Жаңалыққа қарай батыл қадам немесе математиканы үйретудің тиімді жолдары туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:37, доклад

Краткое описание

Қазіргі кезде көкірегімде жүретін сұрақ «Еркіндікті пайдаланудың нәтижесіне сыни көзбен қарап, оны дұрыс бағалай білеміз бе?». Шынымен-ақ әлі де мұғалімдер мен мектеп басшыларының ішінде дәстүрлі сабақ түрлерін «дұрыс», «жоғары деңгейде өтті» деп бағалайтындар көптеп кездеседі. Олар, Джон Дьюи айтқандай, сынып бөлмесіндегі парталар қатарында орнаған әскери тәртіп пен арнайы рұқсат арқылы орындалатын қимыл оқушының еркіндігін тежеп, оның дамуына кедергі жасайтынына сенбейді. Осы пікірді қолдай келе, оны дәлелдеу үшін мен жаңаша оқыту принципіне негізделген және дәстүрлі сабақтарды бір-бірімен салыстырар едім.