Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 00:54, реферат

Краткое описание

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот РЕФ.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

5) заңмен Ұлттық  қауiпсiздiк комитеті органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

6) Қазақстан Республикасының Президентін,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери рамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді

және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:

1)  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;

2) «ҚР-ның Ұлттық  қауiпсiздiк органдары туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтік  қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының Президенті бекiтетiн Ұлттық  қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.

Ұлттық  қауiпсiздiк органдарының  қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын  құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметінен тәуелсiздiк принциптерінде құрылады.

Ұлттық  қауiпсiздiк органдары өз  қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық  қауiпсiздiк органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын  құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.

Қазақстан Республикасының ұлттық  қауiпсiздiк органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Президенті құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесіне кiрмейдi. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге асырады,  Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртіппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетін Республика Парламенті Сенатының келiсiмi бойынша Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын Төраға басқарады; оны Республика Президенті қызметтен босатады.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Парламентін,  Қазақстан Республикасының үкiметiн елдің қауiпсiздiгiне төнген қауіп туралы хабардар етуге;

2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының  қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу, тыю жөнінде қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының конституциялық  құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметті анықтауға, алдын алуға және тыюға;

5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған  қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;

6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, діни негiздегi партиялардың қызметіне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;

7) мемлекеттік органдарда, әскери құрамалар, бөлімдер мен ұйымдарда мемлекеттік құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлалық қорғау жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың  қызметін аталған салада бақылауға. Мемлекеттік және әскери құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеріс жүргізуге; 8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлік пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн  қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға қатысуға;

9) Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкiлдiктерi мен өзге де мемлекеттік ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде шаралар жүргізуге;

10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысуға;

11) шет мем лектер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнінде басқа құзыретті органдармен бүрлесе отырып шаралар қолдануға;

12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттері, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының  Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдің аумағында  өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге қатысуға;

13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетуді және қорғауды  қамтамасыз етуге;

14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізуге;

15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды  құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;

16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде мемлекеттік қызметтік  құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

18) ұлттық  қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;

19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшін кадр лар даярлауды, оларды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн артты руды жүзеге асыруға мiндеттi;

20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;

21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.

Ұлттық  қауiпсiздiк органдарының  құқықтары. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздеріне жүктелген мiндеттердi орындау үшін мыналарға құқығы бар:

1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-криминалистiк зерттеулер жүргізу, оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;

2) мақсаттары мен іс-қимылдары мемлекеттің қауiпсiздiгiн әлсіретуге,  Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық  құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енуді жүзеге асыру;

3) өздерiнiң іс-қимылдарымен  қоғамның және мемлекеттің  қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жібермеу және аластау жөнiндегi мәселелерді құзыретті мемлекеттік органдармен бiрлесiп шу;

4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;

5) өздері жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсіру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;

6) қылмыс жасады деген негiздi сезік туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын  құжаттарын тексеру. Қылмыс жасауына сезік келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлік құралдарын тексеруді, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;

7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегі аумақтарға және өзге де объектілерге кіруге әрекет жасаған және кіруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын  құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексеріп алып қоюды жүзеге асыру;

8) қылмыстарды болдырмау, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деген сезік туғызған адамдары қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткізу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне әкелу үшін ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуі бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді;

9) егер кiдiру  адамдардың  өмiрi мен денсаулығына  қауіп туғызса, елдің  қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкін болса, қылмысты тыю, қылмыс жасады деген сезік туғызған адамдарды  қуғындау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың  қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелеріне кiдiргiсiз кіру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кіру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыю шарасы ретінде тұтқындау ұйғарылған адамдарды немесе қауiпсiздiк органдары  қылмыс жасады деген сезік келтiрiп ұстаған адамдарды ұстау үшін тергеу изоляторларын иеленуге, жекелеген жағдайларда оларды ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмi бойынша құқық  қорғау органдары мен соттар ұстаған және тұтқындағандарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланады;

11) мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банк құпияларының және заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын, мемлекеттік органдардағы, әскери құрамалардағы, бөлiмдердегi және ұйымдардағы арнаулы байланыс түрлерiнiң және шифрлау жұмысының  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету мәселелері жөнінде бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

12) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнген қатерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына берілген қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк беретін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы мiндеттi ұсыныстарды мемлекеттік органдарға, әскери құрамаларға, бөлімдер ен ұйымдарға енгізу;

13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау туралы белгіленген ережелерi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып

пайдаланылатын  радиоэлектрондық хабар беру құралдарының

қолданылуына жол бермеу;

14) ұлттық  қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, әскери құрамалардан, бөлімдер мен ұйымдардан өтеусіз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен  қорғалатын  өзге де құпияны  құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;

15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретіне енетiн мәселелер жөнінде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;

16) ұлттық  қауiпсiздiк органдарының  қызметіне қатысты архивтегі оперативтік, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;

17) ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарақтылығын құпиялау мақсатында басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;

18) ұлттық  қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құру;

19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды  қоса, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтау  құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсатта  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және фирмаларымен шарттар, контрактар жасасу;

20) Қазақстан Республикасының  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнінде  ғылыми-зерттеулер жүргізу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелері мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерін әзірлеу және жасау;

Информация о работе Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері