ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚР-кітапханалық-жарнамасының-мәселелелерін-шешу-жолдары.doc

— 510.00 Кб (Скачать документ)

Революциядан кейін жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар орнап, жарнаманың міндеттері де түбірімен өзгерді. «Жарнамалық хабарландыруға мемлекеттік монополия жариялау туралы» декрет және барлық жеке жарнамалық мекемелерді кәмпескелеу туралы декрет қабылданды. Енді жарнама пролетариат диктатурасының экономикалық базасын нығайтуға және социалистік шаруашылықты нығайту үшін алғы шарттар қамтамасыз етуге қызмет етті. Азамат соғысы және одан кейінгі күйреу жылдары жарнама әрекетінің табиғи түрде жойылуына әкелді. Бірақ жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) заманында жарнамаға қайта көңіл бөлінді. Дәл сол кезде «Рекламтранс», «Байланыс», «Промреклама» дейтін алғашқы советтік жарнамалық агенттіктер құрылды. Мемлекеттік жарнама ісіне журналист, жазушы, ақын, суретшілер тартылды. Мысалы, В.В. Маяковский хабарландырулар үшін 100-ден аса өлең мәтіндерін жазды, соның ішінде, қанатты сөзге айналып кеткен «Моссельпромнан басқа, барлық жер қасқа» деген өлең жолдары бар.

Бірақ көп ұзамай өмірдің бұл саласына идеология келіп килікті. Жарнама социализм табиғатына жат нәрсе деп табылып, 30-жылдардың соңынан 60-жылдардың басына дейін оны «әлемдік империализмнің жезөкше қызы» деп атайтын болды. Бірақ өмір өз ағысын тоқтатпайды, 70-жылдардан бастап біздің елімізде жарнама ісінің жаңа кезеңі қалыптасады. Соған қарамастан жарнамаға біздің өмір сүру салтымызға жат, керексіз институт деп қарау жойылмады. Бұндай козқарастың нәтижесінде жарнамаға жанама іс деп қарап, тауар тапшылығы кезінде туған «жақсы тауар жарнамасыз-ақ өтеді» деген принцип пайда болды. Іс жүзінде жоғары сапалы тауар бар жағдайда байланыс құралынсыз, соның ішінде, жарнамасыз өте бермейтінін өмірдің өзі көрсетуде.

90-жылдардың басыңда кітапхана  басылымдарында шыққан маркетинг  пен жарнама туралы материалдар, кәсіби кітапханалық санада «жарнама кітапхананы жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайларға үйлестіретін құрал» деген ұғымды қалыптастыра бастады.

Бірақ жарнаманың қажеттігі мен пайдалылығын мойындау бір бөлек те, бұл салада жоғары дәрежелі маман болу бір бөлек нәрсе.

Кітапханаға деген қоғамның кейбір бөліктерінің (ең алдымен жастардың) сұранысы артып отырғанына қарамастан, халықтың негізгі тобы, тек қана дені сау азаматтар емес, сонымен бірге мүгедектер де, кәсіпкерлер мен корпорациялар да белсенді түрде кітапхана тапсырысшысы болатындай етіп жұмыс істеу керек екендігі айқын. Бұл бағытта белгілі бір жетістіктерге жету үшін кітапханалық қызмет көрсету бағытьш пайдаланушылардың жекелеген топтарының іс жүзіндегі сұраныстарын қанағаттаңдыруға бет бұру қажет.

Мысалы, Париж қоғамдық кітапханасында автоматтандырылған канадалық GEAC жүйесі бар. Ол 55 терминалдық, бәріне бірдей қызмет ететін электрондық каталогтардан тұрады. Жүйе пайдаланушыларды Интернетпен және басқа халықаралық деректер банкімен байланыстырады. Дене кемістіктері бар, оның ішінде нашар көретіндер және мүлдем көрмейтін азаматтарға қызмет көрсету жақсы жолға қойылған. Париж Қоғамдық Кітапханасының барлық қабаттарында оқырмандар мен құжаттар ағыны қозғалысына кедергі жасайтын қабырғалар, бөлмелер жоқ. Әрбір қабат-еркін кеңістік, ондағы кітапханалық құралдардың барлық кешені пайдаланушыларға қызмет ету мен олардың жеке өзіндік жұмыс жасау қабілетін арттыру үшін жағдай жасайды. Бірегей архитектуралық жобаға байланысты, эскалаторлар ғимарат фасадына шығатын мөлдір құбыр — цилиндр тәрізді басқа қабатқа өткізгішке барып тіреледі, ал эскалатордың шығыңқы жерлері фасад орталығын келбеу — диагональ бойынша кесіп өтеді. Бұл қондырғылар, эстетика мен қызмет керсету функциясын біріктіре отырып, кітапханаға келген адамдарға Париж айналасын тамашалап, суретке де түсіруге мүмкіндік береді.

АҚШ-тағы (Канзас штаты) қоғамдық кітапханаларда пайдаланушыларды қызықтырып, демалыс көіл күйін қалыптастыру үшін кафе салу идеясы талқыланып, көп жерде іске де асып жатыр.

Конгресс кітапханасында бизнеске қызмет көрсету арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бизнес бойынша on line ақпарат желісі құралған. Ол Интернет арқылы бизнеске қатысты Федералдық құжаттарға, 10 мыңнан астам журналдардың мақалаларын пайдалануға анықтама-басшылығы (қағаз бетінде және on line режимі бойынша) және «Кіші бизнесті қаржыландыру: ақпарат кездері» атгы басылымдар шыққан. Жаңа Зеландия және басқа да бірқатар елдерде ғылыми кітапханаларда бизнеске ақылы қызмет көрсету жолға қойылған:

АҚШ Конгресс кітапханасының тағы бір өзіндік ерекшелігі-мүгедектерге қызмет көрсету. Ұлттық кітапханалық қызмет көрсету функцияларып орындай отыра, көзі көрмейтіндер мен мүгедек жандарға төмендегідей қызмет көрсетілген: магнитті, электронды тасымалдағыш құралдар, дауысты синтездейтін электронды қондырғылар, брайл баспасының материалдары (оның ішіңде, зағип жанның саусағы астында сырғып отыратын таспада әріптер пайда болатын түрлері) берілген.

Конгресс Кітапханасы авторы, аты, пәні, халықаралық стандарт номері бойынша тапсырысқа ақпарат беретін «Доступ» («Acсеss») атты автоматтандырылған библиографиялық іздеу жүйесін енгізген. Бұл жүйеге енудің қарапайымдылығы соншалықты, кітапханаға бірінші рет келген пайдаланушыға да кітапханашының болмашы ғана көмегі керек.

Компьютер орталығы 68 терминалмен жарақталған. Олардың кейбірі көзі көрмейтін немесе басқадай мүгедек жандарға арналған. Конгресс Кітапханасы құқықтық ақпараттың бүкіләлемдік желісін жасаған (Global Information Network-GLIN). Оған кооперативтік негізде барлық кітапханалар шақырылады. Қатысушы елдерде үлттық жұмыс станциясы құрылады.

Конгресс Кітапханасы өз ғимаратында және одан тысқары жерде көптеген көрмелер ұйымдастырып тұрады (саяси карикатура көрмесі, Америка үңдістерінің мәдениеті туралы, т.б.). Кітапхана ішінде кітаптан басқа көптеген экспонаттар көрсетіледі: карталар, атластар, эстамптар, қолжазбалар, фотосуреттер. Конгресс Кітапханасы құрамында екі орталық — кітап орталығы және америкалық фольклорлық орталық бар. Негізгі мақсаты — кітапты насихаттау және кітап оқуды дамытуға көмектесу.

Европа кітапханашыларының да мақсаттары осы сарындас. Берлиндегі қоғамдық зерттеулердің ғылыми орталығы кітапхана-ақпараттық қызметін ұйымдастырудың жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды, ол ақпарат технологиясын кең қолдануға негізделіп, соңғы пайдаланушыға бағытталған.

Малайзия кітапханалары бизнеспен айналысатын корпорациялар арасында қызмет көрсетуді жақсы жолға қойған. Олар ақпарат өнімдері мен қызметтеріне қатысты семинарлар, форумдар мен көрмелерде лекция оқу үшін фирма қызметкерлерін шақырады. Кітапханалар брошюра, плакат шығарып, кітапгхана және ақпарат айлықтарын ұйымдастырады, сауда және өнеркөсіп көрмелеріне қатысады.

Кітапханалық маркетинг-пайдаланушыға бағытталған басқару философиясы, сонымен қатар, кітапхана қызметтері нәтижелерін сыртқы әлеммен алмасу қатынасын реттеу тәсілдері болып табылады. Кітапхана ұсыныстары (өнімдері, қызметтері) кітапханалық акцияларды қолдау, кітапхананың қазіргі және жаңа имиджін (келбетін) нығайту мақсатыңда ақысыз алмастырады.

90-жылдардан бастап кітапхана  басқаруының маркетингтік тұжырымдамасы бұрынғы кеңестік кітапханашылар арасында кең үгіттеліп, кітапханалық қызмет көрсету аясына тарай бастады. Кітапхана ісіндегі жаңалықтар мен өзгерістер пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіктерін сапалы және тез қанағаттандыруға мүмкіндік беретін технологиялық өзгерістерге ғана байланысты емес, сонымен бірге кітапхана қызметкерлерінің дәстүрлі ойлау жүйесінен арылып, жаңашылдықты қабылдап, кәсіби сана-сезімдерінде белсенділік, шығармашылық қабілеттері оянуына да байланысты. Мысалы, бір қатар кітапханаларда жарнаманың әр түрі қолданылады: сыртқы, сыйлық, басылым, т.б. Сыртқы жарнамалар кітапхана қызметтері нәтижелерін сыртқы әлеммен алмасу мақсатыңда адамдар көп жүретін жерлерде орналастырылады: афиша, хабарландырулар, парақшалар, кітапхана мекен-жай көрсеткіштері, панно, транспаранттар, көркем безендірілу. Бұқаралық ақпарат құралдарында, кәсіби журналдарда кітапхана туралы талдау мақалалар, репортаж, интервью, редакцияға хат, үндеу, іс-шаралар, белсенді пайдаланушылар туралы жаңа кітаптар және т.б. жарнама жарияланып тұрады. Ірі көпшілік шаралардан кейін қатысушыларға мадақтау, диплом, төсбелгі, ең белсенді пайдаланушыларға жеңілдіктер, естелік сыйлық ұсыну дәстүрі, кітаптар, блокноттар, қаламсаптар — кітапхананы еске салудың бір амалы ретінде қолданылады.

Іскерлік ақпарат кабинеттері — әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудің кітапханалық орталығы болып құрылуда. Кабинет ақпараттарды жарнамалауды қалалық әкімшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жүргізеді.

Көптеген кітапханаларда имидж ретінде электронды пайдаланушы билеті енгізілген. Оның екі түрі бар: пайдаланушының түсті фотосуреті бар пластик билеті және ламинатталған кәртішкесі. Кітапханаларда музыка тыңдап, телевидеофильм көретін демалыс бұрыштары мен шығармашылық бағдарлама — кеш өткізетін орын бөлінуі де пайдаланушылар легін арттыруда. Кешке аналитикалық ақпараттық шолулар, пресс-дайд-жестер, іскерлік досьелер дайындайды.

Компьютерлік жарнама компьютерде жасалынып, көру және есту көмегімен қабылданады. Компьютерлік ақылы қызмет керсету түрлері ұлғайып келеді: соның ішінде, өз бетінше жұмыс жасауға машиналық уақыт беру. Интернетпен ақпарат іздеу, электронды поштаны пайдалану, анимациялық көріністер, хабарландырулар, жарнамалық қосымша мәліметтер. Оқырмандар өз бетінше кітапхана туралы, оның құрылымы, бос уақытта өтетін іс-шаралар, қызметтер, клубтар туралы «Тосһ-screen» ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша ақпарат ала алады. Бұл — интерактивті экранмен жабдықталған арнайы дайындалған компьютерлік технология. Бұлардан басқа кітапханаларда ксерокешірме, ламинаттау, брошюра жасау сияқты қызметтердің түрлері пайдаланушыларға «ешқайда шықпай-ақ» көп көмегін тигізеді.

Жарнамалық тиімділігі бар арнайы іс-шаралар: пайдаланушылар курстары мен үйірмелер, оқырмандар конференциясы, пресс-конференциялар, экскурсия, экспозиция, Кітапхана күндері, мерейтой, телефон және жеке келісімдер, т.б. Кейбір кітапханаларда дәстүрлі кітап көрмесін белгілі тақырыпқа арналған кітаптарды көрсету шарасы ғана емес, сонымен бірге музей жәдігерлерін, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерінің тұсаукесеріне айналдырған.

Web сайт — сыртқы әлемге өзін таныстырудың тиімді құралы ретінде қолданылуы, кабельді және тәуелсіз телевидениені қолдану, отбасылық кітапханалар, экологиялық орталық ашу жұмыстары жүргізіліп іске асуда.

Кітапханалар тәжірибесінде ақпараттық жұмысты жергілікті радио хабар «Іскерліктің ақпараттық мәдениеті», радиожурнал, радиостанция толқындарында шолулар, жаңалықтар бағдарламасында кітапхана қызметі туралы белсенді радиосюжет, пікірталастар өткізіп, видео-жарнама (теле, кино, видео, слайд, т.б. жарнама формалары) роликтер (10 сек-, 60 сек.) кітапхана туралы жарнамалық фильм, видеоэкспресс хабар (кітапхана өмірінен ерекше жаңалық) слайд-фильмдер, теледидар арқылы хабарландыру, интервью жүргізеді. Жергілікті телеканал ай сайын керекті және қызықты кітаптар, жазушылар, әдеби оқиғалар туралы хабарлар жүргізіп жарнамалайды.

Қазақстан Республикаларының кітанханаларында жарнамалық іс-әрекеттің көптеген әдістерін пайдалану тәжірибелері жинақталған: ең басты ақпараттық-мәдени және ағарту орталығы болуға мүмкіндік беретін «паблик рилейшнз» (қоғамдық ұйымдармен жоспарланған ұзақ мерзімдік іскерлік тілектестік қарым-қатынас орнату) қолданылады. Интернет, шет тілдер мен қазақ тілін оқыту, аударма қызметі, кітап дүкені, видеофильмдер прокаты, компьютерлік қызмет көрсету түрлері жақсы жолға қойылған.

Кітапхана жарнамасын алғаш жүргізген ғылыми-техникалық кітапханалар өз фирмалық белгісін жасап, оны ҚР Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігіне бекіттірді, «Ақпаратты білетіндер ғана табысқа жетеді» деген фирмалық ұран пайдаланылады.

Кітапханалар шетелдік қоғамдық ұйымдармен байланыс «паблик рилейшнз» ғана қолданбайды, сонымен бірге жергілікті экономикалық, мәдени, діни ерекшеліктерді де ескереді. Облыстық, аудандық газетте өз рубрикасы бар. Онда шағын әдебиет шолуы, жаңа кітаптар туралы библиографиялық ақпарат, т.б. материалдар (кітапхана өмірі туралы очерктер, облыс мамандарына арналған республикалық әдебиеттер көрмесінен репортаждар, директормен интервью), тегін жарнамалық хабарландырулар, шақырулар шығады.

Модельді кітапхана мәртебесін, имиджін (келбетін) құрастыру бірнеше бағыттан тұрады:

— кітапхана және оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат;

— кітапхана қоры, оның құрамы мен құрылымы туралы ақпарат;

— кітапханалық қызмет түрлері және оның интеллектуалдық өнімдері туралы ақпарат, компьютер мен көбейткіш техниканың көмегімен көркейтуге ішкі және сыртқы қажеттіліктерге баспа өнімдері (фирмалық бланкілер, буклеттер, пайдаланушы билеттері, фирмалық конверттер, визиткалар, т.б. басылым өнімдері) кітапхана қызметі нарығындағы бәсекелестікте жеңіп шығуға кемектеседі.

Кітапхана витриналарын талғаммен және ақпараттық жарнамалық материалдарға толы етіп өңдеген кітапханада бейдж тағу тәртібін енгізу, пайдаланушылардың талабын зор ықыласпен орындап ақпарат беріп қана қоймайды, жұмысқа құлшыныс туғызатын жайлы көңіл-күй қалыптастырады. Ең жақсы жарнама — ықыласпен тыңдайтын, жинақы көмек көрсете алатын кітапханашы.

Қандай да бір нәрсенің жаңашылдығын түсіну үшін оған ұқсас нәрселерді өткен уақыттан тауып, салыстыру қажет. «Жарнамалау» мен «ақпарат беру» деген ұғымдардың біздің қоғам мүшелерінің түсінігінде синоним болғанына кең уақыт өте қойған жоқ. Бұл екі жағдайда пайдаланушыларға белгілі бір мәліметтер беріледі.

Кез келген жарнама ең кем дегенде екі жағдайда тиімді, біріншіден, кітапхана дамуының маркетингтік концепциясының бір белігі ретінде қызмет көрсету сапасын, ақпараттық өнімдер мен сұраныстағы қызметтердің жылжу үрдісін зерттеу, екіншіден, пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктерін анықтауға бағытталған. Жарнаманы дұрыс ұйымдастыру арқылы кітапхана өз пайдаланушыларымен ғана емес, міндетті түрде ықтимал пайдаланушылармен де жұмыс істейді. Кітапхананы жарнамалайтын материалдар ең әуелі кітапхана ғимараты ішінде,ал сыртта — адам кеп жүретін жерлерге ілінеді. Сонымен қатар хабарлаудың ресурстық аспектін сервистік қызмет керсету аспектісі толықтырса, жарнамалаудың әсері арта түсетінін білген жен.

Іс жүзінде, озін жарнамалайтын кітапханалар Ресейде, Қазақстан мен жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінде өте көп, бірақ тиімді істің көзін таба алмай жатуы мүмкін. Ал басқа кітапханаларды жарнамасыз қазіргі кезенде өмір сүру қиын екеніне сендіру қажет.

 

1.2. Жаранама маркетингі  мен менеджменті

 

Инновация деп саналып жүрген кітапхана жарнамасының әріден келе жатқан тарихы бар. Тек оның мазмұны өзгеріп, қызметтері күрделеніп, әдістері жаңарған.

Жарнама өзінің кемшіліктері мен артықшылықтарына қарамастан, нарықтық қатынастардың негізгі индикаторы болып табылады, қоғам өмірінің дамуының ашық сипатын көрсетеді. Қоғамдық институт болғандықтан, кітапхана жарнаманың адамдарға әсеріне немқұрайды қарай алмайды. Өзінің ақпаратгық ресурстарына сүйене отырып, пайдаланушылар үшін аса жайлы жағдай жасайды, жарнаманың қолайсыз әсерін азайтып, жақсы жағын асыруға тырысады. Бұқаралық ақпарат құралдары коммерциялық фирманың жарнама әдістерін қайталамай озық тәжірибесін пайдаланып, өз жарнамалық стилін табуға болады.

Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары