Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10

2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында

2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28


2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдау-инфрақұрылымы.doc

— 840.00 Кб (Скачать документ)

 2008 жылдың 1 ақпанында Гамбург қаласында (Германия Федеративті Республикасы) «Kazpost GmbH» Қазақстан-герман бірлескен кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын ұйымдастырушылары ретінде «Қазпочта» АҚ (Қазақстан) және «HPO Service GmbH» компаниясы (Германия) бас қосты. Бірлескен кәсіпорынның негізгі қызметі шетелде пошталық айырбасты жүргізу міндеттерін іске асыру болып табылады. Сонымен қатар БК Қазақстан Республикасы аумағында дистанционды сауда қызметін көрсетеді. БК негізгі міндеттері логистика қызметін, Қазақстан аумағында ірі сәлемдемелік сауда компанияларының атынан каталогтік сауда қызметін атқару, сонымен бірге ГФР заңнамасына сәйкес пошта лицензиясын алғаннан кейін кәдімгі пошта қызметін атқару болып табылады. ГФР рыногына шығудың басты себебі – екі ел арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар. Тауар айырбастың жоғары деңгейі ГФР-дан Қазақстанға жіберілетін үлкен көлемдегі пошталық жөнелтімдердің болуын ұйғарады. Бұл қысқа уақыт ішінде бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыру мен ұстауға кететін қаражаттың орнын толтырып, жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді. «Қазпочта» АҚ үшін бұл Алматы қаласында ашылған Эстония поштасымен бірге ұйымдастырылған, мәліметтер базасын жүргізу, хабарлама шоттарды, жинақтаушы зейнетақы шоттарының жағдайы мен жарнамалық өнімдер туралы мәлімдерді сандық басып шығару, автоматты конверттеу мен аталған жөнелтімдерді сұрыптау қызметтерін атқаратын бірлескен кәсіпорыннан кейінгі екінші жоба болып табылады.

          Visa International халықаралық төлем жүйесі CEMEA Басқарушы аймағының комитеті (Орталық және Шығыс Еуропа, Жақын  Шығыс пен Африка) Лондонда өз  мәжілісінде «Самұрық» холдингі»  құрамына кіретін «Қазпочта»  АҚ-ны ассоциацияланған мүше ретінде қабылдауды шешті.  «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев бұл жөнінде былай деп сөз етті: «Жағымды шешімді қабылдауға Қазпочтаның қаржылық және банктік қызметтерінің өсу динамикасы, соның ішінде пластикалық карточкаларды қолдану және оны бүкіл ел аумағына қолдана алу мүмкіндігі әсер етті». «Қазпочта» АҚ VISA пластикалық карточкаларын белсенді шығаруға 2008 жылдың басынан кіріспекші.

 

 

 

2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының  даму перспективалары

 

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «Самұрық» мемлекеттік холдингі алқасының мәжілісінде, сауданың мүмкіндіктерін «Қазпочта» жүйесі арқылы дамыту міндетін «Қазпочта» АҚ жетекшілігіне тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат. Премьер-министрдің айтуы бойынша, ең алдымен электрондық сауданы дамыту керек. «Әрине, Интернетке әрбір үйді қосамыз деуге болмайды. Дегенмен, поштаның әрбір бөлімшесінде Интернетке қосылу пунктін ашуға болады». Үкімет басшысы айтып өткендей, «Қазпочтаның» қызметтерін одан әрі дамыта отырып, қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. К.Мәсімовтың айтуынша, «Қазпочта» - бізге әрбір азаматқа шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір жүйелік құрал. Қоғам дәл осы ұйым арқылы мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста болады.

            Чолпон – Ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы Әкімшіліктерінің басшылары Кеңесінің (АБД Кеңесі) 31-ші мәжілісі өткізілген болатын. Кеңес жұмысына ТМД республикаларының Байланыс әкімшіліктерінің делегациялары, «Дойче Телеком» (ФРГ), «Эстон почтасы» атынан байқаушылар, ТМД, Халықаралық электробайланыс Одағынан, Дүниежүзілік почта одағынан (ДПО) қонақтар, Почталық және электробайланыс әкімшіліктерінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ), Панафрикалық Почта одағының (PAPU) өкілдері қатысты. Мәжіліске қатысушылар екі жұмыс күні ішінде ТМД электр және почта байланысын дамыту мәселелерін қарастыра отырып, почта байланысының сапалы қызметтерін ұйымдастыру және дамыту жөнінде мәселелердің әлеуметтік маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Әсіресе, АБД Кеңесі ТМД аумағында телерадиохабардың цифрлы форматын енгізуді мақұлдады. Бүгінгі күні Достастықтың барлық аймақтары өз почта салаларын жетілдіру жолында келе жатқандығын, ал Украина мен Қазақстан әкімшіліктері қайта құрылымдау процесін әлдеқашан өткізгендігін айтуға болады.

         Қалыптасқан дәстүр бойынша форумда  ТМД елдерінің почта қызметтерінің озық тәжірибелері талқыланған болатын. Бұл жолы почта байланысының әмбебап қызметін көрсету жөніндегі почта қызметкерлерінің тәжірибесі қарастырылған. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов өз сөйлеген сөзінде ерекше атап өтті: «Қазпочта» акционерлік қоғамы почталық байланыс қызметін көрсету сапасын көтеруді және қызметті әлеуетті тұтынушыларды тарту үшін жаңа формаларын енгізуді, ауылдық жерлерде қызмет көрсететін операторлар үшін экономикалық тең жағдайлар туғызуды, инвестициялар тартуға және халықаралық озық тәжірибелерді енгізуде жәрдем көрсетуді қарастыратын, 2005-2010 жылдарға ҚР почта-жинақ жүйесін дамытуға арналған бағдарламасын әзірледі. Жоғарыда аталған барлық механизмдердің әрекеттілігі, әсіресе географиялық және экономико-демографиялық ерекшеліктері, оған қоса аумағының арақашықтығы, халық тығыздығының біркелкі еместігі, елді мекендердің шалғай орналасқандығы, сонымен қатар халықтың үлкен үлесін ауыл тұрғындары құрайтын және қазіргі деңгейде әмбебап қызметін көрсетуде кейбір қиындықтар туғызатын, Қазақстан үшін өте маңызды, қызметті әрі қарай дамыту үшін өз шығынын ақтау және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде экономикалық алғы шартын құруға мүмкіндік туғызады.

          Қазпочта басшысының ойынша, Бағдарламаның  ойдағыдай орындалуы жалпы қолжетерлік  почта байланысының қызметіне  сұраныстың өсуіне және почта  рыногында бәсекелестің дамуына  әкелуге тиіс.

Байланыс саласында  Аймақтық байланыс достастығы (АБД). Құрылған жылы: 1991 Штаб-пәтері: Мәскеу (Ресей Федерациясы) Мүшелердің саны: 12

Жоғары органы: АБД  Байланыс әкімшіліктері басшыларының кеңесі

Мақсаты: мүшелер арасында ынтымақтастықты күшейту және жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалану.

Почта байланысының операторлар  кеңесі (ПБ ОК) АБД жұмыс органы ретінде  құрылған. Кеңес қызметінің негізгі  бағыттары:

-почта байланысын  пайдалану, техникалық саясат  және озық технологияларды енгізу  мәселелерінде өзара әрекеттесуін  ұйымдастыру; 

-почта байланысын  дамыту, мемлекетаралық почтамен  алмасуда жаңа қызметтер енгізу  жөнінде бірлескен инвестициялық  жобаларды әзірлеу және жүзеге  асыру; 

-почта қызметі үшін  операторлар арасында өзара есеп  айырысу принциптері мен тәртібін  жетілдіру, тарифтік саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы А.К. Арыстанов ПБ ОК Төрағасының орынбасары болып табылады.

2007 жылдың 13-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің кезекті жылдығына орай «Қазпочта» АҚ ҚР аумағында Ақтөбе облысы Бестамақ ауылында, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылында және Қостанай облысы Аманқарағай ауылында үш жаңа салынған ауылдық пошта байланысы бөлімдерін (АПББ), сонымен бірге екі аудандық байланыс тораптары (АПБТ) мен Өскемен қаласындағы бір қалалық пошта бөлімін күрделі жөндеуден өткізіп қайта ашпақшы. 2007 жылы бүкіл республика бойынша барлығы 111 ауылдық пошта баланысы бөлімдері салынды. Келесі жылы компания 272 ауылдық пошта бөлімдерін салып бітіруді жоспарлауда. Бүінгі күні «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 2 500-ден астам ауылдық, 700-ден астам қалалық пошта байланысы бөлімшесі бар кең пошта желісіне ие. Соңғы жылдары «Қазпочта» АҚ Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылды дамытуға зор көңіл бөліп, тек пошталық емес, сонымен бірге қаржылық қызметтер спектрі көрсетілетін байланыс бөлімдерін жаңартуда. Пошта байланысы объектілерін салу республикалық бюджеттен және «Қазпочта» АҚ-ның өз қаражатынан қаржыландырылады. 2006 жылы компания 4 АПББ салуды қаржыландырып, жаңа заманға сай пошта байланысы бөлімшесінің тұсаукесері Алматы облысы Іле ауданы Покровка ауылында өтті. Сонымен бірге Алматы облысында ауылдық байланыс бөлімшелерінде тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын орналастыру пилотты жобасы іске асырылды. Қазіргі кезде 3 халыққа қызмет көрсету орталығы – Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылып, облыстың елді мекендерінде тағы 17 орталық ашу жұмыстары аяқталуда. Қазір қазақстандық поштада қызмет түрлерін сапалы түрде көрсету мен поштаны жаңарту үрдісдері жүруде, бұл қызметті жақсартумен ғана шектелмей, пошта байланысы бөлімшелерінің кескінін жақсартуға бағытталған. Байланыс бөлімшелері соңғы компьютерлермен, сапалы телефон байланысымен, өрт сөндіруші, күзет ескертулерімен жабдықталып, операциялық зал, Интернет аймағы, сұрыптау және сақтау орындарымен қамтылған. ААҚО мен «Қазпочта» АҚ филиалдары арасындағы әріптестік жолдары мен құнды қағаздар рыногының даму болашағы 2007 жылдың 31 мамырында ҚР Алматы аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) қызметін ретке келтіру жөніндегі Агенттік Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтың «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы басшылығымен кездесуі өткен болатын. ААҚО өкілдері кездесуге қатысушыларды қаржы орталығы жұмысының Қазақстанда құнды қағаздар рыногын дамытуға бағытталған негізгі бағдарлары жөнінде ақпараттандырды. Отандық және шетел компанияларының құнды қағаздарын (акциялар) пошта байланысы желісі арқылы аймақтарда алға жылжыту мақсатында ААҚО мен «Қазпочта» АҚ әріптестігінің даму болашағы мәселесі талқыланды. Халықты ақпараттандыру және ААҚО қор рыноктары мен шетел қорларында сатуға қойылған құнды қағаздарды (акциялар) сатып алу кезінде көмек көрсету үшін жақын арада пошта байланысы тораптары мен бөлімшелерінде ақпараттық-кеңес беру орталықтары желісін ашу қарастырылды. Осы мақсатта аймақтық бизнес орталықтары мен мемлекеттік ұйымдарда ақпараттық-кеңес беру орталықтарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау үшін семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда. Кейін қор рыноктарындағы саудаға қатысушы брокерлік компаниялар арасында және «Қазпочта» АҚ-мен құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша агенттік қызметтерді көрсету жөнінде келісім шартқа қол жеткізіледі. Қазақстанда қалыптасқалы жатқан құнды қағаздар рыногы пошташылар үшін жаңа әрі болашағы мол және тез дамушы сала болып табылатындықтан кеңес соңында қойылған сұрақтар аз болған жоқ.

Қазақстан пошташылары  өз жұмысының қорытындыларын Ақтаудағы  кеңесте талқылады 2007 жылғы 12-13 сәуір аралығында Ақтау қаласында «Қазпочта» АҚ басқарма құрамының жыл сайынғы кеңесі өтті. Онда еліміздің пошта саласы қызметінің нәтижелері талқыланып, 2007 жылға стратегиялық міндеттер анықталды. Кеңеске «Самұрық» холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ульф Вокурка, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, «Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіби одағының» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының қызметін атқарушы Н.Яковлева, Қазпочта әріптестері – «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары К.Жәнібеков, Орталық бухгалтерлер үйі директоры Н.Серкова, «Хоум кредит Қазақстан» АҚ-ның Батыс Қазақстан бойынша аймақтық директоры Р.Галлямов, филиал директорлары, «Қазпочта» АҚ орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен Маңғыстау облыстық филиалының аудандық пошта байланысының жетекшілері қатысқанды. Қазпочта Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев өз сөзінде саланың барлық қызметкерлеріне қол жеткен оңды нәтижелер үшін алғысын білдіріп, кеңеске қатысушыларға «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының аясында пошта саласының даму болашағы туралы» баяндамасын паш етті. Өз кезегінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник пошта облыстық филиалының қызметкерлеріне облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді. «Шын жүректен барлық пошташыларға кәсіби өсу, стратегиялық міндеттерді атқару мен алға қойған мақсаттарға жетуді тілеймін», - деп атап өтті М.Бортник өз сөзінде. Алғаш рет жыл сайын өтетін басқарма құрамының кеңесінде «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вокурка мырза қатысты. Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Директорлар кеңесінің төрағасы: «Бүгінгі күні Қоғам алдында тұрған ең бір маңызды міндеттердің бірі – қазақстандық поштаның тұрақты қызметін нығайту мен реформалардың әлеуметтік бағыты», - деп атап өтті. Кеңес барысында Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстық филиалдары мен «Республикалық арнайы байланыс қызметі» филиалы директорларының есептері тыңдалды. Кеңес соңында 2006 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары бойынша үздік филиалдар анықталып, оларды марапаттау рәсімі өтті. Рейтингтік бағалау нәтижесінде «Жылдың ең үздік филиалы» атағы бойынша гран-приді Ақтөбе облыстық филиалы ұтып алды. Бірінші орынды «Астана почтамты» мен Қарағанды облыстық филиалы бөлісті. Екінші орынды Республикалық арнайы байланыс қызметі, Алматы қ. ПТБ мен Батыс Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Үшінші орынды Алматы почтамты, Алматы облыстық филиалы және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Екінші күні қазақстандық поштаның жұмысы, филиалдар мәселелері және 2007 жылдың 4-тоқсанында ИСО 9001:2000 сертификаттау аудитіне сәйкестігіне дайындық мәселелері талқыланған «дөңгелек үстел» ұйымдастырылған. Пошталық қызметтер әрбір мемлекеттің эконмикалық негізінің бөлігі болып табылады. Ал жалпы пошта байланысы мемлекеттің ақпараттық біртұтастығын қамтамасыз етуші шарттардың бірі.

Дүниежүзілік пошта  одағының негізгі міндеттерінің  бірі – әмбебап пошта қызметін нығайту. Әмбебап пошталық қызметтер  экономикалық тиімділікті нығайтады әрі қазіргі жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерге қиындықсыз бейімделеді. Сондықтан сапаға назар аудара отырып және қажетті құралдарды қолдана отырып, біз Қазақстанда әмбебап пошталық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз. «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт аралдығында пошта көптеген қиындықтарға қарамастан дамып, жетіліп, өзінің бүгінгі деңгейіне қол жеткізді. ТМД елдері арасында алғаш рет тиімді пошта-жинақ жүйесі құрастырылды. Басты жетістіктердің бірі – «EMS-Kazpost» қызметі Дүниежүзілік пошта одағы EMS кооперативі сертификациялау жүйесінің «қола» деңгейіне қол жеткізді. 2007 жылдың  шілдесінде «Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңі басталды. Орталық аппарат пен «пилотты аймақ» филиалдары сертификаттау алдындағы аудиттен сәтті өтті. Қараша айында «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сай екендігін растады. Қазпочта әлемнің 130-дан астам мемлекеттерінде күші бар IQNet халықаралық сертификаттау органының сертификатын алғаны бір төбе. 2007 жылы Қазпочта Қазақстанның әрбір қалаған азаматы дербес компьютерді рыноктық бағадан әлдеқайда төмен соммаға дербес компьютерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Ашық әлем» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Жақын арада электронды сауда алаңы жүйесі іске қосылды. Оның негізгі міндеті – тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда әріптестеріне электронды қызметтер кешенін көрсету. 45 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде Интернет жүйесіне қоғамдық қосылу пункттері ашылды. Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бүкіл республика бойынша жаңа буын бөлімшелерін салу, пошталық офистерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді жүргізілуде.

Бұл жетістіктердің бәрі – бүкіл «Қазпочта» АҚ ұжымының үйлесімді еңбегінің нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Шағын және  орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын  жетілдіру жолдары

 

3.1 Кәсiпкерлiк инфрақұрылымды қолдаудың әлемдік тәжiрибесi     

 

    Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi. 
      БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi. 
      Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi. 
    Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары