Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 12:07, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі гуманизм және әділеттілік принциптеріне сүйеніп ҚР Қылмыстық заңы кінәлі адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толы босатуды реттейтін нормаларды да бекіткен. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңыздылығымен түсіндіріледі, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметін аткарады. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі - қоғамдық қауіпті әрекет жасаған және сол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік атқаруға қабілетті адам. Қылмыстық жауапқершілік атқару қабілеті субъектінің белгілі бір белгілерінің болуына негізделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 82.08 Кб (Скачать документ)

Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, ҚК Ерекше бөлімінің  бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлемінде көрсетілген жазаның  түрі мен шегінен шықпай жаза белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға мүмкіндік  береді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар  да оның ішінде заңда көрсетілген  жауаптылықты жеңілдететін жағдайларда, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасудағы және одан кейінгі рөлі танылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы  айыпкерге, жазаның ең төменгі шегінен  де төмен жаза тағайындауға кедергі  бола алмайды. Заңда көрсетілген  жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек  жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерлрге  қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына  жекежеке тағайындап алады. Сот тәжірбиесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген  жауаптылықты жеңілдететін мән жайлармен  бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірінші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытып, зорлауы  нәтижесінде істеуі.

Ерекше жағдайларға істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін  шұғыл түрде төмендететін бір  ғана жағдай жатуы мүмкін. Егер адам кінәлі деп таныған заңда жазаның  әр түрі көрсетілген болса, онда соттар ҚК – нің 52 – бабының 2 – бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс үшін, көрсетілген  жазаның неғұрлым ауыр түрі, тек  оның жеңіл түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса, немесе жазаның  ең ауыр түрін тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана, тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселені талқылауын және үкімде қабылданған шешімді дәлелдеуі  тиіс.

Бүл жерде ерекше жағдайлар  деп жасалған қылмыстың қоғамға  қауіптілік дәрежесін кемітетін  жағдайлар да, оның ішінде заңда  көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекеттің мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасаудағы  және одан кейінгі рөлі, қылмыскерлердің  топ болып жасаған қылмысты ашуға  белсене араласуы, т.б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп таныйтын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге  міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі шегіненде төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Заңда көрсетілген жазадан гөрі әлде қайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайындап алады, содан кейін оны қылмыстың жиынтығы туралы баптың ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілейджі. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірнші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытып, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас балалары мен кәрі ата анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады. Ерекше жағдайларға кейбір реттерде істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдайда жатуы мүмкін.

Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіреуіне, егер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатароның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған қолдануға негіз бола алған жағдайда ғана қолданылады.

1. Егер түзеу жұмыстары  әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру немесе  тәртіптік әскери бөлімде ұстау  жазасын тағайындағанда сот сотталған  адамның жазаны өтемей түзелуі  мүмкін деген қорытындыға келсе,  ол тағайындалған жазаны шартты  деп санауға қаулы шығарады.

2. Шартты түрде соттау  қолданылған жағдайда сот жасаған  қылмыстың сипаты мен қоғамдық  қауіптілік дәрежесін, айыптының  жеке басын, соның ішінде жауаптылық  пен жазаны жеңілдететін және  ауырлататын мән-жайларды ескереді.

3. Шартты түрде соттау  тағайындалған кезде сот сотталған  адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін  дәлелдеуге тиіс сынақ мерзімін  белгілейді. Сынақ мерзімі бір  жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта  тағайындалады. 

Шартты түрде сотталған  адамның мінез құлқын бақылауды  оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер  жөнінде әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады. Шартты жазаға сотталған кезде мүлікті  тәркілеуден басқа қоымша жазалар  тағайындалуы мүмкін. Шартты жазаға сотталғанда  тағайындалған қосымша жаза нақты  түрде өтелуі тиіс. Шартты сотталуы туралы қаулы шығарған кеде сот сотталғанға, оның заңды өкілдеріне сотталған  адамның міндеттерін орындамаған  немесе әкімшілік құқық бұзушылық, жаңа қылмыстар жасаған жағдайда көзделген шараларды қолдану  мүмкіншілігі туралы түсіндіруге міндетті. Қылмыстық заңда шартты түрде  соттаудың күшін жоюдың немесе сынақ  мерзімін ұзартудың түрлі негіздерді белгіленген.

Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілгенм белгілерімен шатастыруға  болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ  жасаған қылмыс осы қылмыстың  жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.

Егер ҚК –нің 53 немесе 54 –баптарында  көрсетілген мән-жайлар қылмыстың  бір белгісі ретінде Ерекше бөлімінің  бабында көрсетілген болса, онда ол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде  жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын  мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы  қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жай  ретінде есепке алыньайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 53-бабында қылмыстық  жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер есептелінеді.

Мән-жайлардың кездейсоқ  тоғысуы салдарынан алғаш рет  кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау  айыпкердің кәмелетке толмауы.

Жүктілік айыпкердің жас  балалары болуы қылмыс жасағаннан кейін  зардап шегушіге тікелей медициналық  және өзге де көмек көрсету жеке, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар салдарынан қылмыс жасау күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан қылмыс жасау, қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік жағдайларында қылмыс жасау, шын  жүректен өкіну, айыбын мойындап келк, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды  әшкерелеуге және қылмысжасау нәтижесінде  алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық

Мән-жайлардың кездейсоқ  тоғысуы салдарынан алғаш рет  онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде  біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі  керек.

