Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 00:54, реферат

Краткое описание

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот РЕФ.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

 

Республикада  Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық  қорғау органдары құрылған.

Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.

Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық  қорғау органының алдына қойылатын  өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының үлделерін қорғау, қылмыспен күресу.

Құқық  қорғау органдары құқық  қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жатындықтарымен олар  қоғамдық тәртіпті сақтауды  қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.

Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:

1) конституциялық бақылау;

2) әділ соттылық;

3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

4) прокурорлық қадағалау;

5) қылмысты анықтау және тергеу;

6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.

2. Қазақстан Республикасының  прокуратурасы: жүйесі, құрылымы

 

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру  қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады. Ол — Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.

Республика Прокуратурасы  төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды.

Ол  өз  өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.

Республиканың Бас Прокурорын өз өкілетті мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға  қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкіметтігінің мерзімі бес жыл.

Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі 1995 жылғы 21 желтоқсан дағы «ҚР Прокуратурасы туралы» Заңымен белгіленеді.

Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары болады.

Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме дәл орындауын бақылап отырады.

Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.

Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:

1) прокуратура  азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;

2) прокуратура әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың  құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды: мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және т.б. әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың  құқығын бұзып отырған жоқ па — прокуратура соны тексереді;

3) прокуратура  жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадағалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырылады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір шеккен адамдардан жауап алады т.т. Міне, осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдары заңды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жоқ па, тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқ па т.т., прокуратура соларды бақылайды.

Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу органдарына тексеру жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т.б. туралы түскен арыз бен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.

3. Ішкі істер органдары

 

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі істер  органдарының біртұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі, оның  құрамына кіретін департаменттер мен өзге де  құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.

Ішкі істер  органдарының негізгі міндеттері:

1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;

2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;

3) кәмелетке толмаған балалардың  қараусыз  қалуын және олардың  құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру;

4) ұрланған мүлікті іздестіру, жол жүру ережелерін сақтауға бақылау жасау, паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды тұлғалар бақылау жасау;

5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау, мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.с.

Осы міндеттерді  орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың қызметкерлеріне мынадай құқықтар беріледі:

1. Азаматтардан олардың  қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауын, құқыққа қарсы қимылдарды тоқтатуын талап етеді. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда органдар күштеу шараларын қолдануға хақылы болады.

2. Егер бір кісі жөнінде  қылмыс жасады немесе әкімшілік құқықты бұзды деген күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтайтын құжаттарын тексереді.

3. Жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен арыздарды, хабарларды қарайды, оларды тіркейді, ондай әрекеттерді болғызбау, ашу, құқық бұзушыларды ұстау жөнінде дер кезіңде шаралар қолданады.

4. Егер органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқан болса, соларға байланысты түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі.

5. Құқық бұзған әскери қызметшілерді ұстап, оларды әскери коменданттарға, әскери комиссарларға тапсырады.

6. Жастары 18-ге толмаған, бірақ құқықты бұзған жасөспірімдер мен балаларды ұстап алып, уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстау, оларды қабылдайтын және бөлетін орындарға орналастырады. Қараусыз  қалған балалар мен жасөспірімдерді қамқоршылық және қайырымдылық органдарына жеткізіп отырады.

7. Айналадағы адамдарға нұсқаң келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді.

8.  Қылмыс жасады деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына тежеусіз кіріп, олардың ішін қарап, тексереді.

9. Көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауға құқық беретін құжаттарын тексереді. Егер көлікті жүргізу, жүкті тасымалдау жөніндегі ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады: жүргізушіні машина жүргізуден шеттетеді, жүкті арнаулы орынға жеткіздіреді, т.с.

Ішкі істер органдарына, олардың қызметшілеріне қоғамдық тәртіп орнатылуын, заңдардың орындалуын бақылауға мүмкіндік туғызатын басқа да құқықтар беріледі.

Қоғамда  құқықтық тәртіп болуына, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауына олардың  өздері мүдделі болуға тиіс.

Неғұрлым саналы азаматтар ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысына жәрдемдесіп тұрады.

Бұл істе ерекше көзге түскен адамдарды ішкі істер органдары үнемі көтермелеп отырады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:

1) азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі адамдарды босату үшін;

2) ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасындағы адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін;

3) азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңсе үйлеріне жасалған шабуылды тойтару үшін.

Болған  қылмыстан  қорғану, тоқтату жағдайында да қару қолданылады.

Ішкі істер органдары  жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Ішкі істер өкілдері мынадай міндеттер атқарады: қылмыс жасады немесе қылмыс жасауға әзірленіп жүр деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Мынадай тергеу жұмыстарын жүргізеді: суретке түсіреді, дыбыс жазады, кино, теледидар бейнелерін жасайды; көтерілген  қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алады; азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрайды, құжаттар талап етеді, жауап алады; қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау мақсатымен жұртшылықты хабардар етіп, оларды осыған жұмылдыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады т.т.

Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін басқа да қимылдар жасайды.

4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті  органдарының жүйесі, мақсаты

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауiпсiздiк органдары — республиканың  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық  құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық,  ғылыми-техникалық және  қорғаныс әлеуетін қорғауды  қамтамасыз етуге арналған

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

1) жеке адамның,  қоғам мен мемлекеттiң  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю;

4)  Қазақстан Республикасының конституциялық  құрылысын күшпен  өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю;

Информация о работе Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері