Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 10:57, реферат

Краткое описание

Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

амир тимир.docx

— 47.25 Кб (Скачать документ)

 Темір басқыншылық жорықтары  нәтижесінде Еділ, Жайық, Кавказ, Азов арқылы батыс пен шығысты  жалғап жатқан сауда, экономикалық, мәдени, дипломатиялық қатынастардың  ара жібін үзіп оны Маураннахр, Самарқанға аудармаққа әрекеттенді.  Әрине басында мұндай мүмкіндікке  қол жеткізе алды, бірақ Темірдің  жеңісті жолы ұзаққа созылмады.  Оның ойлаған әлемдік стратегиясы  1405 жылы өзімен бірге жерленді. Темір өлген соң оның қарудың  күшімен құрған империясы әулеті  арасында ізінше бұрқ ете түскен  күрестің нәтижесінде ыдырап  кетті, бірақ оның ұрпақтары  жаулап алған территорияны өз  қолдарында ұстауға тағы да  біраз уақыт әрекет жасады. Моғолстанда  феодалдық бытыраңқылықтың күшеюі  мен ХҮ ғасырдың алғашқы ширегіндегі  Ақ Орданың Ноғай Ордасы мен  Әбілқайыр хандығына бөлінуі  Темірдің соғыс жорықтарының  салдары болды .

 Темір Қазақ мемлекетінің  өсіп өркендеуіне кереғар рөл  атқарды. Сығанақ, Сауран, Сарайшықты  қиратты, Жетісуды басып алды, Ақ Орда мемлекетін әлсіретті.  Қыпшақ-Қазақ даласында тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасады. Темір  өзінің атақ абыройын асқақтату  үшін Мауераннахр, Самарқанда  ескерткіш мұнаралар, зәулім мешіттер  тұрғызды.

 Ақсақ Темір өз мемлекетін  қылыштың күшімен, қырып-жою арқылы  жеткені белгілі. Ал сол кезеңде  мәдениеті мен экономикасы тұрақтана  бастап, шаруашылық түрлері жетіле  бастаған Ақ Орда мен Моғолстан  Темірдің соғыс алаңына айналды.  Ол қатыгездікпен халықты қырып  жойып, бағынбағандардың барлығын  жермен-жексен етті. Осылайша Темір  әлемдік деңгейдегі ұлы қолбасшы  ретінде сақталғанымен, Қазақстан  тарихында оның жорықтары қоғамның  дамуы мен этникалық тұтастыққа  кері әсер етті. Әлеуметтік теңсіздікті  күшейте түсіп, оның зардабы  тарих тағылымында орны толмас  басқыншылық соғыс әрекеттері  ретінде сақталды.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Жоспар:

 

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  2.1 Әмір Темір және оның мемлекеті.

 

III.Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Астана, 2007. - 330 б.

2.Жанайдаров.Көркемсуретті  Қазақстан тарихы.1-том.2010.

3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. 1-том.1996

4.Мақала: Е. Ноянов. Әмір Темір түркі халықтарын орыстар мен еуропалықтарға жығып берді.  Аңыз адам журналы.


Информация о работе Әмір Темір