Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 12:07, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі гуманизм және әділеттілік принциптеріне сүйеніп ҚР Қылмыстық заңы кінәлі адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толы босатуды реттейтін нормаларды да бекіткен. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңыздылығымен түсіндіріледі, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметін аткарады. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі - қоғамдық қауіпті әрекет жасаған және сол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік атқаруға қабілетті адам. Қылмыстық жауапқершілік атқару қабілеті субъектінің белгілі бір белгілерінің болуына негізделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 82.08 Кб (Скачать документ)

Бірақ, тағайындалған жазаның  айыпкердің отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына тигізетін  ықпалын ғана ескеруге болмайды, себебі, егер бұл мән-жайлар ескеріліп, ауыр қылмыс жасаған немесе қоғамға аса қауіпті адамға өте жеңіл жаза тағайындалған болса, сол адамның қылмысынан жәбір шеккен адамның алдында да, жалпы қоғам алдында да әділдік үміті ақталмайды.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындағанда сот, осы қарастырылған  мән-жайлардан басқа, оның өмір кешу және тәрбиелену жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке басының өзге де ерекшеліктерін, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардан қандай ықпал болғанын ескереді. Бұл өте дұрыс, себебі кәмелетке толмаған айыпкердің есейіп қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бұл мән-жайлар оған жаза тағайындағанда ескерілуі тиіс.

Жазаны жеке даралау принципінің  бір жүйемен міндетті түрде жүзеге асырылуы, әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларының жиынтығы, қылмыстың сипаты мен қауіптік дәрежесі, қылмыскердің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескерілсе ғана мүмкін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Жаза тағайындаудың түрлері

 

 
Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп  қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп  танылып, олардың ешқайсысы бойынша  сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша  жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек  қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған  жазаларды толық немесе ішінара  қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Қылмыстардың жиынтығы бойынша  жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:

1)  жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек  жаза тағайындау;

2)   сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.

Жиынтықты құрайтын қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау ҚК-тің 58-бабының маңызды талабы, одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза тағайындаудың мұндай тәртібі сотталғаннан кейін айыпкерге қылмыстың әрбір  нақты түрі бойынша рахымшылық немесе кешірім жасауды қолдануға мүмкіндік  береді. Қылмыстық істі кассациялық  немесе қоғамдық тәртіпте қараған жағдайда әрбір бөлек қылмыс үшін тағайындалған  жазаны, егер негіз болса, жеңілдетуге  немесе үкімнен тіптен алып тастауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар  кейбір қылмыс үшін жаза тағайындай отырып заң оның құқыктық салдарын қарастырған. Мысалы, қылмыстың қайталанғандығының орын алғандығын анықтау (ҚК-тің 13-бабы), бас бостандығынан айырғанда  колонияның нысанын белгілеу (ҚК-тің 48-бабы), т.б.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша  түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс бойынша тағайындалған жазаларды  жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру немесе тағайындалған  жазаларды толық немесе ішінара  қосу принципі бойынша жүргізіледі.

ҚК-тің 58-бабының 2 бөлігінде  белгіленген жағдайларда ғана соттың сіңіру немесе қосу принциптерін тандауға кұқы бар, яғни ауырлығы шамалы қылмысты жасағаны үшін жаза тағайындағанда ғана. Басқа жағдайларда (егер жиынтықка  тек ауырлығы шағын ғана емес, басқа  санаттағы да қылмыстар кірсе) сот  тек жазаларды қосу принципін  ғана колдануға міндетті.

