Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 12:07, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі гуманизм және әділеттілік принциптеріне сүйеніп ҚР Қылмыстық заңы кінәлі адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толы босатуды реттейтін нормаларды да бекіткен. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңыздылығымен түсіндіріледі, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметін аткарады. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі - қоғамдық қауіпті әрекет жасаған және сол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік атқаруға қабілетті адам. Қылмыстық жауапқершілік атқару қабілеті субъектінің белгілі бір белгілерінің болуына негізделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 82.08 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе, мына мән-жайларға тоқталуға болады. Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 38-бабының 2-бөлiгiнде жазаның мақсаты - әлеуметтiк адiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды icтеуден алдын ала сақтандыру екендiгi айтылған. Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, соттаған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, cөйтіп жаңа қылмыс icтеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы eскepтyi болып табылады. Сол сияқты жаза – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершiлiк намысына тиiп, қорлау мақсатын көздемейдi. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершiлiк принципi болып табылады.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар дегеніміз -  айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған  қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар  жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.

Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық  береді:

а) балама санкция болса  жазаның жеңілірек түрін қолдануға;

б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция  белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;

в)  ҚК-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;

г)  шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды  қолдануға.

Ал,   ауырлататын   мән-жайлардың   болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:

а) балама санкцияда көрсетілген  жазалардың ауырын тағайындауға;

б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция  белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;

в)   ҚК-тің   55-бабын  қолдану  мүмкіндігін болдырмауға;

г)  шартты түрде соттау немесе жаза өтеу мерзімін кейінге  қалдыру мүмкіндігін болдырмауға. ҚК-тің 54-бабы 1 бөлігінің «а» тармағында көзделген ауырлататын мән-жайлар болса, сот тағайындайтын жазаның  ең аз шегі ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес анықталады.

Жеңілдедетін  мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.

Жеңілдедетін және ауырлататын  мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді  қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау  немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда  да ескерілуі тиіс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы – 2007 ж

2. Ағыбаев А. Н. /Қылмыстық  құқық, жалпы бөлім/ Алматы  – 2001 ж. 

3. Звечаровский И. Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.

4. Даубасов Ш. //Қылмыскерді  ұстап беру бойынша көп жақты халықаралық құқықтық механизмдерге Қазақстан Республикасының қатысуы/ Хабаршы №2, 2003 ж.

5. Қазақстан Республикасының  қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж

6. Қазақстан Республикасының  қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002

7. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001

8. Лейкина Н. С. // Личность  преступника и уголоная ответственность 

 М. 1995 г

9. Наумов А. В. //Осы заманғы  қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары.  Алматы – 1999 ж. 

10. Наумов А. В. // Қылмыстық  құқығы/ Астана – 2001 ж. 

11. Қазақстан Республикасының  Конституциясы – 2007 ж

12. Адам және қоғам 2006 ж

13. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Іс Жүргізу кодексі

14. Астана ақшам газеті

15. Ақ жол газеті - 2008 ж

16. Заң газеті - 2007 ж

17. Егемен Қазақстан –  2008 ж

18. Бородин С. В. Преступление  против жизни - 2003 ж

19. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодекс – 2007 ж

20. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың  өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы» 1994 жылы 23 – ші желтоқсандағы № 7 қаулысы

21. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты Пленумының қаулылыр  жинағы Алматы – 1997 ж

22. Сақшы газеті

23. Ағыбаев А. Н. / Қылмыстық  құқық, ерекше бөлім / Алматы - 2001 ж

24. Наумов А. В. //Осы  заманғы қылмыстық құқықтың негізгі  тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж. 

25. Приложение № 5. Сведения о работе судов г. Алматы по рассмотрению уголовных дел (по числу лиц) по г. Алматы за 12 месяцев 2006 года в сравнении с аналогичным периодом 2005 года.

 


Информация о работе Жаза тағайындаудың жалпы негіздері