Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 10:57, реферат

Краткое описание

Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

амир тимир.docx

— 47.25 Кб (Скачать документ)

    Өз жұмысымда әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі – есімі атақпен бірге аңызбен ілесіп жүретінін Ақсақ Темірдің қоғамдық саяси қызметі мен жасампаздық өнерін көрсеттім. Зерттеу еңбектері мен мерзімді басылымдар мағұлаттарына сүйене отырып, Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуына Темір империясының ықпалы мен салдарын жан-жақты қарастырадым.

  Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.

   Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған.

     Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын айтады. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді .

   Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады» делінген. Рашид ад-Диннің шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық тобына жатқызады. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті .

   Темірдің жастық шағы туралы келтірілген мәліметтер Клавихоның мәліметтерімен ұқсас келеді, тек «темір ұстасы мен кәсіпшілікпен» айналысқандығы туралы тың жайттар айтылды. Ал Ибн Арабшахтың дерегінде Темірдің әкесі кедей ұсташы болып, оның қой ұрлап жатқан сәтте оған садақтың жебесі тиіп жараланғандығы туралы айтылады. Сонымен қатар Ибн Арабшах кез-келген тонаушылық әрекетке оның соңынан еретін нөкерлердің санының ұлғайғандығы туралы да баяндайды.

  Деректерде келтірілген мәліметтерде Темір туралы аңыз әңгімелер көп болғандықтан, ал жылнамалар асыра сілтеушілікпен жазылғандықтан деректердің нақты шынайылығын ажырату қиындық тудырады. Дегенмен зерттеушілердің ғылыми мәліметтері бойынша Темір 1336 жылы Бұқара аймағының батысындағы Кеш (қазіргі Шахрисябз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында Тарағай бектің отбасында дүниеге келген. Әкесі – бек лауазымы бар барлас ақсүйектерінің бірі. Ол ХІҮ ғ. басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Темір осы қыстақта барлас ұлдарының арасында әскери ойындарға жаттығып балалық шағын өткізеді .

  М.М. Герасимовтың Темір мәйітін зерттеу қорытындысы бойынша оның бойы бойы шамамен 172 см. құрағанын және физикалық жетілген өте мықты тұлға болғанын көрсеті. Оның шашы өз қатарларына қарағанда әлдеқайда ақшыл болған. Герасимов қалпына келтірген бет-пішініне және терісінің ақ түстілігіне қарап, кейбір ресейлік зерттеушілер: «Ақсақ Темірдің тегі еуропалық болған» дегілері келеді. Олардың мұнысы Темірдің Ресейді Алтын Орданың езгісінен құтқарғанына да байланысты болар.

   Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы Академик В.В. Бартольд Темірдің өзі түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы Барластың қолында болған Шахрисябзға жиі барып тұруының арқасында қала өмірін де жақсы білді.

   Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында оның жастық шағы туралы мәліметтер айтылады: «Жеті жасқа толғанымда, мені медресеге тапсырды және қолыма сөздер кестесін ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес уақыт намазды үйрендім және мектептегі барлық оқушыларға бастық болып алдым. Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп тағайындадым, ойынды басқаратынмын және бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын».

  1348 жылы 12 жасында Балық әмірі Қазағанның әскерилерінің қатарына алынды. Ол қарапайым әскери міндетін атқара жүріп-ақ барластарды өз айналасына топтастыра бастайды .

  Атақты тарихшы Арабшах Темірді тиран және жауыз ретінде атаған оның қарсыласы ол туралы былай айтады: «Темір мығым денелі, ұзын бойлы, кең маңдайлы, кең кеуделі, зор дауысты және оның күшіне жететін жан болмағандығын айтады. Оның ұзын сақалы болды, оң аяғы мен оң қолы мертік болған. Ол 80 жасқа жетпей қайтыс болғанымен, ол өлген шағында өзінің қаталдығы мен ақылынан еш айырылмаған. Ол өтіріктің жауы болған, әзілдер оны қызықтырмаған, шындық ащы болса да, оны жаны сүйен. Өзі тұрған жерде қарақшылық, өлтіру мен әйелдерге деген зорлық-зомбылық туралы айтқызбаған. Сәтсіздіктер немесе жеңістер оның еңсесінің түсуіне еш әсер етпеген. Ол өзін сыйлата білетін және әскеріне жолдас болған».