Сіңіру принципін қолданғанда  сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкердің әрекеті сараланатын бабын назарға  алмайды, жасалған әрбір қылмыс үшін осы санкциялар шегінде тағайындалған  нақты жазаларды назарға алады. Жеңілірек қатаң жаза ауырырақ қатаң  жазаға сіңіріледі. Егер сот сотталғанға  ҚК-тің 221-бабының 2 бөлігі бойынша үш жыл бас бостандығынан айыруды  белгілесе, ал ҚК-тің 341-бабының 1 бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығынан  айыруды белгілесе, қатаңырақ жаза - үш жыл, жеңілірек жаза  екі жылды өзіне сіңіреді, ал жиынтық бойынша түпкілікті жаза — үш жыл бас бостандығынан айыру болады. Жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін әртүрлі жаза тағайындағанда да осы принцип сақталады. 
Мысалы, бірінші қылмыс үшін сот айыпкерге бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарын, жалақысының 20%-ін ұстауды тағайындады, ал екінші қылмыс үшін — үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қосу принципін қолданып, сот, бұл жағдайда, айыпкердің түкпілікті жазасы ретінде үш жыл бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Жазалардың қатаңдығын салыстырғанда сот ҚК-тің 39-бабындағы, яғни жазалар жүйесіндегі көрсетілген жазалардың ретін басшылыққа алады.

Жекелеген қылмыстар үшін тағайындалған жазаларда қосу толық  немесе ішінара болуы мүмкін, бірак  барлық жағдайда қосқаннан кейінгі  түпкілікті жаза жекелеген қылмысқа тағайындалған жазаның кез-келгенінен қатаң болуға тиіс. Жазаларды толық  қосқанда олардың жиынтығы жеке жазалардың қосындысына тең болуға тиіс. Жазаларды  ішінара қосқанда басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаның бір бөлігі қатаңырақ жазаға қосылады.

Жазаларды қосуға белгілі  бір шектеу қойылған (ҚК-тің 58-бабы). Егер   қылмыстардың жиынтығы тек ауырлығы шамалы қылмыстарды қамтитын болса, онда қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жасалған қылмыстардың ең ауыры үшін жауаптылық жөніндегі   Ерекше  бөлімнің  тиісті  бабының санкциясында   көзделген   жазаның   ең   көп мерзімінен немесе мөлшерінен асуға тиіс. Мысалы, адам ҚК-тің 182-бабының бірінші бөлігі және ҚК-тің 253-бабы бойынша сотталады. Бұл қылмыстың екі түрінің біріншісі ауырырақ болып саналады, ол үшін ең қатаң жаза - екі жылға бас бостандығынан айыру. ҚК-тің осы көрсетілген баптары бойынша бөлек тағайындалған жазаларды қосу принципін қолданып, сот тек 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады. Егер қылмыстар жиынтығы орта ауырлықтағы қылмысты, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды қамтыса, онда түпкілікті жаза тек жазаларды косу принципін қолдану жолымен тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза қолданылған қылмыстық заң нормаларының ауқымымен шектелмейді, тіптен 20 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Егер қылмыстар жиынтығы жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір ерекше ауыр қылмысты қамтыса, бұл жағдайда да түпкілікті жаза тек жазаларды қосу принципі жолымен ғана тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 25 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін. 
Сонымен соттың қылмыстар жиынтығы болғанда жаза тағайындау принциптерін, сондай-ақ жазаларды қосу принципін қолданғанда бас бостандығынан айырудың ең көп шегін таңдау мүмкіндігін заң реттейді (ҚК-тің 58-бабы) және ол жиынтық құрайтын қылмыстардың қай санатқа жататындығына және олардың арасында 20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза карастырылған қылмыстардың бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер сот айыпкерге ҚК-тің 288-бабының 1 бөлігі бойынша алты ай мерзімге қамауға алу, ал 101-баптың 1 бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаса, ол толық қосу принципіне сәйкес 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындауға құқылы. Егер сот ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігі бойынша 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, онда тек ішінара қосуды ғана қолдана алады, яғни 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға 288-бап бойынша тағайындалған 6 ай қамауға алудың 3 айын ғана қоса алады, себебі ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігінде көзделген мерзімнің ең көп мөлшері 3 жыл, сондықтан түпкілікті жаза одан аспауға тиіс. Сонымен жазаларды қосқанда жазаның ең көп мөлшерін түпкілікті анықтау, егер осы мысалға қатысты алсақ, жиынтыққа кіретін екі қылмыстың да ауырлығы шағын қылмыстар санатына жатқандығына байланысты.

Осы келтірілген мысалда  орын алып отырған әртекті жазаларды  косу тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара  немесе толық қосу кезінде бас  бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде  ұстаудың бір күні, бас бостандығын  шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің  үш күні, қоғамдық жұмыстарға тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.

Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар  емес жазалар тағайындайды.

Мысалы, бір қылмыс үшін - айыппұл салу, екінші үшін - бас бостандығынан  айыру, үшінші үшін — белгілі бір  лауазым атқару немесе белгілі бір  қызметпен айналысу құқығынан айыру  жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде  жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға —  бас бостандығынан айыруға сіңіру принципін қолдануға болады (егер негіз болса). Бірақ бұл жағдайда жазалаудың ықпалы, әсіресе сіңірілген жазаның    жеке сақтандыру мүмкіндігі пайдаланылмайды. Сондықтан да айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ   мүлікті   тәркілеу   сияқты   жазаларды   бас  бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру   түріндегі   жазалармен   қосқан   кезде жазалардың бірінші тобы дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін қосымша жазалар тағайындалса, онда олар да, негізгі жазалар сияқты, бірін бірі сіңіре алады немесе біріне бірі қосыла алады. Әртекті қосымша   жазаларды қосқан күнде де (мысалы, айыппұл салу мен мүлікті тәркілеуді) олар дербес орындалады. Қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша жазаларды түпкілікті тағайындау тәртібін ҚК-тің 58-бабының 5 бөлімі реттейді, онда қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін делінген. Қосқаннан кейінгі түпкілікті қосымша жаза қылмыстың осы түрі үшін белгіленген ең көп мерзімнен немесе мөлшерден асуға тиіс емес (ҚК-тің 40,41, 50,51-баптары). 
ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді. Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-бабы белгілеген тәртібі қолданылады.

ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде  көрсетілген жағдайларда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мынадай  үш кезеңнен өтеді:

1) сот жаңа үкім бойынша,  яғни кейін ашылған қылмыс  үшін жаза тағайындайды; 
2)  екі үкім бойынша тағайындалған жазалардың жұмсақтауын қатаңдауына сіңіру жолымен немесе жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен, бұрынғы шығарылған үкімдерді ескере отырып, түпкілікті жаза тағайындайды.

3)  ҚК-тің 62-бабының ережесіне сәйкес бірінші үкім бойынша   жазаның нақты өтелген мерзіміне есептеу жасалады. Жаза мерзімін есептеу дегеніміз - егер адам үкім шыққанша бас бостандығынан айырудың алты айын өтесе, ал сот оған үкім бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша екінші үкім шығарылған кезге дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II   ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІНЕ ҚАРАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН МӘН ЖАЙЛАР

 2.1 Субьективті белгілеріне қарай  жеңілдететін мән-жайлар

 

Қылмыстың субъективтік жағына оның міндетті белгісі болып табылатын  кінәмен бірге кылмыстың ниеті  және мақсаты кіреді. Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нақты қыл-мыс құрамында ниет пен мақсат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамның субъективтік жағының міндетті, қажетгі белгісі болып, ал баска жағдайларда құрамның факультативті белгісі болып саналады. Кез келген мінез-құлыкка, оның ішінде қылмыстык құқықтық мінез-құлыкка да дұрыс баға беру үшін кылмыстық ниетпен мақсатты да анықтау қажет. Қылмыстық істер жүргізу кодексі іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлардың қатарына қылмыстық ниет пен мақсатты да бекерден-бекер қоспайды. Ол туралы Жоғарғы Соттың бірнеше қаулыларында арнайы көрсетілген. Осыған байланысты мақсат пен ниетті аныктап алудың қылмыстық құқылық маңызы ерекше. Қылмыстық ниет деп-белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз. Қылмыстық мақсат деп-адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. Сонымен, қылмыстың мақсаты кылмыстық ниетке негізделіп пайда болады екен, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді. Қылмыстык ниет пен максат өзара тығыз байланысты үғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған ниеттің қандай әдіспен, ниетпен жүзеге асырылатынын анықтайды. Қылмыс істеу арқылы адамның өзі қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, терроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты коғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады.

        Қылмыстың  субьективтік жағының белгілері-  кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс  анықтаудың маңызы мынада:

біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде  ол кылмысты қылмыс болып табылмайтын  іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік  береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара  ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға  мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қыл-мыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген  адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің  деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік  береді.

   Қылмыстық құқықтың ең маңызды  қағидаларының  бірі  қылмыстық

жазаға және қылмыстық  жауапқа тек қана қылмыс істегенге  кінәлі адам ғана  тартылатындығы  болып табылады.Бұл қағида қылмыстық  кодекстің арнаулы  бабында  атап көрсетілген. Онда адам  қылмысқа қатысты  кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті  әрекет және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық  жазаға тартылуы тиіс.

Алдын ала тергеу органдары  мен  сот органдары қылмыстық  істі тергеу мен сот төрелігін  жүзеге асыру кезінде обьективтік  ақиқатты анықтауы қажет.

Күнделікті тәжірибеде көрсетілгендей кез келген қылмысты іс-әрекеттің  мәнін ашу үшін қылмыстың субьективтік жағын анықтаудың маңызы ерекше.

Қылмыстың құрамын дұрыс  анықтау ұқсас қылмыстарды бір  –бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі.

Ниет пен мақсат өзара  тығыз байланысты ұғым болғанымен олар адамның еріктілік процесінің әр түрлі жағын сипаттайды. Ниет адам неғе-қылмыс жасады деген сұраққа  жауап берсе, ал мақсат сол әрекеттің  бағытын анықтайды. Қылмыстык ниет пен мақсат әр уақытта да Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының диспозицияларында нақты атап көрсетілетін ұғым болып табылады. Мысалы: баю мақсаты, басқа қылмысты жасыру мақсаты, соғысты арандату, т. б. пайдакүнемдік ниет, бұзақылық ниет, зұлымдық ниет, қан үшін кекшілдік ниет және т. б. Кейбір реттерде заң шығарушы қылмыстық ниеттің жалпылама сипаттамасын ғана береді. Мысалы, зұлымдык ниет немесе басқадай жеке мүдделілік. Мұндай жағдайларда зұлымдық немесе басқадай жеке мүдделілік ниеттің нақты мазмұны анықталып, ол туралы тергеу. сот құжаттарының тиісінше аталып көрсетілуі керек. Ниет пен максатқа дұрыс қылмыстық кұқылық баға беру үшін оларды топтастырудың маңызы өте зор. Қылмыстық теорияда қалыптасқан дәстүр бойынша ниет пен мақсат моральдық және кұкылық негіздерге байланысты екі топка бөлінеді. Теріс (зұлымдық) және он (зұлымдық емес) ниеттер мен мақ-саттар. Зұлымдық ниеттер мен мақсатгарға кылмыстық жауаптылықты ауырлатуға немесе нақты кылмыс құрамы сараланған (жетілдірілген) кылмыс құрамына жатқызуға, сондай-ақ қыл-мыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешуге қажетті тікелей әсер етеді. Зұлымдық ниеттерге пайдакүнемдік (96-бап, 2-белігі, «з» тармағы), бұзакылық (96-бап, 2-бөлігі, «и» тармағы), қан үшін кекшілдік (96-бап, 2-бөлігі, «л» тармағы) және ұлттык, нәсілдік алауыздық (96-бап, 2-бөлігі, «д» тармағы) тағы басқалар. Зұлымдық мақсаттарға басқа кылмыстың ізін жасыру максатымен немесе сол қылмысты жасауды оңайлату мақсатымен кісі өлтіру (96-бап, 2-бөлігі, «к» тармағы) мемлекеттің эконо-микалық және қорғаныс қабілетін әлсірету, ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адам органдарын немесе тәнін алу жатады. Бұдан басқа қылмыстық жауаптылыққа немесе оны күшейтуге әсері жоқ ниеттер мен мақсаттар зұлымдық емес ниеттер болып табылады. Ниет пен мақсаттың әр түрлі қылмыстық құқылық маңызы бар. Біріншіден, егер заң шығарушы оны нақты қылмыс кұрамының қажетті белгісі етіп көрсетсе, онда ол ниет пен максат сол қылмыстың құрамының міндетті белгісі болып табылады.

Информация о работе Жаза тағайындаудың жалпы негіздері