Жеке адамға қарсы жасалған қылмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 11:20, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 –бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп атап көрсетілген. Жалпы, адамның өмірі әркімге тумысынан жазылған, табиғаттан берілген әлеуметтік құндылық болып табылады. Сондықтан, ол абсолютті, одан ешкімнің айыруына құқы жоқ. Еліміздің Ата Заңының 18-бабында әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына құқы бар екені жазылған. Ал, азаматтық және саяси құқық туралы Халықаралық пактінің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бостандық пен жеке басының еркіндік құқына ие. Заң талаптарынан тыс ешкімді де қамауға алуға, еркінен айыруға болмайды. Кімді болса да, тұтқындау, қамауда ұстау тек қана сот шешімімен іске асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке адамға қарсы жасалған қылмыс.docx

— 17.73 Кб (Скачать документ)

Жеке адамға қарсы жасалған қылмыс

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 –бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары  деп атап көрсетілген. Жалпы, адамның  өмірі әркімге тумысынан жазылған, табиғаттан берілген әлеуметтік құндылық болып табылады. Сондықтан, ол абсолютті, одан ешкімнің айыруына құқы жоқ. Еліміздің  Ата Заңының 18-бабында әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына құқы бар екені жазылған. Ал, азаматтық  және саяси құқық туралы Халықаралық  пактінің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бостандық пен жеке басының еркіндік құқына ие. Заң талаптарынан тыс  ешкімді де қамауға алуға, еркінен  айыруға болмайды. Кімді болса  да, тұтқындау, қамауда ұстау тек  қана сот шешімімен іске асырылады. Тергеу орындары прокурордың санкциясынсыз  адамдарды 72 сағаттан аспайтын мерзім ғана ұстауына болады. Жеке адамға қарсы  жасалған қылмыстың субъектісі-жалпыға  бірдей, қылмыс жасаған кезде 16 жасқа  толған, ал Қылмыстық Кодексте көрсетілген  жағдайда 14 жастағы кез келген азамат болуы мүмкін. Қылмыс субъектісі ретінде  Қазақстанның азаматы немесе азаматтығы жоқтар және шетелдік азаматтар болуы  ықтимал. Мұндай қылмыстар қасақана немесе абайсызда жасалуы мүмкін. 
Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бірінші тарауының 96-130-баптарында анықталып, нақтыланған. Бұл қылмыстарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – қасақана немесе абайсызда кісі өлтіру, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру. Екіншісі – бостандықтан еркінен тыс айыру. Үшіншісі – адамдық қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсету, ар-намысы мен абыройына кір келтіру. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігі 5 тараудан тұрады. Мысалы, 16-тарау «Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыс», 17 -тарау «Бостандық, ар-намыс пен абыройға қарсы қылмыс», 18- тарау «Жеке адамның жыныс дербестігі мен жыныс еркіндігіне қарсы қылмыстар», 19-тарау «Адам мен азаматтың конституциялық құқы мен бостандығына қарсы жасалған қылмыстар», 20-тарау «Отбасымен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар»деп аталады. Әрине, қылмыстың мұндай құрамдары бұрынғы заңдарда да болған, ал кейінгі қабылданған ҚР Қылмыстық кодексінде жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар бірінші рет біріктіріліп, ерекше бөлімге топтастырылған. Бұл адам өмірі мен денсаулығы – аса құнды қазына, олардың заңды мүдделері мен еркіндігін қамтамасыз ету керек деген негізгі идеяға сәйкес келеді. 
Еліміздің Ата Заңында адам және оның негізігі құқықтары мен еркіндігі мемлекеттік ең құнды қазынасы деп жазылғанын жоғарыда атап өттік. Сол себепті, мемлекет жеке адамды тек қана қылмыскерден ғана емес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қылмыстық іс жүргізу кезінде күш қолдануынанда қорғайды. Соған байланысты, 2000 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының №72-11 «Қылмыстық іс процесіне қатысушыларды мемлекеттік қорғау туралы» заң қабылданды. Заңда қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың отбасы мүшелерінің өмірін, денсаулығын, мүлкін, заңды құқықтары мен мүдделерін мемлекет тарапынан қорғау шаралары белгіленген. Бұл нормативтік – құқықтық акт мемлекет тарапынан жеке адамның құқын қорғау саласындағы жетістік болып табылады және құқықтық мемлекеттегі демократия мен ізгіліктің деңгейін көрсетеді. Дегенмен, қылмыстық істі тергеу кезінде тергеушілер тарапынан кейде заңсыз әрекеттерге баратын фактілер кездесуде. Сол себепті, алдын ала тергеу кезінде дәлелдеушілер қылмыстық іс жүргізу заңынының талаптарын нақты әрі сөзсіз орындау адам құқығын сақтаудың кепілі бола алады. 
Жеке адамға қатысты заңдылықты, әділдікті сақтаудың тағы бір жолы- қылмысты дұрыс саралау. Қылмыстық саралау дегеніміз – жасалған қылмыстық әрекетке құқықтық – қылмыстық нормада көрсетілген қылмыстың құрамы сәйкес келуі. Дұрыс саралау біреулердің жазықсыз сотталуына жол бермеуге немесе керісінше шын қылмыскердің өз әрекетіне сәйкес жаза алуына негіз болады. Ең бастысы – қылмысты дұрыс саралу арқылы әркімнің өзі жасаған қылмысына сәйкес жаза алып, қылмыс пен күресті дәйекті етеді. Ал, саралаудағы қателік, керісінше, ондай күресті әлсірете түседі. Мысалы, қылмысты саралау кезінде ауыр қылмысқа жеңіл жазаның қолдануының зардабы зор. Негізгі сот айыптаушы орган болғандықтан, айыпталушыға тағылған кінәға қатысты іс қарайды. Дәлірек айтқанда, тергеу органы қылмысты қалай сараласа, соның аясында ғана сот іс қарайды. Яғни, саралаудағы қателіктің нәтижесінде кәнігі қылмыскер заңда көрсетілгеннен жеңіл жаза алып кетуі мүмкін. Осыдан барып соттың әділдігіне көлеңке түседі, қаңқу сөз шығады. Түптеп келгенде, қылмыспен күресті әлсіретеді. 
1997 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексінде жеке адамның құқын қорғауға қатысты жаңадан 6 бап қосылды. Тағы бір маңызды мәселе – Қазақстанда эвтаназия институты енгізілген жоқ. Жалпы, эвтаназия дегеніміз – ауыр сырқаттардың өзінің тезірек о дүниелік болуына дәрігерлерден көмек сұрауы. Бұл институт қабылданған жағдайда қылмыстық процесс барысында ұнамсыз адамдардан құтылуға жол ашылуы ғажап емес. Сол себепті, эвтаназияның біздің елімізде қолданылмауы дұрыс тәрізді. Бұлда болса адамға қарсы жасалатын қылмыстың бір жолын кеседі деген сөз. 
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа, соның ішінде ізгілендіру үрдісі жеке адамның заңды мүдделерінің қорғалуына өз себебін тигізетіні анық. Осының бәрі Ата Заңда көрсетілген, адам өмірінің аса құнды қазына екенін дәлелдей түседі.

Е.Сексенов, Қарағанды қаласының  Қазыбек би атындағы аудандық сотының  судьясы


Информация о работе Жеке адамға қарсы жасалған қылмыс