ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚР-кітапханалық-жарнамасының-мәселелелерін-шешу-жолдары.doc

— 510.00 Кб (Скачать документ)

Кітапхананы әрлеуге қандай гүлдер жарайды? «Әртүрлі, егер олар сіздің кітапханаңызға үйлесіп тұрса» деп жауап береді фито-дизайнерлер. Ең әуелі көпжылдық бөлме өсімдіктерін алу керек. Оларды тандағаңда, олардың қайсысы көлеңкені, қайсысы күнді сүйеді, суды немесе құрғақ болғанды ұнататынын ескеру керек. Бұл жерде бөлменің жарықтығы, температурасы, ылғалдылығы, қолданылатын тыңайтқыштар үлкен роль атқарады.

Жасанды гүлдердің артықшылығы — оларды жиі ауыстырып, әртүрлі жағдайларға қолдана беруге болатындығында. Фитодизайнерлер оларды өте көп орналастырмау керектігін, табиғи өсімдіктермен, кептірілген дақылдармен араластыру керектігін айтады. Бұл қолмен жасалған жасанды өсімдіктер композициясын табиғи етіп көрсетеді. Бұндай еліктеулер (имитациялар) кітапхананың жағымды бейнесін жасауда көп роль атқарады.

 

2.4. Кітапхананың фирмалық стилі

 

«Стиль дегеніміз — адам» деген сөзі Кітапханада көпжылдық дәстүрі, өз пайдаланушылары, қызметкерлері бар күрделі бір «организм ретінде» өзінің ерекше, ешкімге ұқсамайтын стилін қалыптастырғысы келеді. Онсыз есте қаларлық, жағымды бейне жасау мүмкін емес.

Кітапхана өз фирмалық стилін жасай отырып, өз бейнесін де жасайды. Бейне ұзақ уақытқа жасалатынымен, өскелең уақыт талабы оны да өзгертіп отырады. Демек, фирмалық стиль де имидждің бір құрамы ретінде өзгеріп отыруы керек. Сонда негізгі мағыналық және көрнекілік қалпын бұзбай, керек уақытында болмашы өзгерістер енгізіп отыруға болады. Әрине, бұл үшін материалдық шығын жұмсау қажет болады. Кеуделік белгілер, фирмалық бланкілер, папка, қаламсап және басқа «кеңсе заттары» (егер оларда кітапхана символикасы немесе логотипі болса) арзанға түспейді. Стиль қалыптасып қалған соң, оның элементтері кітапхананың жарнамасы болуға да жарайды. Мысалы, жаңа қызметтер туралы кітапхана -белгісін (символын) әртүрлі түспен көрсетіп қойса, хабарлама әсері зор болар еді.

Фирмалық стильді ерекшелендіріп тұратын негізгі белгіге кітапхана логотипі, оның сөздік-суреттік символы жатады. Әдетте ол ерекше графика мен түспен көркемделеді. Логотиптер әртүрлі болады. Кейбір кітапханалар қысқарған сөздерді ұнатады.

Кітапхана логотипінде аймақтық ерекшеліктер, жергілікті фольклор, сурет өнері, кейде тіпті аймақтық экономикалық ерекшеліктер де көрініс табады. Логотиптің көркемдік негізі — сол кітапханаға есімі берілген жазушының суреті. Кейде логотиптің ролін жай сурет, эмблема да атқарады. Кей кездерде қысқарған сөздер мен суреттің орнына абстрактылы сурет — геометриялық дене қолданылады.

Логотип жасау — күрделі іс. Ең еуелі тың идея, жаңашылдық керек. Ол кітапхана, оның тарихы, қазіргі мүмкіндіктері мен символдың арасыңдағы байланысқа негізделеді. Кітапхана атында географиялық ерекшелік, тіпті тарихи-аумақтық ерекшеліктер де көрініс табуы керек. Кейде логотип жасаушылар кітапхана жұмысының ерекшеліктерін де көрсетеді. Мысалы, отбасылық оқу кітапханасы логотипінде кітапқа үңілген бала мен шешесінің суреті беріледі.

Логотип қысқа да нұсқа түрде жасалуы керек. Мәтін мен графикалық суреттің көп болуы логотиптің тез қабылдануына кесірін тигізеді.

Логотиптің эстетикалық жағына да көңіл бөлінуі керек: көзге түсерлік көркем образ, сөз мәнері (девиз), әртүрлі түсті үйлестіру. Шрифт ерекше болуы қажет емес, өйткені ол оқуды қиындатады. Осы жоғарыда келтірілген талаптардың бәрін орындау — кітапхананың әр салалық қызметінің символы.

Кітапхананың фирмалық атрибутына кеп нәрсе кіреді. Әрине басты орында құжаттар тұрады. Оларға бланкілер, пайдаланушы билеттері, т.б. жатады.

Бланк — типографиялық әдіспен кітапхана туралы негізгі мәліметтер немесе реквизиттер, басылған стаңдартты парақ. Әдетте сол жақтағы жоғарғы бұрышқа немесе парақтың жоғарғы орта жеріне кітапхана логотипі басылады, төменде кітапхананың толық пошталық мекенжайы, телефон, телефаксы беріледі. Кейде осы жерде кітапхананың есеп шоты мен қажетті банктің аты жазылады. Кей кездерде бұл мәліметтерді бланкінің төмен жағына жазады. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұлай ету — қолайсыз, өйткені мәліметтер тез, қас-қағымда қабылдануы тиіс (көзқарас бағытымен: солдан оңға, жоғарыдан төмен). Төменде осы мәліметтерді ағылшын тілінде немесе қосымша мәліметтерді беруге болады (іске қосылған жылы, қорлар көлемі, пайдаланушылар саны). Соңғы мәліметтерді беру міндетті емес. Кейде парақ бланкінің жоғарғы бетін сулы белгілермен маркілейді, бұл да фирмалық стильдің бір белгісі.

Кітапханаға фирмалық бланк аса қажет пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін ықтимал демеушіге, газетке немесе теледидарға, басқа кітапханаға жіберілетін кәдімгі жай қағазға жазған хатты алып көріңіз. Бұндай хат бланкіге жазылған хатпен салыстырғанда көркемдігі жоқ, сұрқай. Ал ең алғашқы әсер іскерлік байланыстың тиімділігін 80 пайызға арттыратыны белгілі.

Көптеген ғылыми кітапханалар мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бланкімен бірге өз конверттерін пайдаланады. Ол конверттер өз логотипімен, мекенжайы, телефон, телефакспен маркіленген. Олар пайдаланушыларға кітапхана туралы жақсы әсер қалдырады. Пайдаланушы билетін немесе басқа ресми құжаттарды әртүрлі етіп жасауға болады. Тек сыртқы формасы мен онделуі кітапхана саласына қайшы келмесе болды. Кітапхана логотипі, түрлі түсті гамма, фирмалық шрифт стандартталған мәтінмен қоса құжаттың маңыздылығын баса көрсетіп, осы кітапхана туралы жақсы әсер қалдырады. Әртүрлі шараларға шақыру қағаздары да осылай өңделеді.

Кітапхананың фирмалық стилі кітапхана қызметкерлері кеуде белгілерін (бэйдж) тағуын талап етеді. Бэйдж тағу қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, кітапханашы туралы ақпарат береді. Ол кітапханашы мен пайдаланушы арасында жеке қарым-қатынас орнауына мүмкіндік береді. Кітапхана логотипімен бірге бэйджде қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылады. Мүмкін болса, оның атқаратын жұмысын да жазады. Мысалы, каталогтар залының кеңесшісі, кезекші библиограф, т.б. Бэйджден жай визит карточкаларын айыра білу керек. Біріншісі, ламинатталған (қатты пленка) және киімге қыстырып қоятын арнайы қыстырғышы бар. Визиткалар арнайы блокнот-планшетте немесе басқа құжаттар арасына салуға арналған. Бэйдж бір мезгілдік назар аударуға, көптеген ақпарат беру үшін нашар көретіндерге де арналған. Сондықтан оның шрифті ірі, кітапхана немесе бөлім логотипі ұлғайтылған.

Папкалар (пластик, картон, қағаздан жасалған), блокнот, қаламсап, қаламдарды қызметіне қарай да (кеңсе заттары ретінде), сыйлық жарнамасы ретінде де пайдаланады. Оларды гардеробтан немесе кітап беретін жерден сатып алуға болады. Пластикалық (мата) сумкалар да солай, оларға пайдаланушылар алған кітаптары мен кассеталарын салады.

Фирмалық атрибуттарды жасағанда арнайы тапсырыспен қалам, папка жасауға тапсырыс беру міндетті емес. Кітапхананың символикасы бар жапсырғыш (наклейка) қағаз болса болды, оларды кітаптарға да, кеңсе заттарына да жапсыруға болады.

Жарнаманың қымбат түріне қалың текстильде жасалған календарьлар, белгілер, вымпелдер, кітап арасына салатын қағаздар жатады. Оларды көбінесе кітапхана мерейтойы қарсаңында шығарып, пайдаланушыларға сатады немесе сыйлайды.

Іскерлік және қымбат жарнамаларды біркелкі көркем стиль шеңберіңде жасайды, белгілі бір түсті гаммада, өзіндік шрифтпен және оюлармен өндейді.

 

Қорытынды

 

Әрбір жарнамалық хабар заң тұрғысынан дұрыс, шыншыл, қоғам алдыңдағы жауапкершілік, бәсекелестік принципі тұрғысынан да мінсіз болып, қоғамның жарнамаға деген сенімділігіне сызат түсірмеуі керек.

Парижде қабылданған жарнаманың Халықаралық Кодексінде белгілі бір талаптар белгіленген. Солардың кейбіреуін алсақ:

— шыншылдық;

— мінсіздік;

— салыстыру (5-бап). Жарнама хабары адал бәсекелестік принципіне сай, тауарларды салыстыру адал да дәлелді фактілерге сүйенуі тиіс;

— тұлғаның құқықтарын қорғау (8-бап). Жарнама хабарында адамдардың жеке өмірі мен қоғамдық өмірі туралы олардың рұқсатынсыз жазбау керек;

— қауіпсіздікті қамтамасыз ету (12-бап). Жарнама хабарында қауіпті жағдайлар, дәстүрлер, қимылдар туралы сөз болмауы керек;

— жауапкершілік (14-бап). Осы кодекстегі ережелер үшін жауапкершілік жарнама берушілерге, баспаларға, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қожайыңдарына, жалпы барлық келісімшарт жақтарына жүктеледі.

Біз кітапхана жарнамасының негізгі бағыттарын қарап шықтық.

Кітапхана жарнамасы қазіргі уақытта коммерциялық бағыттағы жарнамалардан ерекшеленбейді. Әрине кітапхана жарнамасы — сыпайы жарнама, біздің интеллектуалдық өнімдерімізді, ресурстар мен қызметтерді ғана емес, идеяларды да жарнамалайды. Бұл жерде дәстүрлі ағарту және тәрбиелік мәні бар міңдеттерді айтып отырмыз: көркемдікке деген талғамды тәрбиелеу, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалана білу. Білім алуды, рекреативті, араласу және т.б. іс-әрекеттерін жандандыра отырып, кітапхана жарнамасы біздің жұмысымызды жаңдандырады. Кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыра отырып, жарнама кітапхана қызметкерлерінің ауыр еңбегін, олардың шығармашылық фантазиясы мен талантын бағалауды үйретеді.

Қызмет көрсету үрдісі тек техникалық қана емес, сонымен бірге мазмұны жағынан да жаңартуды керек етеді. Сонымен жарнама әдісі кітапхана модернизациясына компьютерлендіруден кем қызмет етпейді. Бұл әдіс жаңаруға қол жеткізуге бұрынғы дәстүрлі әдістерді жою арқылы емес, солардың ішінен жақсыларын дамыту арқылы алып барады. Оларға жалпы мәдени дәстүрлерден басқа аймақтық тарихи-этнографиялық, көркемдік, фольклорлық, арнайы кітапханалық дәстүрлер кіреді. Олардың ең бағалы элементтерін таңдап алып, кітапханашылардың инновациялық әдістерімен толықтырылып, кітапхананың зор мүмкіндіктерін көрсетеді.

Бүгінгі таңда әр кітапхана қызметкерлері жарнамалық әрекеттердің негізгі бағыттарын, олардың ерекшеліктері мен мүмкіңдіктерін, құралдары мен түрлерін, жарнама жұмысын жүргізе білуі, ол үшін қажетті құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай білу керектігі дау тудырмайды. Жарнама — бұл заттың есімі, ол тіпті керемет деген заттарға да керек, шығармашылықты талап етеді.

Тек осындай жарнама ғана оқытушылар мен студенттердің, кітапханаға деген сенімін оятып, пайдаланушылардың шешімін басқару құралы бола алады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

        1. Жарнама туралы: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы//ҚР Парламентінің Жар-шысы. — 2003. — № 24. - 12. —15-6.
        2. Апзенберг,М.Н. Менеджмент рекламы. — М.: TOO «Интел Тех», 1993.–    80 с.
        3. Блэк С. Паблик рилейшнз. Что это такое?/С. Блэк. — М.,1989. - 240 с.
        4. Борисова О.О. Библиотечно-библиографическая реклама: учебно-практическое пособие./О.О. Борисова. — М., МГУК 2002. — 224 с.
        5. Справочник библиотекаря/Под ред. А.Н. Ванеева, В.А. Минкиной. — СПб.: Профессия, 2004. — 448 с.
        6. Матлина С.Г. Привлекательная библиотека, или Что может реклама: практическое пособие С.Г. Матлина. — Изд. 2-е, доп. и перераб. — М.: Либерия, 2000. — 128 с.
        7. Шрайберг Я.Л. Автоматизированные библиотечно-инфор-мационные системы России: Состояние, выбор, внедрение, развитие/Я.Л. Шрайберг, Ф.С. Воройский. - М.: Либерея, ГПНТБ России, 1996. - 273 с.
        8. Багрова И.Ю. Тенденции, состояние и перспективы обслуживания в надиональных библиотеках мира: по материалам зарубежной печати. //Мир библиотек сегодня. — Вып. 3. — С. 13—26.
        9. Барсукова С. Приоритеты планирования. /С. Барсукова, М.Белоколенко//Библиотека. — 1997. — № 6. — С.31-33.
        10. Бугрова Т. Что может кабинет деловой информации. /Т.Бугрова/. Л., Библиотека. - 1997. - № 12. - С. 12-15.
        11. Бутковская М. Библиотека — муниципальный общедоступный информационный центр. /М.Буйковская, И.Харькова, В.Шелудько. //Библиотека. - 1998. - № 7. - С. 11-16.
        12. Воропаев,А.Н. Библиографическая информация: предло-жения и спрос на рынке//Библиография. — 1997. — № 6. — С. 37.
        13. Галисханова. алисханова И. Я люблю тебя, моя страница/УБиблиотека. - 1998.-№ 11. -С. 5.
        14. Гитер Д. Доступ к источникам информации с помощью Интернет/Д. Гитер, М. Лавринович//Библиография. — 1998. - № 4. - С. 3/7.
        15. Голодяева , В. Маркетинг — движущая сила/В. Голодяева, Л. Киреева//Библиотека. - 1997. - № 8. - С. 27-29.
        16. Джафар Ш. Уметь держать руку на пульсе времени//Биб-лиотека. - 1999. №7.-С. 78-81.
        17. Деденева,А. Уметь рекламировать свои ресурсы//Библио-тека. - 1999. - № 5.-С. 43.
        18. Казаченкова Л. On line в туманном Альбионе: [Репортаж из столицы Великобритании]//Библиотека. — 1997. — № 4. — С. 30-36.
        19. Колегаева С.Д. Библиотеки в фокусе рынка//Мир библиотек сегодня. —1996. — Вып. 3. — С. 70—72.
        20. Кусая С.И. Презентация в библиотеке/С.И. Кусая, Н.В. Шкроба//Научные и технические библиотеки. — 1998. - № 4. - С. 51-54.
        21. Малюта С. Изобразительные приемы. Шрифты и тексты// Практика рекламы. — 1997. — № 3. — С. 146—148.
        22. Малюта С. Изобразительные приемы в рекламе. Цвета и заливки// Практика рекламы. — 1997. — №2. — С. 160—162.
        23. Малюта С. Почему размещение объявлений в прессе является одним из самых эффективных средств рекламы//Прак-тика рекламы. — 1997. — № 1. - С. 164—165.
        24. Моргенштерн И.Г. Информационное общество: функции, каналы, библиографическое слежение//Мир библиографии. - 1998.-№1.-С. 12-13.
        25. Недашковская Т. Суть концепции пространства — быстрый доступ к информации//Библиотека. — 1997. — № 4. — С. 68-73.
        26. Осипова О. Современный дизайн, или новый взгляд на старые проблемы//Библиотека. — 1998. — № ю. — С. 77—79.
        27. Осипова И.П. И снова о библиотечной рекламе//Мир биб-лиотек сегодня. - 1997. — Вып. 4. — С. 58—62.
        28. Паноеа Р. Положительный имидж, как его создать?//Биб-лиотека. - 1997. -№2.-С. 11—13.
        29. Пранулис А. Маркетинг и новые технологии//Библиоте-ка. - 1999. - № 3. - С. 26.
        30. Проблемы и методы директ-маркетинга. Современная прак-тика директ-маркетинга в России/УПрактика рекламы. — 1997. - №2.-С. 140-141.
        31. Прокопенко Е. Использование средств и методов «паблик рилейшнз»: в Южно-Казахстанской областной научно-техни-ческой библиотеке г. Чимкента//Библиотека. — 1999. — № 1. - С. 22-23.
        32. Ратникова Б. Проходите в ИНКО-Центр//Библиотека. — 1997. - № 4. - С. 45-50.
        33. Сарсембинова А. Связь с общественностью или «паблик рилейшнз»/А.Сарсембинова, В. Степанов//Библиотека. — 1998. -№ 10.-С. 71-73.
        34. Синева А. Международный центр меняет стиль работы// Библиотека. -1999.-№ 7. —С. 17—19.
        35. Слепова Л. Здесь были известные писатели//Библиотека. - 1997.-№5.-С. 40.
        36. Соболева Е. Создание Ноmе раgе//Библиотека. — 1998. — № 1. - С. 55-56.
        37. Степанов В. Библиографические ресурсы и каталоги//Биб-лиотека. - 1998. -№ 11. -C. 48-49.
        38. Степанов В. Библиографический поиск в Интернете//Библиография. - 1998. -№ 1.-C. 5-10.
        39. Тимофеева Л.В. Новые подходы в деятельности муниципальных библиотек Ангарска//Мир библиотек сегодня: На-учн.-информ. сб. - 1998. - Вып. 4. - С. 100-103.
        40. Цесарская Г.О. О фирменном стиле//Библиотека. — 1997. - №1.-С. 32-34.
        41. Павлова А. Библиотечный интерьер: требования и зада-чи//Научные и технические библиотеки. — 1995. — № 7. — С. 48-51.
        42. Панова Р. Положительный имидж: как его создать?//Биб-лиотека. - 1997. -№2.-С. 11-13.
        43. Ғудинова Т. Привлекательная библиотека: образ, метафора, реальность?/Т.Рудинова, И. Комиссарова//Библиография.

 

 

1-қосымша 

Жарнама туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №24, 174-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 332—333

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағыңда жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесіңде туындайтын қатынастарды реттейді.

1-ТАРАУ. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаттары

Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласыңдағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсіз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.

2-бап. Заңның қолданылу  аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының  аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және занды тұлғалардың қызметі процесіңде туындайтын қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң жеке тұлғалардың  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асырумен байланысты болмайтын  хабарландыруларына, соның ішінде, бұаралық ақпарат құралдарындағы хабарлаңдыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгіт пен насихатқа қолданылмайды.

3-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жарнама — адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысаңда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

2) жөнсіз жарнама — мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсіліне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама;

3) жарнама беруші — жарнама  жасау, тарату және орналастыру  үшін жарнамалық ақпарат көзі  болып табылатын жеке немесе  заңды тұлға;

4) жарнама жасаушы — жарнамалық  ақпаратты тарату және орналастыру үшін дайын нысанға келтіруді жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлға;

таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де төсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе занды тұлға;

6) жарнама тұтынушылар — жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлім тобы;

Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары