Шағын кәсіпкерліктегі этика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі грек этикасы 2122.docx

— 16.97 Кб (Скачать документ)

Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.

 

"Аристотель"

 

Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык — "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Калос" — әсем, сұлу және "агатһос" — ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.

 

Гедонизм — грек тілінің "ләззат іздеу, кызыққұмарлык" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты — өмірдің қызығына бату, ләззат алу.

 

 

Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі. [1]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ЫСБН 9965-33-570-2

PR этикасы және кәсіби стандарты.

Қоғаммен байланыс саласы– барлық 
салалармен тығыз байланысты. Әрбір салада қалыптасқан мінез-құлық қағидалары 
мен кәсіби біліктілік деңгейі бар.Осындай қағидалар мен шарттардың жиынтығын 
әдеп немесе этика деген жалпылама атаумен атаймыз.Этика кәсіби моральдың 
құрылымын зерттейтін ғылым , моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті 
қасиет.қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарын 
берік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы, 
оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады.  Қойылатын 
моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет.Менің 
ойымша PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшін 
көзбояушылыққа,екіжүзділікке,сатқындыққа жол бермеуі тиіс.Қоғаммен байланыс 
орнату барысында тілі майда,сөзі жұмсақ,жүзі жайдары болуы керек.Сонымен қатар,PR 
маманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі 
керек:қоғамда әртүрлі адамдар,адамадар тобы болады,әртүрлі пікірлер мен 
мінездер тоғысып отырады,ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке 
айнала білуі керек.Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді.Алайда, 
егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған 
оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасы 
мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда, 
әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі 
тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан 
оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және 
халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына  моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді 
игеруін талап етеді. PR маманы  этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз 
халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық 
мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.

 


Информация о работе Шағын кәсіпкерліктегі этика