Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10

2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында

2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28


2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдау-инфрақұрылымы.doc

— 840.00 Кб (Скачать документ)

 жаңа технологияларға  (технологиялар мен экономикалық  ақпараттар ұсыну, консультация  және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге; 
      рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету; 
      кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. 
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз. 
      1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты. 
"Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi. 
      2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi. 
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды. 
      Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары: 
      ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен); 
      бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру; 
      техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру; 
      жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау; 
      пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету. 
      Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған. 
      4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге: 
      мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа; 
      тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек; 
      шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады. 
      5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi. 
      6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты. 
      Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады. 
      Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған. 
      Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу. 
      Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.

         Дамыған  елдердің  көпшілігіне   экономикалық  өсудің  шешуші  бір  факторы  шағын  бизнесті  жан – жақты  дамыту  болып   табылады. Олардағы  кәсіпорындардың   жалпы  санының  ішінде  шағын   және  орта  фирмалардың  үлесі  80 – нен 90% - ға  деңгейі мөлшерді  қамтып,елдің жалпы ұлттық  өнімнің 50% - ға  жуығын  өндіруді  қамтамасыз  етіп  отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты  жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық  прогрестің  негізгі бір қозғаушы  күшінің айналған. Мысалы, жапондық  мамандардың  есептелуінше  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезде  бұл  елдің  әлемдегі  ең  бай  елдер  қатарына  қосылуына  бірден – бір  себепші  болған  нәрсе – шаған  кәсіпорындарды  дамыту.  1980  жылдардың  2 – жартысында  Жапонияның  тек  өндіруші  өнеркәсібінде  ғана  6,5  млн. шағын  және  орта  кәсіпорын  қызмет  еткен  немесе  бұл  олардың  жалпы  санының  99 % - ға  дейінгі  бөлігін  қамтиды  деген  сөз. Оларда  40 млн.адам  жұмыс  істейді, яғни  бұл  осы  салада  жұмыскерлердің  81 % - ы  болып  табылады.

         Концерндер  мен  басқа  да  ірі   кәсіпорындар  Жапония   экономикасы «аисбергінің  шыңы»  ғана  деп  айтуға  болады.Бұл   жерде  ірі  және  шағын   бизнес  өзара  бәсекеге  түсіп   қана  қоймай, сонымен  қатар   қызмет  ету  саласын  бөлісу  негізінде  бірін – бірі  толықтырып  отырады. Жапонияда  бірқатар  саласында, атап  айтқанда, аяқ  киім, тігін  және  гелантерия  өндірісінде, дәрі – дәрмек, құрастырушы  бұйымдар  мен  конструкциялар  өндіруде, бөлшек  саудада, қызмет  көрсету саласында өндірістік  және  тұрмыстық техникаларды  жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес  басым орын  алды.

       Әсіресе  соңғы  кезеңдерде  АҚШ – та  да  бизнес  кеңінен  дапып  отыр. Ол  жұмыскерлер  саны  50  адамға  дейінгі  шағын және  орта  фирмалардың 99% - ын  құрайды. Бұлардың  негізгі бөлігі  ұсақ, көбінесе  жанұялық  немесе  жеке  кәсіпорындар. Мұндай  фирмалардың 84 % - ы саны  жиырмадан аспайтын, ал  80 % - да  оннан аспайтын  адам  жұмыс істеді. АҚШ – та  шағын  фирмалардын  өсуі  жылдың  өзінде  ғана  1 млн. шағын  кәсіпорын  пайда  болса, ал  1999  жылы  1,3 млн. шағын  фирмалар  құрылды.  Мұның  алдындағы  жылдары  жыл  сайын  600  мыңға  жаңа  кәсіпорын  өмірге  келіп  отырған.

         АҚШ – та  шағын  және  орта  фирмалар  ЖҰӨ - нің 40 % - ын  өндіреді, оның  ішінде  өңдеуші өнеркәсіпте – 2,1 %, құрылыста 80 %, көтерме саудада – 86 %, қызмет  көрсету – 81 %.

         АҚШ  экономикасында  олар  ғылыми – техникалық  прогресс  саласына  жататын  барлық  жаңалықтарды  жасаудың, игерудің  және  өндіріске  енгізудің  тең  жатысына  жуығына  қамтамасыз  етеді.

         Германияда  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  басты  сипаттамасы  – ең  алдымен  меншік  құқы  мен  кәсіпорындарды  тікелей   басқарудың  бірлігі  болып  табылады. Екінші  сипаттама – кәсіпорын  қызметінің  айырмашылығы, оның  көлемінің  шектеулілігі, қожойын  мен  жұмыскер  арамындағы  өзіндік  ерекше   қатынас  сипатын  білдіріп, өндірістің  түпкі  нәтижесі  үшін  екі  жақтың  да  бірдей  мүдделілігін, ынталылығын  тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын  өмірінде  басқарушы  иесі  болғандықтан  ғана  емес, сонымен  біге  оның  өзінің  де  өндіріспен  тікелей  айналысып, оның  ұйымдастыруға  барлық  жағынан  қалыптасуынан  көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық  негізде жүргізу, яғни  кәсіпорын қызметін  нәтжелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан  балаға  мұра  ретінде машықтау. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің  тағы  бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру  мәселесін айтуға  болады. Егер  алыптар  қажетті  ресурстарды  негізінен  капитал  нарығы (қор  биржалары) арқылы  алынатын  болса, ал  шағын  және  орта  кәсіпорындар  банктердің  аздаған  несиелеріне  арқа  сүйейді, сондықтан да  олар  үшін  қаржыландыру  мәселесі  басты  проблема  болып  табылады.

         Шағын  кәсіпкерліктің  жоғарыда  аталғандай  сапалық  жақтарымен  бірге  сандық  жағынан  да  сипаттамалары  бар. Олар  екі   көрсеткішке  негізделген: жылдық  айналмым  сомасы  мен  еңбекпен  қамтылғандар  саны. Германияда  қабылданған  есептеу  әдістемеміне  сәйкес  халық  шаруашылығының  бұл  секторыны  мыналар  жатқызылады.:

белгілі  бір  жағдайда  өзіндік  фирма  түріндегі  барлық  жеке  мемандық  иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық  пен  жарнама  бойынша  консультанттар, аудиторлар, өз  бетінше  дербес  әрекет  ететін  инженерлер, педогогтар, баспасөз,өнер  қызметкерлері  және т.б.);

жұмыс  істейтіндер  саны 1 ден 49  адамға  дейінгі  және  жылдық  айналымы  1 млн. маркаға  дейінгі  ұсақ  кәсіпорындар;

жұмыс  істейтіндер  саны  50  ден  499  адамға  дейінгі  және  жылдық  айналымы  1 млн. – нан  100  млн. – ға  дейінгі  марка  болатын  орта  кәсіпорындар.

         Германияда  жоғарыда  көрсетілен  статистикалық  есептеу  тәртібіне   байланысты  1,9  млн.  шағын   және  орта  кәсіпорын  жұмыс   істеп, олар  халық  шаруашылығының  салалары  бойынша  мынандай  негізде  бөлінеді: қол өнерінде  665000 мың, еркін  мамандық  секторы – 360 мың.

         Елдегі  шағын  және  орта  бизнестің  экономикалық  маңызы  – біріншіден, барлық  еңбекке   жарамды адамның 2/3 – бөлігін   қамтып  отырған; екіншіден, елдің   ЖІӨ - нің  жартысына  жуығын  берген; үшіншіден, барлық  инвестициялар  мен тіркелген  патенттердің  жартысынан  артығын  өндіріске  енгізуге  септігін  тигізген; төртіншіден, Германиядағы  барлық  өндірісті  оқу  орындарының 85 % - ын  қамтитын  кадрларды  даярлау  көзі  ретіндегі  рөлмен  анықталады.

         Шағын  кәсіпкерліктің  барлық  кешенді ішкі  және  сыртқы  проблемаларды олардың өз күшімен шешілуі мүмкін  емес. Қазіргі кезде Германияда  бірқатар  жағдайлар шағын және  орта  бизнеске мемлекеттік қолдау  жүйесінің қажеттігін  көрсетіп  отыр. Олардың  ішінде:

Еуропалық  қауымдастық  шеңберінде  1993  жылдың  басынан  бастап  бәсеке  жағдайын  шегіне  жеткізе  шиеленістіретін  тауарлар, қызметтер, жұмысшы  күші  және  капитал  қозғалысы  жолындағы  барлық  кедергілерді  алып  тастау;

Технология  мен  табиғатты  қорғау  шараларына  байланысты  заңдық  нормалардың  қатаңдатылуы, оларға  жұмысты  күрделене  қаржыны  одан  әрі  қысқарту  және  оны  пайдаланудың  тиімділігін  арттыру.

         Германияда  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жүйесінің   негізінде  жатқан  басты  қағида - өздігінен, мүмкіндігінше  өз  бетінше  дамуды  барынша  ынталандыратын  көмек  беру  болып  табылады. Бағдарламаның  мақсаты – шағын  және  орта  бизнестің  тиімділігі  мен  бәсеке  қабілеттілігін  арттыру. Осыған  байланысты  мынандай  шараларды  атап  өтуге  болады:

         Германияның  федералды  үкіметі   құрылымдық – саяси  шараларды   іс  жүзіне  асырып  отыр. Олар  шағын  яирмалар  үшін  қалыпты   бәсеке  жағдайын  қамтамасыз  етуге  бағытталған. Бұл   жердегі  басты  бағыт – 1957  жылы  заңды  түрде  бекітілген, шағын  және  орта  фирмалардың  ұстанымдарын  нығайтуға  бірнеше  рет  қайта  қаралған – картельді  құқық. Картель  қызметін  қадағалаушы  ведомство, біріншіден, ірі  фирманың  бір – біріне  қосылып  кетуін  қатаң  бақылыап  отырады; екіншіден, орынсыз – тыйым салуды  алып  тастап, шағын және  орта  кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік  жасайды.

         Шағын  кәсіпорынға  қолдау  жасаудағы  құрылымдық – саяси   шаралардың  екінші  бір  құрамды   бөлігі – мемлекеттік  тапсырмаларды  бөлуге  қатысудығы  олардың  құқықтық  жағынан  олардың  теңдігін  қамтамасыз  ету. 1976  жылдан  бастап  мемлекеттік  тапсырыстарды  бөлуге  шағын  және  орта  фирмалардың  да  міндетті  түрде  қатысуын  растайтын  ерекше  ереже  бар. Егер  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  өздеріне  қысым  көрсетілген  болса, онда  шағын  фирмалар  осындай  мәселелерді  заңды  түрде  ретке  келтіруі  үшн  тиісті  орындарға  шағым  жасауына  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейд


Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары