Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 01:31, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе халықаралық құқықтың жаңа даму тенденцияларын айқындайды. Ол халықаралық құқықтың реттеу базасы мен нормативтік құқықтық реттелудің өзгеруін көрсетеді.
Зерттеу объектісі: халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъекілігін мойындау немесе жоққа шығару мәселесі.
Зерттеу мақсаты: халықарылық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілік мәселесін, олардың құқықтық мәртебесін толықтай зерттеп, тақырыпты ашу.
Зерттеу міндеттері: - халықарылқ құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігінің мәнін анықтау;
- олардың ерекшелігін анықтау, жеке тұлғаның қазіргі халықаралық құқықтағы рөлін, мәртебесін анықтау;
- қазіргі халықаралық құқық тәжірибесінде жеке тұлғаның рөлін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................
1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІ
1.1. Құқысубъектілік ұғымы, белгілері және даму тарихы...................................
1.2. Жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану....................
2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Жеке тұлға құқықтарының халықаралық органдармен қорғалуы.................
2.2. Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі...........................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс 2012.docx

— 82.38 Кб (Скачать документ)

Онымен қоса, Нюрнберг трибуналы  өзінің үкімінде, халықаралық құқық  жеке тұлғаларға, олар бұзған тәртіптер  үшін қылмыстық жауаптылық тағайындайындамайды  деген анықтаманы жоққа шығарды. Трибуналдың шешімінде жақтау тарабы екі аргумент келтірді деп айтылды: халықаралық құқық тек егеменді мемлекеттер ісін қарастырады, және де жеке тұлғаларға жаза тағайындамайды; қарастырылған істе жеке тұлғалар құқықбұзушылық әрекетін жасаса, ол тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, яғни мемлекеттің егемендік доктринасының қоластында болады. Трибуналдың пайымдауынша, бұл екі аргументте жоққа шығарылуы тиіс. Себебі, халықаралық құқық мемлекеттер мен жеке тұлғаларға да бірдей жауаптылық пен міндеттер бекітетінін бұрыннан белгілі.

Нюрнберг процессі халықаралық қылмыстар үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауакершілік принципін бекітті. Оның үкімдерінде атап көрсетілгендей, «халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар абстракты категориялармен емес, адамдармен жасалады, және де халықаралық құқық нормалары сол жеке тұлғаларды жазалау арқылы жүзеге асады» делінген.

БҰҰ шеңберінде қабылданған  көпшілік халықаралық келісімдер жеке тұлғаларға бағытталған. Келісімдер қылмыстық  жауапкершілікті көздей отырып, белгілі  бір іс әрекеттерді жасауға тыйым  салады. Олардың құрамында, мемлекеттердің құқықшығармашылық және басқа да шараларды қолдану міндеттері, халықаралық құқық принциптері мен нормаларын бұзған тұлғаларға жаза түрлері қамтылған. Ол туралы: геноцидтің алдын алу және жаза тағайындау туралы конвенциясында (I, IV, V баптар), нәсілдік дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцяда (4 бап), апартеид қылмысының алдын алу туралы Конвенцияда (I, III, V баптар) және т.б. құжаттарда айтылып кеткен.

Халықаралық келісімдер белгілі  бір жеке тұлғаның жасаған іс әрекетін қылмыс деп тани отырып, мелекеттерді кінәлі жеке тұлғаларды жазалауға мәжбүрлейді. Ондай тұлғалар әдетте тек халықаралық  құқықты емес, онымен қатар олар мекендеген мемлекеттің ішкі құқығында  бұзады.

Осындай келісімшарттарды орындау  үшін әдетте мүше мемлекеттер өздерінің  заңнамасында белгілі бір нормаларды орнатып, олар тиісінше тәжірибеде қолданылады.

Халықаралық қылмыстар жасаған  жеке тұлғалар, қылмыс жасалған уақыты мен орнына қарамастан қылмыстық  жауаптылыққа тартылады. Және бұл жағдайда бұл іс әрекеттің ол елде қылмыс болып саналауы не саналмауы, не болмаса  жеке тұлға шетел азаматы не болмаса  сол мемлекеттің азаматы болып  табылуы не табылмауы ешқандай рөл  ойнамайды. Мұндай жеке тұлға қандай жағдайда да, халықаралық құқық нормаларын бұзған болып табылады, және ол елдің заңнамасында ол іс әрекеттің қылмыс болып саналмауы жеке тұлғаны жауапкершіліктен босатпайды. Халықаралық құқыққа сәйкес, әрбір мемлекет ондай тұлғаларды кінәлі деп санауы тиіс. Егерде жеке тұлға халықаралық қылмысты жеке тұлға ретінде емес, мемлекет атынан жасаған болса, сол елдің халықаралық қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе туындайды.

