Менің таңдаған мамандығым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 19:36, лекция

Краткое описание

Әр ел азаматының төлқұжаты болады.Онда адам туралы ең маңызды мәліметтер, туған жылы, отбасылық жағдайы және т.б. көрсетілген.Бірақ, бұл әр азаматтың жеке төлқұжаты. Оны ішкі жан дүниенің төлқұжатымен салыстыруға болмайды.Ішкі жан дүниенің төлқұжаты депе отырғанымыз- әрбір адамның, яғни тұлғаның өз бойында бар немесе болса екен деген асыл қасиеттерінің, жақсы істерінің,жағымды немесе жағымсыз қылықтарының, өзгелерден кемшіліктері мен артықшылықтарының тізімі десек артық болмас. Яғни осы төлқұжат құру арқылы әр адам өзінің жан дүниесімен бөлісі алады. Менің жан дүниеме үңілер болсам бұрын сонды коп ашыла бермейтін, сырымды айта бермейтін, тұйық жан болғаным рас бірақ, қазір үлкен өмірге қадам басқан соң білімге қызығушылығым, өмірге деген құшұтарлығым арта түсті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 21.54 Кб (Скачать документ)

                         Менің жан дүнием.

 

    Өз жанына көп  үңілген адам жан қателігін  тез сезінеді, еріксіз салмақты  болады, бірақ бәрін білім демейді, көкірек кермейді.

    Әр ел азаматының  төлқұжаты болады.Онда адам туралы  ең маңызды мәліметтер, туған  жылы, отбасылық жағдайы және  т.б. көрсетілген.Бірақ, бұл әр азаматтың  жеке төлқұжаты. Оны ішкі жан  дүниенің төлқұжатымен салыстыруға  болмайды.Ішкі жан дүниенің төлқұжаты  депе отырғанымыз- әрбір адамның,  яғни тұлғаның өз бойында бар  немесе болса екен деген асыл  қасиеттерінің, жақсы істерінің,жағымды  немесе жағымсыз қылықтарының, өзгелерден  кемшіліктері мен артықшылықтарының  тізімі десек артық болмас. Яғни  осы төлқұжат құру арқылы әр  адам өзінің жан дүниесімен  бөлісі алады. Менің жан дүниеме  үңілер болсам бұрын сонды  коп ашыла бермейтін, сырымды  айта бермейтін, тұйық жан болғаным  рас бірақ, қазір үлкен өмірге қадам басқан соң білімге қызығушылығым, өмірге деген құшұтарлығым арта түсті. Менің жағымды және жағымсыз жақтарым да бар.Оны  жасырмаймын.Бірақ көбінесе  өзімді жақсы жақтарымнан көрсетемін. Толығырақ айтатын болмас яғни,

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

                     Менің таңдаған мамандығым.

 

 

     Мамандық- әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті ісі. Кез-келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында». Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты  болу үшін ең бірінші мамандықты дұрыс таңдай білу керек. Біреуі жар таңдау да, екіншісі мамандық таңдау да.  Менің таңдаған мамандығым-мұғалімдік. Мұғалім –киелі мамандық. Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр. Ол жас ұрпақты Отанды сүюге, адамдыққа, ізгілікке баулу мұғалімнің басты мақсаты. Мұғалім қоғамымыздың ең білімді, ең отаншыл бөлігінің бірі. Ол өз ісіне берілген, шәкірттің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұлы тұлға. «Ұстаздық еткен  жалықпас, үйретуден балаға» деп абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты еңбек екендігін  баршамыз мойындаймыз.Мен өз таңдаған мамандығымды мақтан етемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

                              Қарым-қатынас,оның түрлері.

    Қарым-қатынас – адамдардың бір-ірімен әсерлесу және бір-біріне әсер ету процестерінің жиынтығы болып табылады. Ол адамдардың ақпарат алмасуы ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы эмоционалды байланыстың болуына ықпал етеді. Осы адамдар арасындағы байланыс мазмұны және байқалуы бойынша көп қырлы болып келеді.Көптеген авторлар қарым-қатынасты субъективтік байланыс ретінде ғана қарастырады. Әр қатысушы осы процестегі өзінің орны мен рөлін ғана түсінбей,басқаның да осыған сәйкес жүріс-тұрыс формасымен кездеседі. «...Қарым-қатынас акті, - деп жазады М.С.Каган, - бір адам басқа адаммен байланысқа түскенде, ол басқаны өзіне ұқсатады және теңейді, активті кері байланысты күтеді, яғни сол кезде орынды.»А.А.Леонтьев өзінің бір еңбегінде былай жазды: «Қарым-қатынасты интериндивидуалды емес, әлеуметтік феномен деп түсіну керек; оның субьектісі ретінде индивидті емес, әлеуметтік топ немесе тұтас қоғамды алу керек.»Қарым-қатынас жақында ғана ғылыми әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және психолингвистикалық анализдің пәніне айналды. Қарым-қатынасты зерттеу барысында әр ғылым бұл процесті әр жақтан қарастырады.Қарым-қатынас ұжымдық еңбекте ғана маңызды орын алмайды. Адамның болып қалыптасу процесінің өзі, оның қғамдық адамға айналуы қарым-қатынассыз мүмкін емес. Дамыған тұлғаға қарым-қатынас қажеттілікке айналады. 
Карл Маркс пен Фридрих Энгельс көрсеткендей басынан қарым-қатынастың дамуы алғашқы адамның сана-сезімінің дамуымен және еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты. «Алғашында еңбек, содан кейін сөйлеудің қалыптасуы – ең негізгі екі стимулдар, соның әсерінен маймылдың миы ақырындап адам миына айналды...» 
Қарым-қатынас ұзақ даму жолынан өтті, қоғамдық өндіріс және қоғамдық санамен бірге жетілдірілді. 

1. Қарым-қатынастың түрлері  мен формалары.

2. Қарым-қатынастың функциялары.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.Қарым-қатынас ары қарай жеке  адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам» . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.

Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған . бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.

Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг – бекітілмеу ,көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.

Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы » деп саналады.Қарым-қатынастың  төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар – «сүйкімді — сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді.  Келесі , бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы».

 

                           Болашақ бүгіннен басталады.

 

Қазіргі таңда елбасымыз болашақ жастардан көптеген үміт күтеді.Сондықтан сол сенімді ақтап, алға қадам басып, өзімізді тек алға жетелеуіміз керек. Жастарға қолдау жасап, әртүрлі партиялар, көптеген бағдарламалар ашуда.Келешек жастардың бойына қуат беретіндей еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятатындай жалынды жастарымызды тәрбиелеп, рухтандыруда. Сонымен қатар, «Жас Отан жастар қанаты», «Альянс», т.б. көптеген ұйымдар ашылып, жастарымыздың рухын көтеріп, жігерлендіруде.

  Сондай-ақ, жастарға қазіргі  таңда көптеген мүмкіндіктер  жасалуда. Тек ерінбей бар мүмкіндікті  пайдаланып, іске асырумыз керек. «Еліміз жарқын болашағына жаңа  ғана қадам  басқан кезеңінде, әр тиын есепте тұрған уақытта  біздің Президентіміз ешқандай  қиындыққа қарамастан ақылға  салып, көрегендікпен шешім қабылдап, халықаралық  Болашақ степендиясын  тағайындап, еліміздің түрлі түкпірлерінде, интелектуалды мектептерді ашуы  да дұрыс, әрі дана шешім болды». Осы «Болашақ» бағдарламасы іске  асырылып жатқаны президенттің  бағдарламасының арқасында сапалы  білім алуға талпынған әр қазақстандық  оған қол жеткізе алады.

  Сондықтан үнемі белсенділік  танытып, биікке табандылықпен ұмтылған  адам ғана болашақта үлкен  жетістікке жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Менің таңдаған мамандығым