Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 01:31, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе халықаралық құқықтың жаңа даму тенденцияларын айқындайды. Ол халықаралық құқықтың реттеу базасы мен нормативтік құқықтық реттелудің өзгеруін көрсетеді.
Зерттеу объектісі: халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъекілігін мойындау немесе жоққа шығару мәселесі.
Зерттеу мақсаты: халықарылық құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілік мәселесін, олардың құқықтық мәртебесін толықтай зерттеп, тақырыпты ашу.
Зерттеу міндеттері: - халықарылқ құқықтағы жеке тұлғаның құқықсубъектілігінің мәнін анықтау;
- олардың ерекшелігін анықтау, жеке тұлғаның қазіргі халықаралық құқықтағы рөлін, мәртебесін анықтау;
- қазіргі халықаралық құқық тәжірибесінде жеке тұлғаның рөлін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................
1.ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІГІ
1.1. Құқысубъектілік ұғымы, белгілері және даму тарихы...................................
1.2. Жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тану....................
2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Жеке тұлға құқықтарының халықаралық органдармен қорғалуы.................
2.2. Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі...........................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс 2012.docx

— 82.38 Кб (Скачать документ)

Ал қарсы саясатты ағылшындық  халықаралық құқық заңгері Я. Броунли ұстанады. Бір жағынан  ол жеке тұлға субъект болып таныла алмайтын белгілі жалпы нормалар бар деп есептейді. Және кейбір жағдайларда  индивид халықаралық сахнада  құқық субъектісі болып табылады. Алайда, Я. Броунлидің айтуы бойынша, «индивидті халықаралық құқықтың субъектісіне жатқызу кажет емес» дейді. Себебі, ол оның негізінде жоқ, ие емес құқықтарының, бар екендігін растайтын еді [10,117б].

Қазіргі таңда жеке тұлғалардың  немесе мемлекеттердің құқықтары мен  міндеттері көптеген халықаралық келісімшарттарда жалғасын тапты. Олардың ең маңыздылары: Әскери қызметтегі жаралы мен науқас адамдардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы 1949 ж.; Тұтқындарға  қатысты Женева конвенциясы 1949 ж.; Бейбіт халықты соғыс кезінде қорғау туралы Женева Конвенциясы 1949 ж.; Халықаралық  әскери трибуналдың жарғысы 1945 ж.; Жалпыға  бірдей адам құқықтары жөніндегі  декларация 1948 ж.; Геноцидтің алдын  алу және оны жазалау Конвенциясы 1948 ж.; 

Бейбiтшiлiктi жақтайтын кез  келген мемлекеттiң адам құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз етуi - оның сөзсiз басымдығы. Халықаралық  құқықта мемлекет халқын - өз азаматтары, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар құрайды. Халықтың осы  тобының заңнамалық бекiтiлуiне және адам құқықтарын қорғаудағы ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттармен сәйкес келуiне байланысты халықаралық құқық  субьектіліктің  нақтылығы айтуға мүмкіндік туады.  Халықаралық құқық субъектiлiк кез келген тәуелсiз мемлекетке тән, және өзiнің шығу тегi мен сипатына қарай алғашқы және негiзгi болып табылады. Ол мезгiл жағынан да, кеңiстiктен де, құқықтық реттеудiң пәнiнен де шектелмейдi.

Э. Аречага (Уругвай) ойынша, «халықаралық құқықтың құрамында негізінде  мемлекеттердің жеке тұлғаларға белгілі  бір құқықтарды беруге ешқандай кедергісі  жоқ. Себебі, ол құқықтарды кез келген халықаралық шарттарда немесе өзге де халықаралық қорғау шараларында  қарастыруға болады.» [11,259б].

Л. Оппенгейм  1947 жылы былай  деп атап кеткен болатын, «Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде  мемлекеттер болып табылғанмен  де, жеке және басқа да тұлғаларды халықаралық  құқықтар мен міндеттерге ие субъектілер  ретінде тани аламыз.» [12, 42б].

Жапон профессоры  Ш. Оданың ойынша, «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүние жүзінде жаңа концепция  орнады. Оған сәйкес, жеке тұлғалар халықаралық  қауіпсіздікке қарсы іс әрекет жасағаннан кейін,  халықаралық процедура  бойынша тергеліп, жазалануы тиіс, және осылайша олар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады.» [13, 471б].

Индивидтер халықаралық  құқықтың шектелген құқық субъектiлiгi бар субъектiсi екендiгiн айтып  өткен жөн, өйткенi оның халықаралық  құқықтың нормалары мен қағидаларын  құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда, халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиiмдiлiгi индивидтің құқықтары мен мiндеттерiнiң көлемiн  кеңейтiп жатыр. Тиiсiнше – халықаралық  қатынастарда жеке тұлғаның рөлi де ұлғаюда. Мұнда, бiз “индивид” және “жеке  тұлға” ұғымдарын теңдей қолданатынымызды айтып кетсек, себебi, жеке тұлға - бұл  әлеуметтiк – маңызды белгiлерiнiң  тұрақты жүйесi бар индивид болса; индивид – бұл жеке адам, жеке өмiр сүретiн тiрi тiршiлiк.

Халықаралық құқықтың жалпы  принциптері мен нормаларынан келіп  шығатын жеке тұлғалардың халықаралық  құқықтары айтарлық  20 көпжақты және екіжақты халықаралық келісімшарттарда белгіленген.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің  6 бабына сәйкес, өмір сүру құқығы кез келген жеке тұлғаның мүлтіксіз құқығы болып  табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Осылайша, халықаралық құқық жеке тұлғаға өмірге деген құқығына кепіл  береді. Ал  9 бап жеке тұлғаға  бостандыққа және жеке өмірге қол  сұқпаушылығына кепіл береді.  16 бапқа сәйкес, әрбір адам, ол қай  жерде болмасын өзінің құқысубъектілігінің  танылуына құқығы бар.

ТМД-ның жалпы бостандықтары  мен құқықтары туралы Конвенция  бойынша,  1995 ж. «Әрбір адам, ол қай  жерде болмасын, оның құқықсубъектілігінің танылуына құқығы бар.» (23б).

Адамның халықаралық құқықтағы мәртебесін айқындай отырып, біз Қазақстандық тәжірибедегі әйелдер мен балалар мәселесін де сөз етсек. Кейнгі кезде әйелдер әлемде болып жатқан барлық өзгерістердің негізгі субъектісі мен объектісіне айналуда. Әйелдердің қызметі жалпы сипат алуда. Бірақ біз бұл өзгерістердің бәрі қоғамның гендерлік құрылымында сыртқы сипатқа ғана ие екенін айтуымыз қажет. Әйелдердің объективті қоғамдық жағдайының өзгергені шамалы. Мұны кәсіби қызметпен айналысудан, әйелдің саяси өмірге қатысуынан, оның отбасылық мәртебесінің айқындалуынан көре аламыз.

Қазақстан Республикасы әйелдер  теңсіздігін жоюда оң нәтижелерге  жете қойған жоқ. Мәселен, мемлекеттік  құрылымдардағы әйелдер саны 5-6% құрайды,  ал төмен кәсіби еңбекпен айналысатын әйелдер деңгейі ерлерге қарағанда екі есе аз, дегенмен әйелдердің білім деңгейі 8-10% жоғары болғанымен, жұмыссыздардың 70%-ын әйелдер құрап отыр. Жоғарыда айтылған сандар біздің қоғамда әйелдер мәртебесіне жете көңіл бөлінбегеніне айғақ болады. Әйел проблемасы әрқашан отбасының, балалар мен жастардың проблемаларымен бірге жүретіні белгілі. Әйелдер проблемасымен айналысатын жалғыз мемлекеттік құрылым Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары бойынша кеңес деп аталады. Президенттің «Қазақстан әйелдері мен балалары» атты бағдарламасы аяқталған жоқ.

Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдарын саралағанда, нормативтік  актілерде сексизмдер бар екені  яғни олардың мәтінінің ерлерге  байланысты құрылғаны белгілі болды. Неке және отбасы туралы Кодексте әйелдер  мен еркектер тең құқықтығы көзделген; ескі дәстүрге орай мәжбүрлеп жасалған некенің жарамсыздығы көрсетілген. Отбасы заңдарында сондай-ақ ең төменгі неке жасы бекітілген, неке шарты институты некеге отырғанда міндетті болып саналайды, ол баламалы сипатта, сондай-ақ неке шартының талаптары тек мүлік қатынастарға байланысты. Өкінішке орай,заңдарда ресми тіркелмеген азаматтық некелерді реттеу мәселелері қарастырылмаған. Еңбекпен түзеу туралы заңдарда әйелдерге қатысты өлім жазасын қолданбау, жазаны өтеудің түрлі режимдері қарастырылған. Қылмыстық заңнама нормаларына сәйкес, Қылмыстық заңнама нормаларына сәйкес, 53-бапта екіқабат күйде қылмыс жасау қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатады. Егер екіқабат әйелге қарсы біле тұра қылмыс жасалса, онда бұл кінәні ауырлататын мән жайға жатады. Еңбек заңдарында әйелдер мен еркектердің еңбекақысын төлеуде теңсіздіктер бар. Жалпы жұмыссыздық жағдайында әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі көптеген заңдар әрекетсіз күйде.