Халықаралық қылмыстардың спецификасы  келесінден тұрады: халықаралық қылмыстар жай жеке тұлғалармен жасалмайы, керісінше, мемлекетте ресми беделге ие тұлғалармен, мелекет атынан өкілдерімен жасалады. Соған сәйкес, мелекет өзінің өкілін ұстап беруі, не оны жазалауы қиынға соғады. Сондықтан мұндай кезде халықаралық қылмыстық сот құру қажеттілігі туындайды. Ол мемлекетті емес, тиісінше кінәлі жеке тұлғаларды жазалауы тиіс [18].

Халықаралық қылмыстық сотты  құру ұлттық құқық пен халықаралық  құқық қатынасында көпқырлы сұрақтардың  бірі. Көп жылдар бойы адамзат тарихында  қылмыстық іс жүргізу сол елдің соттары қарастырып келген. XX ғасырға дейін халықаралық құқықта халықаралық қылмыс ұғымы болған жоқ. Германия мен Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыста күйреуі, Токио және Нюрнберг әскери трибуналдарының құрылуы, халықаралық құқықтың қарқын дамуы, құқыққа қайшы әрекеттердің қылмыс ретінде танылуы, мемлекеттер қауымдастығын Халықаралық қылмыстық сот құру қажеттілігін мойындатты.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы жылдары ізденушілер  қатары жеке тұлғаның халықаралық құқықта  құқықсубъектілігін тану туралы мәселелерді көтеруде. 1973ж. Я. Броунли бұл мәселені «мүлдем мардымсыз» деп таныды. Себебі, оның ойынша халықаралық құқық ережелеріне негізделген құқықтар жеке тұлғада жоқ болып табылады. Онымен қоса, Броунли мен Лаутерпахт атап кеткендей, халықаралық құқықта оған тыйым салынған жоқ.

БҰҰ Халықаралық Сотының  төрағасы Э. Хименес де Аречага  1980ж. атап өткендей, «халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігің дәлелдемесі оған белгілі бір құқықтарды ұсынып қана емес, онымен қоса оларды қамтамасыз етіп, оларды өз атынан қорғау құқығы болуы қажет, яғни мемлекеттің қатысуынсыз».

Халықаралық құқықтағы тану - мемлекттердің не басқа мемлекетті халықаралық құқықтың субьектісі ретінде танып, онымен бірге ресми қатынастар орнатуға ниет білдіретіндігін, не мемлекетте не оның терреториясының бөлігінде конституциялық емес жолмен бекітілген биліктің, халықаралық аренада осы мемлекеттің өкілі ретінде қатысуына жеткілікті түрде эффективті екендігін тікелеі немесе жанама түрде хабарлайтын, мемлекеттердің біржақты, ерікті түрдегі актісі.

Халықаралық құқықтық танудың міндеттілігі жоқ. Бұл– мемлекеттердің құқығы болып табылады. Әрине, ұзақ уақытқа созылған мойындамау,  халықаралық өмірінің шындығын аяққа басатын, ашық түрдегі саяси пікір. Және ол, Халықаралық қатынастардың күрделі қиындатылуының факторы болып табылады.

Халықаралық құқықта жеке тұлғаның құқықсубъектілігін танудың  тағы бір аспектісі халықаралық  құқықта оның қылмыстық жауапкершілігінің  болуы. Ол бойынша ең басты қадам 1998 ж. Рим статусының қабылдануы, яғни ол бойынша Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы болып табылады.

Жеке тұлғаның халықаралық соттарға қолжетімділігін қарастыра отыра, құқықтық қатынастар анализін саралай келе, ол құқықтық қатынастардың халықаралық құқыққа қатысын тікелей байқауға болады. Себебі, жеке тұлға арыз жазуға, шығарылған шешімнің екі тарапқа да тиесілі болатындығы сияқты материалдық құқықтарға ие. Онымен қоса бұл құқықтар процессуалдық сипатқа да ие болып, осылайша халықаралық құқық базасына сәйкес болып табылады. Шынында да, егерде мемлекет бір тарап болса, ол әрине құқықсубъектілікке ие, ал қарсы тарап жеке тұлға құқықсубъектілікке ие болмаса бұл ақылға сыйымсыз болар еді.

Онымен қоса құқық тәжірибесінде, егерде тұлға құқықсубъектілігін растайтын белгілі бір құқықтық қорғау құрадарына ие болмаса, ол құқық субъектісі болып табылмайды деген көзқарастар бар. Бірақ ол олай болмаса да, 1950 жылы Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияға сәйкес құрылған еуропалық сот механизмі жеке тұлғаның халықаралық құқықтағы жеке субъектілігін дәлелдейді.

