Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 00:54, реферат

Краткое описание

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот РЕФ.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадр

лар даярлауды  жүзеге асыру.

5. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

Құқық  қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі — соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді.

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.

Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады.

Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның артықшылығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының — заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген.

Конституцияның 75-бабында «Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп жазылған.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот iсiн жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиіс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының  өзге де нормативтік-құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген  құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешiмдерi мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың  қарау  құқығынан айыруға болмайды.

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Судьялар сот  төрелiгiн іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтік-құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

Сот төрелiгiн іске асыруда сот қызметіне  қандай да бір араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот шешiмдерi мен  судьялардың  өз  өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот шешiмдерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі қойылады.

Судьялар сот  төрелiгiн судья мантиясын киіп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының  қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың  қалалық соттары, мамандандырылған сот — Қазақстан Республикасы Әскерлерiнiң Әскери соты және басқалар);

2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот — гарнизонның әскери соты және басқалар).

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрі болады.

Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:

1) Конституцияда,  осы конституциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелiгi принциптерімен;

2) сот билiгiн  барлық соттар үшін сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3)  Қазақстан Республикасының барлық соттарының  қолданыстағы құқықты қолдануымен;

4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;

6) барлық соттар тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелiгiн іске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңымен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар

Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.

Әрбір аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Аудандық сот Конституцияда және ҚР Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

 Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.

Аудандық сотта кеңсе  құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкiмшiсi белгiлейдi.

Аудандық соттың өкiлеттiгi

Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.

Аудандық сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

2) сот статистикасын  жүргiзедi;

3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

2) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;

4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

6) өкімдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының  өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледі.

Бiрқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне жүктеледі.

Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар

Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi — облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша  Қазақстан Республикасының Президенті құрады,  қайта ұйымдастырады және таратады.

Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.

Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Облыстық соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөнiндегi алқа;

3) қылмыстық істер жөнiндегi алқа;

4) соттардың жалпы отырысы.

Облыстық сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

2) сот статистикасын  жүргiзедi;

3) сот тәжiрибесiн зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн іске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

Облыстық соттың азаматтық істер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық істер жөнiндегi алқасын — алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыста белгiленедi.

Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөнiндегi алқа мен қылмыстық істер жөнiндегi алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн судьялардан тұрады.

Сот төрағасы азаматтық істер жөнiндегi алқа мен қылмыстық істер жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi;

5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейді;

6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды;

7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әділет бiлiктiлiк алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жiбередi;

8) сот статистикасын  жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерделеуді ұйымдастырады;

9) өкімдер шығарады;

10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

11) азаматтарды  жеке қабылдауды жүргiзедi.

Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетi өзiнiң өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледі.

Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледі.

Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi, құрылымы мен құрамы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың  қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсiндiрмелер береді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1)  өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн іске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3) сот практикасында  заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсiндiрмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері