне;

б) Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігіне немесе Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігіне.

Уәкілетті орган немесе қабылдаушы мемлекеттердің елшілері тіркеу жүргізеді, өтініштің Келісім шарттарына сәйкестігін тексереді және жөнелтуші мемлекеттің уәкілетті органына жібереді. 

Қабылдаушы  мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қарайды, онда шығуға кедергі келтіретін жағдайдың бары немесе жоғы туралы белгі соғады және  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне жібереді. Шығуға кедергі келтіретін жағдай болмаған жағдайда  қабылдаушы мемлекеттің уәкілетті органы  немесе  елшілігі өтініш берген тұлғаға  қоныс аударуға (келуге) белгіленген үлгідегі рұқсатты береді.  Қоныс аударуға (көшіп келуге) рұқсат беруден бас тартылған тұлға    шығуға кедергі келтіретін жағдай жойылған  кезде  екінші рет қоныс аударуға (көшуге) өтініш бере алады. 

Уәкілетті органдар  әрбір жарты жылдықта қоныс аударуға (көшуге) рұқсат алған тұлғалар туралы ақпараттармен алмасады.

Өтінішті жөнелтуші  мемлекеттің уәкілетті органында қарау мерзімі бір айдан аспауы керек.  Өтініште көрсетілген жағдайларды қосымша тексеру қажет болған кезде  бұл мерзімді ұзартуға болады, бірақ бір айдан артық емес мерзімге. Өтінішті қарау мерзімі ұзартылған жағдайда  жөнелтуші  мемлекеттің уәкілетті органы  қабылдаушы  мемлекеттің уәкілетті органына немесе елшілігіне хабарлайды. 

Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат Келісімге сәйкес тұлғаның тұрақты мекен-жайға көшуін және қоныс аударушы мәртебесін дәлелдейтін құжат болып табылады. Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат  берілген күнінен бастап бір жылға дейін күшінде болады. Қоныс аударуға рұқсат алған тұлғаға  уәкілетті орган қоныс аударушы мәртебесін  дәлелдейтін  белгіленген  үлгідегі куәлікті береді. 

Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, мемлекеттер өздерінің саяси сенімдері мен саяси қызметтері үшін тұрақты тұратын мемлекеттерінде немесе өз мемлекеттерінде қудалауға ұшырайтын немесе қудалануы мүмкін адамдарға саяси баспана беруі мүмкін. Әрбір мемлекет қандай адамдарға және қандай шарттарда баспана беруін өздері айқындайды. Баспана берілетін адамдардың шеңбері мемлекеттің ішкі заңымен белгіленеді. Баспана құқығы – бұл мемлекет тәуелсіздігіне негізделген институт. Саяси баспана беретін мемлекеттердің билік өкілдерінен басқа ешкім де мұндай құқыққа ие адамдар санатын айқындай алмайды. Сонымен бірге, халықаралық құқықта мемлекеттердің баспана беру құқығын шектейтін құқықтық нормалар бар. Осы нормаларға орай, кейбір адамдар санатына мұндай құқықтық беруге болмайды. Осындай санатқа мыналар жатады:

-халықаралық қылмыс  жасаған деп айыпталушы адамдар;

- экстрадиция туралы екіжақты шарт тізіміне енетін қылмыскерлер;

- қылмыстың жекелеген түрлерімен күрес туралы халықаралық көпжақты шарттарда міндетті түрде беру көзделген адамдар;

Баспана беру құқығының қажетті шарты - әрбір нақты жағдайда мүдделі адам тарапынан тиісті өтініштің берілуі болып табылады.

Мұндай жағдайда үш түрлі құқықтық қатынастар пайда болады:

- Баспана сұраушы мен оның азаматтығы бар мемлекет арасында;

- Баспана сұраушы мен баспана беруші мемлекет арасында;

- Адамның өзі азамат болып табылатын мемлекет пен баспана берген мемлекет арасында.

Баспананың ең көне нысандарының бірі – діни баспаналар. Христиан діні абсолютизм дәуіріне дейін әулие жерлерді баспаналауды кең насихаттайтын. Бүгінгі күнге дейін Рим шіркеуі баспана беру құқығынан бас тартқан жоқ. Алайда халықаралық құқық субъектілерінің көпшілігі Ватикан, Испания, Португалия сындылар оған тыйым салып келеді. Православие дініне келетін болсақ, дінде баспананың осы түрі өте ертеде болған. Ал ислам дінінде қасиетті қалаларды, бабалар зиратын баспана түрінде пайдаланған.

Мемлекеттер іс-тәжірибесінде баспананың мемлекет аумағынан тыс жерлерде болатын жағдайлары да кездеседі: дипломатиялық миссиялар мен консулдық ғимараттарында, әскери кемелер мен әуе кемелерінің бортында, әскери база мен лагерьлер аумағында беруі мүмкін. Дипломатиялық немесе консудық мемкемелердің баспана беруі дипломатиялық баспана деп аталады. Баспананың мұндай  нысаны мемлекеттер тәжірибесінде тұрақты дипломатиялық мекемелер институты пайда болғаннан кейін және оларға артықшылықтар мен иммунитеттер берілгеннен кейін қолданады.

Баспананың бұл түрі XVI-XVIII ғасырларда барлық мемлекеттер тәжірибесінде кеңінен қолданысқа ие болады. Дипломатиялық баспаналарға қатысты барлық мемлекеттерді мынадай топтарға бөлуге болады. Дипломатиялық  баспаналарға қатысты барлық мемлекеттерді мынадай топтарға бөлуге болады:

- Мұндай баспананы қолданбайтын және танымайтын мемлекеттер. Көптеген мемлекеттер осы топқа жатады, солардың бірі – Қазақстан Республикасы;

- Өз аумақтарында дипломатиялық баспана бермейтін, бірақ басқаларға ұсынатын мемлекеттер. Мұндай мемлекеттерге Франция, Ұлыбритания, АҚШ жатады;

- Өздері дипломатиялық баспана беретін және өз аумақтарында да баспана беруге рұқсат ететін мемлекеттер. Бұл топқа Латын Америкасы мемлекеттері жатады;

- Өздері баспана бермейтін, бірақ өздерінің аумақтарында беруге рұқсат беретін мемлекеттер, - мысалы, Грекия.

Сонымен,  мұндай   баспана  түрін тек  Латын  Америкасы  елдері  ғана мойындағандықтан, бұл мәселе аймақтық нормалардың бар екенін айтуға болады.

Дипломатиялық баспана туралы 1928 ж. Гавана Конвенциясына сәйкес, баспананың осы түрі мынадай талаптар болған жағдайды білдіреді:

- Дипломатиялық баспананы осындай құқықты танитын елдер ғана бере алады;

- Ол адамның қаупсіздігін қамтамасыз ету керек болған жағдайда ғана беріледі;

- Дипломатиялық агаент, әскери кеменің, лагерьдің немесе тікұшақтың командирлері дипломатиялық баспананың берілгені туралы жергілікті билік өкілдеріне хабарлауы тиіс;

- Ондай мемлекеттің үкіметі адамның елден тез арада кетуін талап ете алады, ал дипломатиялық агент, өз кезегінде ондай адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді;

- Қорғаныш іздеушілерді ондай елдің аумағында немесе оның шекараларынан жақын жерлерге түсіруге болмайды;

- Баспана берілген адамға қоғамдық қауіпсіздікке қайшы келетін әрекеттерді жасауға тыйым салынады;

- Мемлекет   баспана   беруге   байланысты  шығындарды  көтермейді.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі баспана беру құқығы туралы мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіне қойылды. Ол 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 14-бабында жалпы нысанда былайша жарияланды:

- Әр адамның қуғынға ұшыраған  жағдайда,  басқа  елдерден  баспана іздеп және сол баспананы пайдалану құқығы бар.

- Бұл  құқық  шынтуайтында  саяси емес қылмыстың негізінде, немесе

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді.

Халықаралық құқықта аумақтық (саяси) баспана беру кеңінен таратылып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1967 ж. 14 желтоқсанында аумақтық баспана туралы Декларацияны қабылдады. Декларацияда адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 14-бабына сүйену құқықтары бар, онда отаршылдыққа қарсы күресуші адамдарды қоса алғанда, барлық адамдарға баспана берілуі тиіс деп бекітілген. Мемлекеттер мұндай адамдарға шекаралардан өтуге тыйм салмауы және қудалауға ұшырауы мүмкін елдерге қайтуға мәжбүрлемеуі, жер аудармауы тиіс. Декларацияда нақты мемлекеттің аумағында баспана алған  адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне көңіл аударылған.

Бұндай жағдайларда консулдық мекемелердің қызметінің маңызы да өте зор. Азаматтарға құқықтық консультация, көмек беру жағынан.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес берілді және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері мен консулдық мекемелерінің шетелдерде қолдануы үшін тағайындалған. Саяси баспана алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқытар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы немесе саяси баспана беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының  Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасында саяси баспана, егер адам:

- Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс деп танылған әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін қудаланса немесе Бірккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттер жасауға кінәлі болса;

- қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бар болса;

- үшінші елде тұрып, онда оған қудалану қауіпті төнбесе;

- көрінеу жалған мәліметтер табыс етсе;

- өзінде үшінші елдің азаматтағы бар болып әр онда ол пайдаланбайтын болса:

- егер ол Қазақстан Республикасының қандай да бір мемілекетпен екіжақты қатынастарның қамуына елеулі түрде әсер етсе берілмейді.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азамттығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы өтініштердің берілуі және оларды қарау тәртібі.

Қазақстан Республикасының аумағынын тыс жерде жүрген және саяси баспана алуды қалайтын адам Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесі арқылы Қазақстан Республикасы Президентініңатына жазбаша өтініш беруге тиіс. Егер адам балаларымен бірге саяси баспана беру туралы өтініш етсе, онда 14 жасқа толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі.

Өтініш беруші адам саяси баспана беру туралы мәселе шешілгенге дейін айына кемінде екі рет тұрғылықты жер бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесінде белгіленіп отырады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдай Көші-қон департаментіне дипломатиялық өкілді немесе консулдық мекеме жағдаяттар анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді кідірте тұрады. Қазақстан Республикасында саяси баспана берілуі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылған өтініште өзі азаматты болып табылатын және немесе тұрып жатқан елінде қоғамдық-саяси қызыметі, нәсілі, ұлты, діни сенімі үшін қудалаудан немесе қудалу құрбаны болудың айқын қатерінен баспана және қорғаныш іздеген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда саяси баспана беру негіздері баяндалуы тиіс.

Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі өтініштерді бекімдейтін консулдық мекемелер жоғарыда аталған құжаттар мен материалдардан басқа іске қатысты басқа да құжаттарды талап етуге құқылы. Өтініш берушіден құқықтарды қабылдау сатысында оның материалдық-қаржылық жағдай (жылжитын және жылжымаитын мүліктер) туралы нотариалды куәландырылған құжаттарды беруінің де маңызы зор. Ұсынылған құжаттардан толық емес немесе тура емес мәліметтер табылған жағдайда, құжаттар өтініш берушіге толықтыру немесе түсіндіруі үшін қайтарылады. Барлық құжаттар қазақ не орыс тілдерінде жазылуы керек немесе қазақ не орыс тілдеріндегі куәландырылған тиіс ацудармаларымен берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының дипломатиалық өкілдігі немесе консулдық мекемесі өтініш материалдары бойынша қортында жасап, материалдарды екі дамасымен Сыртқы істер министірлігіне жібереді. Сыртқы істер министірлігі өз қортындысын жасап, материалды Көші-қон департаминтіне жібереді. Саяси баспана беру туралы материалдар бойынша жасалған қортында баспана берудің орындалығы немесе саяси баспана беру туралы өтінішті қабыл алмау туралы дәлелі мқият мазмұндалуы керек.

Информация о работе Босқындар құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу проблемасы