Айыпкердің кәмелетке  толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенге көп жағдайда өмірлік  тәжірбиенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен, өзінің тентектігін  көрсету арқылы істеледі.

Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін  басшылыққа ала отырып, ана мен  баланың мүддесін қорғайды. Жүкті  әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу- осының айғағы.

Айыпкердің жас балалары болуы.

Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз  болады.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін  өз еркімен болғызбайды. Келтірілген  зиянның есесін өз еркімен толтыру  деп кінәлінің жәбірленушіге  ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моралъдық зиянның орнын  толтыру жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу  әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материал дық жетіспеушілікке  байланысты болуы мумкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы сияқты мәселелер жатады.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті  қылмыс жасау. Бұл жерде қорқыту  немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа  адамның тарапынан пайда болады. Яғни бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінілі адамды қылмыс істеуге азғырған адам.

Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу, қажеттілік, қылмыс жасаған  адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.

Мұндай жағдайда қылмыс істеу  жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, заң қорғайтын мүддеге қылмыстық  қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Мысалы, аса  қажеттілік жағдайында істелген іс -әрекеттің  нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған  зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын  жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы.

Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан, екіншіден, жан  күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.

Физиологиялық аффект дегеніміз  осы жоғарыда айтылған жағдайларға  байланысты кінәлінің ашу үстінде  жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқына саналы түрде бақылау  жасау қабілетінің кемуі болып  табылады.

Физиологиялық аффектіні  анықтау үшін сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қатысушыларды  әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде  алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Шын жүректен өкінуге қылмыс істегени адамның ағынан жарылып  өз істеген қылмысын мойындауы, өзінің іс әрекетіне шын жүректен өтініш білдіріп, қылмысқабірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері.

Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән жайларға жатады

а). қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б). қылмыс арқылы ауыр зардаптар  келтіру;

в). адамдар тобының, алдын  ала сөз байласқан адамдар  тобының құрамында қылмыс жасау;

г). қылмыс жасағанда айрықша  белсенді рөл атқару;

д). айыпкер үшінпсихикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды  қылмыс жасауға тарту;

е). ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, сондай ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж). белгілі бір адамның  өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

з). аса қатыгездікпен, қорлаумен, сондай ақ жәбірленушіні қинап өылмыс жасау;

и). төтенше жағдайды, табиғи немесе қоғамдық нәубет жағдайларын  пайдаланып, сондай ақ жаппай тіртіп бұзушылық  кезінде қылмыс жасау;

й). алоголъдік, есірткілік еліту  жағдайында қылмыс жасау

к). адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып, қылмыс жасау;

л). өкімет өкілінің нысанды  киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау;

Ерекше жағдайларға істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін  шұғыл түрде төмендететін бір  ғана жағдай жатуы мүмкін. Егер адам кінәлі деп таныған заңда жазаның  әр түрі көрсетілген болса, онда соттар ҚК – нің 52 – бабының 2 – бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс үшін, көрсетілген  жазаның неғұрлым ауыр түрі, тек  оның жеңіл түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса, немесе жазаның  ең ауыр түрін тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана, тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселені талқылауын және үкімде қабылданған шешімді дәлелдеуі  тиіс.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың  жасалуын өздігінен ерекше мән –  жайлар болған жағдайда кінәлі адамға, төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергі болып табылмайды. Соттың ҚК – нің 55- бабын қолданып, белгіленген  жазасының мөлшері қандай жағдайда да заңмен белгіленген осы жаза түрінің ең төменгі мөлшерінен төмен бола алмайды, - дер түсіндірілген. Осы қаулыға сәйкес белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шегінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендей жеңіліректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін.

ҚК-тің Жалпы бөлімінде көрсетілген  ең аз мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабы бойынша тағайындалуы мүмкін емес. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшердегі айыппұл немесе 6 айдан  аз мерзімге бас бостандығынан айыру. ҚК-тің сотталған адамның әрекеті  сараланатын бабының санкциясында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындағанда жазаның сол санкцияда көрсетілмеген, бірақ одан жеңіл түрін тағайындайды. Жазаның заңда көрсетілгенінен  жеңілірек түрін белгілегенде сот  ҚК-тің 39-бабында келтірілген жазалар  жүйесін басшылыққа алады. Мысалы, ҚК-тің  бұл бабы бойынша санкция бас  бостандығынан айыру мен қамауға алуды балама қарастырады.  
Істің ерекше мән-жайы, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдесуі ҚК-тің 55-бабын қолдана алады. 
Істің ерекше жағдайы дегеніміз қылмыс жасау барысында оң мақсаттар мен игі себептердің болуы, айыпкердің қосалқы рөлі, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау, т.б. Бұл жерде ескеріліп отырғаны қылмыс зардабын болдырмауға бағытталған мінез-құлық, залалдың орнын өз еркімен толтыру, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап келу, т.б. Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлар да, ондай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар бола алады.

Информация о работе Жаза тағайындаудың жалпы негіздері