Адам құқықтарын зерттеу  халықаралық құқықтың дамуының маңызды  бағыты мен қазіргі таңдағы тиімділігі болып табылады. Бүгінгі таңда  адамның тұлға ретіндегі проблемасы күнен-күнге халықаралық сипат  алып келеді.

Халықаралық құқықсубъектілік – бұл реттеуші халықаралыққа  құқыққа бағыныштылық дегенді білдіреді. Яғни, халықаралық құқық реттеу механизміне  «қатысушы» дегенді білдіреді. Сондықтан  біздің мақсатымыз бұл механизмдегі жеке тұлғаның рөлін анықтау болды. Егерде жеке тұлға халықаралық құқық  нормаларында тек қана аталып қоймай, халықаралық қарым қатынастарға қатысса, сонымен қоса субъективті  құқықтарға ие болса, әрине жеке тұлға  халықаралық құқықтың субъектісі болып  табылады.

Халықаралық қатынастарда индивидтің рөлі күннен күнге өсуде. Индивид  қазіргі таңда көптеген мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, құқықтарға ие, міндеттері бар, және онымен қоса халықаралық қылмыстар  үшін жауапкершілік тартады. Одан басқа, өз құқықтарын қорғау үшін әмбебап  және аумақтық сот және конвенциялық органдарға жүгіне алады. Жеке тұлғаның халықаралық құқықта құқықтары мен міндеттерге ие болуы, оның біртіндеп халықаралық құқықтың толықтай субъектісіне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Халықаралық  шарттарға  сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық  құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал халықаралық  құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық субъектілігі жоққа шығарылды.

XX ғ. 80-жылдарының аяғында  индивидтің халықаралық құқық  субъектілігінің жеке элементтерін  мойындайтын отандық еңбектер  алғаш рет жариялана бастады.  Батыстық заңгерлер  индивидтің  халықаралық құқық субъектілік  теориясын аз кем мойындайтын.  Қоғамның халықаралық өміріндегі  объективті өзгерістер осы заманғы  халықаралық құқықтағы адамның  құқық субъектілігі жөніндегі  мәселеден тыйым салуды алып  тастады.

Индивидтер халықаралық  құқықтың шектелген құқық субъектілігі бар субъектісі екенін айтып өткен  жөн, өйткені оның халықаралық құқықтық нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда халықаралық  құқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің құқықтары мен міндеттерінің  көлемін кеңейтуде. Тиісінше, халықаралық  қатынастарда жеке тұлғаның рөлі де ұлғаюда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Құлжабаева Ж.О., «Халықаралық жария құқығы», -Алматы: «HAS» баспасы, 2003-384 бет.
  2. Г.Б.Хан, «Халықаралық құқық. Дәрістер курсы», -Алматы, ҚазГЗУ, 2003 -472 бет.
  3. П.А. Лаптев, «О правосубъектности индивида в свете международно-правовой защиты прав человека» // Журнал российского права. – 1999. - № 2.
  4. Декларация
  5. В.А. Карташкин «Государство и личность в международных правоотношениях» // Юрист-международник. – 2004. - № 4. – СПС Консультант
  6. Международное право. Общая часть. Учебник для студентов юридических факультетов и вузов / И.И. Лукашук. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Волтерс Клувер, 2005. – СПС Консультант
  7. Международное право: курс лекций / Под ред. Д.А. Шлянцева – М.: Юстицинформ, 2006. – СПС Консультант
  8. Шуршалов В. М. Международные правоотношения. Москва, 1971.
  9. Мартене Ф.Ф. Современное международное право цивилизованных народов. Т. I. M., 1996.
  10. Броунли Я. Международное право. Пер. с англ. Кн. 1. М., 1977.
  11. Аречага Э. Х. Современное международное право. Пер. с исп. М., 1983.
  12. Оппенгейм Л. Международное право. Т. 1. Полутом. 1. М., 1948.
  13. Oda Sh. The Individual in International Law. In: Manual of Public International Law / Ed. By Max Sorensen. London, 1978.
  14. ТМД-ның жалпы бостандықтары мен құқықтары туралы Конвенция
  15. Черненко К. У. КПСС и права человека. М., 1982.
  16. Дженис М., Кей Р., Брэдли Э. Европейское право в области прав человека (Практика и комментарии). Пер. с англ. М., 1997. 640 б.
  17. Левин Д.Б. Актуальные проблемы теории международного права. М., 1974.264 б.

18. Лукашук И.И. Стороны  в международных договорах. М., 1966. 15б.


Информация о работе Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі