Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 00:54, реферат

Краткое описание

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот РЕФ.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгiлейдi.

Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөнiндегi алқа;

3) қылмыстық істер жөнiндегi алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық істер жөнiндегi алқасын — алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгiленедi.

Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөнiндегi алқа және қылмыстық істер жөнiндегi алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейтiн судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөнiндегi алқада және  қылмыстық істер жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:

1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот iсiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының  қарауына сот практикасында заңдарды  қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын  қабылдау үшін материалдар енгiзедi;

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;

6) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;

8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;

9) Жоғарғы Соттың аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекiтедi;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

11) өкімдер шығарады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кез де оның мiндетi Жоғарғы Сот Төрағасының  өкiмi бойынша алқалардың бiрiнiң төрағасына жүктеледі. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған  өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктейді.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1. Баянов Е.  Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы. 2002 ж.

2. Оспанов Қ. И. Құқық негіздері: Оқу  құралы.— Алматы: Жеті жарғы, 2006.

3. Сапарғалиев  Ғ.  ҚР Конституциялық  құқығы.— Алматы 1998 ж.

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

 

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.

2. «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы.

3. «ҚР Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.

4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Конституциялық Заңы.

5. «ҚР Ұлттық  қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы.

6. «ҚР Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері