Қазақтардың жеңілу себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:06, реферат

Краткое описание

Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Содержание

Кіріспе 2
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.......3
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы.......................................................4
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі...................................5
Үш жүздің бірігуі. Болат ханның үш жүздің басын қосуы.................................8
Бұланты маңындағы шайқас 8
Аңырақай шайқасы 11
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»...........................................................14
Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы.......................................16
Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері................................................................................................................17
Қазақтардың жеңілу себептері............................................................................17
Жоңғар агрессиясының салдарлары....................................................................17
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………19

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат история.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

Қазақ жасақтарына Бөгенбай жетекші  болып сайланды. Я. Гавердовскийде айтылғанындай, «риза болған халық Бөгенбай батырды  өздерінің жетекшісі деп жариялады». Революцияға дейінгі тарихшы Н.М. Маев Бөгенбайдың сіңірген еңбегін былай деп атап өткен: «Қарақұмдағы халық съезінде әйгілі батыр Бөгенбай, дегенмен де, өз отандастарын бірсыпыра уақытқа жігерлендіре білді, сөйтіп оларды бастап, қалмақтарды талқандады». «Қалмақтардың езгісінен оларды қуып шығу арқылы құтылу» ұйғарылды.

Қарақұмдағы съезді әзірлеу барысында, аса бір күрделі мәселе — хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерілді. Соғыс кезі жағдайында бұл маңызды болатын. Аға хан  жүздердің жалпы жағдайына  жауап бермеді. Бұл рөл дәстүр бойынша Тәуке ханға қалдырылатын. Алайда съезде аға ханды сайлау Тәукенің және шартты түрдегі мирасқорының ризашылық білдіруімен өткізілуге тиіс болды. Ал мұнда бұл лауазымға үміткерлер жетіп жатты. Демек, мұндай лауазымның маңызын асыра айтпағанда, оның мақсатын ой елегінен өткізу қажет болатын. XVIII ғасырдың басында қазақтардың бір топ ақсақалдары: «Хандардың ақсақалдар кеңесінсіз ешнәрсе істемеуі жөнінде ежелден келе жатқан салт бар», — деп мәлімдеген еді.

Нақты үміткерлердің бірі Қайып сұлтан болды. Алайда оның есімі мақұлданбады.

Н.Г. Аполлова Қарақұмдағы билер  мен батырлар съезіне Әбілқайырдың қатысқанын көрсетеді. Зерттеуші И. Крафт Тәуке ханның кәрілігіне байланысты оған Қайып пен Әбілқайырдың серік  етіп сайланғанын жазған. Әбілқайырдың хан сайланғаны туралы тарихшы М. Әбдіров те жазады. Билік үшін күресте Әбілкайыр өз бақталасы Қайыппен тайталасқан, ал Қайып Тәуке ханның баласы, хан әулеті жағынан тікелей мирасқор болатын.

Бірақ Әбілқайырдың да бірқатар қадір-қасиеттері болды. Ол туралы В. Н. Витевский: «Ол ақылды, бірақ қазақтардың сорына, әрқашан әбден ойластырмай және белгілі бір жоспарсыз қимыл жасаған адам болатын», — деп жазды. В.Н. Витевскийдің деректеріне қарағанда, съезде «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған». Бұл туралы Л. Мейер: «Сол жерде хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланды», — деп жазды». Ақыр аяғында, тарихшы В.Н. Витевский былай деп тұжырымдады: «Қазақтардың әйгілі батыры және ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы сеймде халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақтардың жетекшісі болып сайланды, ал хан билігі Әбілқайырға берілді».

Төтенше сын. Қазақ жүздерінің күш-жігерін  біріктіру ісін бірсыпыра уақыт  бойы Тәуке әскерлерінің табыска  жетуі айқындады. Халық әскерінің  жасақтары қолдан шығарылып алынған қоныстарды қайтарып қана қоймай, жонғарлар иеліктері шегіне өтіп, көптеген тұтқындар түсірді. Алайда жүздердің бытыраңқылығы, іс-қимылдың үйлестірілмеуі, ішкі қайшылықтар және әр түрлі топтардың бақталастығы тұтас халықтың күш-жігерін жоққа шығарды.

Бірақ жоңғарлардың соғыс қимылдары  барған сайын өсе түсті, қонтайшы Цеван Рабтан Шығыс Түркістанды  өз билігіне бағындырып, Тибетке басып  кірді. 1713 жылдың өзінде-ак жоңғар әскерлері  жаңадан шабуыл қимылдарын өрістетті. «Сол қырғыз-қайсақ ордаларының бәрі, — деп жазды И.К. Кириллов, — жалпы келісімге келген болса, ол қалмақтарды жеңе алатын еді. Ал оларда бір хан соғысқа аттанады да, басқасы қалып қояды, сөйтіп өздерінің қалмақтарға ықпалын жоғалтады». 1716 жылы Цеван Рабтан өз әскерлерінің негізгі бөлігін қазақтарға қарсы аттандырды.

Келесі 1717 жылы соғыс оқиғалары  одан әрі жалғасты. Соғыс қимылдарының негізгі шоғырланған жері Аягөз  өзенінің бойында болды. Қазақ жасақтары мен жоңғарлар арасында шайқас басталды. Жоңғар әскерлері шығыс жақта жүрген еді. Қазақтардың басым күші Аягөз өзеніне әкелінді. Табысқа жетуді әскер санының басымдығы, тұтқиылдан шабуыл жасау қамтамасыз етуге тиіс еді. Шынында да, әскер саны жөнінен қазақтар басым болатын. Бұл жорықта қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды. Қазақ хандығында жағдайы берік болған Әбілқайыр 1718 жылы патшаға былай деп жазды: «Әбілқайыр хан басымды иіп, тағзым етем... Мұндағы Қайып хан аман-есен. Мұндағы шеткі ұлыстағы біз де аман-есенбіз. Қалмақтармен соғысқанша, таутекемізді атып, аңымызды ауласақ болар еді. Жөргөктегі бала ер жеткенше соғыспай, бейбіт, жамандықсыз өтсек деп едік».

1708—1712 жылдар оқиғаларында қол  жеткен жекелеген жетістіктерін  қазақтар нығайта алмады. Қазақ  жауынгерлері бір жерге жұмылдырылған  басшылық болмағандықтан жеңіліс тапты.

1718 жылдың көктемінде жоңғарлар  Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері  бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан  қаласына тақап келді. Олардың  ниеті қазақ хандарының ордасын  басып алу болатын. Сырдарияның  орта ағысы басындағы қазақ  қалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. Жоңғарлар «қазақ ордасын шапты», бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.

Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ  жасақтары едәуір табысқа жетті. Олар Елек, Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын әскер жинап алды. Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен қуып шықты.

Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығына Цин билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси кайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңсіді. 1723 жылы жоңғар-Қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады.

 

                                               Үш жүздің бірігуі

1710 жылы Үш жүздің басын қосқан  Қарақұм жиынында жауға қарсы  күш біріктіріп тойтарыс беру  жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.

                                   Болат ханның үш жүздің басын косуы

1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы  қазақтар мен оған көршілес  жатқан Орта Азия халықтарының  шаруаларына ауыр зардаптарын  тигізді. 1726 жылы Болат хан үш  жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратегиялық шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы).

                                          Бұланты маңындағы шайқас

Қазақтар Орталық Қазақстанның орасан зор аумағын Сарыарқа деп атайды. Өз кезегінде, Сарыарқа—тарихи символ. Мұнда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің өзіндік дәстүрі бар. Ұлытау Сарыарқаның інжу-маржаны болып табылады. Айтар болсақ, Ұлытау ұғымына таулардың, өзен-көлдердің тұтас жүйесі кіреді. Оған оннан астам таулар енеді, олардың арасында Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр (Желтау), Қуадыр, Ұлытаудың өзі және басқалар бар. Жезді, Жыланды, Сары Кеңгір, Қара Кеңгір, Бұланты өзендерімен, Сарысу ағысының едәуір бөлігімен, Терісаққан, Керей, Қыпшақ, Жақсы қон, Қара Торғай, Сары Торғай өзендерінің жоғарғы ағыстарын қоса алғанда, осы бүкіл таулар жүйесі орасан зор аумақты алып жатыр. Жапсарлас жатқан аумағымен қоса Ұлытау кімнің қолында болса, сол бүкіл Орталық Қазақстанда үстемдік еткен.

XVII ғасырдың аяғы  XVIII ғасырдың  басында қазақ жасақтары мен  жоңғарлар арасындағы соғыс қимылдары  Ерейментау және Желдіадыр таулары  аралығындағы шеп бойынша, әсіресе  Нұра өзенінің төменгі ағысы  ауданында өткен. Бұл ауданда  казіргі кезде де жоңғарлар  зираттары көп. Олардың бір бөлігі XVII ғасырдың аяғы  XVIII ғасырдың басында пайда болған. Шолаққорған кентінің солтүстік жағында 60 шақырым жерде жоңғар алдыңғы бекініс шебінің, Талас өзенінің төменгі ағысында Қалмақ деп аталатын арықтың пайда болған кезі де сол тұс.

Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету  соғыс барысында маңызды кезең  болды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл  сұлама» (1723-1730 жылдардағы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.

20-25 мың атты сарбаздан тұратын  қазақ қолының, көз ілеспес шапшаңдықпен кенеттен пайда болуы Ұлытауға кіре берістегі табысқа жетуді айқындап берді. Жол-жөнекей кездескен көшпелі жоңғарлар кашып, амалын тауып құтылуға тырысты. Алайда 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде, Қарасиыр деген жерде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен ірі шайқасы өтті. Шайқастың басталуын, оның барысын, көшпелілердің негізгі қырылған жерлерін ауызша аңыздар, өткендегі зерттеушілердің жарияланған еңбектері бойынша ғана емес, картографиялық деректемелер бойынша да анықтауға болады. Нақ солар қазақ жасақтары Қаратау және Сарысу бойы жағынан шығып, Білеуті өзеніндегі діттеген аймаққа келді деген ойды растайды.

Батыс Сібірдің 1920 жылы он шақырымдық өлшеммен басып шығарылған картасында Қарағайлы саласының Білеуті  өзеніне құйылысындағы жер туралы маңызды ақпарат бар. Бұл арадағы зират Қалмақшаңғар деп аталады. Үлкен еспе Білеуті өзенінің орта ағысы бойындағы басқа бір жер «Қалмаққырылған» деп белгіленген. Алайда осы топонимнің екеуі де Білеуті өзенінің Қарағайлы саласымен қосылысындағы жер атауына қатысты.

Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін  көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке кол басқарған  Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты  ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығымен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.

Қазақ жасақтарының жаугершілігі туралы Я. Гавердовский: «Сауыт киіп алған  олар, нақ сол аңыздарға қарағанда, өршелене шайқасқан және шайқас алаңын көбінесе өздерінің нық басқан табанымен  таптап өткен».

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаулы (1680-1778)  қолбасшы, бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, дипломат, жоңғарларға қарсы бүкілхалықтық азат етушілік Отан соғысын аса көрнекті ұйымдастырушылардың бірі. Оның жасақтары жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясының қарулы күштерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691—1769) — қолбасшы, халық батыры, қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан  азат ету жолындағы күресті ұйымдастырушылардың  бірі. Түркістанды қорғау кезінде (1724), Алакөл (1725), Бұланты, Аңырақай, Шығанақ  шайқастары мен басқа да шайқастарда найман жасағын басқарған.

Қабанбайдың әйелі Гауһар (Малайсары  батырдың қарындасы) күйеуімен бірге  көптеген шайқастарға қатысқан. «Атадан  ұл болып тума, ер болып ту» деген  сол Гауһардан қалған. Абылай хан  Қабанбайды елден ерек шыққан Дарабоз деп атаған, оның ерліктері туралы таралған аңыз әңгімелер көп.

Шақшақ Жәнібек — қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, жоңғарларға  қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың  бірі. Жоңғар батырларымен жекпе-жектерде талай рет жеңіп шыққан. Қазақ-орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақтады. Оның таңдауы және батыл қолдауы бойынша Абылай сұлтан Орта жүздің ханы болды.

Тама Есет қолбасшы, тама руының ақсақалы, кейіннен тархан, жоңғарларға қарсы  халық-азаттық соғысын ұйымдастырушылардың  бірі, жоңғарларға қарсы көптеген шайқастарда бүкіл қазақ жасағының ірі бөлімшесін (4000-ға дейін ұланды) басқарған.

Бәсентиін Малайсары Тоқтауылұлы  — қолбасшы, бәсентиін руының ақсақалы, дипломат, азаттық соғысын ұйымдастырушылардың бірі, көптеген шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарды. «Малайсары тауы» соның есімімен аталған.

«Ал кейде олар жау тобырына сұрапыл  дауыл сияқты тиіп, олардың жүріп  өткен іздерінде өліктер қаптап қалатын».

Қолбасшы, батыр Қанжығалы Бөгенбай өзін тамаша тапқыр және оралымды ұрыстың асқан айлакері ретінде көрсетті.

Көрнекті фольклоршы, этнограф Ә. Диваев біздің заманымызға талай тарихи аңыздарды жеткізді. Атап айтқанда, аңыздардың бірінде былай делінген: Кіші жүздің үш руы Орта орданың  бір бөлігімен бірге Сарыарқаның  солтүстік шекарасында жоңғарлармен соғысты. Ұрыстарда атақты мергендер Тайлақ (Кіші ордадан) пен оның жиені Саңырық мерген (Ұлы орда, ошақты, тасжүрек руы) көзге түсті. Жоңғар езгісінен арылуға шақырған жалынды ұранға барлық қазақтар үн қосты. Жоңғарлармен күрестің бұл кезеңі туралы М. П. Вяткин былай деп атап өткен: «Орасан көп адам мен малдан айырылу қазақтарды топтасуға мәжбүр етті. Қазақтардың ойраттарға алғашқы соққыны сұлтандардың басшылығымен емес, қайта Кіші жүзден Тайлақ, Орта жүзден  Бөгенбай және Ұлы жүздің ошақты ұрпағынан Саңырық батырлардың бастауымен жасағанын атап өту назар аударарлық. Бұл қақтығыстың зор маңызы болды, ол барлық үш жүз қазақтарының күштерін жаппай ұйымдастыруды бастап берді». Нақ осы жағдайды бұрынырақта тарихшылар М. Тынышбаев пен А. И. Левшин атап өткенді. Көптеген шайқастарға қатысқан жаршы жырау Тәтіқара батырлар даңқын былай деп мәңгіге қалдырған:

Информация о работе Қазақтардың жеңілу себептері