Менің таңдаған мамандығым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 15:09, статья

Краткое описание

Қазақ халқы «Адамның болашағы- бағына байланысты, ал бақ Алланың берген нығыметі, бабы келісіп, бағы жанған пенденің арманы жоқ шығар бұл әлемде, сірә!» дейтіндері бар. Әрине халқымның мұндай жүректі, әрі жанды сөзіне толығымен келісемін. Бір жағынан ойлап қарасам, Алла Тағала біздің төккен терімізді, алдымызға мақсат қойып, соған жеткенше бар жігерімізді жұмсағанымызды, шын жүректен армандаған армандарымызды бағалап, тілегімізді қабыл ететін сияқты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Менің таңдаған мамандығым.docx

— 22.29 Кб (Скачать документ)

Менің таңдаған мамандығым 
 
Дәл қазіргі уақыт біздер үшін маңызға ие, қандай жоғарғы оқу орнына түсіп, қандай мамандық тандаймын деген маңызды сұраққа жауап іздейтін, болашақты бағдарлайтын кездеріміз де тақалып қалды. 
 
Мұндай өмірлік сұрақтар ойланып, толғанып барып шешім қабылдауды қажет етеді. Білім алу бүгінгі таңда маңызды болып отыр. Оқу- адамның болашағын айқындайды. Сапалы білім беретін оқу орнын таңдау- болашаққа жасалған сенімді қадам. Себебі білім – бұл болашақта өзін міндетті түрде көрсететін жасырын қазына. Сол себепті мамандық тандағанда, тек мамандықты ғана емес, сонымен бірге білім берудің жоғары сапасын және дипломның басқа елдерде де қолданылуын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнын да таңдау күрделі іс екенін біз білеміз. Бұл мектеп бітіруші әр түлектің басына туатын бір кезең. Осыдан бастап әр азамат пен азаматшалар өздерінің болашағын, арман- мансаптарын болжай бастайды.  
 
Мен 2011 жылғы мектеп тәмәмдаушы түлектің бірімін. Менің де алдыма қойған мақсаттарым, армандарым, тілектерім бар. Ол әрине әлдилеп өсірген ата-анамның, шырылдап жүріп дәріс берген ұстаздарымның үміттерін ақтап, өзімнің жан-жүрегіммен қалаған жоғарғы оқу орнына түсіп, адал еңбек етіп, болашақ өзім игеретін маман иесі болу! Бұның бәрі қолыма өзі келіп қонбайды, білім аясына жету үшін талап, еңбек, мақсат, жігер, күш керек.  
 
Қазақ халқы «Адамның болашағы- бағына байланысты, ал бақ Алланың берген нығыметі, бабы келісіп, бағы жанған пенденің арманы жоқ шығар бұл әлемде, сірә!» дейтіндері бар. Әрине халқымның мұндай жүректі, әрі жанды сөзіне толығымен келісемін. Бір жағынан ойлап қарасам, Алла Тағала біздің төккен терімізді, алдымызға мақсат қойып, соған жеткенше бар жігерімізді жұмсағанымызды, шын жүректен армандаған армандарымызды бағалап, тілегімізді қабыл ететін сияқты.  
 
Мен көп ойландым, шешімімді тапқан секілдімін, ақыры бір мәмілеге келдім. Болашақ өмірімнің жарқын да, мәнді болуы үшін алғашқы қадамымды өзімнің арман-тілегім, талабым бойынша Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеттен бастағанымды жөн көрдім. 
 
Себебі ҚарМТУ Қазақстанның техникалық жоғарғы оқу орындарының ішіндегі ірі университеттердің қатарына енеді. Ақпараттарға сүйене отырып, бұл университетте 65 мыңнан астам мамандар даярланып шығарғанын, солардың ішінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев та бар екенін ескердім. 
 
Бұл университет қызметі халықаралық деңгейде танылған және Қазақстанның «Электрондық университет» мәртебесі бар ЖОО-ның алтылығына кіреді. Қазіргі таңда бұл университет Қазақстандағы және ТМД- дағы инженерлік және ғылыми кадрларды даярлайтын ірі ЖОО-ның бірі болып табылады. Және мені қызықтырған бұл университеттегі 9 факультет: энергетика, байланыс және автоматтандыру; ақпараттық технологиялар; экономика және менеджмент; тау-кен; сәулеттік-құрылыс; жол-көлік; машина жасау; әскери-техникалық факультеттерден және сырттай- дистанциялық оқыту факультетінде күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша студенттердің даярлануы.  
 
Университет- бұл 7 оқу корпусы «Жастар әлемі» жастар сарайы, жатақхана, спорт кешені, студенттер емханасы, қоғамдық тамақтандыру цехы, Қарқаралы қаласында орналасқан «Политехник» спорттық-сауықтыру лагері және кен-металлургиялық кешеніне арналған бірегей зертхана, сапа менеджменті, оқу-әдістемелік орталығы, «тілдердің үш тұғырлығы» орталығы, кітапханасы, баспаханасы, геологиялық мұражайы, тарих мұражайы, этнографиялық мұражайы, сәулет-құрылыс факультетінің көрме залы, маркетинг және келісім-шартты қатынастар орталығы және тағы басқа мүмкіндіктері әр студенттердің өз еркінде. Мұндай жоғары дәрежедегі білім беру мен білім алушыларды қамтамасыз ететін орталықтар барлық ЖОО-да кездесе бермейтін базарлық. Осындай беделді, тереңдетілген, мүмкіндіктері шексіз жоғарғы оқу орнына түсу қай студенттің болмасын қалауы, арманы болады, әрі оқуга деген ынтасын оятпай коймайды. 
 
Қашанда құшағында сан мың студенттері бар болса да, құшағы тарылмаған бұл оқуға баруға құштартып жүргенімді жасыра алмаймын. Алла қаласа ҰБТ-дан жоғары балл алып, осы университетке грантқа түссем, оның ішінде өз қалауым тандаған факультетіме туссем, бұл өмірде менен артық бақытты жан болар ма екен...! Мамандығымды әлі тұрақты таңдамадым, әзірше «Радиотехника, электроника және телекомуникациялар» факультетін тандап отырмын. Бірақ әлі де болса уақыт бар, мүмкін шешімім өзгерер, ал басқа ЖОО-ның тандау ойымда да жоқ. Көз алдымда тек осы оқу орны мен үшін бірінші орында тұрады. Бар жігерімді, күшімді жұмсап, осы университеттің табалдырығын қуанышпен аттап, оқып, тандар мамандығымды жетілдіріп, тереңдетіп оқып, зерттеп, болашақ халқымның үміт етер азаматшасы болатын ұзын жолға шаттықпен, жауапкершілікпен қанат қағып кетсем»,-деген арман менің өмірлік қызығымды, ынтамды жетілдіре түспек. Ал сол қанат қағуым үшін бар бойыма жинар білімімді, жан-жақты дамудың кілтін осы оқу орнынан тапқым келеді. Егеменді Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін көтеруге, тұрақтылығын, қауіпсіздігін және гулденуіне үлесімді тигізу үшін қабілетті, білімді, көзі ашық маман қажет етіледі. Осындай жігерлі жетістікке менің де жеткім келеді, ол үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен білім алып, диплом алып, табысты жұмысқа тұрып, отбасыма, халқыма адал еңбек ететін дәрежеге жетсем, мені «білім» аясында тербеткен мектебіме, одан әрі шарықтатып, үлкендердің өміріне қосар, мені білікті маман иесі қылып шығарар осы оқу орнына мәңгі борыштар болып, алдында бас иіп өтер едім.


Информация о работе Менің таңдаған мамандығым