   Өз замандастарының арасында беделін көрсетіп, қолбасшылық өнерін ерте байқатады. Сондықтан да Темірдің жас кезінде өзі секілді жас барластар оның нөкері болуға ұмтылған. Оның жас кезінде өзінің әкесі секілді үш-төрт нөкер ғана болған. Клавихоның жазуы бойынша: ол өзінің төрт бес қолшоқпары арқылы көршілерінің малдарын тартып ала бастаған. Біртіндеп жас Темір жақсы қаруланған, шағын атты әскер жинақтайды және оларды саудагерлердің керуендері мен көршілерінің жеріне олжа алуға жіберіп тұрған. Жорық сәтті болған кезде «ол өз адамдарымен тойлаған; ол мықты әрі қайрымды болғандықтан олжаның бір бөлігін өз адамдарына үлестірген, сондықтан да оның айналасына 300-ге жуық салт атты әскері жасақталды». Осы кезден бастап ол өзі және айналасындағылар үшін жер-жерлерді аралап, ұрлау мен тонаумен айналысқан. Темірдің батырлығы, мәрттігі, адамдарды тани білуі мен өзіне көмекшілерді таңдауы мен қолбасшылық ерекше қабылеті барластар мен көшпелі әскери жастардың арасында асқан беделдік әкелді .

   Оқырмандар мен тарихшылар үшін де Ақсақ Темір тұлғасы толық ашылмаған жұмбақ, тарихи дүниеде қарама-қайшылыққа толы тарихи тұлға болып келеді. Оның өмірі туралы жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің жорығынан басталады. Бірақ Ибн Арабшахта, орыс жылнамасы мен Рюи Гонзалес де Клавихода 1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын айқындайтын кейбір жайттар келтірілген. Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы шапқыншылықтар сол кезеңде салтанат құрған әлі де болса құдіретті Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ оны күйретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері – Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлердегі агрессиясының алғашқы нысандарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасап бақты. Темір 1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам шапқыншылық жорықтар жасады.

  Төл тарихымызды таразылап, ұлтымыздың бастан өткерген осы кезеңде өткерген дерек көздеріне тоқталып өтетін болсақ, Темірдің өмірбаяны қиян-кескі тартыстарға толы аса күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда тарихи-саяси өмірбаянын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы 1370 жылы ол Мауреннахр билігін басып алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде Темір қатардағы барлас ақсүйектерінің ұлы Темір билік, мансапқа ұмтылған жанкешті күресімен айшықталады. Бұл жерде Темір билікке тікелей Қазақстан аумағында салтанат құрған Ордалармен күрес жүргізуі мен олардың арасына іріткі салып жеткендігін байқауға болады.

  Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған. Оның территориясы тұрақты болмады, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Моңғол ханы Тоғылық Темір алғашқы жорыққа Жетісуда 1360 жылы аттанды. Тоғылық-Темірдің түрік әмірлерінің оған қарсылық көрсетпейді деген болжамы жүзеге асты. Шахрисябтың әміршісі әмір Хаджи Хорасанға қашты, ал қалған әмірлер өз еркімен Моғолстан ханына бағынды. Олардың ішінде барлас руынан әмір Темір Тоғылық-Темірге өздерінің берілгендігін білдірді, сол үшін Кеш қаласын басқару соған берілді. Моғол ханы жауланған аймақты басқаруға беру барысында өзін Шағатай әулетінің мирасқоры құқында жүзеге асырды .

  Моғол әскерінің одан былайғы жорықтарына халықтың қарсылығымен қатар моғол әскерлерінің түскен олжаны бөлісе алмаулары да өзінің кері ықпалын тигізіп, олар хан ордасына қайта оралды. Мұхаммер Хайдар Дулати мен Шараф ад-Дин Али Йазди Тоғылық-Темірдің Моғолстанға қайта оралу себебін көрсетпейді. «Темір жазбаларында» Тоғылық-Темірдің қайта оралу себебін «Жоғарыда аталған әмірлердің өзара келіспеушілігімен қатар, оларды ханға қарсы шықты деп көрсетеді». Бүліктің сыртқы себебі әмірлерді бұрынғы қолбасшы лауазымынан алып тастауымен, және Мәуреннахр тұрғындарынан «шамадан тыс заттай және ақшалай сыйлық» талап етулері. Сонымен қатар бүлік ұйымдастырған әмірлер Моғолстанға барып, онда ханға қарсы әрекеттерін жалғастырған [10]. Бүлікті басу үшін моғол ханы Мәуреннахрды бағындыруға бағытталған алдағы әрекеттерін доғара тұруға мәжбүр болды. Келесі жылы Тоғылық Темір өзінің Мәуреннахрға жорығын жалғастырды. 1361 жылдың көктемінде ол Моғолстаннан шықты, Барлас әмір Хаджи қайтадан Хорасанға қашты. Әмір Темір өзінің берілгендігін айтады, осылайша оған Кеш қаласы беріледі. Осылайша Темір 25 жасында Хаджи Барластың орнына үлкен болмаса да бай елді мекеннің түмені болады. Осы тұста мұсылманшыл Темір пұтқа табынушы Тоқылық Темірді түбегейлі қолдамайды .

   1361 жылы Темір Казаганның немересі әмір Хусейнмен қарым-қатынасын нығайта түседі. Олардың одағы туыстық қатынаспен жақындаса түседі: Хусейннің әпкесі Улджай Туркан-аганы Темір өзінің жары етіп алады. Бұл кезеңде екі әмір де Мәуреннахрдағы беделді тұлғалар болады. Бірақ бұл одақты екі жақта жеке мүдделері үшін пайдаланып, үлкен олжаларды жаулап алуда күш біріктіреді. Бірақ бұл кезеңде олардың жорықтары сәттілікпен аяқтала бермеді, мәселен, 1362 жылы олар 62 күнді Махан өңірінде (қазіргі Мары) түрімен Али-бекте тұтқында өткізеді. Біршама уақыттан кейін олар Сеистанға барады және осы аймақта олар өлім аузынан калады. Жоғарыда аталғандай Темір оң аяғы мен қолынан қатты жараланып, өмір бойы оң аяғы ақсап калады.

  Темір моңғол ханында ұзақ қызметте болмайды. Моғолстанға қайта оралған Тоғылық Темір хан Мәуреннахрда өзінің билеушісі ретінде ұлы Ілияс-Қожаны қалдырды. Бірақ моғол әскербасылары оның көмекші басқарушысы әмір Темірге қарсы бүлік шығарады Осы жағдайды пайдаланған әмір Темір сол сәтте-ақ Тоғылық Темірдің ұлының қасынан кетіп, әмір Хұсайынмен бірге Моғолстан билігін түсіруді көздейді . Темір Балық қаласының әмірі Хусейнмен ымыраласып Тоғылық Темірге қарсы бас көтеріп, жеңіліске ұшырап хорезмдік Тахир батыр әскерінің қоршауында қалып, 10 адамымен қоршаудан әрең құтылады. Сөйтіп ол Түркістан арқылы Хорасанға келгенде адамының саны 200-ге жетеді. Бұқараға өтер жолында оның басқаруындағы адам саны 2000-ға жетіп, Балыққа 4000 қол болып оралады. Темірді қолдағандардың дені өзінің барластары еді. Бірақ ол алғаш Мауреннахрдан қуылғанда Темір атымен кетіп Балыққа қайтып оралғанда «Ақсақ Темір атанып оралады».

  Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы - Ақсақ Темірдің есімі атақпен бірге аңыздар да ілесіп жүретінін ескерсек, Темір туралы түрлі аңыздар жетерлік. Солардың бірі Темірдің «Ақсақ Темір» аталуы. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді.

   Клавихо Темірдің жас кезі туралы мәліметтерді Орталық Азиядағы даңқты әмірдің айналасындағы жайттардың барлығынан хабардар болған тұлғалардан жазған. Темірдің ары қарайғы ғұмыры туралы баяндай келе Клавихо Сеистанда болған жайттарды келтіреді. Бірде түнде Темір «бір отар қойға шабуыл жасап, сол кезде сеистандықтар келіп қалып, оған және оның адамдарына шап береді, көпшілігін өлтіріп, оны аттан құлатып, оң аяғын жаралайды, соның салдарынан ол ақсап, екі оң саусағынан айрылады». Осы кезден бастап Темірді «Ақсақ Темір», ал европалықтарда Темірлан деген лақап атқа ие болады.

   Оқиға З. Қинаятұлының еңбегінде төмендегіше баяндалады: «Темір Мауреннахрдан аз адамымен қашып шығып Парсының Сеистан өлкесіне өтер жолында болған бір шайқаста садақ оғынан оң қол, оң аяғынан жарақат алады. Осы оқиғадан кейін оны парсылар «Тимурленг» немесе «Ақсақ Темір» атандырады. Оның бұл лақап аты жер жүзіне тарап, орыстар – Хромой Тимур немесе Тимур десе қазақтар – Ақсақ Темір, Өзбектер – Әмір Темір деп атандырды.

  Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы қайтыс болуына байланысты Хан тағына отырған Ілияс-Қожа 1365 жылдан бастап Шағатай иеліктерін біріктіру үшін жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғлық-Темірдің өлімінен кейін Мәуреннахрдан қуылған Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға жорыққа дайындалды. 1365 жылы Хусейн мен Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы әскер жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында 1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас тарихта «Батпайқы шайқас» («Джанг-и лой») деген атаумен белгілі, себебі шайқас күні қатты жауын жауған және де ол әскердің жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты. Әмір Темірдің соғыс барысында жеңіліс табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі мен соғыс кезінде батыл әрекеттерге бармағандығы салдарынан болса керек . Моғолдардың соғыста жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға жолын ашты, Муин ад-Дин Натанзидің Моғолдардың Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық әрекеттерін төмендегідей баяндайды: «Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық, зорлық әрекеттермен айналысып, өлтіріп қарақшылық әрекеттермен айналысты». Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған қала халқы қатты қарсылық көрсетті. Ұзақ қоршауға алу моғол әскерін қатты әлсіретті. Моғолстан аттарына індет кеселі тиіп, бұдан аттарының көбі қырылып, әрбір төрт жауынгердің арасында әзер ғана бір аттан қалды. Моғолдар қаладан шегінуге мәжбүр болды. Моғолдардың шегінуінің басты себебі қала халқынының қаһармандық күресі болған еді .

Информация о работе Әмір Темір