Өмірдің түрлі салаларында  әйелдер құқығын баян ету мақсатында ұлттық заңдарды жетілдірудің объективті қажеттілігі туындап отыр. Әр түрлі  салалардағы әйелдер құқығын  реттейтін құқықтар туралы заң қабылдау қажет, отбасы, қызмет, немесе жұмысындағы  әйелдер мен балалар мәселелері бойынша мемлекеттік негіздерді айқындау керек. Осыған байланысты әйел мәртебесі мәселелері жөніндегі  қазақстандық заңдарға енгізу қажет  деп ойлайтын ұсыныстарымыз:

-қол астындағы әйелдерге қатысты жыныстық күштеу көрсететін лауазымды адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерін қайта қарау;

-жұмысқа қабылдағанда әйелдер мен балалы әйелдерге квотаны кейбір мемлекеттердің заңдарында белгіленгендей заңдарда бекіту қажет;

-әйелдерге балаларының саны мен жалақысының көлеміне қарамастан, жәрдемақы беру институтын қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-жұмысқа қабылданғанда жынысына байланысты кемсітушілік жіберген жұмыс берушілердің жауапкершілік шараларын бекіту;

-мемлекеттік басқару саласына әйелдерді тарту мәселесіне мемлекеттің көңіл бөлунуінің белсенділігін арттыруды жандандыру;

-әйелдердің денсаулығын репродукциялау туралы заң қабылдау;

-адам құқықтары мәселесінде әйелдердің білімін көтеруді кешенді қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасындағы  әйелдер жақсартудың 1997 жылы 5 наурыздағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының «Әйелдерге қатысты күш көрсету проблемалары» атты бөлімінде Қазақстанда күш көрссетудің кең таралған нысандарында бірге тұруға мәжбүрлеу және жезөкшелік, зорлау, тұрмыстық жағдайда кісі өлтіру, маскүнемдік, нашақорлық, садизмге байланысты кісі өлтірулер, ұдайы ұрып соғу мен психологиялық зорлау түрлері жатқызылған. Күш қолданумен күрестегі әлемдік тәжірибеден ең тиімді шара кінәыны әкімшілік қамауға алу екені белгілі болды. Бұл қайталануы мүмкін күш көрсетуді қысқартудың ең тиімді құралы болып отыр. Мұнан тыс үй жағдайында күш қолдану, ерлі зайыптық зорлау сияқты ұғымдар енгізудің объективтік қажеттігі туындауда. Аталған мәселелер ғылыми пікірталаста аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, жоғарыда айтылған ұсыныстарды мемлекеттің дереу қарап, шешім қабылдау мүмкіндігі жоқ. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша жіті қарауды қажет ететін жағдай.

Қазақстан Республикасының  неке және отбасы заңдарына 1998 ж. енгізілген өзгерістер халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығының қолдануын дәлелдейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1989 ж. Бала құқығы туралы Конвенцияны бекітті. Бұл Адам құқықтарын қорғау жөніндегі алғаш бекітілген халықаралық құқықтық акт екенін айту керек. Бірақ біздің мемлекетімізге ұлттық заңдарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін аттай төрт жыл керек болды. Мысалы, бүгінгі таңда неке отбасы заңнамасы халықаралық бала асырап алуға рұқсат береді, ал бұрын оған тыйым салынған кезде мемлекеттің балаларды ұрлауға байланыста проблемалары көбейіп кеткен еді. Сонымен қатар, 1993 жылы «Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алудағы халықаралық ынтымақтастық туралы» Гаага конвенциясын бекіт қажеттігі туындады. Қазақстан Республикасындағы халықаралық бала асырап алудағы сот тәжірибесі материалдық және іс жүргізу тәртібінде қиыншылықтарға кездесуде. Адамның өмір сүру құқығын жүзеге асыру шеңберінде, атап айтқанда, жасанды ұрықтандыруды пайдалану мен эмбрионды имплантациялау мүмкіндігінде жаңа неке және отбасы заңдары халықаралық стандартты қолданды. Заңды әкелік институтына арналған конституциялық нормаларды әрі қарай мұқият шешу мәселесі қарастырылған.

Адам құқықтарын зерттеу  халықаралық құқықтың дамуының маңызды  бағыты мен қазіргі таңдағы тиімділігі болып табылады. Бүгінгі таңда  адамның тұлға ретіндегі проблемасы күнен-күнге халықаралық сипат алып келеді.

 

2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2.1. Жеке тұлға  құқықтарының халықаралық органдармен  қорғалуы

Жеке тұлға халықаралық  құқық субъектісі ретінде белгілі  субъективті құқықтарға ие болады. яғни, ол азаматы болып табылатын  мемлекет көмегіне жүгінбей, халықаралық  қауымдастығына жүгіне алады.

Қазіргі халықаралық қатынаста  халықаралық ұйымдарға жоғары рөл  берілген. Бүгінгі таңда әртүрлі  құқықтық статусы бар 4 мыңға жуық халықаралық ұйымдар бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық ұйымдар  жүйесінде орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогрестің тез дамуына байланысты халықаралық аренада мемлекеттердің өзара байланыссыз өмір сүруі  мүмкін емес. Олардың өзара қарым-қатынасы тек экономикалық емес, сондай-ақ саяси  қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық  ұйымдардың көмегімен мемлекетаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады. Халықаралық  ұйымдар тек қана мемлекетаралық қатынастарды реттеп қана қоймай, сонымен  қатар, қазіргі ғаламдық мәселелер  бойынша шешімдер қабылдайды, халықаралық  деңгейде өзара көмек көрсетуге, қылмыстылықпен күрес шараларын  өркізуге, көмектесуге  қатысты мәселелер  шешеді.

Қазіргі күнде Қазақстан  Республикасының әлемдік саясат субъектісі есебінде халықаралық ұйымдардағы  алатын орны мен рөлі. ҚР 2008-2009 жж. ҚР Азиядағы ынтымақтастық Диалогында, ал 2010 ж. Еуропадағы ынтымақтастың және қауіпсіздік ұйымында, 2011 ж. Ислам  конференциясы ұйымында төрағалық  етеді. ҚР Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті және Түрік  мәдениеті мен өнерін бірігіп  дамыту бойынша халықаралық ұйымдардың атқарушы құрылымын басқарды.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ мүше болып енді. Қазақстан жаһандану  жағдайындағы халықаралық бейбітшілік  пен қауіпсіздікті қолдау, қылмыстылықпен күрес, орнықты даму мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Біріккен Ұлттар ұйымының күш салуымен халықаралық  ынтымақтастыққа және саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық  мәселелерді шешуге тең құқылы түрде  қатысуға нақты мүмкіндік алды. Қазақстанның БҰҰ-на мүше ретінде қабылдануы жаңа мемлекеттің халықаралық құқық  пен халықаралық қатынастардың  түбегейлі тәуелсіз мемлекет түріндегі  дербес субъектісі ретінде әлемдік  құқықтық деңгейде танылуын білдірді. БҰҰ Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі болып табылады. БҰҰ түрлі бағыттағы - қарусыздандыру, бітімгершілік, қылмысты болдырмау, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық және халықаралық-құқықтық әрекеттерде қайталанбас және мол тәжірибесі бар, бұл тәжірибеге ие болу дербес мемлекеттік  институттарды қалыптастыруда  және  әлемдік стандарттар негізінде кең ауқымды реформалар жүргізуде мүше мемлекеттерге өлшеусіз көмек көрсетеді.

БҰҰ Даму бағдарламасының  Қазақстан Республикасындағы қызметін зерттеу маңызды мәнге ие, өйткені  БҰҰ Даму бағдарламасының құрылымындағы  және қызметіндегі ынтымақтастықка  қажетті үлкен тиімділіктерге қол  жеткізуге жағдай жасайтын өзгерістерді анықтауға болады. БҰҰ Даму бағдарламасының  Қазақстандағы қызметінің негізгі  бағыттарын анықтау, әртүрлі саладағы қосқан үлесін ашу, ҚР үкіметінің заңнамалық қызметіне ықпалын көрсету, БҰҰ  Даму бағдарламасының жобаларын  талдау маңызды болып табылады, өйткені 1993-2008 жж. аралығында БҰҰ Даму бағдарламасы адам дамуы саласындағы қызметі  Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси үрдістерге белсенді қатысушы болды.

Келісімшарттар тәжірибесінде, БҰҰ Жарлығын қабылдағаннан кейін  жеке тұлғаға сот органдарына  тікелей өзінің жүгінуі кең етек алды. Бұл жеке тұлғаның халықаралық  ұйымдарға тікелей жүгінуі халықаралық  құқықта пайда болған жаңа құбылыс, және ол оның құқықтық табиғатында  елеулі өзгерістердің орын алғанын  дәлелдейді. Халықаралық органдарда жеке тұлға дара тәуелсіз мәртебе  ала отыра, индивид мемлекет қатысуынсыз  өз құқықтарын қорғауға құқықты иеленеді.  Жеке тұлғаның халықаралық органдарға мұндай тікелей жүгінуі қазіргі халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бірі бола отыра, олар халықаралық, әмбебап не болмаса аудандық келісімшарттармен кепіл беріледі. Ол мемлекеттің ішкі істеріне қолсұғушылыққа заңды күш беру дегенді білдірмейді, керісінше халықаралық құқық дамуындағы жаңа үрдістердің пайда болғанын білдіреді. [15, 1-12б].

Информация о работе Адам құқықтарын бұзғаны үшін жеке тұлғаның халықаралық жауапкершілігі